Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 16:48, курсовая работа

Краткое описание

1. Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны, мәні.
2. Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетгерін қалыптастыру жолдары, әдіс- тәсіл, құралдары
3. Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І ТАРАУ. Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері................................................................................4
Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны, мәні............................................................................................................4-5
Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетгерін қалыптастыру жолдары, әдіс- тәсіл, құралдары.................................................6-7
Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер..................................8-13

ІІ ТАРАУ. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ адамгершілік-ЭТИКАЛЫҚ ТӘРБЕСІ....................................................................................14
2.1 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін ќалыптастырудағы балалар дамуындағы ауытқулардың негiзгi сатылары......................................................................................................14-18
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін қалыптастырудағы білім беретін мекемедегі ой-қабілетінің дамуы, яғни балаға жалпы міндеті..................................................................................19-25
2.3 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбиелеу процесінде балалардың тәртібінің бұзылыстарын педагогикалық түзету............................................................................................................26-32
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................33-34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................35-36

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа моя)))))).doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І ТАРАУ. Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері................................................................................4

  1. Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны, мәні............................................................................................................4-5
  2. Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның   адамгершілік   қасиетгерін қалыптастыру жолдары, әдіс- тәсіл, құралдары.................................................6-7
  3. Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер..................................8-13

 

ІІ ТАРАУ. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ адамгершілік-ЭТИКАЛЫҚ ТӘРБЕСІ....................................................................................14

2.1 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін  ќалыптастырудағы балалар дамуындағы ауытқулардың  негiзгi  сатылары......................................................................................................14-18

2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбесін қалыптастырудағы білім беретін мекемедегі ой-қабілетінің дамуы, яғни балаға жалпы міндеті..................................................................................19-25

2.3 Арнайы білім беру  жүйесіндегі адамгершілік-этикалық тәрбиелеу процесінде балалардың тәртібінің бұзылыстарын педагогикалық түзету............................................................................................................26-32

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................33-34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................35-36

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

Тақырыптың өзектілігі: Баланың жеке басын тәрбиелеу-қазіргі таңда мектептердің аса маңызды міндеттерінің бірі. ”Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне опат әкеледі”-деп Әл-Фараби айтып кеткен [1].

Бұл заңды да, өйткені біздің қоғамымызда тәрбиенің маңызы артып отырғаны баршамызға мәлім. Әсіресе, баланың жеке басын қалыптастыруда ерекше роль атқаратын-адамгершілік тәрбиесі.

Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі, бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін, оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, еңбекке деген қатынасын ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгіниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады [2].

Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тәрбиелеуде адамгершілік тәрбиенің орны ерекше болуы керек. Соның  ішінде оқушының дүниеге көзқарасы қалыптастыру, дамыған өзіндік сананы пайда болдыруға күш жұмсау қажет.

Міндеті:

    • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды бойына адамгершілік қасиетін дамыту.
    • достық, жолдастық, өмірге белсенді көзқарасы, отан туралы ұғымдарды санасына қалыптастастыру және сол ұғымдардың мағынасына жете түсіндіру.
    • үлкенді сыйлауға, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйрету.
    • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ең алдымен адамгершіліктің негізгі категориялары-қайырымдылық пен зұлымдық, жақсы мен жаман туралы түсініктері, ізгілік, сезімталдық, әділеттік деген ұғымдарды ұғынулары, оларды айыра білуді үйрету керек.

І ТАРАУ.  Адамгершiлiк тәрбие ұымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері

1. Адамгершілік тәрбие туралы ұғым, олардың мақсаты мен міндеті, мазмұны, мәні.

 

Қазақстанның ілгерілеу процесінде, ел өмірінің барлық жақтарын: қоғамдық-экономикалық құрылысы мен әлеуметтік техникалық-технологиялық жаңартуды ең басты қрщылық ретінде, адам факторын жандандыруға, жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс. Бұл мәселенің шешілуінде этикалық, адамгершілік-имандылық тәрбиесінің мәні ерекше екендігі айтііаса да гүсінекті. Ал қазіргі кезеңде тәрбиенің алдьнда тұрған мәселелері күрделене түсуде. Педагогика классиктерінің жан - жақты қарастырған тәрбиенің негізгі салаларының бірі — адамгершілік тәрбиесінің проблемасы. Педагогика мен философия, психология адамгершілік тәрбнесі теориясьш жеке адам, жеке тұлғаға іс-әрекеттік қарым - қатынастық, қатынас тұжырымдамасы тұрғысынан қарастьфады. Философия, социологиялық психология мен физиологияның табыстарына сүйенеді.

Адамгершілік - қоғамдық өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз больш табылатын талапқа сай, белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым.

Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың бойында белгілі бір мінез - құлықтардың сипаттарын қалыптастыру, өзіне және өзге де адамдарға, отбасының мүшелеріне, ата - анасына, тума - туысқандарына, туған жеріне, табиғат пен қоғамға, мемлекет пен Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез -құлық, тәртіп нормалары мен ережелерін дарыту мақсатын жүзеге асыру бағытындағы ересек адамдардың, тәрбиеші, мұғалімдердің қызметі. Абай: "Адамның адамшылығы, адамгершілігі -ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан,-"дейді

Адамгершілік тәрбиесі - меңгерген идея, қоғамдық моральдың нормалары мен пршщиптері, іс - тәжірибелік әрекетке қатысуы негізінде тұрақты моральдық сапаны адамгершілік қажеттілікті, сенімді және сезімді, қасиетті, дағдыны және мінез - құлық әдетін, әдепті қалыптастыру процесі. Жеке адамның үйлесімді дамуының, рухани ізгілік негізінде қалыптасуының жетекші жағы. Адамгершілік - адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Адамның жақсы қасиеті оның табиғатынан тыс болуы мүмкін емес. Табиғат адамға игіліктерді, адамдық қадір - қасиетгі, ізгілікті түсінуіне, қабылдауына мүмкіндіктер береді. Бұл мүмкіндіктер бара - бара шын мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.

Ізгіліктілік қасиеттер тектілікке, білімге, мәдениетке, өскен ортасына, тәлім - тәрбиеге байланысты болады. "Қасиет" сөзінің мәні: "Адамның өзіне тән (жақсы не жаман) белгісі. Жақсы қасиеттер (имандылық, парасаттылық, бірсөзділік инабаттылық, т.б.) адамда тәрбие арқылы қалыптасады",- деген ұғымды білдіреді. Абай: "Адамгершілік мұраты жас ұрпақтың имандылық сипаттарының негізі үш сүю, не иманигүл",- дей келіп "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп",- деген тұжырым жасайды.

Адамгершілік тәрбиенің теориялық негізін этика, әдеп, әдептілік инабаттылық, мінез-құлық көркемділігі, парасаттылық құрайды.

Адамгершілік тәрбиесі міндеттерінің негізі-оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, саналы көзқарасын, сөзі мен ісінің бірлігін, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесі -адамның санасы, адамгершілік сезімі, ар-ұяты, адамгершілік еркі, қоғамдық бағалы қасиетгерінің бір-бірімен байланысты тұтас адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру.

-жас ұрпақтың  туған жерге, өскен ортасына, ага-анасына, бауырларына, Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзінің - өзіне деген қатынасын, сезімін дамыту.

-қазіргі емір  талабына сай тұтас адамгершілік  имандылық, ізгілік парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.

 

 

2. Адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның   адамгершілік   қасиетгерін қалыптастыру жолдары, әдіс - тәсіл, құралдары.

Адамның адамгершілік қасиеттерінің құрылымын психолог -педагогтар мынандай бөліктерден: сезім, сана, сенім, мінез - құлық дағдысынан қщралады деген қорытынды жасайды. Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие процесіндегі жетекшілік ролі өзгеріп тұрады. Абайдың пікірінше, адамгершілік мұраты-«Толық адам». Ол адамның үш-ақ қасиеті: «Нұрлы —ақыл, жылы жүрек ыстық қайрат » иесін қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жүйеленген адамгершілік имандылық, ізгілік қасиеттерді, сапаны, сезімді,ізгілікті сананы қалыптастыру бағытында сан-салалы жұмыс түрлерін жүргізе отырып, жас жеткіншектерді көркем мінез-құлық ережелері, моральдық нормалар туралы біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру. Адамгершілік қасиеттер әлеуметтік қоғамдық ортаның ықпалымен қалыптасатындықтан отбасы, мектеп, оқу-еңбек орындарының тәрбиелік әсерін орынды, дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударған парыз. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру әдіс-тәсіл, құралдары сан алуан. Ықпал ету механизмдері де көп қьфлы. Адамгершілік тәрбиесі адамның ізгілікті қасиеттерін дамыту көзі болғандықтан жеке тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын педагогикалық, тәрбиелік жағдаятар туындата отырьш, әрбір жеткіншек бойында инабаттьшық, сөзінде ілтипаттылық қалыптасатындай жағдаят жасалады. Өйткені, адам баласына-деген мейірім ең жақын адамьш: ата-анасын, бауырларын сүюден басталады. Адамды ең биік құндылық ретінде бағалау осы сүйіспеншіліктен бастау алады. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихының барлық сатысында дамып, қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайысып жетіледі. Адамгершілік қасиеттер мен әдеп нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін сақтаған жан ғана әлеуметтік-қоғамдық, құқықтық заң ережелері мен заңдылықты үйлесімдікті сақтай отырып өмір сүреді.

Балалық ортаның әсерi – бүл балалар iс-әрекетiнiң, психологиялық, функциясының түзету әрекеттерiнiң дамуына жағдай жасайтын жүйе.

Баланың эстетикалық, танымдық, әлеуметтiк, дене тәрбиесiне қажеттi базалық қосалқы құрамдас бөлiктер:

- табиғи орта, мәдени орталықтар, дене шынықтыратын, ойын өткiзетiн алаңдар, балалар кiтапханасы, ойын залдары, музыкалық театрлар, пәндi дамытатын оқу залы т.с.с.

Базалық қосалқы бөлiмдердiң мазмұнын анықтау үшiн, тек қана жасқа байланысты iс-әрекет жасау. (Iс-әрекет түрлерi: сәбилiк жас, ерте жас, мектепке дейiнгi жас).

Материалдық техникалық қамтамасыз ету, бүл әсiресе баланың денсаулығын сақтау, қорғау, баланы әлеуметтендiру.

Ауытқуы бар балалар жеке техникалық құралдармен жабдықталып, оларды түзету, медициналық қызмет жасауға қолдану.

Ауытқуы бар балалар тәрбиеленетiн жалпы бiлiм беретiн мектепке дейiнгi мекемелерде жабдықтар, әр баланың ерекшелiгiне сай жасалады, мысалы: түрлi-түстi шыныдан iстелген, көзi нашар көретiн балаларға арналған құрал, жұре алмайтын балаларұа арналған көтерiп, түсiретiн пандустар, нашар еститiн балаларға арналған аппаратар болуы керек.

Көзi нашар көретiн балалрға: оптикалық құрал (лупа, көзiлдiрiк, үлкейтетiн эпи-и диапроекторлар, сканерлер, жазатын машиналар, компьютерлер Браль жүйесi бойынша, сурет салатын құралдар болуы керек).

Педагогикалық кадрлер - балалардың жас ерекшелiктерiне қарай түзету жүмыстарын құра беру, дефектiнiң құрылысын, арнаулы педагогиканың үстанымдары мен әдiстерiн меңгерiп, қазiргi жасқа технологияны қолдана бiлулерi керек.

 

 

 

 

 

 

3. Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер.

 

Кейiн онжылдықта дүние жүзiнде баланың сәбилiк дәуiрiнде деген қызығушылық арта түсуде. Мұның ерекшелiгi - адамның көптеген қасиеттерi мен қабiлеттерi дәл осы кезде қалыптасатын болғандықтан шығар.

Осы жастаға балалардың миының жүмсақтығы, осы кезде көңiл-күй, интеллект, сөйлеу қабiлеттерiнiң дамуы, түзету педогогикасына көп көмек бередi.

Осыдан кейiн, көптеген балалар туғанда кемтар болуы, тағы да зерттеудi бала туған күннен бастауды талап етедi. Мүндай тексерулер, аурудың алдын алып, ата-аналар мен дёрiгерлердiң көңiлiн баланың психологиялық-физиологиялық дамуына аударады.

Балалар поликлиникасында, жанұяда мүндай балаларға ерекше бақылау қойылып, ауытқуы байқалса онда ерекше тексеруден өткiзедi.

Ауытқуы бар балалардың жанұясына да көмекке арнайы мамандар, педиатр, невропатолог, неонатолог, психолог, мұғалiм-дефектологтар келедi. Осылардың әрәайсысы өз жүмыстарын жақсы меңгеруi қажет.

Осылайша, ауытқуы бар балаларды ерте бастан түзету:

  • 39 жаңа туған сәбидi жан-жақты тексерiп, картаға баланың қауiптi жерлерiн көрсетiп жазу;
  • сау балалардың бөлмелерiнiң қызметiн кеңейту;
  • ауытқуы бар балаларды түрған жерлерiнде педиатрлар үнемi бақылап отырулары керек;
  • ауытқуға диагноз қою;
  • ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек;
  • жүйелi түзету жүмысын ерте бастау;
  • аранйы мамандарды дайындау, олардың қызметiн түзету жүмысына бағыттау.

Ерте басталған түзету жүмыстары мынанадай мiндеттердi шешедi:

  • Қарым-қатынастың дамуын, ойында, өмiрде өзiн-өзi алып жүру, қабылдай бiлу, ойлай бiлу, сөйлей бiлудi дамытады;
  • Жалпы түзету мен арнаулы түзетулер қолдың дамуына, әлеуметтiк дамуға, ойынның дамуына жағдай жасайды.

Осыдан кейiн, мынандай педагогикалық жағдайлар керек:

  • Дамытатын орта қалыптастыру;
  • Балалармен жүмысты аранаулы маман (дефектолог) жүргiзуi керек:
  • баламен жақсы қатынаста болу;
  • баланың алдында дұрыс оқыту-тәрбиелеу мiндеттерiн қойғанда оның танымдық қабiлетiн есте сақтау керек;
  • өмiрден алған тәжiрибесiн бере алатын, баланың қабiлетiн дамыта бiлу;
  • баланың өздiк дамуына көмектесу.

Қоғамдық тәжiрибенi бере алу жолдары: бала мен үлкен адамның бiрге қимыл жасауы; үлгi бойынша, тiлдi дамыту, танымдық iс-әрекетте iзденудi дамыту.

  • Жүмыстың мазмұны, әдiс-тәсiлi, дамыта оқытудың, диагноз қоюдың, түзетудiң бәрi де баланың жас шамасына қарай болу керек.
  • Ата-аналарды түзету процесiне қатыстыру қажет.
  • Баланың балалар үжымына кiрiп, олармен жақсы қатынасқа түсуiне көмек жасау.

Қазiргi уақыттағы зерттеулердi қараса, балалардың ауытқуы, түзету педагогикалық жүмыстарын ерте бастаған кезде, қиын балалардың қоғамдық тәжiрибелердi меңгеруi, басқа балалармен қатынастары жақсы дамиды екен.

Сонымен қатар, арнайы түзету мен тәрбиелеудiң жеке бағдарламасы құрылып, оны ауытқуы бар балалардың даму процесiнде қолдануға үлкен көңiл бөлiнiп отыр.

Информация о работе Адамгершiлiк тәрбие ұйымыныњ ѓылыми – теориялыќ негіздері