Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 22:39, курсовая работа
Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі.
1. Психикалық даму және оқыту.
2. Бала психикасы дамуынын қозғаушы күші.
3. Даму мен оқытудың байланысы.
4. Бала психикасының даму кезеңдері.
5. Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер.
6. Тұлғаның психикалық дамуындағы деңгейлері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин “Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті”, – деп анықтайды.
Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері:
мектептің дамуы туралы мемлекттік құжаттар – мемлекеттік сұраныс;
Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:
Оқытудың қазіргі технологиялары еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты(15).
Бір технологияның
өзі әртүрлі атқарушылардың
Жаңа
педагогикалық технологияның
(Ш.Т.Таубаева мен Б.Т.Барсай бойынша):
1. Ынтымақтастық педагогикасы.
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік тұрғысынан қарау мен оқыту мен тәрбиенің бірлігі болып табылады.
Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымының ерекшелігі:
мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субьект, мұғалім де субьект;
екеуінің бірлік одақта қызмет істеуі, бір-біріне басымдық көрсетпеуі;
жалпы мектеп ұжымының арасында өзара ынтымақ болуы;
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
балаға жеке ізгілік қарым-қатынас;
дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешені;
тәрбиелеу тұжырымдамасы;
қоршаған ортаны педагогикаландыру;
Мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының тұжырымының ерекшелігі:
ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдары;
бала-табиғат пен ғарыштың туындысы, сондықтан ол мықтылық, шексіздік сияқты қасиеттеріне ие;
бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштар.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер:
жазу-сөйлеу қарекеті;
математикалық пайымдау, математикалық түсіну;
әсемдікті, әлемдікті сезіну, қабылдау;
өзге тілді меңгеру;
рухани жетілу т.б әдістері;
ізгілік, жеке қарым-қатынас, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
оқыту арқылы тәрбиелеу.
Мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.
Ойын арқылы
оқыту технологиясының
Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Мазмұнының ерекшелігі-білімдік, танымдық, шығармашылық, репродуктивтік. Әдістері-пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік.
Мақсаты: білім, білік, дағдыға ие қылу мен өз бетімен әрекетену әдістерін меңгерту және танымдық, шығармашылық икемдікті дамыту болып табылады.
Тұжырымының ерекшелігі:
білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үрдіс;
бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
оқытуда табысқа жетудің шарттары;
оқу-материалында проблема туғызу;
баланың белсенділігі;
оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Белгісіз х-ке байланысты:
Х-мақсат
Х-іс-әрекет обьектісі
Х-қызмет әдісі
Х-іс-әрекетті орындау шарты.
Әдістеменің ерекшелігі: алдын-ала белгіленбеген, кенеттен;
проблемалық мазмұндау;
эвристикалық;
проблемалық демонстрация; зерттеушілік-лабороториялық жұмыс;
проблемалық жан-жақты эксперимент;
мәселені проблемалық шешу;
проблемалық ситуация (ойын түрінде)
5.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов бойынша)
Мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру мен жеке мәліметтеріне (әлеуметтік) қарамастан, барлық баланы оқыту және оқытуды жеделдету
Тұжырымының ерекшелігі:
үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
жеке бағдарлы қарым-қатынас;
ізгілік (барлық бала талантты);
зорлықсыз, еркімен оқыту;
әр оқушының табысының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Мазмұнының ерекшелігі:
материал ірі мөлшерде енгізіледі;
материалды блокпен топтау,
оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау.
Әдістерінің ерекшелігі:
теориялық материалды сыныпта меңгеру;
үйде де өз бетімен жұмыс істеу;
Бірінші қайталау:
конспект (меңгергенін жан-жақты бақылау)
тірек конспектісіе ауызша баяндау
Екінші бақылау:
жалпылау және жүйелеу;
Үшінші бақылау:
өзара бірін-бірі бақылау
практикалық жұмыс(жаттығу)
есеп шығару
нәтиже
Кеңестік дәуірде жеке
Осындай кең
арналы, жемісті де қызу ізденіс
үстіндегі жаңашыл
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе,
бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдермен
эксперимент жасауы емес, қайта олардың
толық және жеткілікті түрде, сындарлы
бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік
жүйемен құрылуындағы жетістіктерді көрсете
білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі.
Біздің ойымызша, В.Ф.Шаталовтын басты еңбегі – оқыту ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, “Оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің оқыту, білім беру, үйрету іс-әрекеті мен оқушының оқу, үйрену іс-әрекетінің бірлігі” деген формулада келтірілген оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына қарамастан, В.Ф.Шаталов мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда, ол кеңестік психологияда тұжырымдалған А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина сияқты ғалымдардың жалпы идеяларын шынайы түрде жүзеге асырып, оларды әдістемелік жағынан “нақыштай” білді.
В.Ф.Шаталов оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа оқу материалын игеру алдымен мұғалімнің оқу материалының мазмұнын толық түсіндіруі және оқушылардың оны белсенді түрде тыңдауы түрінде өтіледі. Сонан соң оқушылар мұғалім үлестірген тірек сигналды, парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) шығармашылық жұмыс орындау және т.б. жүзеге асырылады.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П.Я.Галь-
периннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдары мен белгілері П.Я.Гальпериннің белгілі бір жүйе бойынша акыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына (теория поэтапного формировангия умственных действий) сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі “меңгерудің негізгі бірліктері” түрінде жүзеге асырылады (П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин және басқалар).
Мұғалімнің оқушылардың өтілген оқу материалын
қаншалықты сапалы меңгергендігін бағалау
мақсатындағы оқу тапсырмаларын сұрауы да сол сияқты В.Ф.Шаталов
оқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы,
оқу материалын — оның жоспары мен негізгі
бірліктерінің бірізділігін белсенді
түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып
отыратын меңгерілген материалды бәсең дауыспен магнитофонға ауызша айту (бір
сабақта 20 оқушыға дейін); бұл жазылғандарды
кезектесіп тындау және бағалау — міне, осының бәрі белсенді жауап
беруге күнделікті дайындықтың кажеттігін
тудырды.
Оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнін ізінше) және олардың жүйелері мен “байланыстарын” бөліп алуы, әрі оларды белсенді түрде жазбаша жаңғыртуы олардың оқуға деген белсеңді іс-әрекетінің дәлелі ретінде көрініп отырады. Сондай-ақ, мұғалімнін күнделікті сабақ сұрау жүйесі оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалауға мүмкіндік бергендігін көрсетеді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесінде оқушылар оқу материалының мазмұнын, тірек сигналдарды дауыстап оқығанда біршама қиындықтар туындағанмен, практикалық жұмыс кезінде кейбір сәттер ойдағыдай шықпағанмен, бәрібір, мұнда білімді жинақтау процесі, істің ішкі мәнін терең толғау процесі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Оқушыға сынып алдында қате жауап беріп, қысылу, өзінің білімсіздігін жұрт алдында көрсету оңай емес.Сондықтан В.Ф.Шаталов өз оқушыларына мұғаліммен бетпе-бет отырғызып, бәсең дауыспен сабақ айтқызған немесе одан да оңайы - оқушыға өз жауабын магнитофонға жазғызған. Білім деңгейі төмен оқушы өзінің магнитофонға жазғанын мүғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабында қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінін жақсы біледі. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететін оқушыларға қаншама рухани күш береді.
Жоспар
I.Кіріспе.
1.Өзін-өзі тәрбиелеу және білім беру ұғымы, оның мәні.
2.Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіне-өзі білім беруге жетелейтін әсер ететін жолдар.
3.Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мазмұны және әдістері.
4. Өзін-өзі тәрбиелеуі
мен білім беру ісіне
III.Қорытынды.
Тербие — оқушының басты, психологиялық және әлеуметтік кажеттілігін іске асыратын «педагогикалық жағдай жасауының» тәрбиешінің қызметі. Қажеттілік идеясын жүзеге асыру технологиялық жағынан қолайлы, қажеттіліктен туындаған мақсаттар тәрбиснің түрлі бағыттарына дамуына жол ашады. Сынып, мектеп ауқымында қажеттіліктерден туындаған іс-әрекеттерді ұйымдастырып, басқаратын әдіс керек. Мысалы, оқушының өзін қорғай алу және кауіпсіздігін сақтау кажеттілігін карастырайық. Осы қажеттілікті іске асыру үшін сынып пен мектепте мына жағдайларды ескеру көзделеді: