Педагогика ғылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2012 в 00:23, реферат

Краткое описание

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Педагогика нысаны.docx

— 48.42 Кб (Скачать документ)

Табиғи эксперимент өткізу үшін зерттеуші жобаны оқу- тәрбие, басқару жұмысының күнделікті жоспарына  енгізеді. Зертханалық эксперимент  арқылы зерттеуші өзінің гипотезасын  алдын ала тексеру үшін жасанды  жағдайлар жасайды. Ол рөлдік ойынға ұқсас, себебі тәжірибедегі керек модель тексеріліп, табиғи экспериментке енгізу үшін өзірленеді. Нәтижесінде эксперимент  бағдарламасы жан-жақты түзетіліп, табиғи экспериментте қолдануға  әзірленеді. Табиғи педагогикалық процестің  нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша  тәрбие, білім беріледі.

Мектеп құжаттарын зерттеуде  кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Мұрағат  мәліметтері, сынып журналдары, оқушы  күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен  есеп, үйірме мүшелерініңбаяндамалары, педагогикалық кеңестің хаттамалары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің  озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік  баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар  мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат  мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері менкемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары  және еңбек сабақтарында жасаған  заттары зерттеушіні кейбір қажетті  мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың  дербес қабілетін, оқуға және еңбекке  көз-қарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп  анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудық тиімді жолдарын іздестіреді.

Кибернетикалық және математикалық  әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әр түрлі педагогикалық  құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштерді, мысалы, оқушының сабаққа қатысуын, алған бағаларын, мектепте таза, жинақты жүруін, т.б. белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни, бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.

Педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану  эксиперименттік зерттеулердің  сандық деректеріне статистикалық  өңдеу жасау үшін қажет.


Информация о работе Педагогика ғылымы