Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 12:42, реферат
Елiмiз өркениеттi елдер қатарына қосылып, егемендiк алған тұста осы елдiң келешегiн жалғастырар, экономикасын, мәдениетiн көтерер ұрпақ тәрбиелеу – бүгiнгi күннiң талабы. Егер қоғамымыздың әрбiр мүшесiн тәрбиелеуде ұстаздардың қолтаңбасы болатын болса, онда ол мұғалiмдiк мамандыққа баулудың салмағы одан әрi ауырлай түсетiнi белгiлi. Қазiргi таңда мұғалiмдерге қойылып отырған талап жан – жақты. Олардың кәсiптiк бiлiктiлігi, ойлау мәдениеттiлiгi, этикалық, құқықтық нормаларға сай болып, әдiстеме ғылымының жаңалықтарымен қаруланып, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруi есепке алынады. Мұғалiмдерге қойылатын талаптың кәсiби – педагогикалық деңгейiнiң бұлайша жоғарлауы мен қоғамдағы мұғалiмнiң еңбегiне берiлген бағаның төмендеуi мұғалiмдердiң жаңа буынының қалыптасуына кедергi болып отыр.
I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде.
2.2. Мұғалімнің кәсібилік біліктілігінің маңызы және оның жолдары.
2.3. Мектеп мұғалімінің кәсіптік шеберлігін жетілдіру әдістері мен ұйымдастыру формалары.
III.Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымша №1
Әрине, өзгермейтiн өмiр, тозбайтын дүние жоқ. Ендеше оқыту мен бiлiмдендiрудiң де одан сырт қалуы мүмкiн емес екенi белгiлi. Бұған уақыт-төрешi. Оқытудың бiлiмдендiру деңгейінiң барысына тарихи тұрғыдан көз салсақ мұнда да түрлi бұраң-бұлтарыс жетерлiк. Дәлiрек айтқанда, классикалық деп танылған оқыту жолы уақыт талабын өтей алмай керi тарта бастағаны кеңестiк дәуiрде-ақ белгiлi болған. Оны терең сезiнген елiмiздiң алдыңғы қатардағы таңдаулы ұсдаздары 60-70 жылдары түрлi әдiстемелiк жолдар ұсынып, оларды таңдамалы тәжiрибелердi одақ бойынша кеңiрек етек жая бастады. Соның нәтижесiнде ынтымақтастық педагогика, жаңашылдардың iзденiсi өрiс алып респубикамызда Қ.Бiтiбаева, А.Ысқаков, Қ.Айтқалиевтердiң тәжiрибелерi, одақ көлемiнде Ш. Амонашвили, В.Ф.Шаталов, Е.И. Ильин, т.б. дәстүрлi жолды жаңартуға деген талпыныстары оқыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Бұл саладағы iзденiстер сәттi болумен қатар ұстаздық жолды берiк ұстанғандардың дамуы ең алдымен оның шығармашылық iзденiсiне тәуелдi екендiгiн барынша айқындай түстi. Сондықтан да қазiргi кезде педагогикалық оқу орнындарында жас мұғалiмдердi даярлау үшiн акмеология, ынтымақтасу педагогикасы, андрагогика, педагогикалық мәдениет, этнопедагогика, т.б. жаңа пәндер жеке-жеке арнаулы курс ретiнде оқытыла бастауы-уақыт талабы туғызып отырған қажеттiлiк. Халқымыздың киелi деген түсiнiгiне жүгiне отырып айтар болсақ бiлiмдендiруге байланысты төмендегi жетi сұрақ төңiрегiнде ырықты да ырықсыз түрде жаңаша ойлауға мәжбүр етуде: Ненi оқыту керек? Қалай оқыту керек? Қашан оқыту керек? Қайда оқыту керек? Кiмдi оқыту керек? Не үшiн оқыту керек? Нәтиже қандай болу керек?
Қай заманда да бiлiмдi бере бiлу де, ала бiлу де оның әдiстерi мен амалдарын меңгеруге тәуелдi. Берiлетiн бiлiмдi шәкiрттiң тиянақты игеруi үшiн сабақтың қай түрiнде болмасын көрнектiлiктiң аудио... видео... кинетикалық жолдар, т.б. үнемi пайдаланылып отырылатын қосымша деректер екенi белгiлi. Осы орайдан дәстүрлi оқыту жолын оқушының түсiнiгi тұрғысынан кескiндесек, жобасы мынау: Тиiстi мазмұнды естiп қабылдадым, ұқтым, қайталап айтып бердiм. Мұны талдай айтқанда, тиiстi материалды мұғалiм оқушыға түсiндiрiп, жоспарланған мағлұматты ұқтырып, олардың қаншалықты меңгергендiгiн айқындау үшiн пысықтап, бiлiмiн бағалайды. Оқушы болса қайтарған жауабы үшiн алған бағасымен шектеледi де осымен iс тынады. Қазiрден дәстүрден тыс әдiс деп атап жүрген сабақ түрлерi-сабақтың құрылысына, мән-мазмұны дiк бермеу. Қайта оларадың өздiгiнен iзденуiне баса назар аудара отырып, қабiлет мүмкiндiгi мен шамасына лайық белсендiлiгiн жебеп, ретiне қарай бәсекелестiктi қолдап, ғылымның түрлi салаларынан меңгерген түрлi таным тағылымы мен өзiндiк тәжiрибесiн тоғыстыра қарауға дағдыландыру болып табылады. Әрине, мұнда оқушының тиiстi дәрежеде шығармашылық деңгейдегi өреге көтерiлуi де көзделедi. Сондай-ақ iзденiс әрекетiнде оқушы атқарған iсiне сыни көзбен қарап, өзiн-өзi дұрыс бағалай бiлуi-табысқа жетудiң кiлтi болумен бiрге, кеткен кемшiлiктi түзеп, iзденiс барысында болашағына болжам жасауға да беймделедi.
Осыған орай Мағжан Жұмабаевтың мына сөзiн еске алып келтiруге болады:-«Адамның шын мағынасымен «Адам» болуы үшiн өзiңдi сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай жалпы адамзатты сүюi шарт».
III.Қорытынды.
Бiрақ осы өмiрде тозбайтын нәрсе жоқ, дегендей осы жетiстiктердiң барлығы заман талабына сай бiрiнiң артынан бiрi жойылып, жаңарып, өзгерiп келедi. Соныдықтан заман талабына сай адамды дайындау үшiн педагогтар да, үнемi өзгерiске бейiмделiп, оқып, үйренiп жүруi қажет. Сонда ғанан педагог өз алдына қойылған мақсатына жете алады.Әрине, жаңашылдықты игеру, оны iс жүзiнде қолданан алу әрбiр шығармашыл маманның қолынан келе бермейдi. Жаңалықты қолдана бiлу мұғалiмнiң жеке басындағы қасиеттерiне байланысты.
Сонымен үшiншi мыңжылдықтың педагогтары қандай болмақ, мектеп қандай ағымда жұмыс iстеу керек? Бұл бүкiл адамзатты ойландыратын да, толғандыратыны да анық. Қазақ халқы әрқашан да парасаттылықты пiр тұтып, даналыққа табынып келген халық. Ұлтымызға тән тағы бiр қасиет, ол бiлiмдi бiлiктiлiктен ажырата бiлу. Өз өмiр - ғұмырын ағартушылық арманға арнаған алаш арыстарының бiрi Ахмет Байтұрсынұлының ұғымында бiлiм- бiлiктiлiкке жеткiзер баспалдақ қана, ал бiлiктiлiк дегенiмiз- бiлiмнiң жеткiлiктiлiгi ғана емес, сол бiлiмдi iске асыра бiлу дағдысы.
21 ғасырда Қазақстан халқының алдында тұрған өзектi мәселенiң бiрi- «21 ғасырдағы орта бiлiм» қандай болмақ? Бұл күн тәртiбiндегi бiрiншi кезектегi мәселеге айналып отырғанын барлық мұғалiмдер қауымы мойындауымыз қажет.
Өйткенi, қазiргi жас буын - елiмiздiң келер күнгi келбетi. Бұл жөнiнде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты-қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезiнде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңiп шыға алатын, iзгiленген 21 ғасырды құрушы iскер, өмiрге икемделген, жан-жақты мәдениеттi жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» -деген тұжырым жасады.
Ұлтымыздың тарихи тағдыры бүгiнгi күні үлкен-кiшiлi зауыттарда, я болмаса қиыр нүктелерiндегi шекара бекеттерiнде ғана емес, бiлiм ордаларының қабырғасында да шешiлiп жатыр. Алайда бүгiнгi күндегi қазақ жерiндегi оқу-ағарту iсi тек бiр мекеменiң мiндетiмен шектелiп қоймауы тиiс. Ұлт болашағын қамтамасыз ету-әрбiр мұғалiмнiң азаматтық рухани парызы мен борышы. Қоғамымыздағы түбегейлi өзгерiстер әрқайсымыздың белсендiлiгiмiздi арттырып, ой-өрiс пен санадағы өрлеуге жаңа жол ашып отыр. Әрине, рухани жаңару өзiнен-өзi жүзеге аспайды. Ол үшiн жаңа толқын жастардың бойына ұлтымыздың асыл қасиеттерiн сiңiрiп ғылым мен бiлiмге баулу қажет. Сондай-ақ тәуелсiз елдiң ұлттық бiлiм жүйесiнiң жаңа үлгiсiн қалыптастыруымыз керек.
Сонымен, 21 ғасырдың мұғалiмi қандай болуы керек?
Осыған орай мынадай схема түрiнде тұжырым жасадым.
Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтiн-мұғалiм. Ендеше, бiздер, мұғалiмдер көп оқуымыз керек. Өйткені елдiң ертеңi, ертеңгi тiрегi-кейiнгi толқын жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуi тиiс. Жас ұрпақты рухани интелектуалды тәрбиелеу-бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбiр педагогтың алдында үлкен жауапкершiлiк тұр. Сондықтан мектеп мұғалiмдерiне сатылы бағдарлама жасалуы шарт.
1.Базалық бiлiм бағдарламасы бойынша жұмыс iстейтiндер (жоғары бағдарлама).
2.Авторлық бағдарлама бойынша жұмыс iстейтiндер (өте жоғары).
3.Кешендi бағдарламалар бойынша (орта).
«Ұлылық басында ұстаз тұрар,
Парасатты өскен жан соны ұғар»- деген аталы сөздiң мән-мағынасын басшылыққа ала отырып, мына төмендегi тоқтамдарды мұғалiм естерiне әрдайым сақтауы қажет:
- Мұғалiм қызметiнiң мақсаты-өз пәнiн жақсы үйренуден гөрi
тереңiректе;
- Өз пәнiн тереңiрек бiлуi керек.
- Сабақ- мұғалiм мен шәкiрттiң адами қарым- қатынасы.
- Мұғалiм бала жанын ұға бiлуi керек.
-Бала сабағына қызықпаса себебiне үңiлiп, себебiн алдымен өзiңнен iзде.
-Мұғалiмнiң iсi мен сөзi жасанды емес, шынайы болуы шарт.
-Мұғалiм мен баланың қарым - қатынасы қуанышты әрi пайдалы болсын.
-Баланың кемшiлiгiн бетiне баспа, сенiп айтқан сырын шашпа.
-Баланың кемшiлiгiн емес, жеңiсiн iзде.
-Балаға сыйлы болам десең, баланы өзiң сыйла.
-Баланы сабақтың негiзгi кейiпкерi ете бiл.
-Баланың ықыласын оята бiл, тағдырына ойланып қара.
-Әр бала-табиғаттың құбылысы.
Осы адамгершiлiк тоқтамдарды әр уақытта өмiрiңнiң өзектi мәселесi етiп жанында сақтасаң, мұғалiм деген құрметтi атаққа ие боласың.
«Мұғалiм өн бойына, өз iсiне, шәкiрттерiне деген сүйiспеншiлiктi жинақтаса ғана нағыз ұстаз»- деген Л.Н. Толстой.
Қорыта келгенде, 21 ғасыр - адам ғасыры болмақ. Сондықтан да елiмiздiң болашағы жарқын болуы үшiн ең алдымен ұлтымыздың ерекшелiктерiн ұмытпай оны әр сабақта еске ала отырып кiшкентай патриоттарды тәрбиелеуiмiз керек.
Қолданылған әдебиеттер.
1.Абдықова М.- оқытушы «Шеберлiк iзденiстен басталады,» //Мектеп директоры 2005 №3
2. Айтымбетова Б.Р. Бейсенбаева А.А.-доценттер «Педагогика курсының лекциялары» Алматы «Кiтап» 1998ж.
3. Аскарова Ж. – доцент «Ұстаздың iскерлiк негiздерi»
//Ұлағат 2004 №3
4.Байбекова
В.«Мектеп мұғалiмдерiнiң
5.Бойшалова.«Педагогтың
кәсiби шеберлiгiн арттыру
//Мектеп директоры 2005 №3
6.Ботагүл
Алтайқызы- доцент «
//Бастауыш мектеп 2004 №2
7.Кенжебекова
Б.-доцент «Маманның кәсiби
//Бастауыш мектеп 2004 №5
8.Қоқымбаева Т.- доцент.«Мұғалiмнiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттыру»
// Бастауыш мектеп 2005 №2
9.Қойдарова
А.-доцент.«Мұғалiм тұлғасына
// Бастауыш мектеп 2005 №2
10.Сәлiмқызы
Р.-доцент.«Мұғалiмдер
//Ұлағат 2004 №4
11.Чаканова Б.- оқытушы.«21 ғасырдың мұғалiмi қандай болуы керек?». Әдiскер мұғалiм 2004 №4№
12.Сәлімқызы Р. –доцент. «Мұғалімдер даярлаудың өзекті мәселелері» // Ұлағат 2004 №4.
Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге, ал онан соң оны жеткізе алатын болуға тиіс. Білімдерді оқушыларды қызықтыру үшін қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу, ең мәнді нәрсені екінші қатардағы мәселеден ажырата білу, осының бәрін нақты, мысалдар келтіре отырып айтып беру – зор өнер... Бұл - өте үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлайтындай оншалық оңай емес.
Н.К.Крупская.
Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин.
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды – ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне , осынысымен бағаланады.
Цицерон.