Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 18:32, реферат
Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Кіріспе
Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі. Адам психикасы (санасы) өте күрделі. Бұл — материя дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған касиет. Мұның қалыптасуына еңбек ету, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалану, тілдің шығуы ерекше әсер еткен. Бұл айтылғандар адам организмінің құрылымына үлкен өзгерістер енгізе бастайды. Біртіндеп мойын омырткалары жетіле түсті, бас сүйегінің формасы мен көлемі өзгере бастады. Түрегеліп жүру бет әлпетінің (иек, маңдай, ерін т.б.), сезім мүшелерінің дамуына жағдай жасады. Осылардың әсерінен жанның материалдық негізі - ми сыңарлары, әсіресе оның маңдай бөлігі дами бастады. Тіршілік кажетіне байланысты сөйлеу пайда болды. Мұнсыз адамдардың бірлесіп әрекет етуі мүмкін болмас еді. Осы жағдайлар біртіндеп тек адамға ғана тән жан куаттарының (ойлау, киял, есту және т.б.) мазмұнының кеңейіп, сыртқы ортаны дұрыс бейнелей алуына мүмкіндік туғызды. Қоғамдык-тарихи тәжірибе негізінде адамның нәзік дыбыстарды ести алатын құлағы, табиғат көркемдігін көре білетін көзі, аса сезімтал талғамы және т.б. сезім мүшелері дамып жетілді.
Сана — әрбір адамға тән дара қасиет. Ол адамның сыртқы ортамен карым-қатынасқа түсу деңгейіне орай біртіндеп қалыптасады. Адамда жеке санамен қатар оның нақты өскен ортасына, тікелей қоршауына байланысты калыптаскан қоғамдық, этностык (ұлттык) санасы да болады. Мәселен, қазақ халқының қонақжайлылық, кеңпейілділік, шешендік, қайырымдылық, балажандык, бауырмалдық т.б. қасиеттері оның этностық санасының басты көріністері. Жеке адам санасының калыптасуына, оның мазмұнына қоғамдық сана үнемі ықпал жасап отыратыны хақ.
Адам санасынын басты белгісі - айналасындағы дүние туралы жүйелі ұғым-түсініктерінің қалыптасуына келіп тіреледі. Сананың келесі атрибуты оның өзінің "менін" басқа "мендерден" ажырата алу, алмау дережесіне байланысты туындайды. Сананың келесі бір белгісі - алдына мақсат қоя білуі, оны орындауға кірісуі, оның себеп-салдарын түсіне білуі, осы жолда жіберген қателері мен ақауларын өздігінен түзете алуы.
Сананың ерекше бір көрінісі - оның басқалармен қарым-қатынасқа түсе алуының мән-мәнісін, маңыздылығын түсіне, сөзіне білуден байқалады. Өзінің тәжірибесін, білім, дағдыларын өзінен басқаларға бере білу қабілеті де сананың басты белгілерінің бірі болып табылады. Кісінің өз бетімен тірнектеп жинаған, осы жолда өзінің жеке белсенділігін көрсеткен жеке санасын өзіндік сана (самосознание) деп атайды. Адамның сана сезімі кіші жасынан ақ қалыптасады және оның өмірлік қалыптасу деңгейіне ықпалын тигізеді, сондықтан зерттеу мәселесінің терең өзектілігі байқалады.
Сана қалыптастыру әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Сана қалыптастыру әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін,өмірлік көзқарастарын, ұстанымдарын,нанымдарын кемелдендіруге қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.
Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы. Адамның миы биохимиялық, физиологиялық және жүйкелік үдерістер жүріп жататын күрделі материалдық құрылым. Бұл өз бетінше, сонымен қоса адамның тұтас ағзасының құрамындағы ішкі үдерістері мен ішкі қатынастарын реттеп отыратын жүйе. Материяның өте нәзік құрылымы ми бұзылса, сананың да құрылымы бұзылады. Қалыпты мидың қызметінен тыс қалыпты психика болмайды. Сана әрқашанда мияда болып жатқан үдерістермен байланысты, одан тыс ерім сүрмейді. Бірақ олар сананың мәнін құрай алмайды. Психика өзінің мазмұнына тепе-тең деп айтуға келмейтін психикалық құбылыстардың физиологиялық механизмдері субъективтік бейнелер формасында нағыздықтың бейнеленуі бола алады. Философия тарихында "адам өтінін бауырға қатынасы қандай болса, ой адамның миына да сондай қатынаста болады" дегенді айтатын философтар болды. Бұл тұжырымның жалғандығы психикалық құбылыстарды өзінен-өзі тудыратын, оның себебі және қайнар көзі деп есептейтін мидың жүйелік тұжырымдамасында. Мұндай тұжырым жағдайында сана сыртқы өсерлердің субъективтік бейнесі болмайды, ол тек материалдық ми үдерістерінің өзінен-өзі жүріп жатқан әлсіз жаңғырығы сияқты болады. Заттардың бейнеленуі олардың мидағы қасиеттері мен қатынастарының көрінісі, әрине, олардың миға орын аударуын көрсетпейді немесе қоймалжыңда қалған бармактың ізі сияқты онда физикалық із қалдырмайды.
Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.
1 Сананы қалыптастыру әдістері туралы педагогиканың негіздері
1.1 Психикалық педагогиканың әдістеріндегі сана туралы мазмұны
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сөздің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды.Сейлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады. Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан — өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі.
Марксизм-ленинизм классиктері сөйлеу мен сананы бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығын атап көрсеткен болатын. Сөйлеу, сөз — біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
К.Маркс пен Ф.Энгельс: «Индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынаста болатын барлық басқа индивидтердің дамуымен шарттас айқындалады» — деп жазған болатын.
Совет философы Ю. Қ. Мельвиль: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да. қалыптасады»,— деп атап көрсетті. Адамның жан-дүниесінің яғни ғылымда қабылданған термин бойынша психикасының соншалықты күрделі екендігі шын мәнінде соңғы екі ғасырда ғана айқындала бастады. Саналы түрде өтпейтін психикалық қызметтер, процестер барын сезген, біршама аңдаған ойшылдар да болды. Солардың ішінде Г. Лейбниц. Лейбництен кейін де философияда, психологияда бейсаналық психикалық процестер барлығын айтқандар болды (Вунд). Бірақ бейсаналық психикалық қызметтің адам жанында айрықша зор орын алатынын толық дәлелдеген австрия психологы З. Фрейд (1856-1939). Фрейдтің адам психикасы жайлы теориясын бұл жерде толық баяндай алмаймыз. Оның негізгі мәселелерін айтып кетеміз. Сананы бейсаналықтан ажырататын негізгі белгі саналы процестерді адам өз ойларында барлық уақытта біледі, ал бейсаналықты, яғни саналы түрде іске аспаған психикалық қызметті өз ойлауында байқамайды, тіпті білмейді, олардың не жөнінде, қалай және қанша болғаны жөнінде өзіне ешбір есеп бере алмайды.
Наным-сенімге оқушыны
əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін.
Өткен ғасыр басындағы
Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі. Сезімге ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. əдептілік əңгімелері бірнеше қызмет жасайды: