Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2012 в 00:23, реферат
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
2. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу
əдістері – білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан
тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге
озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер
мен қатардағы тəлімгерлер
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа
бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп
жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады;
сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс
жұмыстарына тікелей
Бақылау – орындалуы тұрғысынан
ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі
де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау
барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің
тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері
(көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы)
ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан
ауытқуына себепші болуы
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды
материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ
жауаптары жазба күйінде
Құнды материал оқушылардың
шығармашылық туындыларын зерттеу
əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер
орындаған жазба, графикалық, шығармашылық
жəне бақылау жұмыстары; балалардың
суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы
бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай
жұмыстар оқушылардың даралық
Педагогикалық зерттеудің қандайда
бір əдіс не тəсілінің педагогикалық
тиімділігін анықтау үшін арнайы
ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент
ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент
міндеттері:1) жобаланған педагогикалық
құбылыс жəне оның іске асуында көрініс
беретін себеп-салдарлы байланыстар
мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа
зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
3) педагогикалық ықпал мен
- əдістемелік (зерттеу
əдістемесі мен оның оның
- эксперимент жұмысы –
бірнеше тəжірибелік зерттеу
əрекеттерін орындау (ситуация
түзу, бақылау, тəжірибені басқару
жəне зерттеушілердің жауап
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент
Жоғарыда аталған əдістер
тобы педагогикалық құбылыстар танудың
эмпирикалық мақсатымен байланысты
келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық
деректерді жинақтауға арналады. Ал осы
топталған алғашқы деректік материалдың
мəн-мағынасын ашып, заңдары мен
заңдылықтарын анықтау
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.
Индуктив жəне дедуктив əдістер
– эмпирикалық жолмен алынған
ақпаратты қорытындылаудың
Теориялық əдістің қажеттігі
проблема анықтауға, гипотеза белгілеп,
жинақталған деректердің
- жалпы адамтану, соның
ішінде педагогика
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен
сыбайлас пəндер бойынша
Əдебиеттермен танысудың
арқасында қай проблеманың
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.
Педагогикадағы математикалық
жəне статистикалық əдістер
Мұндай есептерді жүргізу
үшін белгілі формулалар, анықтама
таблицалар қабылданған. Осы əдістермен
жинақталған көрсеткіштердің
Педагогика ғылымында
жас зерттеушілердің араласуын
күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз
болған құбылыстар байланысы мен
тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде.
Педагогиканың жемісті дами түсуінің
басты шарты – ғалымдар мен
педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті.
Егер осы теориялық жəне тəжірибелік
ізденістер аталған педагогикалық
əдістер жүйесін жете білумен
жүргізілетін болса ғана, педагогтың
өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық
ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп,
талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие
ұйымдастыру жолындағы
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т.б.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дегіінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.
Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді.
Дефектология - педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді.
Сурдопе¬дагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы.