Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

1. Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны, мәні.
2. Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетгерін қалыптастыру жолдары, әдіс- тәсіл, құралдары
3. Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І ТАРАУ. Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері................................................................................4
Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны, мәні............................................................................................................4-5
Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетгерін қалыптастыру жолдары, әдіс- тәсіл, құралдары.................................................6-7
Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер..................................8-13

ІІ ТАРАУ. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ адамгершілік-ЭТИКАЛЫҚ ТӘРБЕСІ....................................................................................14
2.1 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін ќалыптастырудағы балалар дамуындағы ауытқулардың негiзгi сатылары......................................................................................................14-18
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін қалыптастырудағы білім беретін мекемедегі ой-қабілетінің дамуы, яғни балаға жалпы міндеті..................................................................................19-25
2.3 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбиелеу процесінде балалардың тәртібінің бұзылыстарын педагогикалық түзету............................................................................................................26-32
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................33-34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................35-36

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа моя)))))).doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

Мүгедек балалардың еңбекке, дәрігерлік бақылауға, емге, көлікпен қамтамасыз етуге, тұрғын мәселелерінің жеңілдіктер құқықтары да заңда айқындалған.

Мүгедектердің заң кепілдігі бар құқықтары мен ерекше жағдайлары мүмкіндіктері шектелгенадамның қоғамдағы әлеуметтік статусын жоғарлатып, тәуелді өмір сүруін қамтамасыз етеді.

«Білім туралы» заң дамуында кемістік бар адамдарға білім алуға мемлекет кепіл беретінін айқындайды. №50 баптың 10 пунктінде дамуында кемістік бар балалар мен жасөспірімдерге арнайы коррекциялық сыныптар, топтар құруын қарастырып, сонымен қатар оларды емдеу, тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік адаптациялау, қоғамға интеграциялау мәселесіне назар аударған. Осындай мекемелерге балаларды, жасөспірімдерді ата-анасының келісімі бойынша,арнайы психологиялық-педагогтік, дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жіберуге болады.

 

 

 

 

 

 

2.3 Арнайы білім беру  жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбиелеу процесінде балалардың тәртібінің бұзылыстарын педагогикалық түзету

 

Күн тәртібі  өмірдің, жұмыстың, тынығудың, тамақтану және ұйықтаудың нақты тәртібі. Күн тәртібі психологиялық-педагогикалық (жас ерекшелік, соматикалық және психикалық күй) және гигиеналық (жарықтандыру, мебельдерді дұрыс қою, тағамдарды даярлау) талаптарды есепке алуға байланысты құрылады.

Көмекші мектептерде педагогтар мен тәрбиешілер кемақылды балалардың күн тәртібін өңдеуге көп назар аудару қажет. Күн тәртібінде ауытқулар (таза ауада жеткілікті жүрмеу, ұйқысы қанбау, уақытсыз тамақтану, қозғалыс және физикалық белсенділіктің төмендеуі енжарлыққа, үлгерімнің төмендеуіне, тежелуге әкеледі) болмауы керек.

Тәртібіндегі ауытқушылығының бар баланың эмоционалды жағдайы.

Күн тәртібін қатаң қадағалау үшін балаларды эстетикалық және еңбек дағдыларына тәрбиелеп, тәртіптілікке үйрету, өмірлік қажет қылықтарды игеруге тәрбиелеу керек. 

Күн тәртібі үлкен тәрбиелік функцияны орындайды және нақты практикалық іс-әрекет арқылы өңделеді.

Таңертеңгілік сағаттарды ұйымдастыру

Таңертеңгі гимнастика – балалардың ұйқыдан кейін орындайтын дене жаттығуларының жиынтығы. Таңертеңгі жаттығу гигиеналық және сауықтыру міндетін шешіп, тәрбиелеуші және дисциплиналық кезең болып табылады. Жаттығудың тиімділігі баланың сабаққа психологиялық және ұйымдастырылған дайындығына байланысты.

Балалар мектепке әртүрлі дене дайындығымен келіп түседі. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрбір баланы жаттығуға дене және психологиялық жағынан дайындау болып табылады.

Таңертеңгі туалетке жуыну, тарану, т.б. жатады. Тәрбиеші таңертеңгі және кешкі туалет кезінде әр оқушымен жеке жұмыс жасайды. Тежелуі бар және үйренуге қабілеті аз балаларға ерекше назар аударылады (оларға практикалық көмек көрсетіледі). Таңертеңгі туалет кезінде балаларға ұрсып, ескерту жасауға болмайды. Көмекші мектепте кішкентай балаларды естияр балалар басқару жасайтын жұмыс түрі бар, оның тәрбиелік мәні зор. Тәрбиешінің маңызды міндеті – басқару жұмысын дұрыс ұйымдастыру.

Таңертеңгілік сағаттарға жатын бөлмелерді жинастыру жатады. Оны ересек сыныптардың балалары жасайды.  Кіші сынып балалары гүлдерді суарып, кереуеттерді жөнге келтіреді.  Кіші сыныптардың едендерін еден жуушылар жуады, ал үлкен сыныптарда балалардың өздері жуады.

Көмекші мектептердегі үзіліс

Көмекші мектептерде үзілісті ұйымдастыру мұқияттылықты қажет етеді. Кемақылды балалар әрдайым тұрақты жетекшілікті және ересектер  тарапынан олардың тәртібін бақылауды қажет етеді. Олардың тынығуын дұрыс ұйымдастыру керек.

Жылдың жылы мезгілдерінде таза ауада балаларды серуенге шығарып отыру керек. Қысқы кезеңде балалар сабақ үзілісінде шығулары керек. Мұғалімдер үзіліс кезінде балалардың ойнайтын бөлмесін ұйымдастыру керек. Үзіліс кезінде балаларға көбірек белсенді қозғалуға және ойнауға мүмкіндік беру керек.

Ойындарды өткізуде балаларды топтарға және сыныптарға бөлуге болмайды. Ойынға  қатысуға тілегі барлардың барлығы қатынасуы керек.

Үзіліс кезіндегі ойынның мақсаты – балаларға қозғалыс мұмкіндіктерін беру. Ойындар қарапайым болуы керек және музыкамен сүйемелденіп тұруы керек. Эмоционалды қозулары жоғары балаларға тыныш тынығуды ұйымдастыру керек. Интеллектуалды жүктемесі бар ойындарды өткізудің қажеті жоқ. Үзіліске берілген уақыт нақты жоспарлануы керек. Көптеген мектеп – интернеттерде сабақ уақытында екінші тамақтану беріледі.

Түскі тамақтанудан кейінгі уақыт. 1-3 сынып оқушылары және әлсіз балалар үшін түскі тамақтан соң ұйықтау керек. Сондықтан ересек балалардың жұмысын жақсылап ұйымдастырып, бұл кезде тыныштықтың болуын қадағалау керек. Өзіндік дайындықтың алдында балалар таза ауада біраз жүрулері керек. Бұл тәрбиешіге қажет кезең болып табылады. Тәрбиеші балаларға қызықты іс-әрекет түрлерін ұсынуы керек: зейінді, есті, қозғалыс координациясын, шапшаңдықты, жылдамдықты дамытуға арналған ойын. Ойын қарапайым болуы керек. Ол дамудың жеткіліксіз жағын дамытуға, мүмкіндіктер мен бейімділіктеріне бағытталуы керек.

Оқушылардың үй тапсырмасын дайындап болған соң кешкі тамаққа дейін 1 сағат уақыт қалады. Бұл уақытты мыналарға арнауға болады: телеарна бағдарламаларын көруге; әңгімелесуге; қызығушылық бойынша топтарға; кітапханаға бару; дене шынықтыру залына бару; серуендеу. 

Міндетті кезең – сынып бөлмесін жинастыру. Оны келесі күннің сабағына дайындау керек.

Кешкі тамақтан соң дене және эмоционалдық қозуларға арнармаған жұмыстар жасауға болады: телеарна бағдарламаларын көру; өзіндік сабақтан тыс оқу; үй шаруашылығы бойынша практикалық сабақтар; тыныш ойындар ұйымдастыру.

Ұйықтауға жарты сағат қалғанда тәрбиеші топты ұйқыға дайындауды ұйымдастыру керек (кешкі туалет өткізіледі). Жанжал, айғай, жүгіру болмайтын жағдайларды ұйымдастыру қажет.

Түзету-дамыту сабақтарындағы балалармен тәрбиелік–түзету жұмыстарын жүргізу.

Мектептегі тәрбиелеу жұмысы жүйесіндегі тәрбиешісінің қызметі:

1. Сыныпта түрлі деңгейдегі  ұжымының құрылымы жайында, оқушының  жеке-басының ерекшілігі жайында  мағлұматтарды қолданумен.

2. Балалардың творчествалық  белсенділігін арттыруға, жалпы  қобалжу тудыратындай. Балалардың қарым-қатынасын нығайтатын ұжымдық жұмыстарды жоспарлау.

3. Барлық балаларға бірдей  көзқараспен қарау: Жағдайына қарамай  баланың еңбегін дұрыс бағалау.

4. Оқу үлгерімін ғана  емес, тәртібін де бағалау. Этикалық  жүйе – педагогтың және ұжымның назарында айқын болады (не үшін). Тәрбиелеу ерекшілігінің негізгі ұжымдағы жай ғана қарым-қатынаста, қызықты жұмыстарды ұйымдастыра білуде ғана емес, оқушыларды айналадағы өмірдің жақсы жайларымен, жітістіктерімен қызықтыра білу.

Оқушыларды тәрбиелеу әсерінің бастысы мынаған байланысты: Тәрбиешінің моральді деңгейі; мәдени және педагогикалық ортасы; сыртқы және ішкі мәдениеттің педагогикалық такт – көрсеткішін сақтауы. Балаларға деген мейірімділік пен сыйласым. Тәрбиелеу процессін ұйымдастыруға творчествалық тұрғыдан қарау. Тәрбиелеу жұмысы арнайы жүйеде жүргізілсе ғана тәрбиеші жақсы нәтижеге жетеді және жақсы көрсеткіштер береді. Тәрбиешінің жұмысының жүйесі  - бұл оқушыларға әсер ететін қажетті нәрселер мен тәсілдері тиімді қолдана білуі, тәрбиелеу оқушыларға өзара тығыз байланысты.

Сабақтан тыс уақытында балалармен тәрбиелік-түзету жұмыстарын жүргізу.

Тәрбиешінің жұмысының негізгі бөлімдері:

1. Сыныппен танысу

а) оқушылар жайында жалпы мағлұматтар (мекен жайы, жанұя жағдайы, ата-анасының мәдениеттілік деңгейі, жанұядағы қарым-қатнас, оқушының күн тәртібі, жанұяда тәрбиелену жағдайы);

б) оқушының даму қабілетінің жалпы деңгейі: (оның жүрген ортасы, оқуға, еңбекке қатысы, тәртібінің деңгейі, қызықтыратын нәрселері, қандай нәрсеге бейімділігі, баланың медициналық картасы);

в) жалпылама жұмыс (сыныптың жалпылама өміріне қатысы, оқушының ұжымдағы орны);

г) оқушының жеке басының негізгі ерекшілігі (моральді ерекшілігі, мінез-құлық, жігерінің ерекшілігі)

Осыларға байланысты әрбір баламен жүргізілетін жұмыс жоспарланады.

2. Сыныптық ұжымды ұйымдастыру  және тәрбиелеу:

а) оқушылардың сыныптағы қарым-қатынасы;

б) сыныптағы жекелеген топтарды бақылау (тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, сыныптағы ұжымды біртұтас етуге бағытталған).

3. Оқушының тәрбиелеу  мәнінің ерекшілігі:

Тәрбиеші сынып жетекшісімен бірігіп жұмыс жасауы керек оқытуда, тәрбиелеуде бірқалыпты талаптарды тудыруы керек.

Тәрбиеші оқутышының жұмысының ерекшілігін меңгереді, оның талаптары мен оқушылармен қарым-қатынасын білуі керек, оқушылармен жұмыс жасау тәсілдерімен бөлісуі керек. Тәрбиеші оқушыларды пән бойынша қосымша кештер өткізуге қатыстырады.

Сыныптан тыс тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу. Тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың белсенділігімен жүргізіледі. Оқушылардың қандай-да бір пәнге деген қызығушылығы мен бейімділігіне қарай еркін таңдау сыныптан тыс жұмыстардың негізгі болып табылады. 

Дамуында ауытқулары бар балалармен профилактикалық жұмыс істеудің маңызы. Тәрбие жұмысы, үрдісі тек қана сабақтар мен шектелмейді.Үрдіс оқудан бос уақыттада жалғасып, тереңдей береді. Оқу үрдісінде көп қырлы да күрделі тәрбие беру мүлде мүмкін емес.Бұл жерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты да түрліғып жүргізу керек. Сыныптан тыс жұмыстар: сыныптан тыс және мектептен тыс деп екіге бөлінеді.

Мектептен тыс жұмыс-бұл тәрбиелік және білім беру сабақтары,мәдени ағартушылық шаралар мектептен тысмекемелер ұйымдастырып,өткізеді.,(балаларға арналған түрлі көркемдік студиялар,саз мектептері және с.м)

Сыныптан тыс жұмыс –мақсатты ұйымдастырылған оқу-тәрбие сағаттарын балалармен жиі өткізу,және де мектепте сабақтан бос уақытта

Бұл тәрбие сағаттары оқушылардың жан-жақты болып қалыптасуына және бос уақыттарын тиімді өткізуге көмектеседі.

Балалардың әртүрлі психикалық және дене дамуындағы ауытқушылықтары:

1.Сыныптан тыс жұмыстар ерікті түрде ұйымдастырылады.Оқушылар өз қызығушылығы мен бейімдеріне қарай әр түрлі үйірмелер ұйымдастырады. Оқушылар ол үйірмелерге өз еріктерімен жазылады.

2 Сыныптан тыс жұмыс  міндетті бағдарламамен еш байланысы  жоқ.Сыныптан тыс жұмыстардың  түрімен мән-мағнасы оқушылардың сұранысы мен қызығушылығынан,жергілікті  жағдайлардан туындайды.Үйірмелердің бағдарламалары шартты.Үйірме жетекшілері осы бағдарламалар және әдістемелік нұсқаулар негізінде жұмыс жоспарын жазып құрады.

3.Сыныптан тыс жұмыс  жас айырмашылығы әр түрлі оқушыларменен жүргізіледі.Сыныптан тыс жұмыстар мектеп ішіндегі ұжымды одан әрі біріктіре түседі

Жоғарғы сынып оқушыларының өздерінен  кішілерге қамқорлық көрсетуге ыңғайлы жағдай қалыптасады,және де бір –бірімен қарым-қатыныс пайда болады.

4. Сыныптан тыс жұмыста  балалар көбіне өз бетімен  дайындалады.Сыныптан тыс жұмыстағы  педагогиялық басқару оқушылардың  жеке тұлға болып қалыптасуына  және бастамашы болулурына көмектесіп, үйлесіп жатады.

5. Сыныптан тыс жұмыста  барлық қоғамдық-пайдалы қызметтер көбейе береді.

Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға кәсіпттік бағдар беруде маңызды да,нақты фактор ретінде алдыңғы қатарға шығады.

6. Саныптан тыс жұмыс  әр түрлі формадан және әдістерден  тұрады.

7. Бұқаралығы. Осы ерекшеліктердің  барлығы да,бір жағынан ақыл есі тежелген балаларға өмірде белсенді болуға тұсау болған кедергілерді жеңіл аттап өтуге ең ыңғайлы жағдайлар қалыптастыруға көмектессе,екінші жағынан сана-сезімі кемістілік сыныптан тыс жұмысты ұстанымды үлкен кедергі ғана емес,сонымен қатар оларды өз бетімен жұмыс жасауынша, өз бетімен талаптануынша аяқтарына тұсау. (сана-сезімі кеміс балаларда шығармашылық тежелген)

Қалыптасып келе жатқан қарым-қатыныастарға бой үйреткен олар сабақ барысында балалардың бірін- бірімен қарым-қатынастарының әр түрлігіне қарап шатыса бастайды.Сана-сезімі кеміс балалардың кемшілігі,олардың өмірдегі ұяңдығымен үйлесіп сырттың көмегінсіз өз бетімен жұмыс таңдауына кедергі,қиыдықтар келтіреді. Қосымша мектептің тәжірибесі ақыл-ойы кеміс балаларды сыныптан тыс жұмысқа араластыруға кедергі болатын қиындықтарды олардың өздерінде бар барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жоюға болатынын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Соњѓы кездері еліміздіњ ќоѓамдыќ µміріндегі елеулі µзгірістердіњ бірі білім беру саласындаѓы ж‰ргізіліп жатќан реформалар екені белгілі. Елбасымыздыњ Ќазаќстан халќына жолдауында Ќазаќстан халќыныњ білімі мен єл-ауќатын арттыруѓа, жас ±рпаќтыњ рухани адамгершілігін жетілдіру мєселелеріне тыњ кµзќарастардыњ ќажеттігіне басты назар аударѓан.

Сондыќтан да, ±рпаќ тєрбиесіндегі кµкейтесті мєселелердіњ бірі – жетілген, адамгершілік тәрбиеі ќалыптасќан жеке т±лѓа тєрбиелеу.

Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін  ќалыптастыру – ‰здіксіз білім беру ж‰йесініњ алѓашќы сатысы ретінде µзініњ белгілі ќызметін атќарады.

Информация о работе Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері