Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 22:39, курсовая работа
Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі.
1. Психикалық даму және оқыту.
2. Бала психикасы дамуынын қозғаушы күші.
3. Даму мен оқытудың байланысы.
4. Бала психикасының даму кезеңдері.
5. Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер.
6. Тұлғаның психикалық дамуындағы деңгейлері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау қажет. Жас өспірімдік - жеке адамдардың толысуы мен қалыптасуының аяқталған кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер ( енді бала болмағанымен, ересек те емес ), өмірлік іс - әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез - құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бірі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағалаушылық - бағдарлаушылық іс - әрекетін күрт аттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте -мөте ден қоя алады, өзінің мінез -құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді. Өзіндік сана - күрделі психологиялық кұрылым, ол ерекше компонеттер ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтындай, біріншіден, өзінің теңдестігІн ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс - әрекетшіл негіз ретінде өз «мәнін» ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық касиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін - өзі әлеуметтік - адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің брі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Тендестігін ұғынудың бастамалары сырқы заттардан болған және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде - ақ болады, « менді » ұғыну бала жіктеу өсімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. Өзінін психикалық қасиеттерін ұғыну өзін - өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің" түрін өзгертпей қоймайды.
Өз денесінің бейнесі. Жеткіншектердің өзі -ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылуымен өзінің « мені » мен өзі қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзінің келбетімен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жас өспірім шағында да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасын зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бірі дерлік өз келбеттерін өзгерткілері келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б. қынжылады. әсіресе кеш толысатын ер балалармұлысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезіуді туғызады. Бұл қынжылыстар, детте, ешкімге білдірмейді. Өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін -өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық қатнастары мен варианттарын білмеу жас өспірімдер үшін нағыз « норма трагедиясына » айналады.
Балаң жастағылардың ересектермен қатнасы.
Өзін анықтаудың күрделі проблемаларын жас өспірім жалғыз өзі шешеді, әке - шешесімен, құрбы - құрдастарымен, мұғалімдермен бірге, олардың қолдауы, комсомолдың қолдауы жағдайында шешеді.
Жеткіншектің өзі - ақ
өзінде ояна бастаған есею сезімінің
негізінде өзіне қамқорлық
Қазіргі психология есейген балалардың мінез - кұлық автономиясы ( жас өспірімнің жеке өзіне қатысы мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және оған праволылығы ), моциялық автономия ( кешешесінің дегенімен емес, олардан тәуелсіз өзі қалаған ден қояр жайлар болу правосы және оны қажетсіну ), моральдық және құндылық автономиясы ( өз көзқарастары болу правосы мен қажеттілігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы ) болады деп шектеп, балалар автономиясы туралы мәселені нақты тұрғыдан қояды. Балаң жастық - өзіне - өзі талдау жасайтын шақ қана емес, сонымен бірге нағыз « коллективтік » шақ. Кішкентай жеткіншекке коллективтік өмірге қатысқаны, басқалармен біріге болғаны жетіп барады. Жоғары сынып оқушысы үшін брінен маңыздысы құрбы - кұрдастарынын мұны қабылдадауы, топқа өзін қажет сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі. Коллективтіктегі статустың төмен болуы, әдетте, барынша алаңдатады; құрдастары онша бағаламайтын жас өспірімдердің жеке басын өзгертуге тырысуы басқалардан гөрі анағұрлым жиі кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мухина В.С. Мектеп жасына балалардың психологиясы . Алматы, 1986ж.
2. Петровскийдің редакциялығымен
« Педагокикалық және жас
3. Жарықбаев Қ. Қазақ
4. Вогословский В. Жалпы
5. Бейсенова Ж. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік анықтамасы. Алматы, 2004 ж.