Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2012 в 00:23, реферат
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Тифлопеда¬гогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Олигофренопедагогика -ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы.
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан
қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының
мәнін былайша түсіндіруге
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер
философия мен педагогика ғылымдарының
бірігіп зерттеуін қажет етеді.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және
тәрбие беру жүйесінің негізі жас
ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты.
Мұғалім балалар ағзасындағы
жоғары жүйке қызметін, тыныс алу
және қан және жүрек-тамыр жүйесінің
физиологиялық ерекшеліктерін жете
білуі қажет. Ол осы мәліметтерге
сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін,
әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық
және теориялық мәселелерін дұрыс
шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның
дамуы барысындағы анатомиялық-
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғүрпын, мәдениетін зерттейді.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады.
Кибернетика - (грек сөзі) - басқару өнері. Кибернетика – жас ғылым, ол XX ғасырдық 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика – күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылыңтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Әлеуметтану(социология) - ғылымы
мен тығыз байланысыты. Педагогика
ғылымы нақты мәселелерді зерттеп
жинақтауға әлуметтану ғылымы әлуметтік
ортаның адамға қатысын қарастырады.
Жас ұрпақты тәрбиелеу
Психология- педагогика ғылымы психология ғылымымен тығыз байланысты. Психология психикалық үрдісті (адамның зейінін, ойлауын, есін, қиялын және адамның дербес ерекшеліктерін, темперамент, мінез, қабылдауын зерттейді), ал педагогика осы мәселелерді қолданып, жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру үшін пайдаланады.
Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогика – ақиқат ғылыми
көзқарас болып есептелетін және
объективтік дүниені танудық, білудің
және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір
әдісі болып саналатын
Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.
Методология - дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Педагогиканың методологиясы дегеніміз - кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. "Даму" сөзі - философиянікі.
Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.
Педагогикалық бақылау.
Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді.
Бақылау арқылы мұғалім өте
құнды материалдар алады. Байқағыштық
- педагогикалық біліктіліктің
Л.Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген.
Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты.
Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.
Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.
Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудық негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.
Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.
Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.
Бақылаудық бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.
Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудық табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты.
Ұжым болып бақылау
кезінде біріншісі - зерттеуші мұғалімнің
іс-әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі
- жекелеген оқушылардың іс-
Зерттелетін педагогикалық
құбылыстардың жасырын
Адамның жеке өзі қалғандағы
және біреу қарап тұрғандағы мінезі
түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас
дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз.
Сондықтан жабық бақылау
Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.
Үздіксіз бақылау
Монографиялық бақылау арқылы
алуан түрлі педагогикалық
Бақылау фактілері кезінде
белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген
бақылаудық өзі де құндылығын жоғалтады.
Бақылауды күнделік дәптер түрінде
жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың
денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының
мамандығы жөнінде қысқаша
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардық дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме Бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.
Педагогикалық эксперимент
- педагогика ғылымындағы негізгі
әдіс. Эксперимент - оқыту және тәрбиенің
қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе
арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық
эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық
ықпал мен оның нәтижелері арасында
байланыс орнату. Эксперимент өткізер
алдында белгілі бір
Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдық 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға көшті.
Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті
санада жасау. Жасанды жағдай - бір
не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу.
Эксперимент педагогикалық
Тексеру эксперименті, ғылыми
педагогикалық зерттеу
Мақсатына қарай эксперимент
анықтаушы, тексеруші, нақтыландырушы
деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені
зерттеу процесінде жасалған гипотеза
тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент
арқылы жақсы жағдайлар жасалады.
Зертханалық эксперимент