Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 19:47, курсовая работа
Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
КІРІСПЕ........................................................................3
I ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕЛЕРІ, ТƏСІЛІ ЖƏНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНІГІ МЕН МƏНІ ...............................................5
1.1 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ТОПТАСТЫРУ............................................................5
1.2 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ШƏКІРТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ƏРЕКЕТТЕРІНЕ ОРАЙ ТОПТАСТЫРУ..........................................................................................10
I I.ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............................................................................14
2.1 ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ..........14
2.2 ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК..............16
2.3САБАҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................40
Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқыту процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқытушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.
Оқытудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, Оқыту қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.
Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқыту əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.
Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқыту-еңбектік болып ажыралады.
Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.
Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.
Оқыту-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқытушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.
Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.
Оқыту процесінің белсенділігін көтеру, оқыту тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні – оқытушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.
Лабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқытушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.
1.2 Оқыту əдістерін шəкірттердің танымдық əрекеттеріне орай топтастыру
Танымдық іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу.
Түсіндірме – көрнекілі
Қайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы
ақпаратты дайын күйінде
Қайта жасау əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну əдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл əдіс те оқытушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады.
Проблемді оқыту əдісі - оқыту процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің мəні – оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дəлелдер қисынына, ой пайымдау тəсіліне бақылау қояды. Мұндай əдісті қолдану барысында оқытушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.
Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқытушылар күрделі Оқыту проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады.
Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.
Оқудың зерттеу əдісі – оқытушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.
Бұл əдістің бір кемшілігі – көп уақыт жұмсауды талап етеді.
Жоғарыда аталған дəстүрлі əдістерінің бəрі оқытушының таңдау, есте қалдыру, мұғалімнің айтқанын қайталау əрекеттерін дамытуға бағытталып, шын мəніндегі шығармашыл еңбек, белсенді таным мүмкіндіктерін өрбітуде тиімсіздік танытады. Бұл кемшілікті белсенді жəне жедел əдістермен толықтыруға болады. Оқудың белсенді əдістері – оқушы іс-əрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық жəне ізденісті - зерттеу сипатын беретін жол-жобалар тобы. Оқыту танымдық процесте шəкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар, проблемді мəселелерді шешу, алгоритм бойынша оқыту, ақыл шабуылы (“мазговая атака”), жеке ұғымдармен жұмыс істеу.
Жедел əдістер – қысқа уақыт аралығында оқыту сеанстарына ұзақтай ендіру жолымен көзделген іс-əрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру əдісі). Бұл əдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық психология мен педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.
Қазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып, оқыту-тəрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімеген əдістер тобын келтіруге болады: суггестопедия - иландыру жолымен оқыту; гипнопедия –ұйқыда оқыту; фармакопедия - дəрі-дəрмек қолданып оқыту. Бұл əдістердің бəрі адамның табиғатындағы, ішкі мүмкіндіктеріне қозғау салып оқытуға бағытталған.
Сонымен, əдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, əрқайсысы өз алдына тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.Осынысына көз жібере отырып, зерделі ұстаз оқыту мақсатына, мазмұнына, алдындағы оқыту субъектіне сай келетін нақты əдіс таңдайды, оны қолданудың жолдарына мəн береді.
Оқыту құрал – жабдықтары
Оқыту əдістері белгілі оқыту ( дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады. Оқыту құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. «оқыту құрал –жабдықтары» түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқыту жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқыту құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқыту əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқытудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқыту жабдықтарын құрайды. оқыту құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқытушыларды ынталандыруға, оқыту-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:
- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;
- есіту(аудио)құралдары-радио,
- есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
- сөздік құралдар - оқытулықтар, мəтіндер;
-оқыту процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
- сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
Оқыту əдістері мен құралдарын іріктеу
Педагогикалық қызмет əдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив жəне субъектив себептерге тəуелді, атап айтатын болсақ, олар:
- оқыту заңдылықтары жəне оларға негізделген принциптер;
- адамның оқыту, тəрбие жəне дамуына байланысты жалпы мақсаттар;
- нақты білімдену –тəрбие
- оқытуға болған ынта деңгейі;
- нақты оқыту пəнінің əдістемелік ерекшеліктері;
- материал мазмұны;
- материал игеруге бөлінген уақыт;
- оқыту материалының саны мен күрделілігі;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- шəкірттердің оқыту дағдыларының қалыптасу дəрежесі;
- дəріс түрі мен құрылымы;
- оқытушылар саны;
- балалар қызығулары мен ықыласы;
- оқыту еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не əміршіл - əкімшіл);
- материалды – техникалық
- педагогтың тұлғалық
Аталған жағдайлар мен шарттарды
ескере отырып, оқытушы нақты əдіс
пен құрал – жабдықты іріктеу,
таңдау жөнінде шешім қабылдайды
немесе дəріс өткізудің жағдайына
орай бірнеше əрқилы əдіс не құралды
біріктіре пайдалануды
I I.Оқыту технологиясы.
2.1 Оқыту технологиясының негізгі белгілері және оқытуды ұймдастырудың дидактикалық әдістері.
Оқыту технологиясы өзіне
Оқыту технологиясында оқытутыдың мазмуңы максаттардың, жоспарлардың және пәнің бағдарламасы негізінде қалыптасады және оның басты өлшемдері: көлемі, ұзақтығы, деңгейі тағы басқалары анықталады. Сонан соң Оқыту әдістері мен тәсілдері тандалады, танымдық қызметті атқаруға әкелетін , оны бейнелеудің қуралдары мен формала ры анықталады.
Оқыту технологиясының негізгі белгілері.
1.Осы замандылық - оқыту бағдарламасын жаңартуға,яғни ғылым жетистіктері мен оны педагогикалық практикада пайдалану арасындағы алшақтықты жүйелі түрде азайтуға тұрақты ұмтылыс жасау.
2. Оңтайлылық- оқыту-тәрбие мақсаттарына бір мезгілде уақытты үнемдеу және оқытудың жоғары сапасы сияқты шарттарды ескере отырып , студенттер мен Оқытутышының мнмкіндігінше аз күш жұмсау арқылы қол жеткізуге ұмтылыс.
3. Интеграциалық-оқыту -тәрбие процесін жетілдіруге ықпал ететін, бірлесіп қызмет жасаитын әр түрлі пәндердін жетістіктерін біріктіру .Педагогикамен тек дәстурлі байланыстағы пәндерд-психология, әлеуметтану, физиология ғана емес, сондай-ақ информатика ,статистика, экономика,басқару теориясы,эргономика және басқа ғылыми, техниқалык,ұймдастырушылық , қоғамдық және мәдени инновацияның зор әлуетін жинақтаған.
4. Ғылымилық-оқыту процесіндегі оқытудың белгілі бір мазмұнын ,әдістері мен құралдарын және ұйымдастыру шешімдерін паидалунудың тиімділігін зертеу.
5.Процестер мен нәтижелердің қайталамдылығы-оқыту процесінің осы жағдайларында белгілі бір жетістіктерді алдын ала болжауға ұмтылыс.
6.Оқытушы мен студентердің қызметерін бағдарламалау,яғни оқыту процесін тиянақты ұйымдастыру, ол оқыту процесін жобалаудың манызың айқын көрсетеді, онсыз технологиясы туралы сөз етугеде болмас еді.
7. Оқыту құралдары мен материалдарын зертеу-бұл қазіргі дидактиканы сипаттайтын, сондай-ақ жұмыс әдістері мен құралдарын ұдайы техникалық жағынан жетілдіру туралы қагиданы жүзеге асыруға мүмкіндік жасаитын вербализмді жоққа шығару.
8. Материалдық оқыту ортасынтиімді ұйымдастыру ғылыми зертеулерге, дидактиканың эргономикалық жетістектеріне және жетекші оқыту орталықтарының практикалық мұраларын пайдануға негізделген. Жоғарғы оқыту орнын қазіргі жағдайда лайық ететін оның материалдық базасы ғана емес, сонымен қатар аталған құралдардын көмегімен жүзеге асырылатынпедагогикалық идеяларға да зор маңыз қажет .
9.Оқыту нәтижелерін сапалы бағалау оқыту технологиясының алдыңғы белгілермен тығыз байланысты , ал оның мақсаты- оқыту тәрбие процесінің сапалы ,жоғары тиімділігі жету.Іргелендіру мен прагматикалықтың жүйелі сабақтастығы білім берудің жаңа моделін құруға алып келеді.
Оқыту технологиясының өзіндік ерекшіліктері жоғару оқыту орындарында игерілетін білім қызметіндегі өзгерістер болып табылады. Оқышыны өз бетінше білім алуға жетелейтін тұлғаның даму құралы ретінде қарастырылады.Білім берудің мазмұнына дайын білімдердің белгілі бір жүйесі , сонымен қатар айналадағы ортаны зерттеу процестерін және олардың арасындағы өзара байланысты іздестіру де кіруі керек.
Егер оқытудың дәстурлік жүйесінде оқытулық , яғни мәтін білім берудін негізгі құралы болып есептелсе ,бұл құрал оқытутуға компьютерлик оқытулықтар түріндегі компьютерлер , тренажерлар , оқыту және бақылау бағдарламаларын енгізген жағдайда да қала береді және студенттердің өздері жинақтаған,жаңа білімдердің пайда болуына ықпал етеді.Бүл білім ақпараттық алаңдар - кәдімгідей ақпарат беру тәсілмен өзгерішіленетін, ғылыми анықтамалық ақпараттар түрінде берүлі мумкін. Олар түпнусқа кесте ,графиктер видеокөріністер,түрінде болуы мүмкін, яғни білім санадан кейбір көрнекі бейне түрінде компьютердің экранына ,технологияның бір түрі ретінде , орындауды "экрандық" формасы пайда болады.
Дидактикалық міндеттерді қою мыналарды қарастырады: