Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2012 в 00:23, реферат
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.).
Педагогика нысаны. Педагогика
ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде
батыл ой ұсынған ғалым жəне практик
А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік
педагогика нысаны бала деп біледі,
алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика
зерттеулерінің объектісі– бұл «педагогикалық
дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам
да зерттеуші назарынан тыс
Педагогика пəні. Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.
Социолог өз міндетіне
орай білім жүйесінде дайындықтан
өткен адамдардың əлеуметтік ортаға
икемдесу қабілеттері мен ғылыми-
Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т.с.с.
Əлеуметтік құбылыс болған
білімді зерттеудегі əртүрлі
ғылымдардың қосқан үлесі, əлбетте,
құнды да қажетті, бірақ олардың
бəрі де адамның күнделікті өсу жəне
даму процестерімен байланысқан
білімнің мəндік астарын жəне сол
даму процесіндегі педагог пен оқушы
ықпалдастығы мен оған сəйкес жүйелік
құрылымдарды назардан тыс қалдырады.
Солай болуы заңды да, себебі аталған
проблемалардың баршасы арнайы ғылым
– педагогиканың зерттеу
Осыдан, педагогиканың пəні
– арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда):
отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие
орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған
шынайы біртұтас педагогикалық процесс
ретінде көрінетін жүйеленген білім
саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір
адамның бүкіл өмір бойы дамуының
кепілі жəне құралы болған педагогикалық
процестің мəні мен мазмұнын, заңдары
мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі
бағыт-бағдары мен болашақ
Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру
– озат əрі жаңашыл
- анықтау (диагностикалық)
– педагогикалық құбылыс
- болжау (прогноздау) – барша
педагогикалық жағдаяттарды
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
- жобалау (проекттеу) –
педагогикалық іс-əрекет пен
- жаңалау – тəрбие
жəне білім беру тəжірибесін
жетілдіру мен қайта түзу
- ықпал таныту (рефлексивтік)жəне
реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)-
ғылыми зерттеу нəтижелерінің
оқу-тəрбие ісіне болған əсер-
Өзінің қоғамдық қызметтерді
орындауға қажет қабілеттерінің
дамуына себепші болған əлеуметтену
процесінде адам тұлғалық кемелдену
сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі
оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар
мен шарттарға икемдесе білуі
ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның
дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін
өз күшімен іске асыра алу сияқты
процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған
процестерге байланысты міндеттердің
шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып,
бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған
мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның
ынта-ықыласына негізделсе, кейде
кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге
орай жүргізілетін, нақты мақсатқа
бағыттала ұйымдастырылған
Сонымен, əлемде кең таралған
педагогикалық ойдың дамыған
екі бағыты танылған – үлкендердің
бедел – абыройына жəне балалардың
бағыныштылығына негізделген
2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика – кең ауқымды
ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие
мəні мен олардың барша
Педагогиканың ірге тасы- философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.
Қоғамдық құбылыс ретінде
тəрбие дамуы мен педагогикалық
білімдердің өткен жолын
Жалпы педагогика – адам
тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша
типтегі тəрбиелік
Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен – жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.
Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.
Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.
Педагогика ғылымдарының
арнайы тобын жекеленген немесе пəндік
əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие
мекемелерінің барша типтерінде
өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы
мен игерілуі заңдылықтарын ашып,
мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту
əдістерімен əрбір педагог
Тəрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың дəл жəне техникалық білімдермен тоғысында қылаң бере бастады. Олар – кибернетикалық, математикалық, компьютерлік педагогика, суггестология (гипноздық сендірумен жедел оқыту жүйесі) жəне т.б. Осы заманғы педагогика адам жөніндегі басты ғылымдардың бірі ретінде ауқымды да қарқынды даму жолына түсті.
Сонымен, бұл күнде педагогика кең тармақты ғылыми жүйе ретінде танылған. Бұл жүйеде мектеп педагогикасы маңызды орынға ие. Себебі тəрбие процесі əсіресе балалық шақта жылдам жүрісте болады, сондықтан да оны жоғары кəсіптік деңгейде басқара білу қажет. Өз проблемаларын шешу барысында педагогика көптеген ғылымдардың деректерін пайдаланады.