Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 19:14, курсовая работа
Төлеген Айбергенов жыр әлеміне өзіндік үнімен еніп, соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихында бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Ол 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы «Қоңырат» кеңшарында дүниеге келген.
Алғаш Чкалов атындағы жеті жылдық мектепте, 8 кластан бастап М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, сондағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Орта мектепті 1954 жылы бітіреді. Төлеген Ташкентке келіп, Низами атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқиды.
Ол Сарыағаш қаласындағы М.Әуезов атындағы мектептің жанындағы жұмысшы – жастарға білім береті кешкі мектепке директор болып орналасады. Жұбайы Үрниса Оразғалиева қаладан сәл шеткерірек орналасқан мектеп-интернатта аға тәрбиеші және тіл, әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.
І.Кіріспе бөлім....................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Төлеген Айбергеновтің өмір белестері.......................................................5-7
2.2.Т.Айбергенов жырларының көркемдік ерекшеліктері............................8-19
2.3.Аз ғұмыр жайлы құнды пікірлер. ............................................................20-23
ІІІ. Қорытынды. .................................................................................................24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................25
Бұдан соң ақын «қуаты керек мендегі асқақ арынның» дей келіп, «қара орман керек, қап-қара орман, түп орман, көзіндей менің жырымның» деп табиғат теңеуін бірде Шәмшіден, бірде өзінен, бірде жырының, жанарынан іздейді. Мұндай теңеулерді тамаша, әдемі деп тамсану аздық етеді. Оның ішінде ақынмен бірге жаңа бір әлемді көргендей сезінесің. Ақын жүрегі-оқырман жүрегіне айналып, ақынның көрген көзі – оқырман көзіне айналып, ақын мен оқырман бір тұтас тұлғаға айналады. Әрбір адам өзі жазғандай сезінеді, дүниенің тылсым құбылысын көзге елестерлік теңеулерді өзі тапқандай қуанады. Сезінтіп, әрі қуантып отырған сезімнің ішкі астарында – ақынның шеберлігі мен мұңдаламаса да, еңсесін көрсетіп қана қояды.
Таң азанмен қыруар отты зымырап ағып төске еріп,
Қойнына мың сан самаласымен жатады қайта кешке еніп.
Қол созам аспан шатырлап кейін шегініп кеткен сияқты,
Мына қаланың биіктігінен
Аспанды кейін шегіндірген прогрестің, қанаты кең жайған қаланың көкке ұмтыла биіктеуін суреттеумен бірге, ақын қаланың аумағының кеңейіп өсіп келе жатқандығын да жәй сөзбен емес, образбен өрнектейді. Қала аумағы кеңіп бара жатыр демейді, «Ақ үйлер қырға барады жөңкіп, алдынан тілеп ақ сапар» дейді. Көз алмай қарар, сұлу сурет. Шебер суреткердің қылқаламынан туған туынды.
Төлеген поэзиясы – сол шынайы махаббатымен сөйлеген поэзия. Махаббат лирикасында – Мағжаннан кейінгі шоқтығы биік көрінген ақын да Төлеген Айбергенов. Бұл жанрда – Тұманбай Молдағалиев те өз дарынын танытты. Қадыр Мырзалиев пен Жұмекен Нажімеденов махаббат лирикасымен, философиялық лириканы бір-бірімен үндестіре жырлады Мұқағали Мақатаев аз қалам тартса да әдемі-әдемі өлеңдер жазды. Мұхтар Шаханов махаббат лирикасын әлеуметтік ортамен бірге қатыстыра жырлап тереңдетіп әкетті.
Әлемдік адамзат баласына ортақ нәрсе, қарапайым да аса күрделі құбылыс, адам өмір қаншалықты жұмбақ болса, сондай шешеуін таппас таңқаларлық дүние – махаббат. Бұл әлемдік ақындардың мәңгілік жыры. Жыр арқауына – сарқылмас қазына. Сол қазынаға қазақ ақындары өз жазғандарымен, өз алдына тіккен отау – шаңырақтарымен әдебиетке келді. Оның түп негізінде, махаббат лирикасының құнарлы топырағы өз мәуесін берген.
«Арал жырлары» циклында ақын Төлеген Айбергенов жігіттің бақытына жаралған сұлуды суреттей келіп: «Қарлығашы үміттің, Ақ сазаны Аралдың» ақ ерке сұлуға:
Қиялдаған Новойдың,
Жоқ жары ма деп едім.
Қайта туған Абайдың,
Тоғжаны ма деп едім, - деп көктемнің қызғалдағына, көлбеңдеген көк көлдің құсындай аруға теміріне қарайды. Сұлулыққа бас иген ақын сапарында жолыққан арман аруға қызықтай айналып қалмайды. Бірақ қимай-қимай қоштасқан көңіл:
Арта берсін мерейің,
Жайқала бер орман боп.
Несіне айта берейін
Көкіректе арман көп... – деп, жас жүректің күрсінісіне, шуақты мұңына айналдырады. Бұл ақынның алғашқы махаббат жырлары еді, өлең де тұңғыш жинағы «Арман саранынан». «Арыңдап жатқан теңізін, ақтарып құйып шөлдерге» келе жатқан жанарына дүние махаббат боп елестеп, күн батса да, ол да ару, бикеш боп жанарына үйіріледі, «Күн – бикеш көкжиектен құлап кеткен» боп көрінеді. «Кейбір жота дем алып тұр гүлдерден. Соған ғана қадалыпты күн - Мерген». Махаббат сөзі «Өмір – деген көк мұхиттың толқынынан» лирикалық кейіпкер өз ғашығын іздейді. Біз де бірге сапарға шығамыз... «Өз жүрегін өртейтұғын өз демі» бұл махббат. Махббат мәңгі, өмірдей шексіз. Сондықтанда:
Өмір деген – мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені.
«Жар бұрымы» деген өлеңінде ақынның суретінен жар бұрымының неше алуан құбылыстарын көзге елестетеміз. Кейде бір буын өрілетін бұрымға кейде қосақталып, кейде қырық өрім боп тарайтын бұрым бояуын ақын қыл қалам шеңберіндей әдемі келтіреді.
Кейде ұқсап жалғыз еркеме
Көрінесің кей жақта сан қыз болып.
Жауырын дейтін өлкеде,
Жатасың кейде жалғыз қонып.
Ғашықтық сезімнің жанды қозғалысы, жанды құбылыс алуан қырлы призмасы, көркемдіктің көкжиегіне жетелейді. Төлегеннің махаббат тақырыбында «Сыр», «Мені ойла» деген өлеңдерінің орны ерекше. Төлеген қай тақырып болса да, төмендемей сөйлеуге, қайта асқақтық рух беріп, әр өлеңге жан енгізуге тырысады. Қарымы кең, құлашы көк аспанды қармардай қасиетімен не болса да толғанып, тебіреніп жыр етеді. Ғашығынан хаттар тоқтаған тұста да, бейне бір ұлы оқиға бола қалғандай таусыла, ақтарыла сөйлеуі, ақындық қасиетінен, ақындық рухының қуаттылығынан болса керек.
«Сыр» деген өлеңіне назар аударалық:
Құм басқан шеңінеу шөлдерде,
Атылып қалған ормандай.
Сен жақтан тоғыз толғанда ай
Тоқтады хаттар ормандай.
Тоқтады хаттар мертігіп,
Қанаты сынған кептердей.
Бұрауы түспей шертіліп,
Үзіліп кеткен шектердей.
Ал сол ғажап тоқталған хатқа байланысты болған соң, көңілің сәл суынғандай болса да, ақын оқырманын ойлантуға мұрша бермей, «тоқтады хаттар ормандай, тоқтады хаттар мергітіп, қанаты сынған кептердей» деген образды бейнелермен өз ойын жібек орамалға орап бергендей, жүрегің жылап сала береді. «Бұрауы түспей шертіліп үзіліп кеткен шектердей» деп, тіпті бейнелердің сан алуан формасымен, шешімі қызық есептердей, шешімі қызық жұмбақтардай тартып әкетеді. «Жарқ етіп, көздің ұшынан ғайып боп кеткен кешкі өрттей» мұндай жолдарды өмірге өле ғашық ақын жүректен ғана туары хақ. Басқа босағадан табылған ғашық жарына деген ыстық ықылас суымастан:
Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп – дейді.
Өлең – жүректің өлеңі,
ғашықтық сезімнің жыры. Сан алуан
бояуларын өзімізге лайық сезім
сапарын кешеміз. Бір мағыналы ғана
бермейтін, алуан сөзді үндей
сан тараптарға жол шектіретін образ,
бояулар тақырып аясында
Абай поэмасының да, Абай лирикасының да образ бейнелерінің сан алуан қырлы, призмадай қай жағынан қарасаң да сәулене көрінуі - өлеңнің ғұмыры болуына септігін тигізгендей. Төлегенде де сол қасиет басым. Мысалы: Абай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасында», өлең ауқымында, не тақырып шеңберінде қалып қоймай қасиетті дүниенің неше алуан сырларын қоштап қалуға ұмтылады. Сондықтан өлең туралы - өлең екен деген ұғым туылмайды. Өлеңді айта отырып, өмірдің жанда қозғалысын, тірліктің толғағы мол процессін бірге қамтиды. Өлең – сонымен өмірлі «Іші алтын, сырты күміс. Сөз жақсысын, қазақтың келістірер қай баласы» деуінде де, «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деседе, «Ақын сөзге ынтасыз жұрт шабандап», «Мақтан қуған мал құмар нені ұға алсын», «Терең ой, терең ғылым іздемейді, өтірік пен өсекті жүндей сабап» деуінде де, тақырыптың тар ауқымынан шығып, өмірдің кең ауқымына шығуы, дария арнасымен келіп, теңізге құлауы тәрізді суретті елестетеді. Аз ғана өмір сүрген аса талантты ақын Төлеген Айбергенов жырларының бойында Абай салған образдылық, бейнелелілік сан алуан қырлары, бір мағына емес, бірнеше мағыналықтың сырларының болуы – ақын лирикасына ұзақ ғұмырлық қуат берген. Абайдан тура мағынасында үйренбесе де, Абай тағылымын терең меңгерген ақын. Абайдың «Қыз сөзіндегі», «Бізде ерік жоқ өзің біл, әлденеге бастайсыз» деуінде, «Сіздей асыл кез болса, қайтіп басты шайқаймыз» деп астарлы ойын сездіре келіп, «Ақылыңа сөзің сай, Сіз – жалын шоқ, біз – бір май» деп алып, «Ыстық сөзің кірді ішке, май тура ма шыжымай» деуі адам жанын ынтықтырмай тұрмайды. Ақыр сонында:
Көңілің тұрса бізді алып,
Шыныменен қозғалып.
Біз – қырғауыл, сіз - тұйғын,
Тояттай бер, кел де алып, - тәрізді тереңнен қозғап, телмірген көңілді тұңғиыққа тартатын әсем суреттерді Төлеген қайталамайды, өз жүрегіне тән, өзінің жастық ғұмырына тән қасиеттен өзінше жырлайды. Абай жырларын, мысалға, алып отыру, бейімдеу ұлы ақын дүниедегі образ мағынасының көп қырлылығы, алуан мағыналылығы оқушының өзінше түсінуіне ерік беретіндігін Төлеген лирикасында да аз ұшыраспайды. Керісінше. Қадыр Мырзалиев лирикаларында, мұндай көп ауқымдылылық жолға оқырманың жібермей, өз ойын шегедей айтып жеткізіп, өз ағысының аясынан шығармайды. Бұл да ақынның өзіндік қасиеті, өзіндік ерекшелігі деп ұққан ләзім.
Қызыл-жасыл құйрығындай тотының,
Шұғылалы сөзден шілтер тоқыдым.
Тура келсе – адам сырын көзінен,
Жалт бұрылса – жауырынан оқыдым.
Сезім оты өшпей тұғын тамаша от,
Ақ алауға айналмайды, шала шоқ.
Мен – Абайдың інісімін жырдағы,
Екеуміздің арамызда бала жоқ, - деген Қадыр лирикасында
Төлеген лирикасына қарағанда ақыл-одың салмағы басым. Ал Төлеген Қадырға қарағанда сөздің сұлу кестесі, әсем де сәнді шілтерлі өрнегі басым.
Ақын өз бойына, теңіз өз қалыбына сыймай құдіретті күй кешеді. Ақын да - теңіз, теңіз де – ақын.
Алпылдаған менің ыстық лебізім,
Тас теңізді тұрған сенің жұмсартып.
Мен болмасам теңіз де емес теңізің,
Дауқың сенің кете де алмас мұнша артық.
Ақын өз бойынан дауыл әсерінен толқып тасқан құдірет күштен аңдамай айта салатындай. Еле артынша тәубешілікке келіп: «Кешіре гөр жаратылыс жан анам» деуі де ақын жүрегінің бірде мейірімге шомылып, бірде тәкәппарлыққа тартып кететінен хабар бергендей.
Бір ғана өлеңнің өзінде қаншама тұнып тұрған сұлулық. Осыны өмірге талай көріп жүргенімізбен, өлеңіде алғаш рет Төлегенмен кездестіріп отырмыз. Бір өлеңде қаншама соны образ, тек Төлеген байқаған соны деталь, соны штрихтар бар. Осының бәрі ақынның байқағыштығынан, тапқырлығынан ба? Әлде бұл тек ақынның асқан шеберлігінің ғана жемісі ме?
Жоқ. Ең алдымен, дүниеге, өмірге енжар адам мұның ешбірін де көре, ұға, түсіне, түйсіне алмақшы емес. Екіншіден көкжиекке көз жұмып қарайтын марғау тоғышарға мұншама тапқырлық, мұншама шеберлік қайдан бітеді? Бұл болмыспен сонау тұңғиық тереңнен табысып жатқан махаббаттың әуені, ғашық көздің көргендері. Ендеше, шеберлік, тапқырлық ақын қағаз қажап, стол бағып тауып алатын, аспаннан түскен батпан құйрық байлық емес. Ол да – суреткердің азаматтың болмысының жемісі. Төлеген жырындағы әлгіндей соны сұлулық, соны образдар, өмірге деген ыстық махаббаты бір сәт суып көрмейтін, жаны алапат құштарлыққа толы азамат ақынның ғана кешінен осынша сұлулық, осынша өмір, осынша ұлылық көріп отырған ақын өлеңінің соңында
Мен осы кемеңгер кең далама
Айналып кетсем бе екен – десе, мұны артық мақтаныш, әсіресе қызыл сөз деп емес, ақын адамның имандай сыры, асқақ рухтың ақын шындығы деп қабылдайсыз.
Егер тап сол ақын:
Жолығар болсам қайта мен
Тағы бір мәрте сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен – десе оған да сенесіз.
Төлеген дүниеге асқақтап қарамайды, асқақ қып жырлайды. Ол табиғат алдында, өмір алдында өз кеудесін өзі ұрғылап желпіне сөйлемейді адамдарды бауыры боп аймалап, табиғатты перзенті боп, саялайды, олардың бойынан сезім серіппесін шиыршық атқызар шындықты тауып алып, серпіле жырлайды. Сондықтан да, оның жырлары көптен ұшыраспай сағынып көрген досыңның сырларындай шынайы естіледі, қанша ер, қанша жалынмен айтылса да, жалған ғой деп тіксінтпейді.
Ақынның адамдарға, табиғатқа
деген махаббаты әншейін
Мен ұл ем. Сендер ең үш тамаша елік,
Төртеуміз бір әкенің баласы едік.
Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын,
Өстік бір бір омыраудан таласа еміп.
Есейткен жетті күндер сыр ақтарып,
Қалдым мен қоштасарда бір-ақ танып
Таралып шартарапқа жолдар шықты
Сендердің бұрымдарың мақтанып.
Жүректің өзінен үзіліп түскендей осы бір жұп-жұмыр өлеңді біздей қаптап шығып жататын отбасы – ошақ қасы жырларына қатарына қайтып қоярсын. Шыны майдай жүрегіне шық ете қалар шын сыр. Төлеген Айбергеновтың Ғарифолла Құрманғалиевке арналған циклі – қазіргі қазақ лирикасының азын-аулақ шедеврлерінің бірі. Атақты ағалардың шалғайына оратылып, ағалап-көкелеп жатқан арнау өлеңдерді күнде оқимыз. Мұнда бір асқақ өнерпаздың екінші асқақ өнерпазға деген асқақ махаббаты жырланған. Егер арнап отырған кісі құл болса, ол екі ортада махббат қайдан жүреді, ол әншейін мәймөңкеліп, жәреукелік болады да. Төлеген Айбергенов циклінде ондай етек алар жалған құншылық атымен жоқ.
Мұнда – мадақ жоқ, асқақ мақтаныш бар:
Алуан өлкеде атып жүрсің-ау таңша алуан
Аяулым менің, мен тумай жатып ән салған.
Мұнда – көлгірсу жоқ, адам махаббат бар:
Әлемді түгел әлдилеп салған әніңнен
Оянып кетсем керек мен!...
... Ғарекең бе екен деп қаламын-ау кейде мен,
Көктемдегі қаңқылдап ұшқан қаз дауысын.
Мұнда-әнші еңбегін түсіну, ұғып, қадірлеу бар.:
Мен отырмын «Әу...» десем ару сазды
Құз басынан құлатып алатындай.
... Мен бейне көктемнің қырларында
Осынша көл-көсір махаббат, осымен адамгершілік... Төлегеннің ойынша, поэманың табиғаты да – сол-ақ.
Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болуы бұл өзі сыздаған барлық жараның.
Информация о работе Т.Айбергеновтің әдебиеттегі өзіндік орны