Сананы қалыптастыру әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 18:32, реферат

Краткое описание

Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа ПЕДАГОГИКА (2).docx

— 89.39 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық психологиямен  қоғамдық идеологияның ерекшеліктері және бірлігі: 
1) идеология қоғамдық психологияны өзгертетін белсенді фактор;

2) қоғамдық психология идеологияның таралу кеңістігі, бірақ ол пас-сивті негіз емес, ол идеологиялық құрылымдарды сұрыптап-таңдайды, кейбіреулерін қолдауы мүмкін, ал кейбіреулерін терістейді;

3) идеология жүйелі түрде идеологтар мен саясаткерлердің қызметі арқылы жасалады; 
      Қазіргі уақытта «идеология» термині қайта жаңғырып отыр деуге болады. Кеңестер Одағы дәуірінде ұзақ уақыт тым асыра идеологияланды-рылған қоғамда өмір сүргеніміз белгілі. Ол қоғам ыдыраған соң, идеоло-гиялық вакуум пайда болды, тіпті қоғамтанушы ғалымдардың өзі бұл терминді айналып өтуге тырысты, «қоғамды идеологиясыздандыру» мәсе-лесі де кеңінен талқыланды. Әрине, бұл көзқарас дұрыс емес, себебі әрбір мемлекеттің өзіндік құндылықтар жүйесі, қоғамның барлық мүшелерінің көзқарастарын бейнелейтін белгілі бір ұстаным-бағыты міндетті түрде болуы тиіс, қоғам онсыз өмір сүре алмайды. Осы күрделі жұмыс қазір белсенді қолға алынып, дамуда. Мемлекеттік, жалпыұлттық идеологияның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми-теориялық еңбектерінде, Қазақстан халқына 2013 жылғы Жолдауында белгіленген. Оларды жалпы қорытсақ:

1) ұлтаралық келісімді  қамтамасыз ету;

2) ішкі ұлттық бірлікті  нығайту;

3) Қазақстандық патриотизмді  қалыптастыру;

4) қоғамда жоғары тіл  мәдениетін орнықтыру;

5) тұрақтылықты, азаматтық  келісімді қалыптастыру және тағы басқа;

Қоғамдық сананың формалары. Қоғамдық сананың формалары мәселесі үнемі қызу талқыланып, оның сандық құрылымы туралы пікірлер өзгеріп отырады. Салыстырмалы түрде алғанда, қоғамдық сананың формалары мыналар деуге болады: саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер, мораль (адамгершілік), гылым және философия. Кейбір ғалымдар қоғамдық сананың экономикалық және экологиялық формалары туралы да айтып жүр.

Қоғамдық сананың формалары  ішкі ерекше қатынастары бар күрделі  жүйе, бірақ олардың қай-қайсысының да негізі адам қызметі, нақты өмірлік  процесс. Қоғамдық сананың формалары  бір-бірімен тығыз байланысты, 
бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды. Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық керініс табады, сондықтан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді.

Саяси сананың құрылымы екі  деңгейден тұрады: қарапайым-практикалық; идеологиялық-теориялық. Қарапайым  саяси сана стихиялық түрде өмір сүруді, еңбек етудің эмпирикалық  жағдайларының бейнесі ретінде  практикалық қызметтен тікелей  туындайды. Ол ұжымдық-әлеуметтік шығармашылық жемісі. Оның құрылымында рациональдік пен эмоциснальдік, пайымдаулар мен эмоциялар, дәстүрлер мен қазіргі заманғы құбылыстар, әдеттер, көзқарастар, дүниетанымдық элементтер араласып жатады. Қарапайым саяси сана теориялық қағидалар мен философиялық ұғым-категорияларға емес, ойлаудың алғашқы формаларына, күнделікті тәжірибеге негізделген, ол қарапайым адамның қоғамдық құбылыстарға деген реакциясын бейнелейді, өмір драматизміне толы. Сондықтан да мемлекеттің, әр түрлі партиялардың саяси қызметі қарапайым сананы терең зерттеп алмай, жеңіске жетпейді.

Саяси идеология – белгілі  бір таптың, мемлекеттің көзқарастарын, саяси мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін біртұтас теориялық  пайымдау жүйесі. Саяси идеологияны  адамдардың арнайы топтары идеологтар және идеялар өндірісімен, әлеуметтік технологиялар мен санаға ықпал  етудің идеологиялық әдіс-тәсілдерін жасақтаумен арнайы айналысатын  идео-логиялық институттар қалыптастырады. Қазіргі заманда саяси күрестің неше түрлі тәсілдері пайда болды.

Саяси сана моральдық факторлармен де тығыз байланысты, яғни саяси  сана және мораль салыстырмалы түрде  тәуелсіз болғанымен, бір-біріне әсер ету дәрежесі зор. Саяси қайраткердің моральдық тазалығы, ісі мен сөзінің  бірлігі, шынайылығы, адамгершіліктік  келбеті оның саяси қызметіне, халықтың арасындағы беделіне едәуір ықпалын  тигізеді.

Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері  мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа  деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.

      Құқықтық сананың да екі деңгейі бар:

1) Практикалық құқықтық сана – адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер. Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе аш-уыза. Құқықтық дағдылар – адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді. Құқықтық әдеттер – құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі. Құқықтық білімдер – құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы. Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.

2) Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нормативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі.

Мұндай ой қызметінің міндеті  – құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек  сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар  атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық  ұсыныстар жасайды. 
    Құқықтық сана әр түрлі функциялар атқарады:

1) Танымдық – құқықты практикалық түрде қолдану және құқықтық қатынастарға тікелей қатысу арқылы адамдар құқықты танып-біледі. 
      2) Бағалау функциясы – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы құқық өзінің көзқарастарына сәйкес келе ме, әлде жоқ па – субъект осыған байланысты құқықты жағымды немесе жағымсыз бағалайды. Әрине мұндай бағалау жасай білу үшін құқықтық білім қажет.

3) Реттеу функциясы -құқықтық информацияның субъект қызметінің бағдарламасына айналуы және бұл білімнің нақты істерде көрініс табуы. 
Мораль немесе адамгершіліктік сана – адамдар өздерінің мінез- құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әр түрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ерелердің, нормалардың жиынтығы. Мораль қоғамдық сананың ең коне формаларының бірі. Өзін сақт қалу үшін қоғам адамдардың бәрі үстануға тиіс ережелер қалыптасты рып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардь арасындағы қатынастарды реттеп отырды.

Моральдың пайда болуы  туралы бірнеше концепциялар бар. 
     1) Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан беріледі. 
     2) Эмпирикалық концепция мораль адамның, оның тәжірибесінің, та- рихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.

3) Автономдық концепция  бойынша мораль адамға әуелден,  генети калық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде  өзгеріске көп ұшырамайды және  адамдардың индивидуальдік сапаларына  байланысты әрбір адамда әр  түрлі.

 Моральдің ұлттық, таптық және жалпы адамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық моральға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық моральдық құндылықтарды жаңғырту – ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, моральдың жалпы адамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда мораль ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз.

Эстетикалық сана – адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың  құбы-лыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан  бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы. Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эсте-тикалық  құндылығын, сонымен қатар, адамның  эстетикалық практикасын: адам жасаған  заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы қатынастардың  әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, аскақтық және төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін  көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірілер. түсініктер. теориялар және идеалдар кіреді. Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден тұрады. Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық қызметте ғана емес, ерекше сала – өнерде көрініс  табады. Өнердің қоршаған дүниені  бейнелеу екені сезсіз. Бірақ онер туындыларында елестетудің жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік  туралы Кант: «Біз материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін», - деген болатын.

Өнердің функциялары:

1) Танымдық – өнер туындыларының көмегімен адам өрісін кеңейтеді, дүние, табиғат, адам туралы білімін толықтырады.

2) Тәрбиелік – эстетикалық идеал арқылы өнер адамның жан дүниссіне, мінез-құлқына, түсініктеріне зор ықпалын тигізеді.

3) Эстетикалық – өнер эстетикалық талғам қалыптастырады, адамның шығармашылық рухын, шығармашылық бастауын оятады.

4) Гедоникалық – өнер туындылары адамға ләззат береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   

Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі – адам, оның жан – жақты  тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас заңына айналып отырған қазіргі  кезеңде тәрбие әдісі теориясын  және практикасын одан әрі жетілдіру  актуалды мәселе екені айқын белгілі  болып отыр.

Сананы қалыптастырудың  теориясының негізі дұрыс ұйымдастырылған  тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың  өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық  нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын  жете түсініп алу міндетті. Адамның  көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер  тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын –  сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық  ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық  танытатын болса, тəрбие процесі  шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында  бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп аталған, себебі олардың міндеті  – тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-қылығына дем  беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами  сапаның қоғамдық қажеттігі мен  өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа  айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен  бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.

 Т.Е.Конниковтың анықтамасы  бойынша сананы қалыптастыру – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылдайды. Сананы қалыптастыру әдістеріне  берілген мұндай әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онды:

- жеке басқа ықпал ету құралы;

- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;

- тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;

- сананы қалыптсатыру мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.

Бұдан шығатын қорытынды, сана қалыптастыру деп тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай  оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету, жағымды мінез – құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс - әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал – тәсілдер мен құралдарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын  мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді. Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі. Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.          Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.

Информация о работе Сананы қалыптастыру әдістері