Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

1. Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны, мәні.
2. Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетгерін қалыптастыру жолдары, әдіс- тәсіл, құралдары
3. Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І ТАРАУ. Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері................................................................................4
Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны, мәні............................................................................................................4-5
Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетгерін қалыптастыру жолдары, әдіс- тәсіл, құралдары.................................................6-7
Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер..................................8-13

ІІ ТАРАУ. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ адамгершілік-ЭТИКАЛЫҚ ТӘРБЕСІ....................................................................................14
2.1 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін ќалыптастырудағы балалар дамуындағы ауытқулардың негiзгi сатылары......................................................................................................14-18
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін қалыптастырудағы білім беретін мекемедегі ой-қабілетінің дамуы, яғни балаға жалпы міндеті..................................................................................19-25
2.3 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбиелеу процесінде балалардың тәртібінің бұзылыстарын педагогикалық түзету............................................................................................................26-32
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................33-34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................35-36

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа моя)))))).doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

Жалпы біім беретін мекемеде ой қабілеті өспей қалған баланы қабылдай отырып оның тағдырына оның ата-анасын оқытып тәрбиелеу ұстаз-мүкілікшілеріне жауапты болу керек. Қазіргі уақытта ой қабілеті өспей қалған балалар көпшілік балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге жиі түсіп отырады.  Диагнозының мінездемесіне қарамай, ата-ана баланың қалыпты дамуының тәрбиесін қалайды. Қалай болса да ата-аналардың таңдауын құрметтеу керек. Осындай баламен кездесуіне және әрекеттесуіне тәрбиеші мен ұстаз жақсы маман болуы керек.

Ой-қабілеті өспей қалған бала топта немесе сыныпта қалыпты дамып келе жатқан балалардың ішінде өзіне ерекше көңіл бөлу керек. Дегенмен, тәрбиеші немесе ұстаз көпшілік мекемеде басқа балалардың арасында бұған ерекше көңіл аудармау керек. Оқытушы баланы коллективтегі құрдастарына үйренуге, басқа балаларымен достастыруға көмектесуі керек. Қиыншылықтар болған жағдайда балаға оңай көмектесе алатын орынды сыныпта табу өте маңызды. Бала сыныптың жұмыстарына араласып, сабақтың, оқудың қарқынына бөгет жасамау керек.  Маңызды бірдеменің түсінбеушілікті болдырмау керек, себебі бұл онан әрі мәліметтерді түсінбеулікке әкеліп соқтырады.

Жалпы білім беретін мекемеде оқутышы ой-қабілеті өспей қалған баланың білім танушылық қызметін ескеру қажет. Жаңа оқу мәліметтік меңгеру үшін мәліметтерді кішкене үлестерге бөліп және көрнекі-практикалық және қызметті жағдайлармен, көп жаттығулармен жаттықтандырып, бекітіп, бірнеше рет меңгерген мәліметті қайталау беру керек.

Ой-қабілеті өспей қалған мектепке дейінгі баланың және мектеп оқушысының көпшілік мекемеде ата-ананың күнделікті қатысуы керек, себебі түзету жұмыстарының көп бөлігін нақ атқаратын ата-аналар. Балаға үнемі мамандандырылған олигофренпедагогының көмегі қажет, ал ата-аналар мен ұстазға оның кеңесі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін қалыптастырудағы білім беретін мекемедегі ой-қабілетінің дамуы, яғни балаға жалпы міндеті

 

Жалпы білім беретін мекемеде ой қабілеті өспей қалған баланы қабылдай отырып оның тағдырына оның ата-анасын оқытып тәрбиелеу ұстаз-мүкілікшілеріне жауапты болу керек. Қазіргі уақытта ой қабілеті өспей қалған балалар көпшілік балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге жиі түсіп отырады.  Диагнозының мінездемесіне қарамай, ата-ана баланың қалыпты дамуының тәрбиесін қалайды. Қалай болса да ата-аналардың таңдауын құрметтеу керек. Осындай баламен кездесуіне және әрекеттесуіне тәрбиеші мен ұстаз жақсы маман болуы керек.

Ой-қабілеті өспей қалған бала топта немесе сыныпта қалыпты дамып келе жатқан балалардың ішінде өзіне ерекше көңіл бөлу керек. Дегенмен, тәрбиеші немесе ұстаз көпшілік мекемеде басқа балалардың арасында бұған ерекше көңіл аудармау керек. Оқытушы баланы коллективтегі құрдастарына үйренуге, басқа балаларымен достастыруға көмектесуі керек. Қиыншылықтар болған жағдайда балаға оңай көмектесе алатын орынды сыныпта табу өте маңызды. Бала сыныптың жұмыстарына араласып, сабақтың, оқудың қарқынына бөгет жасамау керек.  Маңызды бірдеменің түсінбеушілікті болдырмау керек, себебі бұл онан әрі мәліметтерді түсінбеулікке әкеліп соқтырады.

Жалпы білім беретін мекемеде оқутышы ой-қабілеті өспей қалған баланың білім танушылық қызметін ескеру қажет. Жаңа оқу мәліметтік меңгеру үшін мәліметтерді кішкене үлестерге бөліп және көрнекі-практикалық және қызметті жағдайлармен, көп жаттығулармен жаттықтандырып, бекітіп, бірнеше рет меңгерген мәліметті қайталау беру керек.

Ой-қабілеті өспей қалған мектепке дейінгі баланың және мектеп оқушысының көпшілік мекемеде ата-ананың күнделікті қатысуы керек, себебі түзету жұмыстарының көп бөлігін нақ атқаратын ата-аналар. Балаға үнемі мамандандырылған олигофренпедагогының көмегі қажет, ал ата-аналар мен ұстазға оның кеңесі керек.

Адам үшін ең маңызды игіліктер құқық пен бостандық. Құқық бостандық, халықтың әлеуметтік қорғалуының жүзеге асыру тетігі – конституциялық құқықтар, қалыптар мен адамның құқық пен бостандығы жөніндегі халықаралық актілеріне негізделген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік жөніндегі халықаралық құқықтық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке бас дербестігіне, ар-намыс, сенім бостандығы, сөздің, діннің, бейбіт жиындар менассоциялар еркіндігін, еңбек құқығын, демалысқа, әлеуметтік қамтамасыз етуіне материалдық, моралдық мүддесінің қорғауын жариялап, мойындайды.

Адамның жалпытаңылған бостандығы мен құқықтар жүйесінің маңыздысы - білімге деген құқық. Бұл барлық азаматтардың құқығының негізін құрайды. Бұл құқықтан ешбір бала, жасөспірім ақыл-есінің, дене бітімінің кем-тарлығынан немесе нәсілі, өзіне тән ерекшелігі мен этникалық құралына байланысты айырыла алмайды.

Балалардың құқығы бірқатар маңызды халықаралық құжаттарда тіркелген (Адам құқығының жалпыға бірдей диклорациясы, бала құқығын қорғау жөніндегі конвенция).

Жеке тұлғаның қоғамдағы құндылығын мойындау; оның потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту және жүзеге асыруының кепілдігін қамтамасыз етудің қажеттілігі, оның қоғамдағы орнымен, өмір сүру деңгейінің құқығы осы проблемманың құқықтық жақтарының жаңаруының концептуалды негізі болып табылады. Бұл процесс әлемнің біраз дамыған елдерінде де болып жатыр, себебі олар гуманисттік, әлеуметтік, мәдени жағын ойлап, мүмкіндіктері шектелген адамдардың жағдайын қарастырып, құқықты құжаттарда тіркелген. Әлемдік қоғам мүмкіндіктері шектелген адамдарды қорғайтын халықаралық құқық құжаттарын қолдап мойындайды.

Келесі кезең - әр елдің экономикалық, саяси, т.б. мүмкіндіктерін қарастыра отырып, халықаралық құжаттарына негізделген, әр елдің жағдайын нақтылау, адаптациялау арқылы нормалық, құқықтық базасын жетілдіру. Мүмкіндіктері шектелген адамдарға қатысты негізгі халықаралық құқық құжаттарды қарастырайық.

Ақыл-есі кем адамдардың құқықтары көптен бері халықаралық қоғамдастықты ойландыруда. Осы проблема бойынша қазіргі таңда БҰҰ-да бірқатар құжаттарды қарастырып, қабылдаған.

  • Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы.
  • Мүгедектердің құқықтары жөніндегі декларация.
  • Ақыл-есі кем адамдардың құқықтары жөніндегі декларация.
  • Бала құқығын қорғау жөніндегі конвенция.
  • Мүгедектерді тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуі жөніндегі

стандартты ережелер.

БҰҰ мен Адам құқығының жалпыға бірдей декларация принциптарымен, мақсаттары бойынша мүмкіндіктерді шектелген адамдар басқа адамдармен бірдей жағдайда азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары мен пайдалана алады.

Осы құжаттардың көбісі адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан кейін қарастырылды. Балаларды, мүмкіндіктері шектелген балаларды қорғаудың қамтамасыз ету мәселесіне үлкен зейін аударылды.

1989 жылдың 20-шы  қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында балалардың құқығын қорғау жөніндегі Конвенция қабылданып,

балалар құқығының әлемдік Конституциясы, еркіндіктің Ұлы Партиясы болып жарияланды. Конвенцияның басты мақсаты - балалар мүддесін барынша қорғау. Бұл конвенция бойынша балаларды құқықпен қамтамасыз ету үшін 4 талапты ескеру керек: қатаю, даму, қорғау, қоғам өміріне белсене араласуы, ал 23 бап мүмкіндіктері шектелген адамдарға арналып, олардың қоғамдағы абыройлы өмір сүру құқығын растайды. Осы баптың 3-ші пунктінде баланың білім алуы, кәсіби даярлығы, дәрігерлік бақылауы, денсаулығын нығайту, еңбекке әзірленудеген қажеттіліктердің қанағаттануы қарастырылған.

Тағы да бір маңызды құжаттардың бірі - мүгедектер құқығы жөніндегі декларация, ол 1975 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қабылданған. Осы декларацияда мүмкіндіктері шектелген адамдардың азаматтық, саяси құқықтарының теңдігі қарастырылған. Сонымен қатар мүмкіндіктері шектелген адамдар өздерінің мүмкіндіктерін көсетіп, қоғамның интеграция процесіне қатысуын белсендетуге, арнайы көмекпен (қызметпен) пайдалануға, ерекше құқығы бар.

1971 жылы БҰҰ-ның  “Ақыл-есі кем адамдар“ жөніндегі  Деклорациясы қоғамның бұл категориядағы  адамға деген көзқарасын мүлдем  өзгертуге бейімделген. Осы категориядағы  адамдардың болашағы барлық азаматтардың  құқығымен тең болуы керек.

Негізгі халықаралық құжаттардың мүмкіндіктері шектелген адамдардың құқығы жөніндегі мазмұны төмендегідей қорытпаны жасауға мүмкіндік береді:

  1. Құқық теңдігі принципі барлық құжаттарда қарастырылып, мүмкіндіктері шектелген адамдарға басқа адамдармен тең құқық береді.
  2. Мүмкіндіктері шектелген адамдар ерекше құқыққа ие бола алады, мысалы: естуі кем адам сотта аудармашының көмек-қызметімен пайдалана алады.
  3. Көп деген құжаттарда ерекше құқықтар түрлері нақтыланған.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап заң саласындағы саясатта біртіндеп мемлекеттегі заң актілерінің халықаралық талапқа сәйкес келтіріп, бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялау, іске қосу шаралары көзделді.

Еліміздегі негізгі заң – Конституция 1991 жылы қабылданған.

«Адам құқықтары» бөлімінде демократиялық, адамгершілік, барлық адамдарды қорғайтын, халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес негіздер бекітілген және берілген. Дегенмен, әлеуметтік теңдік, нақты теңдік болып табылмайды, себебі де белгілі: адамдар әр түрлі ғой. Мысалы, мүмкіндігі шектелген адам өзінің ауруына емес немесе дамуының жектілмеуінің салдарынан дені сау адамнмен тең бола алмайды. Сондықтан Конституцияға негізделген басқа да заңдар шығып, бұл заңдар кейбір азаматтарға құқық жеңілдіктерін береді. Жеңілдіктер заңмен белгіленген қосымша құқықтар, және де кейбір азаматтарды белгілі міндеттерден босатуға басымдық.

Адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша келесі маңызды заң түрінше шешімдер:

  1. БҰҰ «Балалар құқығы жөніндегі Конвенцияға» сәйкес баланың құқығын өмірдегі жүріп-тұру, іс-әрекеттерінің нақты салаларында бекіту.
  2. Халықтың денсаулағын нығайту, жақсарту, оның ішінде мүмкіндігі шектелген адамдардың да мәселе бойынша шаралар қарастырылып, қабылдануда.
  3. Жасөспірімдерді тәрбиелеп, оқыту мәселе бойынша шаралар (Кәмелет жасқа толмаған құқық бұзушылар мен қадағалаусыз қалған балалардың құқығын қорғау, азаматтардың білім алу құқығының кепілі, отбасы кодексі, білім жүйесіндегі экономикалық, әлеуметтік қорғау шаралары).
  4. Мүгедек бар отбасыларына компенсациия төлеу жүйесін әлеуметтік институттары арқылы анықтау.
  5. Ата-ананың қамқорысыз қалған, балалыққа алынған (асыранды) балаларды қорғау,қамқорлыққа алынған балаларға қаражат көмек көрсету қағидасы.
  6. Генетикалық науқас сертті, алкоголизммен нашақорлық салдарының дамуында аномалиясы бар адамдардан туған балаларды азайту мәселесі (азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі заң негізі; Президенттің «Халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі шаралары»
  7. Балалар мен қорғауға алынбаған адамдардың мүддесін жүзеге асыратын мемлекеттік саяси механизмді құрып, іске асыру. (Балалар құқығы жөніндегі Конвенция арқылы)

Осы құжаттардың мазмұны мемлекет пен үкіметтің халықтың ең дәлсіздік категориясына деген жаңаша көзқарасын білдіреді. Ерекше әлеуметтік демографиялық топ - мүмкіндіктері шектелген адамдардың өздеріне тән ерекше мүдделері бірінші кезекте қанағаттану керек.

1996 ж. шыққан  «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы»  заңының да маңызы зор. Бұдан  бұрын заң актілерінің біріінде  де мүгедектер жөнінде акт  болған емес. Мәселен, толған құқық  ережелері әр заң актілерінде, әруақытта қабылданған, және де әр категориялары бөлек-бөлек қарастырылған. Сол заңдарда мүгедек - еңбекке жарамсыз деп қана белгіленеді де, 16 жасқа толмаған баланы мүгедек категориясына тіркеуге болмайды екені байқалады.

14.12.79 ж. 1265 нөмірлі  ССРО Денсаулық министрлігінің шығуына байланысты біздің елде «мүгедек балалар» деген термин пайда болды, дегенмен бұл бұйрық құқық құжаты болып қаралмады. Жаңа заңға сәйкес “мүгедек” деген құқықты ұғым өз орнын алды. Ол бойынша «мүгедек» - денсаулығы кем-тар адам. Оған себеп болған:

1) науқас; 2) зақым  келгеннің салдары; 3) анатомиялық  дефект. Кез келген денсаулығы  нашар адам мүгедек емес, тек  қана өмір сүруге шектеу болып, барлық ағзаның функциясын бұзатыны  ғана. Баланы «мүгедек» категориясына  енгізу үшін заңды акт арқылы, денсаулық министрлігінің «16 жасқа толмаған мүгедек балаға дәрігерлік қорытынды тағайындау» атты бұйрығына негіздеу керек. Бұл категорияға тіршілік іс-әрекеті шектеулі болған салдарының әлеуметтік дезадаптацияға апратын, яғни дамуы, өсуі, өзін күтуі, сезінуі, мінез-құлқымен, тәртібін қадағалай білу, оқуы,адамдармен қарым қатынас жасау,араласу, болашақта еңбекке қатысу мәселелері қиындық туғызатын балалар кіреді. Тіршілік іс-әрекеттің шектеулі болғандығынан мүгедектерді әлеуметтік қорғау керек қажеттілігі туады.

Мүгедек балалардың тәрбиеленіп, оқыту мәселесіне Заңның №18 «Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау» атты бабы арналған. Білім беру мекемелер, әлеуметтік қорғау бөлімдер мен денсаулық сақтау мекемелер бірігіп мүгедек балаларға мектеп алды, даярлық, мектептен тыс біліммен қамтамасыз ету керек. Реабилитация бағдарламасына сәйкес мүгедек балалар жалпы орта біліммен, кәсіби жоғары біліммен қамтамасыз ету керек. Мүгедектердің білім алу құқығының іске асуына мемлекет кепіл береді. Барлық жалпыға білім беретін, арнайы білім беру мекемелерде мүгедектерге білім тегін. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерде мүгедек балаларға арнайы жағдайлар жасалуын, қарастырылуын да заң бекітеді. Осындай мекемелерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларға арнайы мекемелер құрылады. Арнайы мектепке, мекемеге баруға мүмкіндігі жоқ балаларға үйде оқыту ұйымдастырылады. Мемлекттік білім жүйесіндегі мекемелерде мүгедек балаларды оқыту қаражаты білім беру басқармасында қарастырылады.

Информация о работе Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері