Тұлғаның әлеуметтік психологиялық сипаттаммасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:34, курсовая работа

Краткое описание

Адам – бір жағынан қарасақ, саналы ойлауға және сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы ортаны танып және оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ағза болып табылады. Екінші жағынан, адам – ол Қоғам мүшесі. Ол – адамға тән ең басты белгі, себебі қоғамдық өмір мен қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық ұйымын өзгертіп-өзіне бағындырды.
Психологияда «адам» түсінігінен басқа да «индивид», «тұлға», «индивидуалдылық» сияқты ұғымдар қолданылады. Индивид – адамды тек қана биологиялық ағза ретінде қабылдау деген сөз. Ал. «тұлға» немесе «жеке адам» түсінігінің мәне – адам - әлеуметтік қоғам мүшесі. Әр адамның өмірі мен іс-әрекеті, тәрбиесі мен білімі әр түрлі және қайталанбас болып келеді, сондықтан бірдей тұлғалардың болуы мүмкін емес. Адамның тек қана өзіне тән белгілері мен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын «индивидуалдылық» деп атайды.

Содержание

Кіріспе 4
1 Жеке адамның дамуында туа біткен биологиялық ерекшеліктерімен әлеуметтік ерекшеліктердін мәні
1.1 «Адам», «Индивид», «Тұлға» және «даралық» түсініктер ерекшеліктері 6
1.2 З.Фрейдтін адам тұлғасының «Мен (Эго)» моделі 9
1.3 Тұлға қасиеттері және ерекшеліктері 15
2 Тұлғаның әлеуметтік психологиялық сипаттаммасы
2.1 Әлеуметтік ортадағы жеке тұлға проблемасы 23
2.2 .Жеке тұлғаның әлеуметтік –психологиялық қасиеттері 26
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

тұлға даралы.doc

— 202.50 Кб (Скачать документ)

1)Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне, яғни адамның кір жуып, кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы – оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.

2)Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық)- бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстағанбағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы.

3)Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, бұл парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру.

4)Мейірімділік пен ізгілік. Екі қозыдай осы қасиет- басқаларға (әке-шеше, ағайын, туыс, таныс т.б.) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді.

5)Адалдық пен шыншылдық. Адалдық – сөздің таным мен сенімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық- адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы.

6)Достық. Бұл ортақ көзқараспен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен

Темперамент  мінез  сипаттарының көріну формасына әсер етеді. Осылайша, холериктегі мінез сипаты табандылық қызба іс-әрекетте көрінеді, флегматикте – салмақты іс-әрекеттер көрінеді. [8]

Мінез сипаттарын 2 топқа  бөледі:

1. Жеке адамның бағыттылығы  көрінетін сиапттар (яғни, басқа  адамдарға  деген қатынасы -  сезімталдылық, дөрекілік, көпшілдік, адалдық, іс-әрекетке деген қатынасы – еңбексүйгіштілік, белсенділік, ұқыпсыздық, консерватизм; өзіне деген қатынасы - өзіне-өзі сын, талапшылдық, өзін-өзі сыйлау, өзіндік жетістік сезімі; заттық әлемге деген қатынасы, үнемділік, ұқыптылық). 2.  Еріктік сипаттар – мақсаттылық, өзбеттілік, табандылық, тәртіптілік. Мінез тұқым қуалаушылық жолмен берілмейді, туа біткен және сонымен бірге жеке адамның өзггермейтін қасиеті болып табылмайды. Ол қоршаған ортаның, адамның өмірлік тәжірибесімен тәжірибесінің әсерінен қалыптасады.Бұл әсер етулер, біріншіден, қоғамдық тарихи (кез келген адам белгілі бір қоғамдық – тарихи, экономикалық, саясаттық және т.б. шарттарда өмір сүреді) және екіншіден, индивидуалды - өзіндік ерекшелік (кез келген адамның өмірінің және өмірлік жолының шарттары алуан түрлі) болып табылады.

 

2  Тұлғаның әлеуметтік психологиялық  сипатаммасы

 

2.1  Әлеуметтік ортадағы жеке тұлға проблемасы

 

 

Әлеуметтік  психология  жалып  психологиядағы  «жеке  тұлға» анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан қандай нақты топтарда өзінің әлеуметтік топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым – қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қалыптастыру. Әлеуметтік психологтар адамдардың көбісі бір – бірін қалай бағалайды, бір – біріне қалай әсер етеді, әлеуметтік жағдайларының ықпалы көптеген адамдарды адамгершілік немесе қатыгездік көрсетуге қалай итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.

Егер де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың түйіні –  оның топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет. Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро - , макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл - әлеуметтану проблемасы.

Екінші жағынан , егерде жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсер етуші жүйелер қарастырылса, онда нәтиже қандай болады, жеке тұлға басқалармен  белсенді қарым – қатынасқа түскенде өзін қалай ұстайды, немесе оның әлеуметтік бағдары қандай екенін қарастыру қажет.

Осы екі бағыт та әлеуметтік психология ғылымының жалпы қисынынан  туындайды және де осы бағытта  әлеуметтік психологтар тарапынан  көптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілген (әсіресе, шет елдік ғалымдардың  жетістіктері қомақты). Қазіргі кезде үшінші бағыт – жеке тұлғаның әлеуметтік – психологиялық сапарларын талдау проблемасы да туындап отыр.

Тұлға әлеуметтік өзара  қиымл -әрекеттер мен қатынастардың  бірінші өкілі.Ал тұлға дегеннің кім екенін анықтау үшін әуелі  «адам», индивид, индвидуалдық» ұғымдарда түсіну керек. [1]

Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашыпкөрсету тұтас күйінде  емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекеленген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. әлеуметтануда  – тұлға көьіне көп қоғамдық, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қаралады. әлеуметк қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.

Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар - өір сүріп  отырған әлеуметтік орта жағдайларындағы  инидивидтрдің өзара қимыл -әрекеті процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір тұрақты байланыстарының жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.

Тұлғаның объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз мәдениеттң және әлеуметтік ережелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметік қауымдастықардың әр түрлерімен бірігетін процесі. әлеуметтен ісі өте кең процесс. Бұл жеке мәселе ретінде қарастырылады.

Әлеуметтану ұғымы. Әлеуметтану ұғымынның мазмұнын «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік әсерлерді игеру», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласу», т.с.с. процестерден түсінуге болады. Әлеуметтану процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүелерін иегруіне қажеот бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтығы.

Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақтық процес екндігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірибені игеруі,екіншіден, индивидтің әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік олртаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі - әлеуметтік тәжірибені игеру, ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның іс - әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.

Әлеуметтену процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада: іс - әрекетте, қарым – қатынаста, өзіндік сананың қалыптасуында іске асырылады. [3]

Әлеуметтену процесінің барысында индивид іс - әрекет «каталогының»  молаюымен айналысады, яғни неғұрлым жаңа іс - әрекет түрлерін иегрумен болады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі процестер іске асырылады.

 Біріншіден, әрбір іс  - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арсындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс  -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны иегру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атуға болар еді.

Екінші – қарым – қатынас сферасы да іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым – қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым – қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым – қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағыттану, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым –қатыас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау.

Әлеуметтенудің үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік сана – сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» - бейнесінің қалыптасуымен байланысты.

Көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, адамның «мен»  бейнесі бірден қалыптаспайды.  Өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Әлеуметтік психология тұрғысынан, әсіресе, осы процеске жеке тұлғаның әртүрлі әлеуметтік топтарға енуі қалай әсер ететінін анықтау маңызды. Адамның өзіндік сана – сезімі оның қылығында қалай көрінеді, бұл қасиеттің қалыптасуына топтардың саны, немесе сапасы әсер ете ме деген сұрақтарға әлеуметтену процесін зерттеуде жауаптар алыну қажет. [3]

«Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғы  бар. Көбірек тараған құрылымның үш компоненті бар: танымдық (өзін танып ,түсіну), эмоциялық (өзін бағалау), қылықтық (өзіне деген көзқарас). Негізгі факт ретінде, өзіндік сана – жекеленген сипатамалар тізімі емес, жеке тұлғаның өзін тұтас, бірыңғай адам  деп түсінуі алынады. Өзіндік сананың екінші бір қасиеті, әлеуметтену барысында оның дамуы іс - әрекет пен қарым – қатынасты кеңейту жағдайында әлеуметтік тәжірибені әрқашан иегрумен анықталатын, бақылауға болатын процесс екендігінде.

Өзіндік сана адамның  өзіндік, тереңдігі сипаттамасы  болғанымен, оның дамуы тек іс - әрекетүстінде  көрінеді: іс - әрекетте өзі туралы  елестерді біршама «түзететін» (коррекция), басқаларда пайда болған елестермен салыстыру іске асырылады.

Сондықтан да әлеуметтену  процесін барлық аталған үш сферасының тұтастай өзгеруіне байланысты түсінуге болады. Олар тұтастай алғанда индивид  үшін «кеңейтілетін  болмысты» құрайды, соның арқасында  ол өзіне жақын ортаны да (микро орта),  барлық әлеуметтік қатынастар жүйесін де иегреді. Игере отырып, индивид оған өз тәжірибесін, өзіндік шығармашылық көзқарасын кірістіреді; сондықтан да, болмысты игерудің оны белсенді түрде өзгертуден басқа жол жоқ. Демек әлеуметтенудің әрбір сатысында көрінетін осы процестің екі жағын : Әлеуметтік тәжірибені игеру және оны қайта құруды туындататын «қоспаны» анықтау қажеттігін көрсетеді. Бұл міндетті шешуде, әлеуметтену процесінің кезеңлері (сатыларын) және ол процестердің іске асырылатын аумағы - әлеуметтік институттарды анықтау қажет. Әлеуметтену процесінің сатыларын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: еңбекке дейінгі, еңбек тану кезеңіндегі, еңбектен кейінгі (андреенкова, 1970, Гилинския, 1971).

Еңбекке дейінгі кезең  адамның еңбектенуіне дейінгі  бүкіл  кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің өзі  де екі кезеңге бөлінеді:

А) ерте кезеңдегі әлеуметтену  – баланың кезеңінен бастап, мектепке дейінгі кезеңді қамтиды, жас  ерекшелігі психологиясында оны – ерте балалық шақ деп атайды (мектепке дейінгі шақ).

ә) оқыту кезеңі, кең  мағынадағы бүкіл жастық кезеңін  қамтиды, оған мектеп кезеңі тұтастай жатады. Орта арнаулы оқу орнына оқу кезеңі туралы, оның өзіндік  ерекшеліктеріне (оқудың еңбекпен ұштастырылуына) байланысты екі түрлі көзқарас бар. Дегенмен де, бұл проблема теориялық жағынан да, практикалық тұрғысынан да өте маңызды: студенттік кезең – қоғамның өте маңызды әлеуметтік топтарының бірі, сондықтан да бұл топтың әлеуметтену проблемалары өте маңызды. [3]

Әлеуметтенудің еңбек  кезеңі – адамның ер жету, кемеліне келіп, толысу кезеңін қамтиды, яғни адамның бүкіл еңбектік іс - әрекет кезеңі. Осы кезеңде әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, оны қайта құруы  – кезеңнің маңыздылығын көрсетеді.

 

 

 

2.2 .Жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайдағы психологиялық қасиеттері

 

Қазіргі кезде үздіксіз білім беру, оның ішінде ересектерге  білім беру көзқарасына байланысты, бұл кезеңдегі әлеуметтену проблемасының  маңызы арта түсуде. Осы тұрғыдан қарастырғанда  бұл проблеманы шешуде, педагогика ғылымымен тығыз байланысты зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер бар.  Еңбектен кейінгі кезең өте күрделі мәселе, себебі әлеуметтік психология үшін бұл проблема әлеуметтену проблемасына қарағанда әлі жаңа.

Бұл мәселе қоғам дамуының барысында туындаған, әлеуметтік психологияға қойылған объективті талаптармен байланысты.

Әлеуметтік психологияда бұл проблема әлеуметтенудің еңбектен кейінгі кезеңі проблемасы түрінді  көрінеді. Э.Эриксонның  тұжырымдауы  бойынша, 65 жастан кейінгі (жас кезеңіндегі: сәбилік, балалық шақ кезеңі, мектептік кезең, жастық шақ, орта жас, мосқалдық кезең) «мосқалдық кезең ғана «даналық» кезең болып, адамның әлеуметтенуін тамамдайды.

Еңбектік іс - әрекет тұрғысынан әлеуметтену сатыларын бөліп  қарастыудың үлкен маңызы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуында, оның қандай әлеуметтік топтарда болатыны өте маңызды. Әлеуметтенудің барлық сатыларында қоғамның жек тұлғаға әсері не тікелей, не топ арқылы, Ж.Пиаже көрсеткендей, белгілі әсер құралдарының жиынтығы: нормалар, құндылықтар және белгі таңбалар арқылы іске асырылады. Яғни қоғам мен топ жеке тұлғаға нормалар мен құндылықтар жүйесін белгілер арқылы береді. Осындай жүйені өткізуші топтар, әлеуметтік тәжірибені беруші (транслятор) топтар - әлеуметтену иституттары деп аталады.

Еңбекке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік институттар: ерте балалық шақта – отбасы және мектепке дейінгі балалар мекемелері. Отбасында бала қарым – қатынасының алғашқы дағдыларын қабылдап, алғашқы әлеуметтік рөлдерді игереді, бастапқы нормалар мен құндылықтарды түсіне бастайды. Ата – анасының қылықтарының типі (әкімшіліктер немесе либералдарды) баланың «мен» бейнесінің қалыптасуына әсер етеді. (Бернс, 1986)

Мектепке дейінгі балар  мекемелері кейінгі кезге дейін  тек жас ерекшеліктері психологиясының  зерттеу объектісі болып келеді.  Әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктер әлі күнге дейін толық зерттелінбеген, бірақ мұндай талдаудың қажеттілігі қазірде айқын болып отыр. [1]

Әлеуметтенудің ерте сатысындағы екінші әлеуметтену  институт – мектеп. Жас ерекшеліктері  және педагогикалық психология ғылымдарымен қатар, әлеуметтік психология да бұл зерттеу объектісіне аса үлкен назар аударады. Мектеп оқушыларды жүйелі біліммен қамтамасыз етеді, оның өзі әлеуметтенудің  маңызды элементі, сонымен қатар мектеп адамды қрғамдық өмір сүруге, жалпы өмірге дайындауы қажет. Мектеп оқушыда азаматтық туралы ұғымды қалыптастырады, қарым – қатынас жасаудағы мүмкіндігін молайтады: ересектермен қарым – қатынаспен қатар, өз құрдастарымен қарым – қатынасының ерекше сферасы құрылады, ал рның өзі де әлеуметтенудің маңызды институты болып табылады.

Әлеуметтік психолог үшін оқушылық өмірдің жастық шақтық кезеңнің (аға сыныптар) проблемаларын  зерттеу өте маңызды. Әлеуметтену  тұрғысынан, жеке тұлғаның қалыптасуындағы  аса маңызды осы кезең, себебі ол кең мағынада таңдау жасау кезеңі – мамандық, өмірлік серікті, құндылықтар жүйесін т.с.с.  Эксперименттік тұрғыдан, зерттеулерде негізгі назар аударылатын мәселе – шешім қабылдау. Жастық кезең әлеуметтік психолог үшін шын мәніндегі жақсы табиғи лаборатория, себебі, ол - өмірлік маңызды шешім қабылдау кезеңі. Және де, мектептің - әлеуметтену институты ретінде ондай шешімдерді қабылдауда қиыншылыққа көмектесетін, жеңілдететін, қамтамасыз ететін, үйрететін зерттеу, әрине, маңызды.

Информация о работе Тұлғаның әлеуметтік психологиялық сипаттаммасы