Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 12:42, реферат

Краткое описание

Елiмiз өркениеттi елдер қатарына қосылып, егемендiк алған тұста осы елдiң келешегiн жалғастырар, экономикасын, мәдениетiн көтерер ұрпақ тәрбиелеу – бүгiнгi күннiң талабы. Егер қоғамымыздың әрбiр мүшесiн тәрбиелеуде ұстаздардың қолтаңбасы болатын болса, онда ол мұғалiмдiк мамандыққа баулудың салмағы одан әрi ауырлай түсетiнi белгiлi. Қазiргi таңда мұғалiмдерге қойылып отырған талап жан – жақты. Олардың кәсiптiк бiлiктiлігi, ойлау мәдениеттiлiгi, этикалық, құқықтық нормаларға сай болып, әдiстеме ғылымының жаңалықтарымен қаруланып, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруi есепке алынады. Мұғалiмдерге қойылатын талаптың кәсiби – педагогикалық деңгейiнiң бұлайша жоғарлауы мен қоғамдағы мұғалiмнiң еңбегiне берiлген бағаның төмендеуi мұғалiмдердiң жаңа буынының қалыптасуына кедергi болып отыр.

Содержание

I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде.
2.2. Мұғалімнің кәсібилік біліктілігінің маңызы және оның жолдары.
2.3. Мектеп мұғалімінің кәсіптік шеберлігін жетілдіру әдістері мен ұйымдастыру формалары.
III.Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымша №1

Прикрепленные файлы: 1 файл

Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде.doc

— 174.00 Кб (Скачать документ)

6.Зерттеушiлiк.  Педагогикалық ситуациялар мен  процестердi танып бiлу және объективтi  бағалау бiлiгiнен көрiнiс бередi.

Шеберлiктiң  тағы бiр маңызды көрсеткiшi - ол, оқушылардың  белсендiлiгiн арттыра алуы, олардың қабiлеттерiн, өз бетiмен жұмыс iстеуiн, бiлуге құмарлығын дамытуы,балаларды сабақта ойлануға мәжбүр ете бiлу.

Осылайша  мектеп мұғалiмi қазiргi қоғам талаптарын ескерiп, өзiнiң алдына педагогикалық  мiндеттердi қоя және шеше бiлетiн, оқыту мен тәрбиенiң озық технологияларын меңгерген, бiлiм беру процесiн басқара алатын, тәжiрибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабiлеттi, шығармашыл тұлға болуы қажет.

Жоғарыда айтылып кеткеннiң барлығы бiлiктiлiгi мол ұстаз бойындағы болатын қасиеттер жиынтығы және оны дамыту функциялары болып келедi. Ал мұғалiм бойындағы қасиеттер, бiлiктiлiк деңгейi жай өздiгiнен дамымайды оның себепшiсi және ортасы, деңгейi болуы қажет. Осы факторларды тудыру қазiргi кезде әдiстемелiк проблема болып табылады.

Бiлiм  беру жүйесiндегi басты iркiлiс - мұғалiмдердiң  теориялық бiлiмiнiң төмендiгi. «Бiлiм  берудi 2015 жылға дейiнгi дамыту» тұжырымдамасында: «ЮНЕСКО-ның және өзге де зерттеулер оқушылардың бiлiм деңгейлерiнiң жылдан-жылға төмендеп келе жатқандығын айқындайды»- деп атап көрсетiлдi. Бұрындары кадр тапшылығынан, таныстық салдарынан мұғалiмдер көбейсе, кейiнгi жылдары коммерциялық оқу орындарын бiтiргендер iшiнен сапасыз мамандар шығуда. Бiлiмдi болсын, бiлiмсiз болсын мектепте жұмыс атқарып өзi де қиналып жүредi. Қоғам қайраткерi Темiрбек Жүргенов: “Оқушы бiлiмдi болуы үшiн алдымен мұғалiмнiң өзi бiлiмдi болуы керек” -дейдi

      2.2 Мұғалiмнiң кәсiбилiк бiлiктiлiгiнiң маңызы және оның жолдары.

 

Елiмiздегi нарықтық - экономикалық және саяси  өзгерiстерге байланысты ғылыммен өндiрiстiң  барлық саласында жұмыс iстейтiн  мамандарды даярлаудың сапасын жетiлдiруде, оқу- тәрбие мәселерiне байыпты қарауда  ұстаздық бiлiктiлiктiң ерекше маңызы зор. Себебi, бiздiң ойымызша, оқушылардың алған бiлiм мөлшерiне, олардың өмiрге даярлығына ертеңгi күнi қоғамды жоғары дәрежеде басқара бiлу қабiлетiне егемендi елiмiздiң өркениеттi мемлекеттер қатарынан алатын орны тiкелей байланысты. Әр жеке адамның өмiрдегi кәсiптiк әлеуметтiк - психологиялық тұрғыдан дамуы, оның оқып бiлiм алуы мен тәрбиеленуiне ұстаздың бiлiктiлiгi қажет болып табылады. Осыған байланысты мұғалiм еңбегi үздiксiз iзденiстi, өз бiлiмiмен тәжiрибесiн жетiлдiрiп отыруды талап етедi. Мектеп жұмысын өмiрдiң талабына сай жүргiзу, оқу – тәрбие саласындағы зерттеушiлiк, тәжiрибе алмасу жақтарына мән беру мұғалiмдерiнiң iзденiсiне шек қоймау, қайта оған жасап отыру ұстаздық iскерлiк негiздерiн меңгеруiне ықпал етедi. Ұстаздың өз бетiнше бiлiм жетiлдiруi, осы саладағы үздiксiз iзденiсi, озат тәжiрибенi қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуы, iскерлiк негiздерi - педагогикалық бiлiктiлiкке жеткiзудiң бiр жолы болып саналады. Мұғалiм бiлiктiлiгi, оның әдептiлiгi мен сыпайылығына, жүрiс - тұрысына, киiм - киiсiне, яғни педагогикалық техниканы меңгеруiне, өзiнiң мiнез - құлқын басқаруына байланысты. Өйткенi,мұғалiм сахнадағы актёр сияқты әрқашан оқушылардың көз алдында болады, ал бала бәрiн байқап таниды. Мұғалiмдердi педагогтiк бiлiктiлiкке үйрету- педагогтiк оқу орнында оқып жүрген кезде басталады. Бұл iсте студенттерге психология, педагогика пәндерiнен жүйелi бiлiм беру, педагогикалық шеберлiк негiздерi, көрнекi және жаңашыл педагогтардың iс – тәжiрибесi бойынша арнаулы курстар ұйымдастыру, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту, педагогикалық практиканы мәндi өткiзу, өз бетiнше жұмыс жасауға үйрету ерекше орын алады. Осы тұрғыда мұғалiмдiк еңбектi адамтану ғылымы, адамның жан - дүниесiне, рухани әлемiне бойлай алу өнерi деп түсiнген ұлы педагогтар А.Дистервег, К.Д.Ушинский, А.С. Макаренко, В.С. Сухомлинский педагогикалық шеберлiктiң дамуына зор үлес қосқан. Ғалымдар мұғалiмдердiң табыстарын олардың адамгершiлiк қасиеттерi, мәдени деңгейi, кәсiби әрекетiн тұрақты жетiлдiрiп отыруға деген ұмтылысымен байланыстырған. Мысалы: А.С. Макаренко мұғалiм өзiнiң кәсiби - шығармашылығын жүзеге асыру жолында алдымен шеберлiкке жетуi тиiс екенiне тоқтала отырып, “шеберлiк”, ұғымын педагогикаға қатыстыра ең алғаш қолданған және бұл сапа жайлы :

“Тәрбиешiнiң шеберлiгi - айрықша талантты қажет ететiн ерекше өнер емес, дегенмен оған дәрiгердi немесе музыкантты шеберлiкке үйреткендей үйрететiн мамандық” деген болатын.

Педагогтiк iстiң шеберi болу кездейсоқ нәрсе  емес, ол көптеген себептерге байланысты мұғалiм iсiнен орын алады. Демек, педагогтiк шеберлiктiң әдепкi шарты - психология мен педагогика ғылымдарынан терең бiлiмнiң болуы. Мұғалiм өз пәнi бойынша оқушыларға бiлiм берiп қоймайды, соған сәйкес оқушыны тәрбиелейдi және жеке басын қалыптастырады. Бұл мұғалiммен баланың жас, дара ерекшелiктерiн бiлудi, оған сай әрекетiн ұйымдастыруды, олардың қарым - қатынасын, сенiмiн, көзқарасын, танымын, белсендiлiгiн дамыту методикасын бiлудi қажет етедi. Олай болса, мұғалiм жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу iсiнде кәсiптiк деңгейi және ұстаздық шеберлiгi жоғары болуы үшiн педагогикалық және психологиялық арнайы зерттеулер негiзiнде айқындалған педагог мамандығына тән iскерлiк пен дағдыларды меңгеруi тиiс. Өйткенi педагогтiк iс - әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзiндiк арнайы құрлымы бар. Олар бiрнеше бөлiктерден тұрады.

  1. Танымдық.

  2. Құра бiлу ( конструктивтiк).

  3. Қарым - қатынас (коммуникативтiк).

  4. Ұйымдастырушылық.

  5. Хабарлау (информациялыј).

  6. Зерттеушiлiк.

Танымдық iскерлiкке, ең алдымен, жеке бастың интелектуалдық мүмкiндiгi, мамандық еңбегiнiң негiзi болып саналады. Танымдық iскерлiктi қалыптастыру үшiн адамның қабылдау, зейiн, ойлау, елес, ес т.б. психикалық қасиеттерiнiң бiрлiкте дамуы қажет. Мысалы, адамның байқағыштығы, өзiн - өзi бақылауы, кездескен жағдайда дұрыс шешім таба бiлуi, ойлау процесiнiң дамуы үшiн талдау жасау, салыстыру, сәйкестiгiнен ажырату, нақтылай бiлу, жинақтау, қорытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл қасиет өзiн - өзi тәрбиелеу, оқу, бiлiм алу, еңбек процесi барысында тұтас қалыптасатын iскерлiк.

Құра  бiлу (конструктивтiк) iскерлiгi – оқу  – тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материялдарды iрiктеп алумен сипатталады. Оқушылардың жас  және дара ерекшелiктерiне сай, оқу –  тәрбие процесiнiң материялдық базасына сәйкес жұмысты реттi ұйымдастыра бiлу. Бұл iскерлiктi меңгеру үшiн интелектуалдық қасиет, қабiлет қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдымен ойлау, салыстыру, болжам жасау, технологиялық логикалық ойлау қабiлеттерiмен тiкелей байланысты. Сондықтан құра бiлу iскерлiгi танымдық iскерлiкпен ұштасып жататын қасиет.

Қарым - қатынас (комуникативтiк)  iскерлiгi - бұл мұғалiмнiң педагогикалық процестiң барысында адамдармен қарым - қатынас жасауға үйренуi. Қарым - қатынас тәсiлдерi ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере бiлуден басталады. Коммуникативтiк iскерлiктi тәрбиелеу үшiн, адам ең алдымен, басқа адамды түсiне бiлуi, тани бiлуi және өзiн де таныта, түсiндiре бiлуге үйренуi қажет. Екiншiден, өзiнiң ой - пiкiрiн, көңiл - күйiн, көзқарасын, мақсатын, сөйлескен, пiкiрлескен адамға, ұжымға түсiндiре бiлуге және оларды да түсiне бiлуге үйренуi қажет. Үшiншiден, адамдармен қарым - қатынас барысында қажет болған жағдайда, бет - бұрыс жасау сияқты мүмкiндiктердi басқара бiлу, оң шешiм таба бiлу. Осылардың нәтижесiнде мұғалiмге қарым – қатынас бейiмдiлiгi және ептiлiгi бар адамдармен оңай тiл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиетi қалыптасады. Ұйымдастырушылық iскерлiк - бұл мұғалiм еңбегiнiң бөлiнбейтiн үнемi жүрiп отыратын маңызды саласы. Педагогикалық процестi басқарудың негiзгi шарты. Бұл барлық педагогикалық iскерлiктi бiр-бiрiмен байланыстырып басқаратын iскерлiк болып табылады. Ұйымдастырушылық iскерлiктiң өзiндiк белгiлерi бар. Олар: жұмысты анықтау, мақсатын белгiлеу, жұмысты талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, нақтылап объектiге зейiн қоя бiлу, кездесетiн кедергiнi тез арада болдырмауға психологиялық ахуал туғыза бiлу, iске қызығушылықпен кiрiсу, басқаларға ықпал жасау iс - әрекеттерiнен құралады.

Хабарлау iскерлiгi - жеке педагогикалық iскерлiк  болып саналады. Көбiне қатынас құралы ретiнде қарастырылады. Себебi қарым - қатынас хабарлама материялынсыз  болуы мүмкiн емес. Информациялық iскерлiк оқу – тәрбие процесiнiң оптималдылығын арттыруда шешушi орын алады. Оқу - бiлiм материалын терең, жан- жақты бiлу, оқу әдiстерiн меңгеру, барлық хабарлама құралдарын пайдалану дағдысының болуын талап етедi. Бұл iскерлiк мұғалiммен дауысты үйлестiре бiлудi, көңiл - күй сезiмiмен сөйлеудi, сөздiң құдiреттi күшiн және дауыс үнiн, бет қимылды меңгере бiлудi талап етедi. Сөйлеу, әңгiмелесу, көрсете отырып түсiндiру, пiкiрлесу тыңдау, сұрақ - жауап айту тәсiлдерiн қолдану арқылы тыңдаушының зейiнiн аудару - мұғалiмнiң педагогикалық iс - әрекетiне қажет iскерлiк.

Зерттеушiлiк iскерлiк - әрбiр педагогикалық құбылыста  ғылыми тұрғыдан қарауды, ғылыми болжам жасауды, жобалау және эксперимент  жүргiзудi жоспарлауды, сонымен қатар  мұғалiм озат тәжiрибенi де өзiнiң тәжiрибесiне жинақтауды, оларға теориялық - практикалық негiзде талдау жасауды және мектеп өмiрiне ендiрудi қамтиды. Мұғалiмдiк мамандық - педагогтiк iскерлiк, бiлiм шеңберi жинақталып, мұғалiмнiң жеке басының қасиет - сапаларын ашып беруге мүмкiндiк жасайды. Мұғалiмнiң жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсiби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенiмi, белсендiлiгi, адамгершiлiк - iзгiлiк қатынасы.

Түптеп  келгенде, бұл тәрбиеленушiлердiң  жеке тұлға болып қалыптасуына игi әсерiн тигiзерi сөзсiз. Мектеп мұғалiмдерiнiң өз бетiнше бiлiм жетiлдiру қызметi мен соған деген әзiрлiктi бiз жүйелiлiк пен iс - әрекет ұстанымдарына негiзделген құрылымдық модель ретiнде қарастырамыз. Онда бiрiншiден, оқу – тәрбие процесi көп деңгейлi әрекеттi жүйе ретiнде, ал екiншiден қызметтiк жүйе ретiнде қарастырылады. Мұғалiмнiң өз бетiмен кәсiби бiлiм жетiлдiруге дайын болуы бiлiм жетiлдiру қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi iс - әрекет пен амалдарды қолдана отырып, өз кәсiбi мен тәрбиеленушiсiне деген эмоционалды бағалау қарым - қатынасын айқындайтын деңгейi арқылы анықталады. Өзi жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана өзгеден де соны көрiп, дамыта алады. Өзiн маман әрi жеке тұлға ретiнде көрсете алатын мұғалiм ешуақытта өзiнiң жақсы қасиет, қабiлеттерiн саналы түрде дамытып, жетiлдiруден жалықпайды. Мұғалiмнiң өз «мінiн» қалай көрсете бiлуi, оның қаншалықты саналылығын және жетiлу деңгейiн байқатады.

Қорыта  келе педагогикалық тұрғысынан өздiгiнше  бiлiм алу дегенiмiз - бұл тез  шешiм қабылдауды қажет ететiн  педагогикалық қызметтегi кейбiр елеулi, маңызды, бiрақ жекелеген қиындықтармен жұмыс.

Осыған  орай жазушы - педагог М.Әуезов шын  мұғалiмге тән мынадай қабiлет - қасиеттердi атап көрсетедi: эрудиция қабiлетi, әр жастағы баланың даму еркшелiктерiне сай келетiн тәрбиенiң тиiмдi әдiсiн таба бiлу, баламен тiл табыса бiлу шеберлiгi, ақыл- парасатының мол болуы, оқыту мен тәрбиенiң жаңа әдiстемелерiн тәжiрибеге батыл еңгiзуі, оқушының сенiмiне бөленуi, ұйымдастырушылық қабiлетiн қалыптастыру және басқалар.

«Осындай қабiлеттi, қасиеттердi, iскерлiктердi өз бойына жинаған мұғалiм ғана - нағыз ұстаз бола алады» - деп сенемiн.

Шынымен алып қарағанда әрбiр мұғалiм әр түрлi болып келедi. Мұғалiмнiң бiлiм  деңгейi, моральды жақтары, қызығушылығы, балаға деген сүйiспеншiлiгi ешқашан есепке алынбай мұғалiм жұмысқа қабылданып өз iсiн, мiнезiн, ойын, бiлiмiн жүзеге асырып баламен жұмыс iстейдi. Осыған орай маманға бiлiктiлiк деңгейi бойынша еңбекақы төлеудiң сараланған разрядтарын стандарттық жолмен анықтау маманның жеке тұлға ретiндегi сипаттарын ескермейдi екен. Оның үстiне педагог психологтардың гуманитарлық сала мамандары ретiнде iс - әрекет атқару үшiн жұмсайтын басты ықпалы өзiнiң жеке басы екенi тағы бар. Сондықтан кәсiби жеке тұлғалық сипаттық мәнiн төмендетуге болмайды. Ендеше, бұл бiлiктiлiк көрсеткiштерiн толықтыру үшiн ескерiлуi тиiс.

Кей зерттеушiлер бiлiктiлiк ғылымын  «құзыреттiлiк» атауымен нақтылайды: «бiлiктiлiктiң», «құзыреттiлiктiң» маңызды белгiлерi болып мынадай критерийлердiң  комбинациясымен белгiленетiн деңгейі саналады:

- iскерлiк  пен бiлiмдi меңгеру деңгейi (iскерлiк  пен бiлiм саласы);

-iскерлiк пен  бiлiмнiң кеңдiгi және диапазоны; 

- өз жұмысын  ұтымды ұйымдастырып, жоспарлау  қабiлетi;

-тосын жағдайларда  өз бiлiмiн қолдана бiлуге қабiлеттiлiгi (техника, технология, еңбек ұйымдастыру мен оның шарттары өзгерген жағдайда тез бейiмделу).

      Ұғымдарды бұлай теңестiрiп жiберудi  дұрыс санаймыз. Оның үстiне авторлардың  осы тобы екiншi терминнiң дербес  анықтамасын ұсынады:“Құзыреттiлiк  - iстi бiлiп” iс - әрекет атқаруға қабiлеттiлiктi бiлдiретiн жалпы балама термин. Әдетте, белгiлi бiр әлеуметтiк – кәсiби мәртебесi бар адамдарға қатысты қолданылады, оның орындайтын мiндеттерi мен шешетiн күрделi проблемаларының нақты деңгейiне сай бiлiм мен iскерлiгiнiң сәйкестi мөлшерiн анықтайды. Көрiп отырғанымыздай, бұл анықтама бiлiктiлiктiң кәсiптiк белгiлерiн де қамтиды, олар жеке тұлғаға байланысты жайттарды толықтырады. Сондықтан теңестiрудiң орнына авторлар талданып отырған ұғымдарды бүтiн мен бөлшектiң өзара тәуелдiлiгi ретiнде қарастырады.

“Бiлiктiлiк” пен  “құзыреттiлiк” ұғымдарын салыстыра  келiп, О.Б. Ховов екiншi терминнiң  бiрiншi терминнен гөрi мағынасы кең  екенiн көрсетедi. Өйткенi оған бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiммен және iскерлiкпен қоса топта жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, коммуникативтiк қабiлет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу мен пайдалану т.б. iскерлiктер жатады”.

Бұл пiкiрден байқайтынымыз, автор  құґзыреттiк” терминiн iс-әрекеттiлiк, және әлеуметтiк - коммуникативтiк өзектi белгiлердiң негiзiнде маманның жеке тұлғасына сүйене отырып, кәсiпке дайындау деңгейiнiң қосымша сипатын беру үшiн қолданады. Бұл қарастырып отырған ұғымның гуманизммен толығуына сай келедi, алайда оның белгiлерi жүйелеу мәселелерiн шеше алмайды.

Құзыреттiлiк, бiздiң ұғуымызда, жеке тұлғаның теориялық  бiлiмi мен практикалық тәжiрибесiне сай белгiлi бiр мiндеттердi орындауға  дайындығы және қабiлетi. Нақтылай айтып  кеткен жөн, “дайындық” ұғымы «бәрi орындалған, бiр нәрсе үшiн бәрi дайын» дейтiндей жағдай мағынасын анықтау мүмкiндiгiн бiлдiру үшiн қолданылады. 

Бұл мағыналар  құзыреттiлiктiң мәнi мен мазмұнын жеткiзiп, ашып тұрады. Құзыреттiлiк теория мен практиканың бiрлiгi негiзiнде  қалыптасады. Ол жансыз жаттанды бiлiм  түрiнде емес, жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгiлi мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысымен нәтижелерiн талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.

Н.С. Розов құзыреттiлiктiң екi жағы болатынын анықтайды да, бiрiншi жағына танымдық және практикалық жаңалық еңгiзудi (инновация) ассимиляциялау мүмкiндiгiнен, екiншi жақты - бiлiм беру жүйелерiнiң әр түрi, тип, профилi сатыларына қойылатын бiлiм талаптарын анықтау мүмкiндiгiмен байланыстырады.

Талдау  көрсеткендей, құзыреттiлiктiң көрсетiлген бiрiншi жағы құзыреттiлiктi стандартты емес (тосын) жағдайда жүзеге асыру  деңгейiн белгiлеудiң индикаторы ретiнде iс - әрекет етсе, екiншi жағы оның ең аз деген, қажеттi деңгейiне қойылатын  талаптарды белгiлеудiң қайнар көзi болып табылады. Демек, бұл екi жақ iс жүзiнде құзыреттiлiк көрiнiстерiнiң құлдилама деңгейiнiң диапазонын анықтайды.

Қоғамдық  санада шығармашылық iс - әрекеттiң негiзгi басылымдық ретiнде танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды, бiлiм беру деңгейлерiнде мұғалiмнiң өзiн - өзi, өзiнiң бар күш - қуатын iске қосуға бағытталған шығармашылығын дамытуға жағдай жасауды талап етуде. Мұғалiмнiң кәсiби шығармашылыққа деген еркiндiгi мол деп ресми түрде жарияланып жүргенiмен, шеберлiктi меңгерiп шығармашылыққа жету үшiн арнайы дайындытың қажет екенi даусыз. Сондықтан әр деңгейдегi әдiстемелiк жұмыстардың басты мақсаты - мұғалiмнің сұраныстарын қанағаттандыру, тиiстi ғылыми - педагогикалық сүйемелдеу арқылы жаңаша жұмысқа деген ұмтылысына дем беру, өз философиясына, кәсiби бағыттылығына сәйкес технологияны таңдап алуына көмектесу болып табылады. Демек, әдiстемелiк, бiлiм көтеру жұмыстарының сапасын арттыру- кезек күттiрмейтiн шаруа. Осыған орай республикадағы мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыратын институттар жүйесi өз жұмыстарына инновациялық тұрғыдан қайта қарап, мамандардың шығармашылық әлеуетiн арттыру бағытында бетбұрыстар жасады. Бiлiктiлiктi арттыруды технологияландыру, оның мазмұнының тыңдаушылыардың сұраныстарына жауап беруiн қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың соңғы мүмкiндiктерiн пайдалану жолға қойылып келедi.

Мұғалiмдердiң  бiлiмiн көтеру жұмыстарын ұйымдастыруды  жоғарыдағы құрылымнан тұратын әрекеттiк  негiзде жүргiзу - олардың кәсiби шығармашылығын арттырудың басты кепiлi. Жаңа бiлiмдi танымдық белсендiлiк арқылы iске асады. Бiлiмдiк әрекеттер - тұлғаның өз өмiрiн өзгертуге бағытталған әлеуметтiк белсендiлiгi. Бiлiмдiк әрекетте мұғалiм жаңалықты ашып, оның дамуының диалектикасын меңгередi, өткен тәжiрибеге қайта қарап, оның құрылысын жаңартады сол арқылы өзiн - өзi таниды, табады, айналаны, қоғамдық өмiрдi өзгерте алатын белсендi субъектiлiк жағдайына келедi.

Информация о работе Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде