Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 19:47, курсовая работа
Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
КІРІСПЕ........................................................................3
I ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕЛЕРІ, ТƏСІЛІ ЖƏНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНІГІ МЕН МƏНІ ...............................................5
1.1 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ТОПТАСТЫРУ............................................................5
1.2 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ШƏКІРТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ƏРЕКЕТТЕРІНЕ ОРАЙ ТОПТАСТЫРУ..........................................................................................10
I I.ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............................................................................14
2.1 ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ..........14
2.2 ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК..............16
2.3САБАҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................40
Топтық жұмысты оқытушылардың оқыту еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:
Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқытушы саны көбейеді және жеке жұмыс барысында оқытушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің Оқытушыға көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр).
Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде,ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі.
Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқытушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқыту-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.
Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпыз.
Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқыту сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқытушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқыту сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен Оқыту сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқыту сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқытушылардың оқыту қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқыту сабақтары түр- пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады:
Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып оқыту сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастырамыз:
Оқыту сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түр-пішінінің бір-бірінен айырмашылығы мұғалімнің Оқытушыларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады: 1) сыныптың барлық Оқытушыларына; 2) жеке топ Оқытушыларына; 3) әрбір оқытушыға беріледі. Оқыту сабақтарын ұйымдастырудың нақты түр-пішіндерінің бір-бірінен айырмашылығы оқытушылардың алатын білім көздеріне байланысты анықталады. Мысалы, сабақта негізгібілім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, оқыту конференциясында қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде үйде өз беттерімен дайындаған қоушылардың баяндамалары болып табылады.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқыту ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқыту жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқытушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды. Проблемалы оқытуда тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақтарда оқытушылардың оқыту іс-әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық, даралау тәсілдерінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Мысалы, дәстүрлі дидактика топтық жұмысты негізінен, оқытушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тапсырмалардың көлемі орындалатын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игерту сияқты мәселелерін шешу немесе оқыту даралау мақсатында лабораторияларда, оқыту шеберханаларында, мектеп жанындағы участоктерде жүргізілетін жұмыстармен байланысты қарастырады. Басқа жағдайда оқытушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара әрекеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқытушыларының 3-8 мүшелері бар, оқыту материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсіндіруге болады.
Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқытушы), мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және тағы басқаларды жатқызуға болады. В.К.Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтар мен жұмыс істетуде және тағы басқа жұптық жұмыстардың, яғни жұптық-ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.
Топтың сабақтардың
Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мотивті-ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді: танымдық мәселелерді анықтайды, жұмыстың орындалуы барысы бойынша түсінік береді, дидактикалық материалдарды таратады. Сабақтың келесі бөлігі әрбір топтағы оқытушының іс-әрекеті ұйымдастырылады: берілетін тапсырмамен таныстырғаннан кейін мүғалім топтардың жұмысы жоспарланады, материалдар бөліктерге бөлініп топтарға таратылады. Әрбір оқытушы өзінің тапсырмасын орындағаннан кейін, жұмыс нәтижесі талқыланады, тапсырма бойынша жалпы қорытынды жасалады. Осы сатыда ұжымдық және жеке жұмыстардың өзара байланыстылығы, ұжым мен жеке тұлғаның мүддесі мен мақсаттары талданады, әрбір оқытушының белсенділік танытулары үшін мүмкіндік туғызады. Сабақтың қорытынды бөлігінді әрбір топтың жұмысы талданады, қойылған міндеттің орындалуы, берілген тапсырманың нәтижелілігі жөнінде қорытынды жасалады.
Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар. Олар:
Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқытушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің барлық талаптарына барынша сәйкес келеді.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру көптеген проблемалардың шешімімен байланысты. Зерттеушілер (И.Т.Волков, Х.И.Лийметс, В.Оконь, А.М.Раевский) оларға топтар құр, топтық жұмыстардың нәтижелілігінің критерийлерін анықтау, оқытушыларға тақырып пен тапсырмалар таңдау, дидактикалық материалдар дайындау. оқыту топтарындағы оқытушылардың өздерін-өздері басқаруының рөлі, оларды орналастыру сияқты проблемаларды жатқызады. Оқыту пәндеріне жасалған талдау топтық жұмыстар арқылы әрбір пәннің меңгерілу мүмкіндігі әртүрлі. Сонымен бірге әрбір оқыту пәнінің топтық сабақтарда табысты оқылатын тақырыптары бар.
Топтарды ұйымдастыруда мына мәселелер басшылыққа алынуы тиіс:
- әрбір пән бойынша бөлек
топтар құрылатындығы, бір
- математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша топтар оқытушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды (гомогенді топтар);
- әдебиет, тарих, география
- оқыту топтарын жинақтауда оқытушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.
Әртүрлі құрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, бес оқытушыдан құралған топтар тиімді болғандығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, үш оқытушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, төрт және алты адамнан құралған топтарда жіктелу пайда болады, ал жеті адамнан құралған топта әрбір оқытушының өз пікірін айтуына мүмкіндік болмайды.
Топпен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқытушылардың өзін-өзі танытуларына да, олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір-бірімен қатар отырған оқытушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқытушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді.
Топтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқыту-іс әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пайдалана алу біліктері қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: кеңесші топтың өзі мұғалімнің және жоғары социометриялық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс.
Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен сабақтардағы оқытушылардың өзара ықпалдастығы алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін:
1. Ұжымдық жұмыс принциптерімен
ұйымдастырылған фронтальды
2. Ұйымдастырушылық принципі
3. Топ жұмыстарының бейнесі
4. Ассистенттердің,
5. Оқытушылар кездесуі.
6. Білімді қоғамдық байқауы.
Сабақ жұмсалатын уақыт көлемі және педагогикалық маңыздылығы бойынша жетекші білім беру формаларының бірі болып табылады. Алайда оның (форманың) мүмкіндіктері, артықшылықтары автоматты түрде жұмыс істемейді. Бұл объективті мүмкіндіктер оқытушылардың өзара ықпалдасулары есебінен жүзеге асырылады. Өйткені олардың білім алу және өзара қарым-қатынастарының сипаты жеке тұлға, іс-әрекет субъектілерін қалыптастырудың шешуші факторы болып табылады. Онда оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін сабақта ұжымдық танымдық іс-әрекет элементтерін пайдалану маңызды.
Ұжымжық оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқытушыны іс-әрекет субъекті тәртібімен қамтамасыз етуд, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы оқыту іс-әрекеттері арқылы педагогикалық процестің қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни бір оқытушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.
Сабақ жүргізу нәтижесінде тәжірибе жинақталып, оқытушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыса түсуіне, олардың пәнге қызығушылығының деңгейі артып, тынымсыз еңбегінің нәтижесін көруге, бірсарындылықтан құтылуға, жан-жақтылыққа ұмтыласың, ізденесің. Міне, осыны іске асыруда топтық оқыту жүйесінің маңызы зор.
Топтық жүйеде оқыту. Топқа бөлуді бірнеше әдістермен жүргізуге болады.
а) Оқытушылардың білім деңгейіне қарай араластыра бөлу. Жақсы және өте жақсы оқитын оқытушылар қалғандарына консультант-үйретуші бола алады.
ә) Білім деңгейлеріне қарай топтау.
Өте жақсы меңгергендер, жақсы
меңгергендер, орташа және нашарлар. Бұл
топтардың аттарын оқытушыларды