Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 18:32, реферат
Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
1) білім көзі;
2) тұлғаның адамгершілік
сапаларын басқалардың
3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады;
Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
- əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;
- əңгіме көрнекілік əдісін
бірге қолдану арқылы
- əдептілік əңгіме өткізу
үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет;
Қоршаған жай-жағдайлардың
əсемдігі мен ондағы дүние заттары, олардың
адам көңіліне көтеріңкі əсері əңгіме
тақырыбы мен мазмұнына сəйкес болуы қажет
шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар қорында
қай жағдайда да жарасымды əңгімелер молшылық
(шеру алаулары төңірегі, автокөлікті
саяхат барысында, кең дала төсінде не
жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе
көктем бағында).
- əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға
мəжбүр болады;
- əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс;
Ұғындыру – тəрбиеленушілерге
эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі.
Бұл əдістің қолданылуы сынып
ұжымы мен əр баланың тұлғалық
сапаларын танып, білуге көзделген.
Бастауыш мектеп балаларына қарапайым
тəсілдер мен құрал-шараларды
а) жаңа моральдық сапа мен əрекет-қылық формасын қалыптастыру əрі бекіту үшін;
б) тəрбиеленушілердің қандай
да болған қылыққа дұрыс көзқарас-
Қандай да ұғымның орнығуы,
баланы оған сендіре білуге байланысты.
Сенім кейде мұғалім сөзін
сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті
болуы мүмкін. Сенімнің санаға еніп
жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол
ырықсыз сеп-түрткілер
Тəрбие тəжірибесінде
ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу
əдісіне де жүгінуге тура келеді. Үгіттеу
əрекеті тəрбиеші ұстанған қатынас
формасына түгелдей тəуелді. Үгіттеу
арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында
ұнамды қалыптарды жобалайды, жақсылық
сезімін ұялатады, жоғары нəтижелерге
жететініне сендіреді. Үгіттеуден болатын
тиімділік тəрбиеші абыройына, оның
жеке адамгершілік болмысына тəуелді,
өз сөздері мен əрекеттерінің
дұрыстығына кепіл бола алған
жағдайда ғана оның үгіті мақсатына
жетеді. Бала тəрбиесінде ұнамды үлгі-өнегеге
арқа сүйеу, мадақ, өз қадірін сезіну,
ар-намысты қолдан бермеу секілді
алғы шарттарды пайдаланған педагог
қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының
өз нысанына жетіп, жемісті боларына
толық сенуіне болады.Үгіттеу арқылы кейде
оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне
келтіруге болады. Педагог баланың мұндай
сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз
əрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді.
Бұл жағдайларда орынсыз əрекеттің, оның
салдарының мəнін дəлелді ашып берумен
бірге тəрбиеленуші мінезіне ұнамды ықпал
жасаушы тəрбие көздерін тауып, қолданады.
Кейде орынсыз қылық білместіктің салдарынан
болады. Мұндайда үгіт ұғындыру жəне сендірумен
бірге қолданылып, оқушы өз қателерін
мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей
əсерде жүргізіледі.
Əдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері
– тəрбиеші жəне тəрбиеленуші қатысуымен
болатын жүйелі де бірізді білімдер талқысы.
Сұхбаттың əңгімелеу мен көрсетпе беруден
айырмашылығы - тəрбиеші өз сұхбаттасы
– тəрбиеленушінің пікірін тыңдайды жəне
онымен есептеседі, олармен болған өз
қатынасын құқық теңдігі жəне қызметтестік
принциптері негізінде түзетеді. Əдептілік
сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік,
инабаттық-имандылық проблемалары. Сұхбат
мақсаты – ізгілік ұғымдарын нығайту,
тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді
қорытындылау жəне бекіту, адамилық көзқарастар
мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.Əдептілік
сұхбаттары тəрбиеленушілерді өздерін
толғантқан барша сұрақтар бойынша дұрыс
баға беріп, пікір жүргізуге жəрдем береді.
Болған жағдай, оқиғалар мен əрқандай
қылықтарды талқыға сала отырып, балалар
олардың мəн-мағынасын жеңіл түсінуге
мүмкіндік алады. Көп жағдайларда əдептілік
сұхбаттарды да өткізуге нақты дерек,
оқиға, балалардың қылығы себеп болады.
Мұндай сөйлесулерді болған оқиғалардың
«ізін суытпай» не сол оқиғаның кінəкəрі
сəл өзіне келіп, «жүрегі орнына» түсіп,
мəн-жайды аңғаратындай болған соң ұйымдастырған
жөн.
Əдептілік сұхбаттарының
тиімді болуы келесідей маңызды
шарттарға тəуелді:
1. Сұхбаттың проблемді сипатта болғаны
өте маңызды. Осыдан көзқарастар, идеялар,
пікір сайыстары өрбиді. Тəрбиеші тосын,
қалыпқа келмейтін сұрақтардың туындауына
себепші болып, өз шəкірттерін оларға
жауап іздеп, табуға баулиды.
2. Сұхбаттың жаттанды
дайын не үлкендердің құлаққа
салған жауаптары бойынша
3. Сұхбатыңыз тəрбиеші
көпіре сөйлеп, тəрбиеленушілер
үндемей тыңдайтын дəрісбаянға
айналып кетпесін. Сұхбат барысында
ашық та анық айтылған пікір
балаларды дұрыс қорытындыға
келтіреді. Əңгіме-сұхбат
4. Сұхбат үшін таңдалған
материал тəрбиеленушінің
5. Сұхбат барысында барша
көзқарастарды айқындап, салыстыра
білу қажет. Ешкімнің де
6. Əдептілік сұхбатында
дұрыс басшылық – мəні - тəрбиеленушілерге
өз ынта, əрекетімен дұрыс шешім
қабылдауға жəрдем беру. Бұл үшін
тəрбиеші болған оқиғаларға
Сұхбат өзінен өзі бола қалады деу – қате пікір. Жоғары маманданған педагогтар əдептілік сұхбаттарын не болса соны сылтау қылып, өткізе салмайды, оған тыңғылықты дайындық көреді, шəкірттерін де байыппен дайындайды. Мектепте əдептілік сұхбаттары жалқылау (индуктив) не жалпылау (дедуктив) жолымен жүргізіледі: нақты деректер талқыланады, баға беріледі, соңынан жалпы қорытынды жасалады немесе алғашқыда үлкен проблема қойылып, кейін ол дара бөлшектеніп, шешіледі. Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен кəсіби шеберлікті қажет етеді. Мұндай əңгімелесу кезінде екі ортада психологиялық кедергі, түсініспестік болмауы тиіс. Егер оқушы болған жағдайды дұрыс түсінбейтіні байқалса, оның намысына тимей, кемшілік-қателігін бетіне баспай, əрекет-қылығының шалыс екенін ұғындырып бағу қажет, көпшілік кезінде бұл сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, əжуа- сықақсыз өткені дұрыс. Өз тəрбиешісінің шынайы көңілін, жəрдем пиғылын сезінсе ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түреді, жазатайым болған келеңсіз ісін енді қайталамауға уəде береді, қайтып ондай əрекетке бармайды да. Оқушымен жекелеп сұхбаттасу тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы кейіп түсінігімен өтсе, оның толық нəтижеге жеткені.
Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-əрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим ғұламсы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тəрбиеші, дос-жаран. Əдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да үлкен тəрбиелік ықпал жасайды. Үлгінің психологиялық негізі – еліктеушілік. Осыған орай бала əлеуметтік жəне инабаттық тəжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару –міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген жөн. Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланыст
1.2 Сананың негізгі қасиеті
Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры. Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды.
Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар:
1) адамның саналы әрекеті биологиялық себеп- салдармен байланысы жоқ,кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттілікке бой сұнбай , оған қарсы шығады;
2) адамның саналы әрекеті
жануарлардағыдай заттың сырқы
көрінісімен ғана
3) жануар әрекет – қылықтары
биологиялық байланыспен бірге,
Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар:
1. тіршіліктің әлеуметтік – тарихи сипаты;
2. өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы;
3. еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу;
4. тілдік қатынастың пайда болуы;
Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста әрекет жасауына мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да алады. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлықты» қалыптастырады.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарда интеллектуалды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды, эмоционалды қатынаста, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның санасы объектвиті дүниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жасайды.
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талпынады, оны өз қажеттілігіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне жол табуына мүмкіндік береді.