Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:34, курсовая работа
Адам – бір жағынан қарасақ, саналы ойлауға және сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы ортаны танып және оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ағза болып табылады. Екінші жағынан, адам – ол Қоғам мүшесі. Ол – адамға тән ең басты белгі, себебі қоғамдық өмір мен қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық ұйымын өзгертіп-өзіне бағындырды.
Психологияда «адам» түсінігінен басқа да «индивид», «тұлға», «индивидуалдылық» сияқты ұғымдар қолданылады. Индивид – адамды тек қана биологиялық ағза ретінде қабылдау деген сөз. Ал. «тұлға» немесе «жеке адам» түсінігінің мәне – адам - әлеуметтік қоғам мүшесі. Әр адамның өмірі мен іс-әрекеті, тәрбиесі мен білімі әр түрлі және қайталанбас болып келеді, сондықтан бірдей тұлғалардың болуы мүмкін емес. Адамның тек қана өзіне тән белгілері мен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын «индивидуалдылық» деп атайды.
Кіріспе 4
1 Жеке адамның дамуында туа біткен биологиялық ерекшеліктерімен әлеуметтік ерекшеліктердін мәні
1.1 «Адам», «Индивид», «Тұлға» және «даралық» түсініктер ерекшеліктері 6
1.2 З.Фрейдтін адам тұлғасының «Мен (Эго)» моделі 9
1.3 Тұлға қасиеттері және ерекшеліктері 15
2 Тұлғаның әлеуметтік психологиялық сипаттаммасы
2.1 Әлеуметтік ортадағы жеке тұлға проблемасы 23
2.2 .Жеке тұлғаның әлеуметтік –психологиялық қасиеттері 26
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі
З. Фрейдтің өзінің психикасының сексуалды теориясына сәйкес психикалық дамудың барлық кезеңдерін шыдамсыздық энергиясының әртүрлі эрогендік аймақтар бойынша орын ауыстыру және қайта құру кезеңдерімен негізделді. Эрогендік аймақтар – бұл стимулға сезімтал келетін дене аймақтары; стимулдана келіп либидоның сезімдердің қанағаттануын тудырады. Әрбір кезеңнің өзінің либидолық аймағы бар.
Фрейд алғаш рет психиканы инстинктің, ақылдың және сананың арасындағы төбелес алаңы деді. Бұлар үнемі бір-бірімен шексіз күресте болып, өзгеріп отырады. Оның бұл сипаты «психодинамика» ұғмын әкелді. Бұл теория 45жыл ілгеріден тұлға психикасының даму жолын көрсетті:
Сонымен, З.Фрейд тұлға туралы психологиялық ілімге маңызды ықпал етіп басқа модельді ұсынды. Тұлғаның үш компонентін көрсетті: «ид», «эго» (Мен) және «супер-эго» (Менен жоғары). Ид – инстинктерді тасымалдаушы: ол санадан тыс және иррационалды бола тұрып, рақаттану ұстанымына бағынады. Эго шынайылық ұстамына негізделіп, сырқы әлемнің ерекшеліктерін, оның қасиеттері мен қатынастарын ескереді. Супер-эго – рухани стандарттарды тасымалдаушы. Бұл компонентер бір-біріне ұқсамай, келіспеушілікте болуы мүмкін. Осыған байланысты күштеу туындайды. Бұл күштеуден эго арнайы «қорғаныс механизмдері» - ығыстыру, сублимация арқылы құтылады [7].
Псиоаналитикалық теорияның негізін салған Фрейд бір бірімен өзара байланысқан компоненттерден тұратын жеке тұлғаның құрылымдық моделін құрастырды. Бұл компоненттер : Ид, Эго және Супер эго.
Фрейд құрастырған терең
психологияға сәйкес адам епсихикасында
орталық орнынды бейсана алады.
ИД және СУПЕР ЭГО бастапқыда және әрдайым бір бірімен конфликтті күйде болады.ИД санаға СУПЕР ЭГО арқылы белгісіз формада – символ немесе түс ретінде енеді.
Адамның ішкі конфликт шартындағы шынайы өмірге адаптациясы психикалық қорғаныстардың көмегімен жүзеге асырылады.Психикалық қорғаныс – бейсаналы елігулер, әлеуметтік талаптар мен шектеулер арасындағы конфликтіні шешудің формасы.Ол индивидуалды тәіжрибе мен үйренудің нәтижесі болып табылады және әлеуметтік ортаға адаптациясының функциясын атқарады.
Барлығы Фрейд психикалық
қорғаныстардың 20 түрін бөліп қарастырды.
Сублимация – сексуалды елігу энергиясының белсеңділіктің әлеуметтік формасына айналуы.
Ығыстыру – санадан қажетсіз уайымдарды ығыстыру.
Изоляция – негативті эмоциялардың блокировкасы, санадан эмоционалды уайымдар мен олардың қайнар көздері арасындағы байланысты ығыстыру.
Рационализация – адамның өз тілектері мен әрекеттерін саналы түрде түсіндіру.
Проекция – басқа адамдар немесе адамдар тобына өзі ығыстырған мотивтерді қосу.
Реактивті өзгеріс – санадағы объектіге қатысты эмоционалды қатынастың қарама қарсыға трансформациясының құбылысы.
Идентификация – қауіпті объектіге байланысты уподопбление.
Регрессия – жүріс – тұрыс пен ойлаудың қарапайым формаларына қайту.
Фрейд теориясының құрымында бала психикасының дамуының кезеңері де сипатталған.Балалық шақ бойы ерте жастан бастап, ұл балаларда “Эдипов комплексі”, ал қыз балалрда “Электра комплексі” қалыптасады.Комплексиердің мәні бойынша бала өзінің жынысына қарама - қарсы ата – анасына санадан тыс сексуалды елігу сзімін сезеді, ал өзінің жынысымен бірдей ата –анасын бейсаналы түрде жаңаша қарайды.
Бейсаналы психикалық қорғаныстар мен комплекстер жүріс - тұрыстағы түрлі патологиялық ауытқуларға әеклуі мүмкін.Осы кезде психоанализ процедурасын өткізу керек болады (ұзақ уақыттағы арнайы ұйымдасқан әңгімелесу барысында асырын бейсаналы мотивацияны шығару).Бұл фактіледі саналы түсінген кезде ғана олар адам психологиясына патологиялық әсер етуін тоқтатады.
Бұл аймақтардың орнын ауыстыруы психикалық даму кезеңдерінің даму кезендерінің даму кезектестіктерін құрайды.
Баланың екінші жарты жылдық өмірінде емуге тістеу қосылады. Ол әрекетке агрессиялы сипат береді. Анасы баласы төсін тістеткізбейді. Сол арқылы ляззатқа ұмтылу шындық пен конфликтіге кіре бастайды. Осының негізінде «Ол» инстанциясынан біртіндеп «Мен» инстанциясының дефференцациясы басталады.
Психологиялық ойдың дамуы үшін психоанализ теориясының мәнін келесіден көруге болады. Олар:бұл дамудың денамикалық концепциясы;
бұл теория адамның дамуы үшін қоршаған заттардың емес, басқа адамдардың мәнін көрсетеді; бұл концепция психикалық дамудың әрбір кезеңінің мәнін және олардың тығыз байланысын бейнелейді;
бұл теорияда балада сексуальдықтың бар болуы туралы сұрақ қарастырылады.
Мысалға бұл деңгейде жасөспірімді гомосексуальдыққа бағыттайтын «эпидов комплексі» қайтадан тууы мүмкін болды. Агрессивті импульстар мен қарсы күресу үшін «мен» инстанциясы екі жаңа қорғаныс механизімін қолданды. Бұлар аскетизм және интеллектуализация.
Аскетизм ішкі тыйымдар арқылы бұл феномендарды тежейді, ал интеллектуализация оны жай қойылымға түістіреді және бұл жолмен жасөспірімдерге бұл сезімдерден босануға көмектеседі.
Бала ересек болған кезде оның «олдың» және «мен», «жоғары мен» процесстерінің жетілуімен және олардың қарым-қатынастарымен анықталады. З. Фрейд бойынша қалыпты даму сублимация механизімі бойынша іске асады ал шеттеу регрессия немесе фиксация механизмдері тұрғысынан болатын даму потологиялық мінездер туғызады. Бұл сатыда құрылатын екі көрнекі мінез типтер бейнеленген: психикалық гомосексуальдық және нарциссизм. Бұл мынадай жүріс-тұрыс формалары болуы мүмкін. Жынысы басқа адамға деген махаббат азаматтық сүйіспеншілікпен, достықпен, өз жынысымен жыныстары бір адамдар қоғамдық қызметпен айналысатын қарым-қатынасымен айналыстыруы мүмкін. Мұндай адамдар өз өмірін және іс - әрекеттерін жанұя қажетсіну негізінде құрады және өз жынысымен жыныстары бір ортада тығыз әлеуметтік байланыстар құрады. Екінші тип - нарциссизім ол тұлға либидасы обьектіден ажырайды және өз - өзіне бағыттайды. Нарциссистік тұлға өз - өзін сексуальдық ұмтылу обьектісі ретінде қарастырады; ол үшін сыртқы шаттану обьектілері кейінгі жоспарға шегінеді, ал бас орынды жеке бас шаттандырылғандылық және өз - өзіне шүкіршілік ету алады. Мұндай мінездер өз назарын өздеріне, өзінің іс - әрекетіне, өзінің абыжушылықтарына аударады.
Бұл дамудың динамикалық концепциясы, адам дамуында негізгі орынды жақын адам алатыны туралы теория. Қазіргі уақыттағы американдық психологтар Уотсон және Г. Лигрен, З. Фрейд айтулары бойынша өз ғасырының алдында болды және Ч. Дарвин секілді өз уақытының таза мағына шекарасын бұзды және адам жүріс-тұрысын зерттеуге жаңа территорияны тазалады.
З. Фрейд оқытуларының өте тез дамуы ғылыми шындықтан алыс болғандықтан болды. Ескі эксперименталдық психология ішкі жан дүниенің жеке элементтерін ғана зерттеді және адам баласының реальді тұлғалығын да олардың функционалдық бірлігімен аз айналысты; «ол оның қылықтарын, жүріс-тұрыстарын, күрделі уайымдарын және динамикаларын аз зерттеді», - деп жазды А. Р. Лурия [8].
1.3 Тұлға қасиеттері және ерекшеліктері
Эмоция мен сезім туралы түсінік
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестердің түрін сезім деп атайды.Сезімдер мен эмоциялардың біренше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін – қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі-олардың актив(қажырлы) және пассив(солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтерңкі сөзімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық,
көңілсіздік т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде мыналай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сөзімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сөзім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамнаң мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді. [5]
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.
Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны Жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, сонны өлердей жек көріп отыруы керек.
Эмоцияларды бірнеше
топқа жіктеуге болады. Олардың бір
тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік
қажеті не орайлас, оның ішкі өмірінің
шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі
болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік,
көңіл қоштық т.б.осындай эмоциялардың
енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар
делінді. Бұлар – белсенді әрекетке
азды-көпті нұсқан келтіретін қораш сезімдер.
Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу,
налу, үрейлену, үмітсіздену т.б.
Информация о работе Тұлғаның әлеуметтік психологиялық сипаттаммасы