Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 18:32, реферат
Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетінедгі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады. Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.
Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А.В. Петровский)
1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процесстер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял т.с.с
2. Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әркетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік-күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын анықтау т.с.с.
4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз. Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.
Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол «іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік»,- деп жазған.
Сана мен іс - әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс- әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.
Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы – ішкі құбылыс, ал әрекетті- сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен іс- әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекетте тек сыртқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.
Адамның күрделі құрылған
саналы әрекетінің қалыптасуына себепші
болған екінші шарт – бұл тілдің
туындауы еді. Тіл деп қоршаған орта
заттарын, олардың әрекетін, сапасын
және объектілер арасындағы қатынастарды
бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз.
Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі
құралына айналады, соның арқасында
адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар
әулетінің тәжірибесіүйреніп, игереді.Тілдің
келіп шығуы жөнінде талай
болжамдар мен теориялар
Тіл- заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпен қатар, сананың қалыптасуның негізгі себептерінің бірі.
Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:
- қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадқа бекіту мен адамның ішкі жан дүние бейнелерін түзеуге жәрдемдесті;
- тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан тілге байланысты дерексіздену мен қорытындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;
- тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару –міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген жөн. Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.
1.3 Сананы қалыптастыратын факторлар
Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер, приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бұл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бұл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты — тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге — қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды жасау және оны пайдалану, шұңқырды бірігіп қазып, оны жасыру, аңды оған қуып әкеліп құлату үшін аңшылар көптеген жұмыстарды бірігіп атқаруы керек болды. Өмір оларды соған үйретті, бірігіп еңбек етудің ұтымдылығы жалпының күшімен жеке адамның қолынан келмейтін мақсаттарды іске асыруға болатынын көрсетті және сонымен қоса ақпаратты да ұжым болып пайдалануға алып келді. Демек, біреу бірдемені көрсе, естісе, ұжымдық қозғалыстың барлық катысушылары оны естиді және көреді. Адамдар арасында таралуға тиісті аппараттардың әр түрлі болуы оның әрқайсысы жекелей белгілі бір затты және әрекетті білдіретіндей жағдайдың болуына алып келді. Белгілі бір объектілер тобы үшін қолданылатын жалпылама белгілер еңбек үдерісіне катысушылардың тануы үшін де жалпылама болуы тиіс еді. Өйткені оларды кабылдау, түсіну үшін оларды көру керек. Ұжымдық еңбекке адамдар бірін-бірі көрмей де катысуы керек болды. Сондықтан әрекеттердің, оқиғалар мен заттардың топтарына олардың жалпылама қасиеттерін көрсете алатындай тіл белгілерінің дыбыстық жүйесі қажет болды. Құбылыстардың тұтас тобына төн жалпы белгілердің (жалпы жүгіру, жалпы үру, жалпы ағаш, жалпы тас) көрініс беруі сол топтағы құбылыстар арасындағы айырмашылықтарды бөліп алу, олардың тәуелділіктері мен байланыстарын қарастыру үтттін ойлау қажеттігі туды.
Ойлау — адам санасының
маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің
пайда болуы мен дамуы бір-
2 Сана түрлері
2.1 Рационалды сана және оның формалары
Рационалды сана деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін рационалды таным арқылы кеңейте алады, заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен танылады. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін (Күн жүйесіндегі планеталар, экономикалық қатынастар, т.б.) бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғым барлық білімдер қорының негізінде жатқан бүкіл адамзат ойлауының мейлінше кең формасын жинақтаған. Ұғымның қалыптасуы — күрделі үдеріс. Онда салыстыру (бір затты екінші затпен ойша катар қою, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау), талдай қорыту (біртекті заттарды олардың жалпы белгілерінің негізінде ойша біріктіру), абстракциялау кезінде заттың белгілі бір мәнді жақтары екінші қатардағы мәнді емес белгілерінен бөліп алып қарастырылады. Түсініктің қалыптасуы кезінде осы логикалық амалдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, "үстел" ұғымын тиянақтаған кезде адамдар, бір жағынан, оның мәнді емес қасиеттерін, оның формасын (дөңгелек, төртбұрыш?) түсін, аяқтарының санын, осы үстел жасалған ағаштың қасиеттерін бөліп тастайды да, екінші жағынан, олардың күнделікті өмірде пайдалылығын айқындайтын жалпылама белгілерін алады. Ұғымдар затты ғана айқындамайды, олардың қасиеттерін, өзара қатынастарын да айқындайды. Мысалы, мынандай ұғымдар — қатты және жұмсақ, үлкен және кіші, суық және ыстық сияқты заттың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді. Ал қозғалыс немесе тыныштық, жылдамдық және күш ұғымдары зат пен адамдар арасындағы және басқа да заттар арасындағы немесе табиғаттағы үдерістер арасындағы өзара қатынастарды білдіреді. Ғылыми танымның тереңдеуіне және дамуына байланысты күшті және кезге көрінетіндей жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Ғылыми жетістіктер мен ашулар жаңа ғылыми ұғымдардың пайда болуына септігін тигізеді. Әр ғылымның өзінің кең ұғымдар жүйесі болады. Оларды түсінік аппараты деп атайды. Физиканың түсінік аппаратында — масса, энергия, заряд; химияның түсінік аппаратында — элемент, валенттілік, реакция; биологияда — жасуша, организм, өмір, тағы осы сияқты ұғымдар бар. Қоғамдық ғылымдардың негізін — өндіріс, мемлекет, құқық, саясат, коғам және басқа ұғымдар құрайды.Техника ғылымдарында — машина, қозғалтқыш, автоматика, телемеханика деген ұғымдар кездеседі. Қазіргі ғылымда жалпы ғылыми ұғымдар үлкен рөл атқарады. Олар түрлі ғылымдардың өзара байланысы мен ықпалы нәтижесінде пайда болған. Жалпы ғылыми ұғымдар санатына — жүйе, модель, ақпарат, ұйым сияқты сөздерді алуға болады. Адамның дүниені тану арсеналында жалпылама ұғымдар философиялық категориялар делінеді. Оларға сапа, сан, материя, кеңістік, уақыт, тағы басқалар жатады. Мынаны естен шығармау керек: адамдар өздерінің өмірінде жекелеген, бөлініп алынған ұғымдармен ойламайды. Осыған байланысты ұғымдарға құрылған және оларды өзінің құрамына қосатын ойлаудың рационалдық және логикалық формасы болатын — пікірдің рөлі айқындала түседі. Пікір — заттардың, құбылыстардың, үдерістердің және олардың қасиеттерінің байланыстарын, арақатынастарын көрсететін ойлау формасы. Пікірде нәрселер арасындағы байланыстар мен қатынастардың бар немесе жоқ, екендігі ашылады. Мысалы, ғылым мен практика темірдің электрөткізгіштігін дәлелдеді. Темір мен оның жеке қасиеттерінің арасындағы байланыстар мынадай пікір тудырады: темір — электрөткізгіш, сонымен қоса ол мөлдір емес сәулені де өткізбейді. Бұған катысты "темір — мөлдір емес" деген пікір туады. Пікір формасында заттың кез келген қасиеттері мен белгілері көрініс табады. Бүл ой, әдетте, хабарлы сөйлеммен беріледі. Ол ақиқат ("Будапешт Дунайдың жағасында орналасқан") немесе жалған ("Астана Еділдің жағасында орналасқан") болуы мүмкін. Егер пікір, бір жағынан үнемі ұғымдар арасындағы қатынасты көрсететін сөйлеммен берілсе, пікір немесе олардың жиынтығы, ез кезегінде, ұғымның маңызын ашады. Ұғым мен пікірдің ара-қатынасы осындай. Ой қорыту — логикалық ойлаудың жоғары формасы. Ол пікірдің логикалық байланысына негізделген. Ой қорыту бізге белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. Мысалы: "Біріккен Ұлттар Ұйымының барлың мүшелері бейбітшілік ұстанымын ұстауы керек" және "Қазақстан Республикасы — БҰҰ-ның мүшесі" дегеннен гөрі "Қазақстан Республикасы бейбітшілік ұстанымын ұстауы керек" деген ой қорытып шығаруға болады. Тағы бір мысал: таңертең терезеге қарап, көрші үйдің төбесінің суланып тұрғандығын көріп, біз түнде жауын болғандығы туралы ой қорытамыз. Ой қорыту күнделікті және ғылыми танымда кең қолданылады. Ой қорытудың аркасында біз өр пікірде берілген айғақтарға негіздеп жатпаймыз. Егер ой қорыту жаңа білімдер алуға мүмкіндік бермесе, онда адамдар ешқашан атом әлеміне үңіле алмас еді. Атомның бөлінетіндігі туралы қорытынды тура бақылаумен алынған жоқ, ол ой қорытумен алынды. Ой қорытуды негізге ала отырып, Күн жүйесінің және Жердің пайда болуы, біздің планетамыздағы өмірдің пайда болуы, коғамның пайда болуы және оның даму кезеңдері туралы білімдер қалыптасқан. Ой қорыту келешекті болжау үшін де маңызды.