Тұлғаның әлеуметтік психологиялық сипаттаммасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:34, курсовая работа

Краткое описание

Адам – бір жағынан қарасақ, саналы ойлауға және сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы ортаны танып және оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ағза болып табылады. Екінші жағынан, адам – ол Қоғам мүшесі. Ол – адамға тән ең басты белгі, себебі қоғамдық өмір мен қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық ұйымын өзгертіп-өзіне бағындырды.
Психологияда «адам» түсінігінен басқа да «индивид», «тұлға», «индивидуалдылық» сияқты ұғымдар қолданылады. Индивид – адамды тек қана биологиялық ағза ретінде қабылдау деген сөз. Ал. «тұлға» немесе «жеке адам» түсінігінің мәне – адам - әлеуметтік қоғам мүшесі. Әр адамның өмірі мен іс-әрекеті, тәрбиесі мен білімі әр түрлі және қайталанбас болып келеді, сондықтан бірдей тұлғалардың болуы мүмкін емес. Адамның тек қана өзіне тән белгілері мен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын «индивидуалдылық» деп атайды.

Содержание

Кіріспе 4
1 Жеке адамның дамуында туа біткен биологиялық ерекшеліктерімен әлеуметтік ерекшеліктердін мәні
1.1 «Адам», «Индивид», «Тұлға» және «даралық» түсініктер ерекшеліктері 6
1.2 З.Фрейдтін адам тұлғасының «Мен (Эго)» моделі 9
1.3 Тұлға қасиеттері және ерекшеліктері 15
2 Тұлғаның әлеуметтік психологиялық сипаттаммасы
2.1 Әлеуметтік ортадағы жеке тұлға проблемасы 23
2.2 .Жеке тұлғаның әлеуметтік –психологиялық қасиеттері 26
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

тұлға даралы.doc

— 202.50 Кб (Скачать документ)

Күрделі эмоцияладың  бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады.

Эмоциялардың бір түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз  қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қаты көрінетін эмоцияның түрі.

Құмарлық – адамның  ойы әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.

Ерік және қабілет

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды  қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды  психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т.б.) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т.б.), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет.


Ерік қимылдарын өзінен-өзі  пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі өнімінің бірі болып есептелінетін психикалық процесс деп түсінуімзі қажет. [11]

Орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді. И. М. Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек…». Адамның кез-келген қимылдарының тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.

Еріктің физиологиялық механизмі  де ми қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде жоғарыда айтылып  өткен ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтен кейін зерттеген И.П.Павлов болды.


Ерік сапалары

А. Тоқтамға келгіштік 

Тоқтамға келгіштік  дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.

Ә. Табандылық

Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде  де жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі.

Б.Ұстамдылық

Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.

В.Тәртіптілік пен жинақылық

Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу.  Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Күнделікті ауызекі  сөзде «қабілет» деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме Бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің – музыкалық, үшіншісінің – суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеті бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. [11]

Қандай да болмасын бірер  нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде  күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен  парасат адамдардың қабілет саласында  тең емес екенін дәлелдейді.

Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның  іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі  бір істі үздік орындауға мүмкіндік  беретін адамның ір түрлі жеке қасиеттерінің Қабілет және нышан Адамның кейбір өзгешеліктері анна құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді.

Бейімділік  және қабілет. Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналасуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені, адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналасуға бетбұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар, бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Қабілеттер – адамда өмір бойы қалыптасатын индивидуалды психологиялық ерекшеліктер. Олар берілген іс-әрекеттің талаптарына жауап береді және іс-әрекеттің табысты орындалуының шарты болып табылады. Қабілеттерге  музыкалық қабілет, қозғалыс, реакцияларының жылдамдығы, конструктивті қиял. Берілген индивидуалды ерекшеліктермен қатар, қабілеттер күрделі психологиялық ерекшеліктер болып табылады. Олар эмоционалды-еріктік компоненті, іс-әрекетке деген қатынас элементін қосады (мысалы, педагогикалық такт, ойдың математикалық бағыттылығы, әдеби шығармашылықтағы эстетикалық поэзия). Кез-келген іс-әрекет адамнан бір емес бірнеше өзара байланысқан қабілеттерді талап етеді. Белгілі бір қабілеттің болмауы немесе нашар дамуы басқалардың қарқынды дамуымен компенсацияланады. Бұл қабілеттердің компенсациялық қасиеттері әртүрлі іс-әрекет түрлерін меңгеруге, мамандықты таңдауға үлкен мүмкіндік береді.Қабілеттің оқу және шығармашылық түрлерін бөледі. Оқу қабілеттері белгілі іс-әрекеттерді орындау тәсілін меңгерумен, дағдыларды, үйренулерді, білімдерді алумен байланысты (БҮД).Бірақ та қабілеттерді біліммен, дағдылармен теңестіруге болмайды. Бір жағынан БҮД-ні меңгеру қабілеттіктерін дамытады.

Басқа жағынан, қабілеттіктер БҮД-ні тез, оңай, берік меңгеруге мүмкіндік береді.Шығармашылық қабілеттіктер жаңа оригинал өнімді құрастырумен іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін табумен байланысты. Сонымен қатар жалпы ақыл-ой қабілеттіктер мен арнайы қабілеттіктерді бөледі.Жалпы ақыл-ой қабілеттіктері іс-әрекеттің көптеген түрлерін орындау үшін қажет (ақыл-ой белсенділігі, ақыл-ойдың шындылығы, зейіннің тұрақтануы). Арнайы қабілеттер қандай да бір нақтылы іс-әрекет орындау үшін қажет (матмеатикалық ес, музыкалық, техникалық ойлау).Қабілеттер қалыптасады, сондықтан сәйкес іс-әрекет процесінде анықталады. Қабілеттер туралы практикалық талдау келесі көрсеткіштерге байланысты: Іс-әрекетті меңгеру типі бойынша:

  1. Жетістіктердің сапалық деңгейі бойынша;
  2. Адамның берілген іс-әрекетке күшті және тұрақты бейімі бойынша.  Қабілеттер  дамуының жоғары деңгейін дарын деп атайды.

Қабілеттердің негізінде  олардың табиғи алғышарттары – нышандары  жатыр. Нышандар – бұл мидың, нерв жүйесінің, анализаторлардың туа біткен кейбір анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Нышандар қабілеттіктердің даму процесіне әсер етеді.Бірдей жағдайлар кезінде белгілі іс-әрекет үшін жағымды нышанның болуы қабілеттердің жетісті дамуына мүмкіндік береді. Нышандар мен мағынал, яғни бір нышанның негізінде әртүрлі қабілеттер пайда бола алады. Және, керісінше, белгілі қабілеттердің негізінде нанымдар жиыны жатыр. [8]

Темперамент және   мінез

Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы  ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла басталады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі  организмдегі осы төрт


түрлі сұйық заттың бір-бірінен  аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы  артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма» - шырын), флегматик темперамент  деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай - нехоле» - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше «холе» - өт) темпераменті деп аталады.

Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым, адамның темпераменті күшті  болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі серкеция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И.Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ, ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы теориялар ХІХ  ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне  темпераменттердің түрліше болуы  жүйке тону сына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. [9]


Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан  сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне  байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің  физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Темперамент – психикалық іс-әрекеттің және жүріс-тұрыстың динамикасын анықтайтын жеке адамның индивидуалды ерекшеліктері. Темперамент негізінде жүйке жүйесінің қозуы мен тежелу процестерінің ара қатынасы, байланысы, көрінулер жатыр. И.П.Павлов қозу мен тежелу процестерінің 3 қасиетін ашты:

Жүйке жүйесінің типтері  ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің  үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.

Жүйке процестерінің  күшіне – ми қабығының жұмыс істеу  қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның  түрлі тітіркендіргіштеріне мидың  төзімділігі жатады. Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.

1. Жүйке жүйесінің  шыдамдылығы жұмысқа қабілеттілігін  сипаттайтын және ұзақ немесе  қысқа, бірақ өте күшті қозу  немесе тежелуді ауыстыруға қабілетті көрсететін күш.

2. Тепе-теңдік, ол қозу  мен тежелу процестерінің ара  қатынасын сипаттайды.

3. Қозғалғыштық, яғни  тітіркендіргішке жауап ретінде  жүйке жүйесінің көрінуінің жылдамдығы  және қозу мен тежелу процестерінің   бір-бірін тез ауыстыруға қабілеттілігі.

Көрсетілген жүйке қасиеттерінің  комбинациясы жоғары жүйке жүйесінің  типін анықтайды. Жүйке жүйесінің типтері мен темпераменттердің арақатынасы мынадай:

  1. Күшті, тепе-тең, қозғалғыштық тип – сангвиник
  2. Күшті, тепе-тең, инертті тип – флегматик
  3. Күшті, тепе-тең емес, қозудың жоғарлауы болатын тип – холерик.
  4. Әлсіз тип – меланхолик.

Негізінде адамда белгілі  бір темпераменттің сипаттары басым  келеді, таза күйінде олар өте сирек  кездеседі. Жүйке жүйесінің типі – жеке адамның бірақ та адамның  сендірулер мен әрекеттерін анықтайтын табиғи, туа біткен қасиет. Бұл ерекшеліктер адамның мінезімен анықталады. [1]

Мінез – адамның қоршаған әлемге деген адамның қатынасын  көрсететін және оның жүріс- сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі  өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез-келгені мінездің бітістері болып саналмайды.

Мінез бітістері Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан, бір аламның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара және  типтік бітістерін қоса еске алып отыру өажет. Типтік мінездер – белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады. Мәселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары бар қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистік) мінездің таптық өзгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қоғамда әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен, зауыт, фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жұмысшылардың еңбегі арқылы баюға тырысса, жұмысшылар өздерінің тұрмыс жағдайы мен құқтарын жақсартуды көздейді. Осы айтылғандар адамдардың мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды.

Информация о работе Тұлғаның әлеуметтік психологиялық сипаттаммасы