Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 19:14, курсовая работа
Төлеген Айбергенов жыр әлеміне өзіндік үнімен еніп, соңынан тұтас бір толқынды ерткен, қазақ поэзиясы тарихында бүтін бір дәуірдің кілті болған тұлға. Ол 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы «Қоңырат» кеңшарында дүниеге келген.
Алғаш Чкалов атындағы жеті жылдық мектепте, 8 кластан бастап М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, сондағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Орта мектепті 1954 жылы бітіреді. Төлеген Ташкентке келіп, Низами атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетінде оқиды.
Ол Сарыағаш қаласындағы М.Әуезов атындағы мектептің жанындағы жұмысшы – жастарға білім береті кешкі мектепке директор болып орналасады. Жұбайы Үрниса Оразғалиева қаладан сәл шеткерірек орналасқан мектеп-интернатта аға тәрбиеші және тіл, әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.
І.Кіріспе бөлім....................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1.Төлеген Айбергеновтің өмір белестері.......................................................5-7
2.2.Т.Айбергенов жырларының көркемдік ерекшеліктері............................8-19
2.3.Аз ғұмыр жайлы құнды пікірлер. ............................................................20-23
ІІІ. Қорытынды. .................................................................................................24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................25
Көкірегіне құйып ап әлемнің асқақ бар әнін,
Қосудың арпалысы бұл – тоғыспас жолдар торабын.
Төлеген ақынның өзі өлгеннен кейін жарыққа шыққан «Құмдағы мұнаралар» атты өлеңдер жинағы осындай отты да ойлы жылдардан құралған. Ақын бізге «Құмдағы мұнаралар» арқылы жырдағы мұнараларын қалдырып кеткендей. Оның сағынышы, арманы, үміті осы кітабында жыр болып қалды. Ол ажалдың таянғанын сезінген секілді барлық күш-қуатын ақылдың дарынын, жүрегінің жалынын бойындағы шиыршық атқан темпераментін осы кітапқа құя салған.
Бұрыннан тамаша жырларымен
аты қалың жұртшылыққа таныс Тө
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмадын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазынамда бір асым ет қалмауын.
Мен сөйтіп, бар шаңнан бір сілкенемін,
Мен сөйтіп, рахаттанып бір күлемін.
Кім білсін, талай түнгі тілегім еді,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Төлеге, әрине, өзінің мүшелді мерекесін тойлай алған жоқ. Бірақ оның жырларының мерекесі тарқамай, жаңарып, жаңғыра бермекші.
Төлеген қай тақырыпқа барса да терең ойланып, қанына сіңіріп, бойына дарытып барады. Ол әрбір өлеңді барлық жанын сала, адам жүрегінен ақтарыла жан отын лапылдата жазады. Оның қай өлеңінде болса да салқындық, селқостық кездеспейді. Өлеңнің әрбір жолынан біз жалындап, дауылдап жатқан азамат ақынды көреміз. өлеңнің интонациясы, эмоциялық қуаты, лексикалық оралымдары оқушыны елпілдетіп жүгіртіп әкетеді. Ақын өлеңдерінде лирикамен публицистика бірігіп, синтез жасайды. «Космонавт монологі» деген өлеңде ақын өзінің жерге деген махаббатын төгіле жырлап келіп, аспанға көтерілген космонавтарды суреттегенде, жаңаға лирикалық даусын бәсеңдетпей, үлкен саяси пафосқа көтеріледі. Ал, осы өлеңде ақынның ойылып өріліп, философиялық теңдік бар.
Мен – жермін баршаға бал, бауыры нан,
Қасірет сорғалыған сауырынан.
Сан рет төгіп қайта түрегелем,
Уақыттың аласапыран дауылынан.
Ақын осы шақты шумақтармен, мен жермін деп қайта-қайта рефрен жасай отырып, жердің бүкіл басынан көшкен тарихын ау көзге сыйғызып, оқушылар ойына өшпестей етіп тастап кетеді.
Төлеген өлеңдерінде жолында жігер, дауылды қайрат, ыстық тыныс шалқар шабытың лебі еседі. Өлеңнің ішкі музыкалық сазы, еркін ырғағы іштей қабысып, сырттай табысып жатқан бай ұйқасы, тегеурінді – екпін, ақындық тапқырлығы Төлеген өлеңдерін биіктете түседі. Ақынның өмірге көзқарасы, әрбір ұсақ детельдан үлкен мазмұнды ұғылып, творчестволық қалыбына салып сомдап соға білуі кейбіреулер алара қарайтын техника аттарының өзін ойнатып, қарапайым нәрселерге көркемдік, әдемілік қасиет сипат бере алатындығы оқушыны қатты қуандырады. Ақын өлең жазамын деп азапқа түспейтін секілді. Табиғилық та, өміршілдік те осында тұрғандай. Ақын космонавтар динамикалық қимыл-қуатын берерліктей ұшқыр сөздер таба біледі. Бір жолдан бір жолға өлеңнің интонациялық екпіні күшейіп, жел серпініндей жылдам ағады.
Төлеген Айбергенов творчествосы қазақ өлеңіннің техникасын, мелодикасына өзіндік жаңалықтар енгізуі. Ал Төлеген Айбергеновтегі теңіздегі теңселтіп, шалқарды жайқалтардай қуатты екпін қазақ поэзиясына ежелден тән қасиет, бірақ, соңғы жылдары қазақ топырағында әр алуан жақсы ақындар қанша көбейгенмен, осы бір қазақша айтқанда аруақты серпін, арқалы өлең Қасымнан кейін көрінбей кетіп еді:
Өзіңді көріп кеудеме,
Дүрсілі қонып жүз аттың.
Осынау сұлу өлкеме,
Өлеңнің қызын ұзаттым... – деп, жыр жасаынан басқаға көңіл бұрған жоқ. Оның сол «ұзатқан өлең-қызын» сүйіп, ардақ тұтқан қаншама қыз-жігіт ақ парақ бетіне темірді, қаламын салшақтады.
Қайтейін жаным аңсады,
Сабыр да керек десек те.
Сағынған көздің моншағы,
Шашылып жатыр төсекте... – деген Төлеген теңеуін оқып, «жыладым, еңіредім» деп аяқталатын боркелік өлеңіне ұялып, талай талапкерлер бойында да, ойында түзегені хақ. Ақындықтың жарайнасы секілді Айбергенов: «Міңгерлеп тұрған кісіден, күмбірлеп тұрған бақ артық» деп соңын «жер қайықан» сырмен лириктерді ертті. Қазақ жастары үшін ақындықтың Қажымұқанындай болды...
Жасыратыны жоқ, жұрттың аузында Абай, Қасым, Қадыр Мұқағали, Төлеген өлеңдері түгел дерлік жатқа айтылып жүр. Демек, халық жүрегіне жайғасып алып, жанын тербейтін жыр құдіреті болғаны ғой. Жатталып қалатындығы: «Қасиетіңнен қара өлең, айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым» - деп Мұқағали айтқандайын шығар. Қалайда, әйтеуір, осы ақындар қайда да алдыңнан жыр болып, ән болып қарсы алады.
2.3. Туған жері мен жүрген жерін, қала берді, ата-бабаларының атамекенің аңсап, сол өңірдің барша құнарын аталарының қанымен, аналарының ақ сүтімен бойына сіңірген Төлеген Айбергенов сияқты дүниеден жастай кеткен ұлы ақынымыздың орны бір бөлек. Төлеген Арал теңізінің солтүстігіне көзі жәудірей қарағанымен оңтүстігінде дүниеге келген сағынышы қай елде мекенді болмасын көгертіп – көктемнің, әлсін-әлі жыр арқауына өзгеше өрнек төктіртіп отырғандығы барша қазаққа аян.
Ол өзінің ата-бабаларының мәңгілік ірге тепкен «Атамекен» және бұған қоса «Адамға» деген сүйіспеншілігін «Ақындық» жарылғысымен ала келгендігі. Енді біз сол жырларға кезек берейік:
Көл-дария көкірегімнен бір тұңба ашып,
Мен тұрмын ата-баба жұртын басып.
Жәутаңдап кәзір менің жанарымда,
Тұп-тұтас жиырма жеті жыл тұр ғашық.
О,менің мәңгі басар нық тұрағым,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын?
Мен сенің ақ төсіңе шаңдай түсте,
Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын! – дей келіп, ақын өз ойын былай тұжырымдайды.
... Қайғы да, мұң да менен көп табынар,
Бәрі де жалғыз сен деп ақтарылар.
Баурайы мәңгі көктем заңғарлардың
Басында мәңгі жатқан ақ қары бар.
Бұл жерде ақын көрегені көгертер көктемнің ұшар биік басымда да салқындық барын меңзеп отырса керек. Сонда да болса атамекеннің топырағының ыстық тобы мен сабат ауасына шертер өзіндік сыры бар екендігін паш етіп отыр және одан ақын өзін бөліп алып кете алмайды.
Жалпы Төлеген ақынның жан дүниесінде жанашырлық пен оған ажарландыра құйған нұрдан басқа ештеңе де жоқ сияқты. Болмаса таза ақындыққа мынадай мінездеме берер ме еді.
Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның.
Көкірегіңе құйып ап әлемнің асқақ бар әнін,
Қосудың арпалысы бұл – тоғыспас жолдар тарабын;
Бұл уақытты заманымыздың ірі ақыны Әбділда Тәжібаевтың тілмен айтқанда «Біз поэзиямыздың тағы бір алтын тұтқасын аштық. Аштық та, Төлеген дүниесін көрдік» - және тағы бір классик ақынымыз Қуандық Шаңғытбаевтың «... Ақынның асқақ жырын ғажайып ғұлама жылдардың шежіресі беттерінде сөйлеп тұрған сырға балап, осынау сыр жылдар парағын аударылғанда жабылып кетуі мүмкін образға айналдырған Айбергенов өлеңдерімізге су жаңа нұсқанылықты эпитет көлегейлеп, көрсетпей тұрған жоқ, қайта айқындап, аша түсіп тұр», деген сөздеріне куә болдық. Шындығы керек, сол кездегі кендірлі жіптей өрілген бір жағы ұранды сөздің ұңғысын жанытатын жырлардың қабатына енген бұл ақын жыр жолдары жібек, тіндей елдің жүрегін жібітіп жібергені ақиқат.
Талант құдіреті мол тұлға Төлеген Айбергенов жыры да осындай мазасыз күйге бөлейді. Жұрт оны Ер Төлегендерден ерекшеліп айту үшін жыр-Төлеген дейтін: «Лениншіл жас» жазғандай: «Өлеңдерін жастанып жатып оқымайтын, жатқа айтпайтын жас кемде кем. Соның бір ғана дәлелі «Жалын» баспасының 1981 ж.жас ақы Байбота Серікбаев өз ықыласымен маржандай электромашинкаға басып, редакцияға қолқабыс жасады. Жақсы жырға, жақсы ақынға деген ғашықтықтан туған құрметтің жарқын көрінісі еді бұл. «Әрбір өлеңін қайталап оқыған сайын шабытыма қанаты біткендей өретін, оның жанына үңілген сайын поэзия сырына кілт тапқандай рахаттанамын» - дейді Байбота Серікбаев.
Осы тұста Төлеген жырларына баға берген әдебиетке өзінің соңын ала келген атақты ақын қарындасы Фариза Оңғарсынова Төлеген туралы: «... Әртүрлі гүлзарларымен, даланың самалымен, жусанның иісі, таудың бұлағымен өзімен өзі тыныш жатқан поэзияның қалғымалы тірлігіне кенет көтерілген мұхиттың жан-жал толқындарындай асау ағысты екпінімен әсер еткен Айбергенов поэзиясы қазақ өлеңінің өресін биікке көтерді».
«Ол алқалы жиындардың салтанатты президеумдарында отырыпта үлгерген емес. Қара шаңырақ театрлардың самала залдарында авторлық кеш өткізуге де үлгерген жоқ» - деп жанашыр қауымды терең ойға жетелейді.
Бүгінгі таңда заманымыздың заңғар жазышысы Әбіш Кекілбаев: «... Төлеген, сөз жоқ, талант. Дара талант... Төлеген Айбергенов творчествосы - өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры» - дейді.
Ақының барша елге деген жүрегінің кеңдігі һәм мәрттігі сонша, және барша халқының аңқылдаған азаматтарының мінезіндей тұлғалы жырының бірегейіне жататын «Бір тойым бардың» ауқымында не құдірет бар десеңізші. Бұл өлең әлемдегі мәрттіктің баға жетпес ән ұранындай десек, оған таласар жан да бола қоймас.
Төлегеннің кіндік қаны тамған жер – Қарақалпақстандағы Қоңырат ауданы. Қоңырат ауданының басым көбі - қазақ.олардың ішінен шыққан елге танымал, жарқын тұлғалар көп. Халық жазушысы, бірнеше роман, повестің авторы Жаңабай Сапаров, композитор Жеңіс Естілеуов, ғалым Р.Аяпов, Бағынбай жыраудай азаматтардың есімдері күллі қазақ-қарақалпаққа мәлім. Қоңырат елі Төлегенді де айрықша қадірлейді, ортамыздан ұшқан ақсұңқар деседі. Қарақалпақ елінің бетке ұстар ардақты ақындарының бірінші Ыбырайым Юсупов Төлеген жайлы: «Төлеген өмірінің де, оның ақындық шабытының да тым қысқа қайырылуы өте өкінішті. Бірақ бұндай ақынның екінші өмірі ұзақ болады. Оның өлеңдері халқына, болашақ ұрпақтарға рухани күш пәлі ляззат беріп, мәңгі жасайды» - дейді.
Қағаз бетіне түскен бір сөзінде асқан лирик ағамыз Қуандық Шаңғытбаев: «...Меніңше, Төлегеннің нағыз ақындық дарынын танытқан кезі «Маңғыстау саздары» деп аталатын жырларын жазған тұсы тәрізді. «Сырласу», «Шевченко-мұнай ордасы», «Мұнаралар», «Төстегі жаңғырықтар», «Күйлер», «Ей менің ақын бауырым» деген романтикалық пафосқа толы өлеңдердің әрқайсысы қазіргі қазақ поэзиясының ең таңдаулы нұсқалары десек, асырып айтқан болмас еді» - деген екен.
Поэзия жолындағы оның озық тұлғасы, қайсыбіреулердің кәсібіндей жан-жағына қаратпай, керісінше көңілдеріне қанат бітіріп жасыл баққа айналдырғаны ап-айқын. Өйткені Төлеген айналысын, тағы да өзіндік өрнегі бар Мұхтар Шаханов сияқты тұлғалардың бой көтеруі соның кепілі.
Мұхтар інісін көзінің тірісінде-ақ танып, өзінің ризалық пейілімен жазған жырлары да ақынның өз үмітін ақтағандай болып шығуы да көп жайдан хабар бергендей десек артық болмас. Бүған куә «Сағыныш» жыры еді.
Өмірзақ сияқты тетелес ұстазының қолтығынан ұлағат алып, өзі де ұлылық жолына бет бұрғандығы айқын. Және Фариза, Мұхтар сияқты талантты нәкірттері бүгінгі күні әр қайсысының өзінің қайта көтерілгендігі елге аян. Болмаса бүгінгі Фаризаның да, Мұхтардың ұстаздық мектебінің негізі дұрыс қаланбас та еді ғой. Бұл Төлеген әруағының жасампаздығын білдірсе керек. Сол үшін біз айналасына үнемі шуақ шашып жүретін Төлеген ақынға арнаған Мұхтар Шаханов ағамыздың «Төлеген Айбергеновке ескерткіш» жыр шумағын келтірейік.
Сағындым аға мен сені,
Қатал ғой тағдыр, аяулы таңым, сөнгенің қалай айтпастан,
Келуші ең іздеп жайдары жазда келемін деп те айтпастан.
Сонан соң біздер кетуші ек – күнде тоқтамай қыр мен қырды асып,
Мақпалдай әсем далада мынау жатушы ек бірге сырласып.
Сонан соң тағы еркелей басып, баратын едік көлге де,
Қызғалдақ ғұмыр даланың күйін сіміре жұтып кеудеге.
Бозторғай әнін беріле тыңдап, алғандай болып жылға азық
Жаныңа нұрлы армандар толып, отыратын едік жыр жазып. – дей келіп, енді бірде:
Байқағанға бұл жолдардағы айтылған ой өңірінде Төлегеннің Мұхтарға жыр-піріндей үнемі елестеп жүретіндігін сезінеміз. Бұл да болса Мұхтар ақынның жыр жолындағы шынайы тазалығын білдірсе керек. Олай болса, әруақ сыйлаған адамын, қала берді ақынның мерейі әрқашанда биік болатыны ақиқат.
Жастай кеткен жасын ұлдарына жаны ашып, қатты күйзелген жанның бірі, барша әдебиетіміздің айдарындай, айбарындай болған ғасырда біртуар ақсақал жазушымыздың бірі - Ғабит Мүсірепов ағамыздың өзі Төлеген көз жұмғанда жан дүниесі қинала тұрып: «... Амал бар ма, біз, қазақ әдебиеті, екі-үш дарыннан ерте айрылдық. Олар – Аббдолла, Баубек, Төлеген» - деген екен. Бұл Төлеген ақын нағыз жігіт шағында кеткенмен, қазақ жыр тұлғасының бірі де, ірі де, асыл да ардақты бейнесі боп кеткенін дәлелдейді.
Ақынның сүйген жары Үрниса Айбергенова ақын жайлы: «...Тағдыр о бастан аз, әкем бата берген күннен бастап пешенемізді осылай орайластырып қойған тәрізді. Жаратылысымнан пысық болдым, балалаларыма жоқшылықтың не екенін сездірген жоқпын. Арман көп қой. Қазір ойлап қарасам, бірге ғұмыр кешкен жеті жыл қас қағымда-ақ өте шығыпты. Төлегеннің жатқан жері – қазір басқа мемлекет. Бес жылдан бері басына бара алмай жүрмін. Көңілге медеу тұтатыным – елдегі мектепте Төлегеннің атында әдеби үйірме бар. Сондағы жастар Төлегеннің кейбіріне көз қырын салып тудырады. Жиі хабар алып тұрамын.
Информация о работе Т.Айбергеновтің әдебиеттегі өзіндік орны