В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 11:06, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестiлігі. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 Педагогикалық ұжым және оның ерекшеліктері. Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс 5
1.1 Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс 5
1.2 Мектептің педагогикалық ұжымы және оның ерекшеліктері 8
1.3 Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат 15
2 В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы 19
2.1 В.А. Сухомлинскийдің өмірі мен қызметі 19
2.2 В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық ойлары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМША 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой по общ пед.docx

— 88.99 Кб (Скачать документ)
 

Мазмұны

 
     
 

КіРІСПЕ

3

1

Педагогикалық ұжым және оның ерекшеліктері. Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс

5

1.1

Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс

5

1.2

Мектептің педагогикалық ұжымы және оның ерекшеліктері

8

1.3 

Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат

15

2

В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы

19

2.1

В.А. Сухомлинскийдің өмірі мен қызметі

19

2.2

В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық ойлары

22

 

Қорытынды

27

 

Пайдаланылған әдебиеттер

29

 

ҚОСЫМША

32


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейкестiлігі. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде  жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына  қатысты түбегейлі  бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі  білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен  көзқарастарын қалыптастыруға негiз  болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының  жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының  жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап  қойды. Аса қарқынды белең ала  бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан  терең талдаунамалар  жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.      

Ел Президентiнiң  сөйлеген сөзінде: “...Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың  сапасын арттыруымыз қажет..”,- деп, атай келе “Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,- делінген.

       Замана жетiстiктерi негiзiнде жас  ұрпаққа сапалы бiлiм берудi  мақсат еткен көпшiлiк қауым, педагогиканың асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес.

       Еліміздің егемендік алуына байланысты  соңғы жылдардағы  педагогикалық  зерттеу еңбектерінде ұлттық  мәдениетке баса көңіл бөлу  назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р.К., Иманбаева С.Т., Әбдiғаппарова У.М., Әбдiлдина С.Қ., Өтемұратова Б.С., Аманжолова А.А., Хасанова Ж.С., Жетпiсбаева К.Б., Сырымбетова Л.С., Қаплиева А.Қ., Қисымова А.Қ., Егенисова А.Қ., Арзымбетова Ш.Ж., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С., Сыдықов М.Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т.б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.

       Ал, 1991 жылға дейінгі мектептегi  оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарын  сипаттауға арналған Иржанова  Р.Д., Құнантаева К.Қ., Татаурова Н.Л., Байназаров Р., Абаева Н.Б., Мұқанова  Б.Ы., Кузьмина М.Н., Бекмағанбетова  Р.К., Қасенов Е.Р. т.б зерттеулерiнде  негiзiнен бұрынғы кеңестік дәуірдегі  пионер (балалар) ұйымдарының iс-тәжiрибелерi  партиялық идеология тұрғысынан  зерттеліп, бұл еңбектердің өз  кезінде педагогикалық маңызды  рөл атқарғанына қарамастан, мектептегі  оқушылар ұйымдары арқылы ұлттық  тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастырудың  толық қарастырылмағаны байқалды. Оның негізгі себептерінің бірі  – оқушылар ұйымындағы тәрбие  жұмыстарының коммунистік идеологияға  және авторитарлық-педагогикалық  саясатқа бейімделе жүргізілгендігінен  туындаған еді.        

        Бертін келе мектептегі тәрбие  жұмысының өзекті саласы оқушылар  ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының  “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие  жүйесінің” дағдарысқа ұшырау  себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы  «социокинетика» ғылымының оқушылар  ұйымының жұмыс мазмұнына түп  қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық  құндылықтар мен ұлттық мәдениетке  сүйенген халықтық-демократиялық  принципке негізделген жаңа моделінің  қажеттілігін туындатты. 

       Айтылған мәселе бойынша бүгінгі  күн талабы тұрғысынан жан-жақты  зерттеген ғылыми-педагогикалық  еңбектердің жеткіліксіздігі біздің  зерттеу тақырыбымызды айқындай  түсуге себеп болып диссертациялық  жұмыс тақырыбын  “Мектепте  оқушылар ұйымы арқылы ұлттық  тәрбие берудің педагогикалық  шарттары”  деп атауымызға  негіз болды.

Замана  жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа  сапалы бiлiм берудi мақсат еткен  көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан  ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген  педагогиканың асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм бiлiмдi тұлғаларды дайындауда мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие  жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.

Кіріспеде, зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі, зерттеу обьектісі, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеу міндеті, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері беріледі.

Курстық жұмыс "В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық ойлары "- деп аталады. Екінші тарау екі тармақшадан тұрады. Екінші тарауда дарынды педагог В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен қызметі, педагогикалық көзқарасы, ұжым туралы ойлары қарастырылады.

Қорытындыда: зерттеу  проблемасы   бойынша  жасалған тұжырымдар мен  ұсыныстар  беріледі.

Зерттеу обьектісі: оқушылардың білім сапасына  ұжымның тигізетін әсерін айқындау, жан-жақты білім алуына мүмкіндік туғызу.

Зерттеу пәні: В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық ойлары

Зерттеу жұмысының мақсаты: В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық ойларын саралау

Зерттеу міндеттері:

- "коллектив"  яғни ұжым ұғымдарының мәнін ашу;

- оқушылардың  білім сапасына, дамуына, қалыптасуына коллективтің маңызын анықтау;

- көрнекті  педагог Сухомлинскийдің коллектив  туралы ойларын сараптау ;

Зерттеу әдістері:

- Ғылыми  педагогикалық әдебиеттерді пайдалану.

Бақылау әдісі.

- Педагогикалық  эксперемент.

- Суреттеу.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс  кіріспеден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде, зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі, зерттеу обьектісі, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеу міндеті, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Педагогикалық ұжым және оның ерекшеліктері. Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс


 

1.1 Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс

 

Ұжым  мен тұлға арасындағы байланыс - тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету  арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиет-терде  қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде  ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі  философиялық концепцияларға және әлемдік  педагогика-лық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге  тура келді.

Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа.

Ең алдымен  баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды - болашақ  ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне  т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас  жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас  жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі  де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесін-дегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды  бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай  келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі  басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен  қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол  ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы  келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа  соқтырады.

Тұлға мен  ұжым арасындағы қатынас тек тұлға  сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы  белсенділері бар, даму-дың жоғары деңгейіне  қол жеткізген ұжыммен қатынас  жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына  қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті  себептердің әсерінен тұлғаның барлығы  бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай,табыстарға қолын жеткізе  бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай  алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған  бастауыш сынып оқушыларына мұның  қиын соғуы мүмкін. Бұл педаго-гикалық  жағдайдың объективті себептері  бар: іс-әрекет-тердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің  тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің кемшілігі, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.

Ғылыми  зерттеулер нәтижесінде тұлға мен  ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған:

1) Тұлға  ұжымға бағынады (конформизм);

2) Тұлға  мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады;

3) Тұлға  ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).

Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына  өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы  мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі  келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.

Екінші  түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:

1) Тұлға  өз тәуелсіздігін барынша сақтап  ұжым талаптарына сырттай бағынады;

2) Тұлғаның  кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым  талаптарына сай келмейді.

Мектеп  ұжымдарында көп кездесетін мотив  немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс-қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен  құнды-лықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезінде ұжым-ның одан күтетінін  айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде  бұрынғы қалыптасқан тәжірибесі бойынша өзін басқадай ұстайды, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл  жағдай кейде уақытша болса, кейде  тұрақты болып отырады. Соңғысы  тұлғаның бұрынғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде  ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп  кездеспейді. Алайда, балалар кейде  қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туын-дайды: көбіне өзін-өзі  қорғап қалу сезімінің үстемдігінен болады.

Информация о работе В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы