Т.Айбергеновтің әдебиеттегі өзіндік орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 19:14, курсовая работа

Краткое описание

Төлеген Айбергенов жыр әлеміне өзіндік үнімен еніп, соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихында бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Ол 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы «Қоңырат» кеңшарында дүниеге келген.
Алғаш Чкалов атындағы жеті жылдық мектепте, 8 кластан бастап М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, сондағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Орта мектепті 1954 жылы бітіреді. Төлеген Ташкентке келіп, Низами атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқиды.
Ол Сарыағаш қаласындағы М.Әуезов атындағы мектептің жанындағы жұмысшы – жастарға білім береті кешкі мектепке директор болып орналасады. Жұбайы Үрниса Оразғалиева қаладан сәл шеткерірек орналасқан мектеп-интернатта аға тәрбиеші және тіл, әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.

Содержание

І.Кіріспе бөлім....................................................................................................3-4

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1.Төлеген Айбергеновтің өмір белестері.......................................................5-7

2.2.Т.Айбергенов жырларының көркемдік ерекшеліктері............................8-19

2.3.Аз ғұмыр жайлы құнды пікірлер. ............................................................20-23

ІІІ. Қорытынды. .................................................................................................24

IV. Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЖ. Т.Айбергенов+.doc

— 158.00 Кб (Скачать документ)

Бес перзентімнің бірінен  Төлегеннің өзін, бірінен көзін, бірінен  қылығын, еркелігін көріп, жетпіске таяп қалғанымды да сезбей қалыппын».

Ақынның тұңғыш қызы Айбергенова  Салтанат Төлегенқызы «Әке, сені сағындым...» (Әкем Төлегеннің рухымен сырласу) естелігінде: «... Сенің атыңа кір келмеу үшін мен де шамам келгенше тырыстым. Өмірде жасаған ағаттырым солса, сен жіберген қателік болып қала ма деп қорықтым. Жеткен жетістіктерім болса сен бір аунап түстің-ау деп қуандым. Сен өзің өртенген сағынышқы мені орап  кеткен секілдісің. Мендегі сағыныш тек саған деген сағыныш қана...» - деп сыр шертеді.

 

 

 

                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Қорытынды

 

Жер бетіндегі сапары небары 30-ақ жылға созылған айберен ақын Айбергеновті қазақ баспасөзі жыл он екі ай жоқтады. Бұл қаза жақын жуық, жора-жолдастырына қатты батты.

Біздің Төлегеннің өзінің қызығына деген көл-көсір сағынышының ауқымына сыймаған жүрекжарды жыры да қалмағандай. Жалпы ақын атулымыздың бәрі де алдымен өз ұлтын, содан кейін барып барша әлем ді құшағына алғысы-ақ келетіндігі елге аян. Бірақ Төлеген жырындағы айтылған сағыныштың сағымды әлеміне теңеу табылмас, әрине. Бұл ақын  құйма жырдың  киесіндей жер бетіне бір соғып өткен құбылыс десек болғандай. Содан да болар ол өз жырының сағыныш отына өртеніп кеткендей және оның сол бір жансыз мүрдесінің айналасында Мұқағалидай ұлы ақынымыздың өзінің үлкен жүрегін қолына алып ажалға араша түсердей шырпыр қағуындыа да үлкен мән жатса керек. Бұл деген айыпты алып аңсап барып құшағына басқандай әлем тауқыметін білдірсе керек.

Алайда өзінің өлең өлкесіндегі  салтанатының «мәңгілік тарқамауы  мүмкін оның» деген көрегендігі  шындыққа айналды.  Жер бетінде қазақ деген ел барда, қазақ тілі мен жыры барда ақын Төлеген Айбергеновтің өлең тойы, жыр шеруі мәңгілік тарқамайтыны анық.

Төлеген өмірінің де, ақындық  шабытының да «жиырма бесінде» қайтыс болды. Бірақ, бұндай ақынның екінші өмірі ұзақ болады. Оның өлеңдері халқына, ұрпақтарына рухани күш һәм ляззат беріп жасайды.

Міне, туған жерді поэзияны зеңгір көгінде тұрып асқақтата  жырлаған Төлеген де, біз түсінетін  түркі тілдес поэзияда дүниеге өте  сирек келетін ақын ретінде жасайды. Оның жыр тойы, өзі айтқандай «Мәңгілік тарқамауыда мүмкін оның».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер.

 

  1. «Мен саған ғашық едім» жинағы. Жалын – 2003 ж.
  2. «Бір тойым бар» Алматы, 1981 ж.
  3. «Біргемін мен  сендермен» жинағы, Алматы, 1997
  4. «Құмдағы мұнаралар» жинағы, «Жалын» 2003
  5. «Бақшаға саяхат» жинағы, «Жалын» 2003
  6. М.Шаханов «Төлеген Айбергеновке ескерткіш»
  7. С.Айбергенова «Әке, сені сағындым...» (Әкем Төлегеннің рухымен сырласу естелігі)
  8. Ақтөбе газеті 2007 ж.
  9. «Қазақ әдебиеті»   газеті
  10. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтама. Алматы, «Мәдени мұра» баспасы, 2005
  11. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, «Мәдени мұра» баспасы, 2001
  12. Қуандық Шаңғытбаев «Естеліктер», Алматы, 1981
  13. 8 кластың оқулығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Т.Айбергеновтің әдебиеттегі өзіндік орны