Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 18:32, реферат
Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
2.2 Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны
Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.
Қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О.Тьерри, Ф.Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қоғамдық сананың басқа формалары қалыптасады.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні
оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып
жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық
қатынастармен және әлеуметтік топтардың
мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып,
құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше
қандай болуға тиіс екендігін анықтайды.
Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық
нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген
белгілі бір көзқарасын қалыптастырады.
Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі
мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды
ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың
басқа нысандарымен өзара әрекет етеді.
Мәселен, меншіктің экономикалық санамен
қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс
салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде,
адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік
пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен
қатынастары олардың заңдылығын тану
тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана
өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи
мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар,
түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан
ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі
құқықтық жетістіктердің қазіргімен,
бір өркениеттің басқалармен қабылдануы,
кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің
құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі
мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен
конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі
мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы,
ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері
туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі
елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың
ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің
табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық
сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға
күшті кері әсер етеді, дамуға себепші
болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі
мүмкін.
Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін
қалаушылардың озық құқықтық санасының
Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді
демократияға, бостандық пен гүлденуге
қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат
құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті
бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары
өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан
астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы
мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған
болатын және олар дүниежүзілік құқықтық
санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан
жоқ. Және басқа бір, неғұрлым жақындағы
мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан
әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын
зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы
негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын
толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса
“қарсылық көрсетті”. Құқықтық сана-
сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен
қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне
байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық
сананы негізгі екі элемент: құқықтық
психология және құқықтық идеология құрайды.
Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар
мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті
есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға
тән психикамен байланысты. Ол құқықтық
санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа
және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін
сезім, көңіл-күйі,. сүйкімділік пен сүйкімсіздік,
реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл
жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және
оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот
үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық
жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу
болуы мүмкін.
Құқықтық сезімдер, көңіл-күй
көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке
адамның тікелей араласатын ортасының
ықпалының әсерімен қалыптасатынын
ескеру керек. Көптеген социологиялық
зерттеулерде адамның белгілі бір
ортада болғанда, өзі басқа адамдармен
байланыс жасамаған кездегіге қарағанда,
көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап,
әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке
адамның құқықтық сансының деңгейімен
ерекшеліктерін анықтау ұшін оның отбасыыны,
ұжымының, бейресми араласатын топтарының
және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды
бағдарын білу қажет болатыны сондықтан.Құқықтық
сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі
болып табылады, өйткені ол өзгеріп
отырады, құқықтық идеяларды таратудың
көмегімен иландыру мен көтермелеуге
сәйкес келетін саналы әсерге бейім
болуы мүмкін. Адамдардың дағдысына,
олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе
құқықтық сананың белгілі-бір әдет-
Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру процесінің міндеті.
Құқықтық идеология дегеніміз құқықтық сананың құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы- құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді бейнелейді.Құқықтық идеологияға құқықты қоғам қажеттеріне сай келетін идеологиялық жағынан жетілген мәдени-тарихи доктрина етіп көрсету үшін оның мәнін, әлеуметтік құндылығын ашып беруге ұмтылыс тән. Бұған табиғи құқық концепциясы, норматившілдік теория, құқық пен мемлекеттің марксистік доктринасы мысал бола алады. XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстан принципті түрде жаңа әлеуметтік-тарихи және геосаяси жағдайда отырды. Мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасын(1993 ж.) негізінен орындағаннан кейін оған да Қазақстанның мемлекеті мен азаматтары үшін Республика Президенттің “Қазақстан-2030” стратегиясынан туындайтын және оны мемлекеттік-құқықтық салада нығайтатын жаңа құқықтық идеология керек болмай қоймайды.
Бұл құқықтық идеологияның концептуалды параметрлері:
- Құқықтық идеология Қазақстан
Республикасының стратегиялық
- Құқықтық идеология Қазақстан қоғамы
дамуының тұрақтылығы мен саяси топтасқандығына
жәрдемдесуге тиіс.
- Құқықтық идеология жеке
адамның рөлі мен құқықтарын
мемлекетке алуға және
Құқықтық сана құқықтық реттеу
механизмімен тығыз байланысты. Біріншіден,
ол заң нормаларын жасаудың алдында
жүреді, өйткені, ол нормалар әрқашанда
субъектінің санасы мен еркіне туелді;
екіншіден, олармен қоса өне бойы
іс-әрекет жасалады, өйткені құқық
нормалары әрқашанда оларды субъектінің
түсінуіне, оның санасы мен еркіне есептелген;
үшіншіден, құқықтық сана құқықтағы
олқылықтарды түсіндірумен анықталады,
заңдарды жетілдіру мен дамытуды
қамтамасыз етеді. Құқық теориясында
құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке:
танымдық, бағалаушылық, реттеушілік
міндеттерге бөлінеді. Танымдық міндет
құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің
құқықтағы мәнділігі мен
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік
топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың
ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық
құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды.
Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық
пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде
топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі,
қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу,
құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау,
тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы
мүмкін.
Қоғамдық сананың құрылымы.
Зерттеушілер қоғамдық сананың құры-лымында
қарапайым және теориялық, қогамдық
психология және қоғамдық идеология
деңгейлерін, сонымен қатар, мынадай
түрлерін: саяси сана, құқықтық сана,
мораль, дін, өнер, гылым және философияны
атап көрсетеді.
Қарапайым немесе әдеттегі сана – адамның
қоршаған ортаны бейне-леуінің тарихи
жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның
рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір
ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық
сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды.
Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде
кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы
адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге
талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле
алады деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға
құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым
сана нақты өмір сүріп отырган адамдардың,
қогамның құрамдас элементтерінің санасы,
бір тұлганың екінші тұлғадан айырмашылығын
көрсететін және оларды бір қогамдыц тұтастыққа
біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың
күнделікті өмірлерінің қара-пайым уаиым-қуаныштарының,
үміттерімен түңілулерінің жиынтыгы.
Қарапайым сананы зерттеу арқылы қоғамның
жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы
мол мәлімет алуға болады. Осы жерде «қогамдық
психология » ұғымын қарастырған дұрыс.
Қоғамдық психология дегеніміз – белгілі бір қызмет және басқа да жағдайлар арқылы біріктірілген адамдардың әлеуметтік көңіл-күйлері мен сезімдері, қоғамдық пікірлері, салт-дәстүрлері мен мінез-құлықтары және әлеуметтік әдеттері.
«Қоғамдық психология» терминін ғылыми айналысқа итальяндық марксист Антони Лабриола 1896 жылы енгізіп, оны қоғамдық сананың бүкіл мазмұнына кіргізді. Бұл терминнің философиялық әдебиетте кеңінен тарауына орыс ойшылы Г.Плеханов үлкен үлес қосты. Ол «қоғамдық сана» терминін «қоғамдық психика» және «таптық идеология» деп бөліп, коғамның психологиясын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті және онсыз құқық пен саяси мекемелердің тарихың, мәдениеттін, әдебиеттін, философияны сондай-ақ рухани құбылыстардың да тарихын түсіну мүмкін еместігін ескертті. Қазіргі кезенде қоғамдық психологияны зерттеумен әлеуметтік психология ғылымы айналысады. Жалпы алғанда, қоғамдық психология мен қарапайым сана қоғамдық сананың бір деңгейінде орналасқан.
Теориялық сана. Адамның
бойында тек қарапайым сана, немесе,
тек теориялық сана болуы мүмкін
емес, олар бірін-бірі толықтырып отырады.
Теориялық сана – маңызды байланыстар
мен заңдылықтардың ғылымда және
қоғамдық сананың басқа формаларында
бейнеленуі, ол тарихи және теориялық
алғышарттарға, рухани қызметке сүйенеді.
Осы анықтама арқ-ылы қоғамдық идеологияның
мәнін түсінуге болады. Философиялық
әде-биетте идеология теория, негізделген,
жүйелі, ретті білім деп қарастыры-