Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 19:14, курсовая работа
Төлеген Айбергенов жыр әлеміне өзіндік үнімен еніп, соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихында бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Ол 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы «Қоңырат» кеңшарында дүниеге келген.
Алғаш Чкалов атындағы жеті жылдық мектепте, 8 кластан бастап М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, сондағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Орта мектепті 1954 жылы бітіреді. Төлеген Ташкентке келіп, Низами атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқиды.
Ол Сарыағаш қаласындағы М.Әуезов атындағы мектептің жанындағы жұмысшы – жастарға білім береті кешкі мектепке директор болып орналасады. Жұбайы Үрниса Оразғалиева қаладан сәл шеткерірек орналасқан мектеп-интернатта аға тәрбиеші және тіл, әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.
І.Кіріспе бөлім....................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Төлеген Айбергеновтің өмір белестері.......................................................5-7
2.2.Т.Айбергенов жырларының көркемдік ерекшеліктері............................8-19
2.3.Аз ғұмыр жайлы құнды пікірлер. ............................................................20-23
ІІІ. Қорытынды. .................................................................................................24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................25
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Т.Айбергеновтің әдебиеттегі өзіндік орны.
(Қазақ әдебиеті бойынша)
0111000 – (Негізгі орта білім)
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы
Қорғауға жіберілді /жіберілмеді/.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән
бірлестігінің жетекшісі
_______ А.Д. Алдоңғарова
қолы
«___»____________2013 ж
Ақтөбе - 2013
Мазмұны:
І.Кіріспе бөлім.........................
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Төлеген Айбергеновтің
өмір белестері................
2.2.Т.Айбергенов жырларының
көркемдік ерекшеліктері.......
2.3.Аз ғұмыр жайлы
құнды пікірлер. ..............................
ІІІ. Қорытынды. ..............................
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Төлеген Айбергенов жыр әлеміне өзіндік үнімен еніп, соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихында бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Ол 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы «Қоңырат» кеңшарында дүниеге келген.
Алғаш Чкалов атындағы жеті жылдық мектепте, 8 кластан бастап М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, сондағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Орта мектепті 1954 жылы бітіреді. Төлеген Ташкентке келіп, Низами атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқиды.
Ол Сарыағаш қаласындағы М.Әуезов атындағы мектептің жанындағы жұмысшы – жастарға білім береті кешкі мектепке директор болып орналасады. Жұбайы Үрниса Оразғалиева қаладан сәл шеткерірек орналасқан мектеп-интернатта аға тәрбиеші және тіл, әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.
Сол мезгілдерден бастап
жаңа мекенге қоныс аударып, көңілі
жайланған Төлеген бұдан
Көк шықты таудың тарғын тасын жарып,
Арықта сулар жатты тасып ағып.
Аямай алтын нұрын жерге төгіп,
Күн көзі күлімдейді қасын қағып.
Осы бір ғана шумақтан тұратын «Пейзаж» деген өлеңі қазақ поэзиясына Төлегендей тағы да бір өзгеше сыршыл ақынның келгендігін әйгіледі...
Алымды ақын Алматыда тұрған небәрі 3 жылға толар-толмас уақыт ішінде үнемі іздену үстінде болды. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1963 жылы шыққан «Арман сапары» мен 1965 жылы «Өмірге саяхат» көзі тірісінде жарық көрген дүниелер еді. 1968 жылы «Құмдағы мұнаралары» шықты. Бірақ ақын тағдыры өзінің бұл кітабын көруге жақбаған. 1970 жылы «Мен саған ғашық едім» кітабы. 1976 жылы «Аманат» деген атпен таңдамалы өлеңдері басылып шықты.
1981 жылы «Бір тойым
бар», 1985 жылы «Бақшаға саяхат»
өлеңдерімен поэмалар жинағы
жарық көрді. Ақын бұл
1997 жылы ақынның туған
жерінде «Бір тойым бар»
деп өзі жырлап кеткендей 60
жылдық мерей тойы болды. Онда
ақ шатырлы киіз үйлер тігіліп
ақынның ол жақтағы жақын
Қоңыратым алтын ұям атамекен,
Өзіңде талай дарын туған екен.
Төлегендей баланды тербеттің сен,
Сол үшін де мен саған басымды ием.
Төлегендей ақберен ақынды дүниеге әкелген Қоңыраттың орны бөлек. Оған деген ықылас ешқашан сөнбек емес.
Төлеген Айбергеновке 1974 жылы «Қазақстан Ленин комсомолы» сыйлығы берілді. Елімізде Төлеген Айбергенов атында екі мектеп бар. Бірі – Астанадағы № 16 мектеп, екіншісі – Сарыағаштағы № 39 мектеп, Ақтөбедегі № 36 мектепке ақын атағын беруге ұсыныс жасалды.
2.1. Төлеген Айбергенов жыр әлеміне өзіндік үнімен еніп, соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихында бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Ол 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы «Қоңырат» кеңшарында дүниеге келген.
Төлеген Айбергеновтың анасы – Жібек Қоңарбайқызы – Руы – Ысық - Әжімбет – Шона. Келін болып түскен жері – Табын – Бәйбіше –Бесболат, соның ішінде Тілеу.
Айберген елге жариялап, той беріп алады. Ай-күні жетіп, дүниеге ұл келеді. Атын – Төлеген қояды.
Сөйтіп, бір үлкен босағаның тілеуімен дүниеге келген бала – Төлеген Айбергенов болатын.
Біртуар дарын иесіне ақындық қасиет анасы – Жібектен, танымпаздығы, көргендігі, алысты болжай алатындығы әкесі – Айбергеннен дарыған болуы керек.
Алғаш Чкалов атындағы жеті жылдық мектепте, 8 кластан бастап М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, сондағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Орта мектепті 1954 жылы бітіреді. Төлеген Ташкентке келіп, Низами атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқиды.
Ақын өзімен бірге оқитын Шыршық қаласының Үрниса дейтін қызбен бес жыл бойы жұп жазбай бірге жүреді.
1959 жылдың жазында
диплом алған соң, қос ғашық
қол ұстасып Қоңыратқа
«Сағындым сені болғанмен алшақ аралар, дауысын маған дара тыңдатқан далалар», - деп, кеудесінде атамекеніне деген өт өріп, 1962 жылы Оңтүстік қазақстан облысы Сарыағаш ауданына көшіп келеді.
Ол Сарыағаш қаласындағы М.Әуезов атындағы мектептің жанындағы жұмысшы – жастарға білім береті кешкі мектепке директор болып орналасады. Жұбайы Үрниса Оразғалиева қаладан сәл шеткерірек орналасқан мектеп-интернатта аға тәрбиеші және тіл, әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.
Сол мезгілдерден бастап жаңа мекенге қоныс аударып, көңілі жайланған Төлеген бұдан былайғы жерде поэзияға бұрынғыдан да көбірек ден қойды, күні-түні шығармашылықпен айналысты. Өлеңдері ауданнан тарап, облысқа, республикалық басылымдарда жиірек көріне бастады. Алғашқы өлеңі 1958 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді.
Көк шықты таудың тарғын тасын жарып,
Арықта сулар жатты тасып ағып.
Аямай алтын нұрын жерге төгіп,
Күн көзі күлімдейді қасын қағып.
Осы бір ғана шумақтан тұратын «Пейзаж» деген өлеңі қазақ поэзиясына Төлегендей тағы да бір өзгеше сыршыл ақынның келгендігін әйгіледі...
Біраз шырайлы өлеңдері Сарыағаш топырағында туды. «Жиырма бес» циклы, «Арал қызына», «Сағыныш» секілді көптеген өлең, «Қазақстан» дастанын алғаш сарыағаштықтар тыңдады.
1963 жылы «Арман сапары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұл Төлеген үшін зор мәртебе болды. Тұңғышы Салтанат Қоңыратта туса, онымен тетелес Махаббат, Дәурен Сарыағашта дүниеге келді. Екі перзентім, тұңғыш жинағым өмірге келген Сарыағаш бізге құтты болды, - дейді Төлеген аға өз естелігінде.
Алматыға оралған соң егіз қызды болады. Ғарифолла Құрманғалиев пен Әбділда Тәжібаев сынды ақсалдарды шақырып, (азан шақыртып) егіз сәбиіне Құсни, Қорлан деп ат қойды.
Көл-дария көкірегімнен бір тұнба ашып,
Мен тұрмын ата-баба жұртын басып.
Жаутаңдап қазір менің жанарымда,
Тұп-тура жиырма жеті жыл тұр ғашық.
Бұл Төлеген Айбергеновтың ата-жұртына арналған астана төріндегі жертөле лашығында шаттана тұрып жырлаған жүрек жарды сыры. Ол туған топырағына осылай оралып, тіпті толық орнығып алмай тұрып-ақ байтақ қазақ даласының Атырау, Ақжайығынан бастап, Ертіс, Алтайға дейінгі ел өмірін көкірек көзінен өткізіп, өлең өнеріне өзек етті.
Төсінде Абай өткен кіл самғаумен,
Армысың, менің жұпар, жусан кеудем.
Көк Ертіс көкірегімде буырланған,
Қос жаға қоңырау қаққан мың сан баумен,
Мен сенд келдім қайта тусам деумен ... – осылай деп,
Қарапалпақ өңірінде дүниеге келіп, қазақ жерінде қайта туған Төлеген Ақ Жайықта туған «Мұхит» әнін үзбеді: «Көгілдір дүние сағынбағасын арайсыз, өмірде мынау сағынбағандар бақытсыз, бақсыз, талайсыз. Қазақтың жыры – Абайсыз!» - деп ақындарының пайғамбарына бас иіп, тағзым етіп, бата сұрайды. Қазағымның аруана тектес ұлы Т.Айбергенов:
Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,
Бірге қақа қанат, қасымнан қалмай сағынып көрген, қарағым,
Жалғасын сен айт, бұл асқақ әннің жабылып кетсем егер мен
Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын, - деп, інжу жырдың өзі жазып үлгере алмаған жолдарын М.Шаханов сияқты сыршыл інісіне үлкен сеніммен тапсырып жарқылдаған мінезімен найзағайдай жалт етіп, 1967 жылы 23 тамызда небәрі 30 жасында дүниеден өтті.
Т.Айгергеновтың өлең оқу мәнері, дауыс ырғағы жансызға жан бітіріп, сөнгенге қайта жалын беретіндей құдіретті. Оның магнитафон лентасына жазылып алынған дауысы Шымкент педагогикалық институтының профессоры Әбіш Байтанаевтың үйінде күні бүгінге дейін сақтаулы тұр.
Алымды ақын Алматыда тұрған небәрі 3 жылға толар-толмас уақыт ішінде үнемі іздену үстінде болды. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1963 жылы шыққан «Арман сапары» мен 1965 жылы «Өмірге саяхат» көзі тірісінде жарық көрген дүниелер еді. 1968 жылы «Құмдағы мұнаралары» шықты. Бірақ ақын тағдыры өзінің бұл кітабын көруге жақбаған. 1970 жылы «Мен саған ғашық едім» кітабы. 1976 жылы «Аманат» деген атпен таңдамалы өлеңдері басылып шықты.
1981 жылы «Бір тойым бар», 1985 жылы «Бақшаға саяхат» өлеңдерімен поэмалар жинағы жарық көрді. Ақын бұл топтамаларында замандастарының рухани өрісін, сезім байлығын, тыныс-тіршілігін, туған елдің ізгі тілеуі мен ақ ниетін тебірене жырлады.
Төлеген өлеңдерін тұңғыш рет жергілікті ақынымыз Олег Постниковтың аударуымен орыс тілінде «Мир созвездия» (1987 ж) деген атпен таңдамалы жырлары жарық көрді. Бірқатар өлеңдері «Поэты Казахстана» (1977 ж), «Струны домбры» (1979 ж), «Степнова ритмы» (1983 ж. екеуіде Украина тілінде); «Аруана бауыр дүние» (2003 ж) жинақтары жарияланды.
Төлеген Айбергеновке 1974 жылы «Қазақстан Ленин комсомолы» сыйлығы берілді. Елімізде Төлеген Айбергенов атында екі мектеп бар. Бірі – Астанадағы № 16 мектеп, екіншісі – Сарыағаштағы № 39 мектеп, Ақтөбедегі № 36 мектепке ақын атағын беруге ұсыныс жасалды.
Өмірге өлмес өлең жазып, жапанды жасын жырмен жаңғыртып, сарма тамызда бір сеуіп өткен жауындай талай дарындар келеді. Артынша құйрықты жұлдыздай ағып кетіп жоқ болады. Талант тағдырының көбіне осындай формада боп келетініне күйенесің-дағы. өкінбейтінің сол – ақын қыран қалықтар өз биілігінде өлді.
Өле берсін күншілдер күйігінде,
Өз ғасырым өзімнің иінімде.
Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты,
Мен өлемін өзімнің бігімде!
Қазіргі кезде барлық қазақ қауымына ақын өлеңдері кеңінен танымал, әндері ел аузында.
1997 жылы ақынның туған жерінде «Бір тойым бар» деп өзі жырлап кеткендей 60 жылдық мерей тойы болды. Онда ақ шатырлы киіз үйлер тігіліп ақынның ол жақтағы жақын туыстары мен ел ағалары бірлесіп үлкен той жасады. Ақын оқыған мектепке ақынның мүсіні зор құрметпен естелікке қойылды. Бұл тойға Төлегеннің жұбайы мен балалары келді. Ақынның кіндік қаны тамған жерде тамаша шабыттанған жырлар туып, ақынға деген халықтың ыстық ықыласымен сағынышы, құрметі көрініп тұрды.
Қоңыратым алтын ұям атамекен,
Өзіңде талай дарын туған екен.
Төлегендей баланды тербеттің сен,
Сол үшін де мен саған басымды ием.
Төлегендей ақберен ақынды дүниеге әкелген Қоңыраттың орны бөлек. Оған деген ықылас ешқашан сөнбек емес.
Информация о работе Т.Айбергеновтің әдебиеттегі өзіндік орны