Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2012 в 00:23, реферат
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
3. Педагогика жəне басқа ғылымдар
Адам жөніндегі ғылымдар
жүйесіндегі педагогиканың орны
оны басқа ғылымдармен
Педагогиканың философиямен
байланысы өте бір ұзақ та өнімді
болды, себебі философиялық идеялардан
педагогикалық тұжырымдар мен теориялар
туындап отырды. Педагогикалық ізденістердің
бағыттары белгіленді, сонымен бірге
педагогиканың əдіснамалық
Педагогиканың ежелден келе
жатқан дəстүрлі де аса бір құнды
байланысы жантану (психология) ғылымымен
орныққан. Адам табиғатын білу, оның
тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін
түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік
қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар
жəне оларды басқарушы тетіктерді ескеру,
сонымен бірге оқу мен тəрбие
жүйесін осы психикалық заңдылық,
қасиет-сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге
негіздей отырып құрастыру талаптарын
елеулі ғұлама-педагогтардың бəрі де
алға тартып отырған. Дегенмен, ескеретін
жəйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын
бір жақты тек психологиялық
шарттармен ғана түсіндіру шынайылыққа
келмейді, себебі педагогтар мен балалар
өмірі табиғи заңдылықтардан кейде
басымдау түсетін əлеуметтік-
Педагогиканың басқа ғылымдармен
байланысы адамды тұлға ретінде
зерттеуімен ортақ келетін
Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи жəне əлеуметтік факторлар арақатынасынан туындайтын проблема - педагогика үшін өзекті мəселелердің бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биология ғылымында бұл мəселе аса маңыздылығымен танылған.
Адамды табиғи жаратылыс туындысы жəне əлеуметтік болмыс жемісі ретінде қарастыра отырып, педагогика антропология ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бəрін жалпыланған адам бойында теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы болмысын тануға жол ашады.
Педагогиканың медицинамен байланысының нəтижесінде педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тəсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.
Сонымен бірге педагогиканың
дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде,
оны əлеуметтік қатынас, байланыстар
жүйесінде зерттеуші ғылымдарға
да тəуелді келеді. Сондықтан да
осы заман педагогикасының
Педагогика жəне экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.
Педагогиканың əлеуметтану
ғылымымен байланысы ежелден
келе жатқан, дəстүрлі. Себебі бұл екеуін
де толғандыратын ортақ
Қоғам мен мемлекеттегі білім
саясатының қалыптасуы əрдайым үстемдік
жүргізуші партиялар мен
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
– басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
– бұл ғылымдарда қолданылатын
зерттеу əдістерін
– психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін педагогикада қолдану;
– адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
Жекеленген əдістемелер – оқудың жалпы заңдылықтарын жəне пəндерді оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пəн дидактикасы.
Педагогика тарихы – əрқилы тарихи дəуірлердегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру тəжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы, салыстырмалы педагогика, əлеуметтік педагогика ж.т.б.
Педагогиканың зерттеу әдістері
15 декабря в категории На Казахском » Рефераты » ПедагогикаОтзывы: 0
Педагогикалық зерттеу әдістері
1.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық
зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы
жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі
болып үш топқа бөлінеді. Іргелі
зерттеулер нəтижесінде педагогиканың
теориялық жəне практикалық жетістіктерін
қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады
немесе болжам жобалаумен педагогикалық
жүйелерді дамытудың моделдері
ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер –
бұл педагогикалық процестің
кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан
қырлы педагогикалық қызметтің
заңдылықтарын ашуға
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс
педагогикалық практиканы талдаудың
нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми
проблеманың өз негізі басқаша. Оның
міндеті ғылым құрал-
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалылық тиегі
аяқталған зерттеулердің
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы
мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы)
бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық,
эксперименталды-теориялық
Зерттеудің эмпирикалық
сатысында зерттеу нысанының
қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім
тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі
мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі
арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді,
ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық
талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің
алғашқы тұжырымдамалары
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде
назарға алынған нысан
Теорияның белгілі қалыпқа
келуі прогностикалық сатыға жол
ашады, осының нəтижесінде тұтастай
құрылым болып танылған зерттеу
нысаны жөніндегі соңғы алынған
идеялық ақпараттар мен олардың
ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін
көрегендікпен алдын-ала