Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 12:42, реферат

Краткое описание

Елiмiз өркениеттi елдер қатарына қосылып, егемендiк алған тұста осы елдiң келешегiн жалғастырар, экономикасын, мәдениетiн көтерер ұрпақ тәрбиелеу – бүгiнгi күннiң талабы. Егер қоғамымыздың әрбiр мүшесiн тәрбиелеуде ұстаздардың қолтаңбасы болатын болса, онда ол мұғалiмдiк мамандыққа баулудың салмағы одан әрi ауырлай түсетiнi белгiлi. Қазiргi таңда мұғалiмдерге қойылып отырған талап жан – жақты. Олардың кәсiптiк бiлiктiлігi, ойлау мәдениеттiлiгi, этикалық, құқықтық нормаларға сай болып, әдiстеме ғылымының жаңалықтарымен қаруланып, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруi есепке алынады. Мұғалiмдерге қойылатын талаптың кәсiби – педагогикалық деңгейiнiң бұлайша жоғарлауы мен қоғамдағы мұғалiмнiң еңбегiне берiлген бағаның төмендеуi мұғалiмдердiң жаңа буынының қалыптасуына кедергi болып отыр.

Содержание

I.Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде.
2.2. Мұғалімнің кәсібилік біліктілігінің маңызы және оның жолдары.
2.3. Мектеп мұғалімінің кәсіптік шеберлігін жетілдіру әдістері мен ұйымдастыру формалары.
III.Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымша №1

Прикрепленные файлы: 1 файл

Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде.doc

— 174.00 Кб (Скачать документ)

Қазiргi педагогикалық технологиялардағы  жаңашылдықты тану тиiмдi қолдану барысында  мұғалiмнiң шығармашылық әлеуетiне негiз  болатын қасиет сапалары iске қосылып, танымдық үрдiстердi өн бойынан өткiзедi. Өйткенi кез келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелiнедi. Оқыту теориясы - мұғалiмнiң шығармашылығының негiзi. Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалiм мен оқушы әрекетi түрiнде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесiн тиiмдi құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтиженi интуитивтi түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының iргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетiн сабақ жоспарын құру, ұйымдастыра алу – сөзсiз, шығармашылықтың нәтижесi.

Қорыта келгенде айтатыным: «шығармашылық - проблемалық сипаты бар, барлық iшкi байланыстарды бiрiктiретiн, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекетi» деген тұжырым жасауға болады. Мұғалiмнiң өз бiлiмiн көтеруге қатысуы оның педагогикалық, әлеуметтiк, кәсiби әрекетiндегi мәселелердi табысты шешуiн қамтамасыз етедi, басқаша айтсақ, кәсiби шығармашылығын дамытады.

Шығармашылық жолы - ол үмiттер мен күдiктер, жеңілістер мен жеңiстер жолы. Осы жолдан өзiне сабақ ала бiлу, жетер биiгiн белгiлей алу, өзiнiң жетiстiктерi мен кемшiлік тұстарын талдай алу- мұғалiмнiң өзiн - өзi шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.

Әлемдiк деңгейдегi үздiк тәжiрибелердi ескере келiп өмiрге батыл қадам жасап отырған бүгiнгi оқыту технологиясының кескiндiк жобасына шәкiрт көзiмен қарағанда былай:

Оқушы тиiстi материалды мұғалiммен, сыныптастарымен  пiкiрлесе отырып ұғынады; түсiнiгiн өзгеше сараптап, оған зейiн қояды; еске сақтайды; ұғым-түсiнiгiн өзiнше айтып шығады; алған бiлiмiн өмiрде қолданып байқайды.

Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ-кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы  оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегідей психологиялық критерийлерiн анықтаған:

1.Объективтi  критерийлер: мұғалiмнiң өз мамандығына  қаншалықты сәкес, әлеуметтiк тәжiрибеге қосар үлесi қандай екендiгi. Жоғарғы еңбек көрсеткiшi, әртүрлi мәселелердi шығармашылықпен шеше алу бiлiктерi т.б. жататындығын атап өтедi.

2.Субъективтi критерийлерi:адамның мамандығы  қаншалықты оның табиғатына, қабiлеттерi мен қызығушылықтарына сәйкес; қаншалықты ол өз iсiнен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалiм еңбегiндегi субъективтi критерийлерге сондай-ақ кәсiби - педагогикалық бағыттылық, кәсiптiң маңыздылығын оның құндылығын түсiну, маман иесi ретiнде өзiне позитивтi көзқарастың болуын жатқызады.

3. Нәтижелi  критерийлер: мұғалiм өз iсiнде  қоғам талап етiп отырған нәтижелерге  қол жеткiзiп отыр ма деген  мәселе тұрғысынан қарастырылады.  Бұған қатысты қазiргi уақытта  әртүрлi түсiнiк бар екенi белгiлi. Бiреулер нәтиже ретiнде оқушылардың бiлiмдерiнiң стандартқа сай болуын алса, ендi бiреулерi олардың қарым - қабiлетiн дамытуды алады, ал кейбiреулерi оқушыладың өмiрге дайындығын басты назарда ұстайды. Осы тұста өз көзқарасымызды бiлдiре кетсем, оқыту нәтижесi бiз үшiн баланың психикалық функцияларының жетiлiп, өзiнiң практикалық әрекетi арқылы алған бiлiмдерiн өз өмiрлiк мәселелерiн шешуде қолдана алуы. Мұны қазiр құзырлықтар деп те атап жүрмiз. Тек сонда ғана мектеп бiтiрушi мына өзгермелi қоғамда өзiн - өзi дамытуға, өз бетiнше өмiр сүруге дайын болады.

4.Шығармашылық  критерийлерiне: мұғалiмнiң өз кәсiбiнiң  шекарасынан шыға алу, сол арқылы  өз тәжiрибесiн еңбегiн өзгерте  алуы жатқызылады. Шындығында  да шығармашыл мұғалiм үшiн  бiреудiң тәжiрибесiн қайталағаннан  гөрi өз жаңалықтарын, бiлгендерi мен түйгендерiн басқаларға ұсына алудың шығармашылық бағыттылықтың болуының негiздерiн меңгеру, кәсiби шеберлiктiң баспалдақтарынан өту арқылы адам кәсiби шығармашылықа жетудiң шыңына көтерiледi. Мұнда шығармашылық әлеует өзiнiң шырқау шегiне жетедi.

Кәсiбилiктiң  бiрден келе салмайтындығы белгiлi, оны  әр мұғалiм ерте ме, кеш пе меңгеруi тиiс. Ал, А.К.Маркова оның кезеңдерiн  төмендегiдей етiп бөледi: мұғалiмнiң  өз мамандығына бейiмделу кезеңi; мамандықта өзiн - өзi актуалдандыру  кезеңi; мамандықты еркiн меңгерген кезең; мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Соңғы кезеңде автордың пайымдауынша мұғалiм өз тәжiрибесiн өзiнiң шығармашылық iзденiстерiмен толықтыру, авторлық еңбектерiн кеңiнен қолдануды кәсiби жоғары деңгейде iске асырады. Ғалым кәсiби құзырлықтың сипаттамасын шебер - мұғалiмнiң, жаңашыл - мұғалiмнiң, зерттеушi мұғалiмнiң және кәсiбилiк дәрежесiне көтерiлген мұғалiмдердiң жиынтық образы ретiнде қабылдай отырып, мына төмендегiдей салыстырмалы кесте түрiнде бередi:

Шебер-мұғалiм

Жаңашыл- мұғалiм

Зерттеушi- мұғалiм

Кәсiбилiк  деңгейдегi мұғалiм

Ғылым мен практикаға белгiлi тәсiл-дердiң  үлгiлерiн жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптан тыс педагогикалық мiндеттердi шеше алады (өзi үшiн жаңалық ашады). Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады. Тұрақты жоғары тиiмдiлiктi көрсетедi. Басқа мұғалiмдерге өз тәжiрибесiн таныта алады.

Тұтас педа-гогикалық жүйелер немесе жеке тапқыр тәсiлдер таба, қолдана бiледi. Шығармашылы-ғын көрсете алады (басқалар үшiн жаңа болып табылатын). Еңбектiң негiзгi нәтижесi ретiнде оқушылардың психикалық дамуына бағыт ұстайды. Жаңалықты iздеуде тиiмдiлiк көрсетедi. Жеке тұлға.

Өзiнiң  тапқыр мәндiлiгiн зерттеп оған баға беруге ұмтылады. Жаңаны iздеуде ,,оқушыдан,, әрi қарай жүрiп, оқушы үшiн оны  жүзеге асырады. Зерттеушiге тән қасиеттер иесi: жаңаның жаңашылдығын анықтай алады.

Психикалық  жағынан өзiн-өзi дамытуға ұмтылады. Жа-ңаны iздеуде ,,оқушыдан,, әрi қарай  жүрiп, оқушы үшiн оны жүзеге асырады. Зерттеушiге тән қасиеттер иесi: жаңаның  жаңашылдығын анықтай алады.


Мұғалiмнiң  акме жағдайына жетудегi тағы да бiр  басқыш - оның кәсiби құзырлылық деңгейi “Құзырлылық” ғылымының қазақ тiлiндегi түсiндiрмесi “жасай алу” деген мағынаны бередi. Кәсiби құзырлылық психология, әлемтану, педагогика ғылымдарының түйсiну нүктесiнде пайда болады.

Белгiлi ғалым М.М. Чошанов құзырлылықты бiлiм, бiлiк, дағдысының өзара байланысы  деп қарап, оның төмендегiдей формуласын ұсынады: бiлiмдi қолданудың жылдамдығы әдiстердің орамдылығы ойлаудың сынаулығы. Н.В.Кузьминаның көзқарасы бойынша бұл ұғым педагогтың басқа бiр адамды дамытуына негiз болатын бiлiмдiлiгi мен абыройлылығы. Қазiргi уақытта екi типтегi мұғалiмдердi бөлiп қарауға болады. Бiрiншiлерi: жаңалыққа құмар, тиiмдi тәсiлдердi таңдай алатын, жүйелiлiкпен ойлай алатын, өзiнiң педагогикалық әрекетiн талдай алатын,еңбекке деген жоғары мотивтерi бар мұғалiмдер. Олар акме-жағдайға жақын тұрғандар. Екiншi топта: оқыту мен тәрбиелеуге бiр ғана өзiнше дұрыс көзқарасы қалыптасқан, оқушылар мен олардың ата-аналарына әсер ете алмайтын, психологиялық бiлiмi төмен, өзiн-өзi дамытуға қызығушылығы төмен т.б. Бiлiм беру жүйесiндегi қазiргі “субъект-субъектiлiк” жағдай басқа адамға тек акмеологиялық деңгейi жоғары, басқаша айтсақ акмеологиялық сапалы адам ғана әсер ете алатындығын көрсетiп отыр. Ал мұғалiмнiң сапасы тұлғаның сапасын дамытатын кәсiби әрекеттiң сапасы. Бұл бiлiмнiң сапасын қамтамасыз етедi деп айтуға әбден болады. Сондықтан мұғалiмдердiң сапасын арттыру iсiмен айналысатын бiлiктiлiктi арттыру мекемелерiнiң негiзгi мақсаттарының бiрi де олардың кәсiби әрекеттiң шыңына шығуына жағдай жасау. Бұл салада жұмыс жасайтын мамандарды тыңдаушыларға акмеологиялық тұрғыдан әсер ете алуы бiлiктiлiктi арттырудың ақырғы нәтижесiнде байқалады. Ал оның көрсеткiштерiне мыналарды жатқызуға болады:

1. Бiлiмдiк үрдiстiң субъектiлерi арасындағы өзара әрекеттестiктiң дәрежесi;

2. Оның  тыңдаушының жеке және кәсiби  сүзгiлері арқылы өн бойына  даруы; 

3. Субъектiлердiң  кәсiби әрекетiн дамыту мақсатындағы  бiр-бiрiне деген сенiмiнiң дәрежесi;

4.Өзара  әрекеттесудi кеңiстiк-уақыт параметрiнде ұйымдастыру деңгейi;

5.Субъектiнiң  бiлiмдiк үрдiстi өз кәсiби деңгейiн  дамыту тұжырымдамасын жүзеге  асыру құралы деп түсiне бiлу  деңгейi. Бұл аталған мәселелердiң  барлығы бiлiктiлiктi арттырудың көрсеткiштерiн  құрайтын көп құрылымды жүйенiң қатарына жатады. Бiлiм көтеруде тыңдаушыларға акмеологиялық әсер ету психологиялық және педагогикалық технологияларды тиiмдi қолдану нәтижесiнде iске асырылады.

 

2.3. Мектеп мұғалiмнiң  кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру әдiстерi мен ұйымдастыру формалары.

 

         Мұғалiмнiң шығармашылық әлеуетiн  дамытуға қажеттi факторлардың бiрi  – бiлiктiлiктi арттыру iсiн оның  өзiн-өзi дамытатындай етiп ұйымдастыру.  Ол үшiн мына төмендегi ережелер  еске алынуы қажет: 

-тұлға  қайталанбайтын ерекше тұтастық, оны сол тұтас күйiнде зерттеу керек:

-адамның  табиғатында оны өзiн-өзi жетiлдiру, дамытуға ұмтылысының негiзгi қаланған (А. Маслоу):

-тұлғаның  өзiн-өзi дамытуының қозғаушы күшi - оның алдына үнемi жаңа мақсаттар  қойылып, оған жетуге ұмтылдырып  отырған мотивтер құндылықтар. Барлық мотив iшiндегi ең ерешеленетiнi - “өсу мотивi” (К. Роджерс), “даму мотивi” (Г. Олпорт). Оларды үнемi қолдап, құнарландырып отыру қажет:

-“адамның iшкi әлемi сыртқы әсер етушiлерге  қарағанда оның мiнез-құлқына  әлдеқайда күштiрек әсер етедi” (К.Роджерс):

-тұлғаға  жанама әсер ету керек, ол  тұрпайылықты көтермейдi.

Бiлiктiлiктi арттыру-мұғалiмдердiң құқықтары  әрi мiндетi бiлiм беру жүйесiнiң тұрақты  дамуының кепiлi, мемлекеттiң дамуының құралы болып табылады. Мұғалiмдердiң  бiлiктiлiктi арттыру барысында шығармашылық әлеуетiн дамыту бiлiмiнiң акмеологиялық, сенергетикалық, аксеологилық, андргогикалық негiздерiнiң жиынтығын жүзеге асыру жағдайында нәтижелi болады. Ондағы оқыту үрдiсiнiң тиiмдiлiгi бiлiм алушылардың өзiн-өзi дамытып, өзiн-өзi рефлексиялайтын әдiстер мен формаларды қолданғанда арта түседi. Бұл – бiлiмде нәтижеге жетудiң шарттарының бiрi. «Нәтиже» ұғымы қазiргi уақытта бiлiм алушының ненi түсiнетiндiгiнiң, бiлетiндiгiнiң, жасай алатындығының көрсеткiшi. Мұндағы ,,жасай алу,,- бiлiмдi пайдалана алу, өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда оларды кәдеге жарата алу деген сөз. Елiмiздегi бiлiм саласы көшiп жатқан нәтижелi оқыту моделiндегi басты жаңалық та, мақсат та осы. Бұл жағдай осы кезге дейiн мамандардың пәндiк кәсiби аймақтары аясында қызмет етiп келген бiлiктiлiктi арттыру жұмысындағы тәжiрибеге түбегейлi өзгерiстер еңгiзудi талап етедi. Өйткенi бұл үрдiстiң белгiлi бiр компоненттерiн жетiлдiрудiң жеткiлiксiз екенiн өмiр көрсетiп отыр. Мұғалiмдердiң шығармашылық әлеуетiн дамытуға бағытталған бiлiм көтеру жұмысының жаңа мазмұны, креативтi-дамытушылық орта, бiлiм алушыларды белсендi әрекет жағдайында қоятын әдiстер мен технологиялар және оқытушының фасилилитаторлық қызметi бiр арнаға тоғысқанда жаңа формация ұстазы қалыптасады. Оқытуда нәтижелiлiк қамтамасыз етiледi.

Қазiргi заман талаптарына сай мұғалiмдердi даярлауда жаңа мақсат мiндеттер  қойылып отыр. Мұғалiмнiң кәсiби бiлiм  мен бiлiктiлiгi жоғары деңгейде болып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерiн  дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабiлеттерi болуға тиiстi. Мұғалiмнiң кәсiби даярлығын жетiлдiруде екi негiзгi мiндеттi орындау қажет:

Бiрiншi мәселе –ұстаз қызметiнде тәрбие беру мәселесi;

Екiншi мәселе – дидактикалық даярлығын  арттыру.

Елiмiздiң  жоғары оқу орнындарында мұғалiм-тәрбиешi даярлауды жетiлдiру бағыттарын талдай келе, мынадай қорытындыға келуге болады: тәрбиешi - мұғалiм даярлауды жетiлдiру барысында бiрнеше бағыт анық байқалады. Қоғамдық тәрбие саласындағы мақсатты талаптардың өзгеруiмен қатар мұғалiмнiң тәрбиелiк жұмысына қажеттi дағдылар, мүмкiндiктер бiлiм ауқымын анықтау мұғалiм даярлаудың мiнсiз нәтижесiн ұсынудың көптеген нұсқалары жинақталған. Маман моделi, кәсiптану, кәсiби паспорты, бiлiктiлiк сипаттамалары. Мұндай өлшемдiк бейне мұғалiм даярлау мақсатына қызмет етiп, оның бағдарламасын анықтайды.

Педагогикалық қызметтi, оның құрылымдарын, мiндеттiк  бөлшектерiн, жүйелi ұйымдастыру қағидаларын  зерттеу мәселелерiн қамтитын басқаша  бағыт саласында маңызды теориялық  және тәжiрибелiк мәлiметтер де баршылық. Демек, бұл жерде ғылыми бiлiмдердi теңестiру емес педагог даярлауды бiр қалыпқа түсiру идеясы жинақы түп негiз бiлiмдерi мен дағдыларын iздестiруге ынталандырады. Сондықтан болашақ мұғалiм- тәрбиешi жұмысының, мазмұндық және мiндеттiк қырларын нақтылау факультет пен мамандық ерекшелiгi ескерiлiп, қажеттi және сiлтеме мәлiметтердi таңдап алу негiзiнде жүргiзiлу қажет. Осыған орай педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, алдымен тұлғаның сыр-сипаты мен болмыс бiтiмiн жан-жақты терең түсiне бiлуi керек. Ұстазға осы орайда жұмыс iстеудi өз заманында-ақ К.Д.Ушинский (1823-1870)көрсете бiлген бұл ұстаным күнi бүгiнге дейiн өзiнiң мінiн жоғалтқан жоқ. Қайта уақыт талабына үйлесiмдi педагогикалық қағида қатарындағы ережелiк тағылымға айналып отыр.

Бүгiнде қайтадан жаңғыра жасарып отырған антропологиялық құндылықтар имандылықты тiренiш еткен адамгершiлiк танымдық өмiрдегi өрнектерiн өрiстетуге бағдар берумен қатар ұсынар тағылымы мен өнегелiк үлгiсi екендiгiн этнопедагогика пәнi дәлелдей түсуде. Өткен ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап оқу орындарында жаңа бетбұрыс жасалғаннан берi республикамызда этнопедагогикаға байланысты қаншама еңбектер жарық көрiп, сандаған ғылыми диссертациялар қорғалып бiрнеше оқу құралдары дүниеге келдi. Олардың барлығы бiрдей керемет деп танылмағанымен де өз дәрежесiнде жастарға өнегелiк үлгi берерлiк, аға ұрпақтың аңсарындағы қыжылын басарлық iзденiстер болып отырғаны белгiлi. Осы негiзде сұрыпталған оқу бағдарламалары мен оқулықтар, оқу кұралдарының дүниеге келе бастауы үлкен өзгерiс туғызбағанымен де тәрбие саласындағы зәрулiктi өтеуге ықпал етiп отырғаны жұртшылыққа аян. Ал мұның қаншалықты жүзеге асып, қандай нәтиже берiп жатқандығы мектеп басшылары мен ұстаздардың жауапкершiлiгiне байланысты. Тым алысқа бармағанның өзiнде, ұзақ жылдар бойы отаршылдық салдарынан мәдени езгiге түскен адамдардың өзiн-өзi жатсынып, туған тарихынан, дiнiнен, тiлiнен, салт-санасынан сырттап, рухани тапталуы, тәрбие жүйесiндегi асылын аяқ асты етуге душар еткенi жиi айтылады. Ал одан айығу мәселесiне келгенде тым шорқақпыз. Дәлiрек айтсақ, кешегi кеңестiк асыра сiлтеу мен әмiршiлдiк әдiстер шырмауынан ұзай алмай кiбiртiктей берудемiз. Оның үстiне игiлiктi бастама көтерудiң орнына анау жоқ, мынау жоқ деп сарнағанда алдымызға жай салмайтын әдетiмiз тағы бар. Ата дәстүрiндегi алысты жақын, жақынды батыр ететiн қасиеттерден өгейсiгендiктен басқа тiлде тәлiм алып, басқа дәстүр бойына сiңген қандастарды ұлттық тағылымынан жұрдай, тек аты-жөнi, жалпақ бетi мен сығырайған көздерi ғана қалған дүбара қазақ деп айтпаймыз, ал оларға әсерлi ықпал етiп, өмiрге үйлесiмдi жол-жосық танытып, оны жүзеге асыруға келгенде тым дәрменсiзбiз. Бұл салада бойға сiңген әдеттерiнен қол үзбеуге тырысып, оларда қарап жатқан жоқ, астыртын күресiп, кем-кетiктерiмiздi тiзiп, уақыт еншiсiнде қалған ақаулықтар мен әлсiздiктерi құрттай санап, құбылаға қарап қол сiлтеп жатады. Басқа тiлдiң үстемдiгi арқасында қолдары жеткен мансабы мен билiктерiне мәз болып масайрайтынын қайтерсiң. Әрине,сөз арасында айтқанымыз болмаса, оны талдап талқылауды идеология саласындағы социологтар мен тарихшылардың еншiсiне қалдырғанымыз жөн шығар.

Информация о работе Педагогикалық қызметтегі мұғалімнің біліктілігін дамыту- әдістемелік проблема ретінде