Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 22:39, курсовая работа
Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі.
1. Психикалық даму және оқыту.
2. Бала психикасы дамуынын қозғаушы күші.
3. Даму мен оқытудың байланысы.
4. Бала психикасының даму кезеңдері.
5. Тұлғаның психикалық дамуындағы қозғаушы күштер.
6. Тұлғаның психикалық дамуындағы деңгейлері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жеткіншек шақта, басқа типтермен қатар, өздерінің жеке басын қалыптастыру мен нығайтуға тура бағытталуы, сондай-ақ болашақ іс-әрекетке деген мақсат айқынырак кйрінеді.
Адамның жеке басының жетекші бағдары балалардың психикалық дамуының көптеген басқа жақтарын да анықтайды, Мысалы, танымдық бағыттылығы бар балалар сыртқы болмыс заттары мен құбылыстары туралы білім алуға тырысады, білім алу тәсілін санада берік сақтайды. Сөйте тұра осы оқушылар қимылдарын, дағдыларын жетілдіре түсуге жөнді ықылас, әдіс-әрекет нәтижесінде үнемі айқын мақсаттылық көрсетпейды. Оқу бағдары бар балалар оқу тапсырмаларын, жекелеген операцияларды мұқият орындаумен ерекшеленеді, бірақ оларда кейде үйренген қалыппен жұмыс жасау ағымы пайда болып, жаңа міндетті шешудің ортақ тәсілін өздігінен бөліп алуға келгенде қиналады. Басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасауды ерекше маңызды деп санайтын қайсібір балалар бұл бағыттылықты түрліше жүзеге асырады. Мысалы, қайсібір балалар үздік оқушы позициясын алуға тырысса, екіншілері бұзық, сотқар, т.б. атануымен қанағаттанады.
Жалпы бағдар балалардың мектептегі өмірін және олардың ұғым, білім, мінез-кұлық тәсілдерінің қалыптасу ерекшелігін анықтап отырады. Сонымен, адамның жеке басының бағдарын ескеру - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді неғұрлым тиімді жүзеге асырудың бірінші және қажетті шарты.
Бағдар оқушының жеке басының типін бірден және біржолата анықтайтын қатып қалған, өзгермейтін сапа емес. Жасы өскен сайын оқушылардың жетекші бағдарын өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, төменгі класс оқушылары үшін оқу іс-әрекетінің маңыздылығы біртіндеп арта түссе. ІV сыныпқа жеткенде айналасындағылармен қарым-қатынасының маңызы артады.
2. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымының дамуы. Қандай да іс-әрекет бірқатар элементтерді қамтиды. Олардың бәрі бірге іс-әрекетінің құрылымын сипаттайды. Ол осы іс-әрекет не үшін жасалынып отырғанын білдіретін - мотивті, іс-әрекетті орындау нәтижесінде алынуға тиіс деп елестетін - мақсатты, осы нәтижеге жетуге қажетті операциялар мен тәсілдерді, өзгеруі тиісті нәтижеге әкелетін материал - объекті кұрайды. Мысалы, мектеп оқушылары балабақшадағы балаларға сыйлау үшін елка ойыншықтарын жасайды. Бұл іс-әрекеттің мотиві әр балада әр түрлі болуы мүмкін. Біреулері сәбилерді қуанту үшін жасаса, екіншілері үлкендердің талабын орындау үшін жасайды, ал үшіншілерінде ойыншықтарды даярлау процесінің өзі қанағаттану сезімін туғызады. Мақсат - елка үшін ойыншықтар жасау. Объект - ойыншық жасайтын материал. Операциялар - қажетті өнім алу үшін орындалуға тиісті нақтылы іс-әрекеттер. Бұл іс-әрекетте балалар өздерін түрліше көрсетеді. Біреулері қандай ойыншықтар жасайтынын алдын ала анықтап алады да, соған сай материал жннап, қажетті операцияларды жасай отырып, көздеген нәтижелеріне жетеді. Екіншілері мақсатты ұмытып, машина жасауға, үй тұрғызуға кірісе бастайды. Балалар біразы, негізінен, қолдарында бар немесе бұрын пайдаланып көрген материалға қарсы бағдар алады. Мысалы, 1 сынып оқушысы қағаздан шартылдақ жасамақ болды, бірақ столда мақта жатқандықтан енді ол шар жасай бастайды. «Не жасамақсын?» деген сұраққа ол : «білмеймін, бірдемесі болар» - деп жауап берді. Екі шардан қарлы мүсін қарындаштарды көріп қалып, оған таяқ ұстады; «Балалар қарлы мүсін жасап, шанамен сырғалап жүр», - дейді. Бұл жерде шартылдақ жасамақ болған нақтылы мақсат қана емес, елка үшін ойыншық жасауға бағытталған жалпы мақсат та жойылып келіп отыр.
Мақсат және оның мотивтермен байланысты іс-әрекетте анықтаушы мәнге ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар-балалар үшін іс-әрекеттің көбінесе материалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тән. Мысалы, олар текшелерден үй құрастырғанда олардың іс-әрекеттері алдарында қандай текшелер жатқанына тәуелді болады да алдын ала ойланған жоспарға байланыстылығы сирек кездеседі. Мектепке дейінгі шақтың соңына қарай болашақ өнім, нәтиже туралы ұғым іс-әрекетте неғұрлым жетекші орын ала бастайды. Алайда бұл барлық балаларда бірдей бола бермейді. Мектепке келетін көптеген балалар үшін іс-әрекеттердің мақсаттылығының, ұйымшылдығының, еркіндігінің төмен деңгейде дамуы тән, мұның өзі оларды оқыту процесінің табыстылығының төтенше қиындатып жібереді.
Төменгі сынып жасының соңына таман көптеген оқушыларда іс-әрекет мақсаты мен мотив арасындағы қатынастарды еркін белгілей білу қалыптасады. Іс-әрекетті орындаудың жалпы мәнісі өзгерген жағдайда балалар нақтылы мақсатты өзгертіп, өз іс - әрекеттерін қайта құра алатын болады. Бұл мысалы, мына тәжірибеден байқалады. І-ІУ сынып оқушыларына текшелерді және басқадай материал пайдалана отырып қала салуды ұсынғай. Оның үстіне жалпы міндет өзгерітіліп отырады: бір жолы, балалар алыптар мен ергежейлілер тұратын қала салуға тиісті болды, екінші жолы оларға қала тұрғындарын екі түске: қызыл мен көкке бөледі деп айтылды; үшінші жолы қала ұшатын жәндіктер үшін салынды, I-II сыныптағы көптеген балалар барлық жағдаида да, құрылыстың типін де, оны жүзеге асырудың тәсілін де елеулі өзгерте алмаған.
Қолданылған әдебиетгер тізімі:
1. Жарықбаев Қ. «Жантану», Алматы 1996 жыл.
2. Сәбет Бап-Баба «Жантану негіздері», Алматы 2003жыл.
3. Тәжібаев Т. «Жалпы психология», Алматы 1993жыл.
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және Психология, Алматы мектеп 2002жыл.
5. «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы», А.В.Петровский, Алматы-1987жыл.
6. Алдамұратов, Рақымбетов, Іргебаева, Нығметов «Жалпы психология», Алматы-1996жыл.
Пысықтау және бақылау сұрақтары:
1. Баланың психикалық дамуының факторлары мен алғы шарттары қандай?
2. Балалар психикасы
дамуының аса маңызды
3. Бала дамуын жас шамасына қарай кезеңмен атаңыз.
4. Психикалық дамудың
аса маңызды фаторы ретіндегі
баланың жеке басы
5. Қазіргі психологиядағы оқыту мен дамудың арақатынасы проблемасы.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары
Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі саласындағы(дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі, педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі (12).
Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдар аралығында дамыту туралы мемлекеттік бағдарламада жалпы орта білім берудің жаңа мемелекеттік жалпыға бірдей стандарты түлектердің базалық біліктілігі түрінде көрініс беретін, нәтижеге бағытталған ұлттық білім беру мақсаттарының жүйесін айқындайды деп атап көрсетілген. “Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктсрі” білім беру мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған біліктілік деңгейіне көтерудің маңыздылығына ерекше назар аударылады.
Нәтижеге бағытталған оқыту — бұл аяқтаушы нәтижелср (біліктіліктер). Аяқтаушы немесе соңғы нәтижелер мектептен жәнс жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі әмір үшін маңызды білім, шеберліктер және бағдарларды білдіреді. Олардың шартты түрде жүйелеп көрсек, төмендегідей біліктіліктер тізімін аламыз:
Нәтижеге бағытталған білім беру әлеуметтену процесіне қоғамды, түрлі қауымдастықтарды тартуды карастырады. Осы мақсатта аталған проблемамен айналысатын кәсіби қауымдастықтар арасында өзара күш біріктіру үшін қарым-қатынастар орнатып, білім берудің мақсаттары мен нәтижелері турасындағы талқыға бүкіл қоғамды қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылдардағы дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарын талдау — білім беру саласының ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:
Стратегиялық міндеттерін шешу ісіне бүкіл қоғамды жұмылдыру, екіншісі — білім беру ісіне қатысушы жақтардың бір-бірі алдындағы өзара міндеттерін айқындауы.
Білім берудің аталған жаңа моделін енгізу жағдайында ұлттық деңгейдегі мақсаттар – болашақ нәтижелер, яғни, түлектердің өзінің азамат, тұлға ретіндегі әлеуметтік ролдерін орындауға деген дайындығын сипаттайтын базалық біліктіліктер түрінде қалыптасуы тиіс. Бүкілхалықтық кеңінен талқылау жұмысы қажст. Сонымсн бірге, күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлік жүйесін жасақтауда білім беру саласының барлық сатыларын (мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіби, жоғары білім беру) қамту өте маңызды. Мәселенің бұл тұрғыдан шешілуінің мәні — кәсіби қауымның өзара келісуі корытындысында қабылданған болашақ нәтижелердін көп деңгейлі жүйесі бүкіл білім беру процесіне қатысушыларға белгіленген мақсаттарға жетуде бағыт-бағдар ретінде қызмет ететіндігіңде. Білім беру саласы, ашық жүйе ретінде қатысушы(13).
Нәтижеге бағытталған білім беру моделін іске асыру жұмысын ертерек бастап кеткен шет елдердің тәжірибесіне талдау жасау – бұл жауапкершіліктерді төмендегіше бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
Қазір Республика оқу
орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып
отырған көпнұсқалыққа
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте:
“Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы” делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылымы(14).