Оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................3
I ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕЛЕРІ, ТƏСІЛІ ЖƏНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНІГІ МЕН МƏНІ ...............................................5
1.1 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ТОПТАСТЫРУ............................................................5
1.2 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ШƏКІРТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ƏРЕКЕТТЕРІНЕ ОРАЙ ТОПТАСТЫРУ..........................................................................................10
I I.ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............................................................................14
2.1 ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ..........14
2.2 ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК..............16
2.3САБАҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оқыту әдістемесі 40.doc

— 293.50 Кб (Скачать документ)

2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқытушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқытушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.

3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.

4. Оқытушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқытушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).

Сабақта Оқытушылардың іс-әрекетіне және өзара араласуына педагогикалық басшылық. Сабақтың құрылымы оқытушылардың оқыту жұмысында орындалады. Қазіргі ғылыми әдебиеттер мен педагогикалық практикада оқытудың үш формасына тоқталады – фронтальды, жеке, топтық.

Фронтальды жұмыс –  бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен іс-қимылы. Мұғалім оқытушылардың көршілігін жұмысқа тартып, олардың таным мүмкіншілігін, қабілет, дәрежесін ескеру қажет. Сондықтан сабаққа дайындалып, жоспарлағанда әртүрлі оқыту жағдаятын, сабақтың дидактикалық міндетін шешуге бағыттау (тапсырманы іріктеу, сыныптын қайта информациялық хабар алу, кездескен қиындыққа көмектесу, дидактикалық ойындар өткізу т.б.) Ең бастысы оқытушыларды өздігінен қорытынды жасауға талаптандыру (егер мұғалім өзі жасағанда).

Жеке - әр оқытушының өздігінен жұмысын белгілеу, олардың дара дайындығы мен мүмкіншілігіне қарай. Жек жұмысқа үлкен мүмкіншілік тудыратын бағдарламамен оқыту, дидактикалық міндеттерді шешуге, сабақтың әр кезеңінде жеке жұмыстар жүргізу қажет. Жеке жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалім тарапынан, оқытушы – консультант көмектеседі.

Топтық жұмыста оқытушылар 4-6 адамнан жеке бірлесіп (динамикалық және аралас құрылыммен) істейді. Топ сабақта алынған тапсырма немесе жоспар бойынша істейді.Топтық жұмыс мұғалім мен оқытушылар үшін күрделі, олардың күні бұрын психологиялық, дидактикалық және технологиялық дайындығын, алгоритмдік білімді қажетсінеді (5).

Мұнымен қатар авторлар (М.Д. Виноградов, М.А. Данилов, И.Б. Первин, Ю.Б. Зотов, В.В. Котов, Н.Н. Хан, Г.К. Селевко, В.К. Дъяченко т.б.) топтық жұмыспен фронтальды және жеке жұмыстың ең бастысы білім беру мен оқытудың мүмкіндігін тудыру. Бұл оқытушылардың іс-әрекетінде оларды объектіден субъектіге айналдыру. Мұғалімнің көңіл аударатын жері: оқытушылары түсініп белгілі бір шеңберде жеке іс-әрекет, оқыту ықпалдастығында (оқытушы-консультант, оқытушы-лаборант, оқытушы – ассистент т.б.  іскерлік дағды, пікірлесуге, жолдасына көмектесу, оның жұмысын бағалау, дискуссия ұйымдастырып қатысу.

Сабақтың  дидактикалық және психологиялық құрылымының арақатысы. Сабақтың қиындығы, оның көп мәселелігі Оқытушылардың танымдық іс-әрекетін жоғарлатуға әсер етеді. Педагогтар бүгінгі күні ғылыми-практикалық тұрғыдан негізгі екі мәселені шешуде:

  1. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасында сабақ құрылымын ұйымдастыруды жетілдіру.
  2. Сабақта ұжымдық жұмыста әрбір оқытушыға оптимальды жағдай туғызу, дәстүрлі оқыту мен сабақта фронтальды және жеке тәсілдермен Оқытушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіру.

Қарама-қайшылықты оқытушылардың жеке тапсырмасын максимальды түрде: сыныпты топтарға бөліп оқыту үлгеріміне қарай оқыту. Бірақ бұл объективті себептерге байланысты тиімді болмады.

Сабақтың құрылымын  жетілдіру екі бағытта дамыды:

  • ең қажеттісі, сабақтың өзіне тән элементтері болуы;
  • дегенменде сабақтың тұрақты құрылымынан бас тартып, мұғалімнің тәжірибе-интуициясына жол ашу. Әрине мұның қиындығы бір бағытты ұстанудың өзіндік қарама-қайшылығы кездеседі.

Сабақтың құрылымы объективті болжау, оның болашақ жолдарын терең  түрде зерттеген Р.Г. Лемберг. Сабақтың құрылымында дидактика мен психологияның байланысы, Оқытушылардың жұмыс қабілетін ескеру. Көптеген сабаққа талдау жасау мынадай қорытындыға әкелді.

1. Оқытушылардың жұмыс қабілеті ескерілмей, балалар шаршап, нерв клеткаларының жұмыс қабілеті шамадан тыс болуы.

2.  Мұғалім аталған  жағдайларды ескеріп, сабақтың  құрылымында, оның барысында дидактика  мен психологияның үйлесімдігін  қадағалау қажет.

3. Бұл Оқыту материалын дұрыс бөліп және сабақта қарым-қатынасты ұйымдастырып оқытушылардың жұмыс қабілетін біркелкі реттеп отыру (Оқытушылардың жұмыс қабілеті 10-35 минут). Мұнымен қатар, әртүрлі дидактикалық ойындар, сабақтың басы мен аяқ кезінде оқыту іс-әрекетінің белсенді түрін (жұмыс қабілет зонасына) пайдалану. Мүмкін, әр сабақта бес дидактикалық міндетті орындау дұрыс болмас, оның есебіне рациональды түрде жетекшісіне бөліп қарау. Оның есебіне сабақтың тақырыбы,  бөлімдерінде, бүкіл дидактикалық міндеттерді қолдана білу. Бұл қиын  болғанмен, мұғалім тақырыптық жоспар жасағанда соның негізінде жеке сабаққа жоспар жасайды. Тақырыптық жоспар мұғалімнен білім, білік, дағдыны талап етеді, сондықтан тәжірибелі мұғалімдерге әдістемелік бірлестікте тапсыру керек. Тақырыптық жоспарларды жасауда көптеген ұсыныс схемалар кездеседі, оның ішінде (мысалы, М.И.Махмутовтың схемасы (тәжірибелі – шебер мұғалімдер әрқашанда жоспарға өзінше қарап, қосымша енгізе алады. Тақырыптық жоспар әрқашанда:

-  сабақтың мақсаты  мен міндеті;

- сабақтың құрылымы  мен мазмұнында іс-әрекет көрсетілуі (оқытушылардың іс-әрекетіне басшылық);

- сабақта оқытушылардың іс-қимылының жүйесі, кезеңдері;

- технологияны кері  алу үшін талдау жасау.

Тақырыптық жоспардың  үлгі құрылымы

  1. Сабақтың құрылымы.
  2. Сабақтың мақсаты.
  3. Негізгі дидактикалық міндеттер.
  4. Қосымша дидактикалық міндеттер.
  5. Мұғалімнің әдістемелік жұмысы.
  6. Оқытушылармен жүргізетін әдістемелік жұмыстар.
  7. Мұғалімге арналған әдебиеттер.
  8. Оқытушыларға арналған әдебиеттер.
  9. Қайталау.
  10. Оқытушылармен кері байланыс жасаудың формасы және олардың жұмысын бағалау.
  11. Сабақты жабдықтау, дидактикалық материалдар.
  12. Ескертпе.

Сабақта оқытушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың астарында күрделі талап – мұғалімнің шығармашылығы оны ғылыми негізге бағыттау:

  1. Сабақтың тұтас педагогикалық процестің логикалық құрылымына кіруі;
  2. Сабақта оқыту процесінің оқытулық, тәжірибелік, дамытушылық функциясын жүзеге асыру.
  3. Сабақта оқыту процесінің комплексті принциптерін (мақсаттылық,  жүйелілік, ғылымилық, теория мен практиканың бірлестігі, еркіндік, педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы т.б.)
  4. Әр сабақтың өткен және кейінгі сабақтардың тақырыбы, бөлімдері мен логикалық байланысы.
  5. Сабақтың кезеңдерінің логикалық байланысы.
  6. Сабақтың құрылымының дидактикалық және психологиялық үйлесімділігі.
  7. Күн талабына сай мұғалім мен оқытушының қарым-қатынасын ұйымдастыруда комплексті әдістер мен тәсілдерді іріктеу.
  8. Оқыту материалын игеруде оқытушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыруда, сабақта шығармашылық жұмыс істету.
  9. Сабақта оқыту технологиясының, дәстүрлі және жаңа түрлерін үйлестіру.
  10. Сабақта оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің тәсілі оның мақсаты, міндеті, мазмұнына үйлесімді болуы.
  11. Сабақта мұғалімнің оқыту материалын игеруде информацияның негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізуі.
  12. Мұғалім мен оқытушының еңбегін педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың ғылыми талаптарына сәйкес болуы.

Сабақтың  өздігінен және алгоритмдік анализі. Мұғалімнің іс-әрекетінің табыстылығы, оның өзінің жұмысына анализ жасай білуі және мектеп администрациясы мен әдістемелік бірлестік басшыларының пікірлері.

Логикалық анықтама сөздікте (Н.И. Кондаков 1975) мынадай анықтама берілген: «Талдау бен жинақтау қосылып ой процесінің немесе нақты бүтіннің ыдырауы және ол бөліктердің қайта бұрынғы қалпына келуі. Сабақтағы іс-әрекетті ойша талдау жасаған бүтін (сабақ) оның бөлімдері (элементтік құрылымына және бөлімдерінің қайта қалпына оралуы (сабақтың мақсатына жету). Бұл жағдайда сабаққа логикалық талдау (өзін-өзі тексеру) – осы әдіс арқылы сабақта жаңа білім алу және оның нәтижесі сабақтың кемшілігін болдырмау. Мұғалім сабақты талдаудың теориялық негізін меңгерумен қатар тұтас педагогикалық процестің теориясын білу қажет. Мұғалім өзінің іс-әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық процесс, ал педагогқа оқытушылар іс-әрекеттің субъектісі. Тұтас педагогикалық процестің кәсіби-педагогикалық жағы Н.Д.Хмель зерттеген, бұған автордың анықтамасы: «Педагогикалық процесс – балалардың мақсатты бағыттағы қарым-қатынасы мәдениетін игеріп қоғамдық өмірге белсенді араласу, педагогтың басшылығымен». Бұл анықтамадан, мұғалім мен оқытушының «педагог-оқытушы», жүйесіндегі іс-әрекеттің субъектісі, сабақтың барысында қарым-қатынас орнатады. Мұндай қарым-қатынас мақсат пен іс-әрекеттің міндетін түсініп, ойын, еңбек, пікірлесу, оқытудың жеке, бірлесіп, топтық іс-әрекетке қатысып (оқыту формасы), оның тәсілін (әдісі мен жолын).

Жоғарыда келтірілгендерге қарасақ, негізгі түсініктер: мақсат, міндет, мазмұны, формасы, әдісі, тәсілі т.б. педагогикалық процестің құрылымдық компоненттері. Бұл тұста педагогикалық  процестің қарым-қатынастағы субъектісі (мұғалім мен Оқытушы) оның құрылымдық компонентін негізге алып сабаққа анализ жасау. Келтіріген ережелер мектеп басшыларының іс-әрекетінің алгоритм мұғалімнің өзін-өзі тексеруі. Педагогикалық процестің құрылымдық компоненті логикасы:

  • сабақтың мақсаты мұғалімнің тақырыбына үйлесімділігі;
  • сабақтың міндеті, оның тақырыбы мен мақсатына үйлесімділігі;
  • сабақтың мазмұны тақырыпты өткенде оның міндеттерін шешіп мақсатына жету;
  • Оқытушы сабақтың барысында оқыту іс-әрекетінің субъектісі болу үшін педагогикалық арақатынастың тәсілі мен формасы сай болуы қажет;
  • қарым-қатынаста іс-әрекеттің тәсілі (әдіс) сабақтың міндетін жүзеге асыру;
  • сабақтың мазмұны, әдісі оқытудың жұмыс міндетін толық шешу;
  • сабақтың ұтымды нәтижесі (жалпы оқытушылар санына қарағанда «4» пен «5»-ке оқитын оқытушылар  сыныпта басым болу);
  • қорытынды және ұсыныстар.

Оқыту жұмысындағы талдау (өзін тексеру) т.б. формасында алгоритмі мыналар:

  • талдау тұтас педагогикалқы процестің теорясы басшылыққа алынған;
  • тұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненті сабаққа талдау жасаудың негізі;
  • бұған дәлел талдаудаң компоненті жаңа логикасы, компоненттердің құрылымы талдау  мен жинақтауды біріктіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қазіргі таңда білім берудің  негізгі талаптарының бірі білімді  үздіксіз жетілдіру және оқыту  үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.

         Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми  деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда ұжымның әрбір мүшесі бірін-бірі оқытады. Бұл туралы    Я.Коменский "Ұлы дидактикасына" "Басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетеді, бекітеді" деп көрсеткен. Бұл идеяны Н.Крупская да қызу қолдап "Балалардың өзін оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар... бала өзінің білімін тексеріп, толықтырып отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиеленеді" деп  жазады.

        Шағын топтарда дербес жұмыстарды ұйымдастыру (еңбекті бөлісу) ұжымдық іс-әрекетке мол мүмкіндік ашады, әркім жалпы тапсырманың бір бөлігін орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды.

    Сабақ  оқытуды ұымдастырудың бірден-бір,  жалғыз формасы емес. Кейінгі жылдары сабақтан тыс танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың қызғылықты әр түрлі формалары іздестірілуде: жоғары сынып оқытушыларн кіші мектеп балаларының алдына білімді игеруде баяндамалар, мәліметтер жасайды, үйірмелер жұмыстарын басқарады, жолдастық көмек көрсетеді. Сабақтарда оқытушылардың сыныптан тыс іздену іс-әрекетін тереңдету маұсатында мәселелер жиі қолданылуы керек. Сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттердің мұндай байланысы оқытушылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып білімдерін тереңдетеді,  ой-өрістерінің кеңеюіне және бүкіл сынып оқытушыларының білуге құмарлығын дамытады.

Информация о работе Оқыту әдістемесі