В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 11:06, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестiлігі. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 Педагогикалық ұжым және оның ерекшеліктері. Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс 5
1.1 Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс 5
1.2 Мектептің педагогикалық ұжымы және оның ерекшеліктері 8
1.3 Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат 15
2 В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы 19
2.1 В.А. Сухомлинскийдің өмірі мен қызметі 19
2.2 В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық ойлары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМША 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой по общ пед.docx

— 88.99 Кб (Скачать документ)

Тұлға мен  ұжым арасындағы қатынастың қазіргі  мектепке сай типі - бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуы тиіс.

Үшінші  модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс-әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын  алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.

Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы мүшелерінің арасында кең  тараған бағыт-бағдарын бөліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсіресе жауапты  тапсырмаларды бар ынтасымен  орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көзіне түсу, басқаның үстінен өз билігін  жүргізу - олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына  қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты мақсаты - өз беделін ғана таныту.

Ұжымға  педагогикалық жетекшілік керек. Себебі ұжым үнемі өзгеріп отырады, оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетек-шілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.

Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:

Ұжымға  болар педагогикалық әсерлерді  бірлікті (комплексті) пайдалану;

Күнделікті  өмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;

Ұжым  өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;

Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;

Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын  біріктіру.

Мектеп  ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде  келесі маңызды ережелерді сақтау керек:

1. Педагогикалық жетекшілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;

2. Ұжым - динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы 
міндетті.

3. Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесінде мұғалімдер тобына, сынып ұйымына сүйеніп, отбасыларымен үнемі бай-ланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздеуі лазым.

Тәрбиені  ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының  көп деңгейлігін ескере жүргізу:

Жетекшіліктің жақсы көрсеткіші - сынып өміріндегі маңызды мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;

Жекеше  қарым-қатынас жасау;

Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде тәрбиені, бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;

Әлеуметтік  мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау;

Ұжым  мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері  мен олардың шын мәніндегі  мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;

Ұжымдағы  қатынастың өтіп жатқан жағдайына белсене  араласу;

Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;

Ұжымдағы  оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет түрлерімен олардың  қалпын өзгертуді әр кез естен  шығармау.

 

 

 

1.2   Мектептің педагогикалық ұжымы және оның ерекшеліктері

 

Оқушылар  ұйымы – балалар мен жасөспiрiмдердiң  өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы  істерді игеруде ұйымдық түрде  арнайы топқа бiрiккен  шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Ондағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік мәніне  Луначарский  А.В., Крупская Н.К., Макаренко А.С., Сухомлинский В.А., Блонский П.П., Лебединский В.В., Бабанский Ю.К., Болдырев Н.И. т.б  тоқталып өткен.

       Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі  басқару жүйесінің негізін салушы  американдық педагог Э.Джилль  болды. Бұл жөнінде ол өзінің  “Мектеп республикасы – Republicofshcool”  (1897) атты еңбегінде баян етеді.  Солардың бірі Ұлыбританияда  пайда болған “скауттар” атты  балалар мен жасөспірімдердің  бірлестіктері болып табылады.

       1907 жылы Британия Корольдiгiнiң  қолдауымен, Лондон қаласында тұңғыш  скауттар ұйымының Құрылтайы  өтедi. 1921 жылы Дүниежүзiлiк скауттар  ұйымы құрылды. Оған 63 мемлекеттiң  (Патшалы Ресей, Америка, Германия, Италия, Франция, Швеция, Индия т.б)  өкiлдерi мүше болды.

       Патшалы Ресейде Царское Село (Пушкин қаласы) қаласында 1909 жылы  тұңғыш Скауттар ұйымы тұсауын  кестi. 1914 жылы Ресей  Императоры  Николай II “Русский скаут” атты  қоғамдық ұйымды құру жөнiндегi Патша Жарлығына қол қойды. 

        Кеңес үкіметі және социалистік  даму бағытын ұстанған мемлекеттерде  (Болгария, Куба, Германия, Венгрия,  Вьетнам т.б.)  балалар мен оқушылардың  ұжымдық топтасуларының аса белсенді  көріністері – пионер ұйымының  құрылуына негіз болды. 

        Пионер ұйымы туралы Үлкен  Кеңес Энциклопедиясында: “...Бүкілодақтық  В.И.Ленин атындағы пионер ұйымы  балалар мен жасөспірімдердің  өзін-өзі басқаратын, бұқаралық коммунистік  қоғамдық бірлестік болып табылады..”делінген. 1945 жылдары “тимуршылар” атты  мектеп оқушыларының қайырымдылық  қозғалысы бүкiл одақты шарпыды.. Пионер көсемдері мен белсенділерiн  дайындау барысында бүкiлодақтық  “Артек” пионерлер лагерiнiң  маңызы өте зор болды.

       Мектептегi оқушылар ұжымының  негiзгi қалыптастырушы күшi –  оқушы балалардың қоғамдық қарым-қатынасы. Балалар арасындағы қарым-қатынас,  мектеп оқушылар қауымының қоғамдық  пiкiрiн қалыптастырады. Оқушылардың  өмiрге және мектептегi педагогикалық  ықпалдарға деген көзқарастары  олардың жас ерекшелiктерiне қарай  әр түрлi сипатта дамиды.

Басқарудың  және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары В.А.Сухомлинский,

Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту  мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе  жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.

Тәрбие  мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында  педагогикалық ұжымның екі орнықты  моделін іздеумен бірге қарастырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын  біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен  мектептің маңызды міндеттерінің  бірі болды. В.А.Сухомлинский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б. "Тәрбиешілер ұжымы болуы ксрек", — ден жазды. А. С. Макаренко - тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде жәнс біртүтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбис процесі болуы мүмкін емес".

Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның езіңдік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ деген.

Соңғы жылдары  педагогикалық ұжымның дамуы  мен қызметінің ішкі механизмін ашуға  арналған /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. X. Жакуров жөне т.б./ еңбектер жарияланды.

Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар  тобы ретінде мектеп педагогикалық  ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты  және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып  ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.

Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен  тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның  көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті  сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық  деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оку  орындарының ұжымы оқушьыарға үлкендердің  ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе  әрекет етуі туралы  алғашқы  түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагошкалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі  өздігінен жетілуге ынталандырады.

Мұғалімдер  ұжымның педагогикалық қызметі  оқуіпылар ұжымымен өзара тығыз  өрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық  міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік  мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді  болып келеді. Басқару ілімінің категориясы  ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға  баса назар аударылған жағдайда педагогикалық  және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер ұжымы езінің орасан зор интеллектуалдық, тәрбиелік  күш-қуаты бойынша балалар ұжымына  ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына  байланысты да тәрбие субъектісі ретінде  әрекет жасайды.

Педагогикалық ұжымның басты ерекшслігінің  бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі  мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық  ұжымға тән. Өзінің кәсіптік міндеттерін  шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің  педагогикалық мәдениетін қалыптастыру түтас алғанда педагогикалық  ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық  өрекетіне зерттеушілік қызметі  тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші -нормативті қызмет жасымен яюктелмейтін, педагогика-лық  жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар  мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қаблетті педагог.

Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды:

Педаготкалық  лекторийлер ата-аналардың назарын  белсенді тербиелік мәселелерге  аударуды мақсат түтады. Жұмыстың бұл  формасы ата-аналарды тәрбие теорияларын  жүйелі білімдерімен қаруландыруға  бағытталынады.

Сынып бойынша  педагогикальщ білім беру деп  аталатын жұмыс формасын 1—11 сыныптан бастап қолға алу қажет. Өйткені  педагогакалык ағарту жұмысын осы  кезден бастау тиімді. Оның алғашқы  сабағын мектеп директоры немесе орыкбасарлары бастап бергені жөн. Педагогикалық білім беруде параллель-сыныптардың  ата-аналарын біріктіруге болады.

Көптеген  мектептерде педагогикалық білім  университеттерітабысты жұмыс істейді. Білім берудің бұл формасы  лекциялық курстан және семинар  сабақтарынан түрады. Бұндай күрделі  жұмыс формасына барлық ата-аналар аудиториясы дайын болмауы мүмкін. Сондықтан да бұл жұмыс формасын аса сақтықпен практихаға енгізу керек.

Мектептерде ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдьщ қорытынды ғылыми-практикальщ  конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. Конференцияға "Балаларды еңбекке тәрбиелеу", "Жақсылыққа апарар ең тәте жол — имандылық арқылы" және т.б. тақырыптар таңдап алынып, мектептс ол проблема жыл бойы теориялық және практикалық қырынан зерттеледі. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып шығады.

Ашып  есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күвдерінде өткізген тиімді. Бұл күнге мектеп арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзіледі. Мерекенің құрылымын мына үлгіде түзуге болады.

Мәжіліс залында ата-аналар үшін 1-11 сыныи  оқушыларының концертін ұйымдастыру. Концертте үздік өнер көрсеткен  сыныпты, жекелеген оқушыны атап өтуге болады.

Сыньштардағы  кездесулер. Оқупіылар бұл жайында  ата-аналарына қалай оқып, қалай  жүріп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберліктерін  көрсетеді.

Бастауыш  сынып оқушылары кәдесыйлар дайындап ата аналарға тарту етеді;

"Үздік  суреттер", "Үздік қолөнер шебері", "Фото мерген", "Өнертапқыштар  мен конструкторлар" және т.б.  көрмелерге қатысу;

Спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетіңің жүлдесіне жарыстар ұйымдастыру;

Мәжіліс залында көркем фильмдер көруді ұйымдастыру. Ата-аналарға арңалған "Менің атым Қожа", "Алты жасар Алпамыс", "Көксерек" және т.б. фильмдерді ұсынуға  болады.

Мерекені  ұйымдастырудың нұсқалары көп болуы  мүмкін, ең бастысы оларды ұйымдастырғаңца  ата-аналар-дың назарьш мектепке, тәрбие жұмыстарьша аудару болуы  керек.

Сынып ата-аналарының жиналысы — дәстүрлі жұмыс формасы  болғанымен оны өткізудің әдістемесі жетілдіруді қажет етеді.Сынып жиналысын ұйымдастыруда, оның проблемалық тақырыбын айқымдап алудың маңызы зор. Мысалы "Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен бетпе-бет келу көмектеседі ме әлде одан жалтару кемектеседі ме?" деген тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады.

Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара  алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік  комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы  мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік  алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір  қалыптастырып дербестік пен  белсенділік дамытады. Педагогикалық  ұжым мүшелерінің, оның басшыларының қызметтік  міндеттері, қызметтік нүсқаулары арқылы дәл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық  сипатын нығайтады. Педагогикалық  ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметіыің үжьшдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық  жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің, әсіресс орта жөне жоғары сынып мұғалімдерінің іс- әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушы-лардың білімін  бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда  бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа  жеткізбейді. Мұғалімдердің біртүтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен  сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл  жағдай педагогикалық технологияның  бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген  ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық,  оптимизм, жалпы және косіптік мәдениет мұғалімдердің  іс-әрекетінің біртүтастығын материалдық  негізін қүрайды.

Информация о работе В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы