Оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................3
I ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕЛЕРІ, ТƏСІЛІ ЖƏНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНІГІ МЕН МƏНІ ...............................................5
1.1 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ТОПТАСТЫРУ............................................................5
1.2 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ШƏКІРТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ƏРЕКЕТТЕРІНЕ ОРАЙ ТОПТАСТЫРУ..........................................................................................10
I I.ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............................................................................14
2.1 ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ..........14
2.2 ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК..............16
2.3САБАҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оқыту әдістемесі 40.doc

— 293.50 Кб (Скачать документ)

Топтау әдістерінің тиімділігі: 

  1. Оқытушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары арта түседі.
  2. Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады, үйрете жүріп өзі де үйренеді.
  3. Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын үйренеді, ұйымдастырушылық қабілеті арта түседі.
  4. Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды толық қамтуға мүмкіндік туады.
    1. Бағалау жұмысын салыстармалы түрде жүйелі жүзеге аласыз.
  1. Оқытушылардың өз беттерімен ізденістері туындайды, қосымша оқытулықтармен немесе өз оқытулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.
  2. Өз білімі мен жолдастарының білімін  саралай, бағалай білулеріне толығырақ мүмкіндік туады.

Педагогика ғылымы іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасының және жеке тұлғаны тәрбиелеудің, жан-жақты дамытудың маңызды фомасы ретінде қарастырады. Педагогикалық мақсатты іс-әрекет үрдісінде қажеттіліктер, бейімділіктер, сезімдер, мотивтер іске асады және жетіледі, білім меңгеріп, әлеуметтік тәжірибе игеріледі, жалпы және арнаулы қабілеттер пайда болып тереңдейді, ұжымда өмір сүріп жұмыс атқару біліктері қалыптасады. Іс-әрекет оқытушының жеке тұлғалық қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Іс-әрекеттің  тәрбиелік құндылығы оқытушылардың жас мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған мақсат, мазмұны және ұйымдастырудан көрінеді.

Педагогика  мен психология ғылымында және мектеп тәжірибесінде іс-әрекеттің негізгі үш түрі аталады: оқыту-танымдық, еңбек, ойын. Бұдан баска оқытушылардың қарым-қатынасына үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, ол кез келген іс-әрекеттің белгісі, кейде өзінше дербес іс-әрекет.

Ір-әрекеттің  орны, ұйымдастырылуы және өткізу уақытына байлаиысты оқыту, оқытудан тыс,  сыныптан тыс ұғымдары да қолданылады. Оқытушылардың әрекеттерінің мазмұнына және бағыттылығына сәйкес еңбек, қоғамдық пайдалы, спорт, өлкетану, көркемдік іс-әрекеттерін бөліп айтуға болады.

   Оқытушылардың оқыту-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық өмірге белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік тәжірибені жүйелі меңгеру үрдісінде көрінеді. оқыту өзінің міндеттеріне сәйкес дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие.

Бұл үшін білім  мазмұны жетілдіріледі, әр түрлі  тәсілдер мен әдістер, оқыту үрдісін ұйымдастыру амалдары қолданылады, бұлардың мақсаты - оқытушыны оқытудың белсенді мүшесі - субъекті ету. Бұл ретте білім беру мен тәрбиелеудің көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын ұжымдық оқыту-танымдық іс-әрекеттің рөлі ерекше.

   Оқытуды  мектеп жасындағылардың жетекші  іс-әрекеті деп тану балалар  мен жасөспірімдердің тәрбиесіне, дамуына әсер етпейді деген  түсінік тудырмайды. Керісінше еңбек пен ойынның мектептегі оқыту кезеңінде үлкен маңызы бар. оқыту іс-әрекеттің барлық түрлерінің басын қосады.

   Оқытушылардың   ұжымдық   оқыту-танымдық  іс-әрекетін   ұйымдастыру мәселесінде іскерлік қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқытушының жеке тұлғалық, әлеуметгік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етедІ.

    Н.Крупская  жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып дамуындағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызына тоқтай келе "Ұжымдық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады, Ұжымдық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар" дегені белгілі.

  Оқытушылардың мектептегі және мектептен тыс саналуан әрекеттері, әлбетте, ұжымда өтеді. Бұлар сынып және пәндік үйірме, оқытушылар бригадасы және әуесқойлар клубы, спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмесі болуы мумкін.

  Оқытушыдардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың оқыту және оқытудан тыс жұмыстарын жақындастырады. ұжымдық қарым-қатынастың дамуын ынталандырады, оқыту-тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.

    Оқытушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді қамтиды:

       - іс-әрекеттің мақсаты - не үшін  қолданылады,  соңғы нәтижесі  қандай болу керек;

  -  іс-әрекеттің  мазмұны - негізгі пәндік бағыттары;

      - іс-әрекеттің маңызы-әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері, жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;

     - іс-әрекетті    ұйымдастыру  - ұйымдастыру формасы, уақытты  бөлу, іс-әрекет үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;

    - іс-әрекеттің  технологиясы - тиімді тәсілдерді  таңдау, нақтылы білім, білік, дағдыларды меңгеруге  қажетті құралдар;

    - іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі,   ұзындығының Оқытушылардың    жас мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;

    - іс-әрекеттің  қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз  ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің сипаты;

  • іс-әрекетті бақылау - критэрийлерге сипаттама,  ұжымның қалыптасуының нәтижесі, белгілі біліктердің, білім сапасының меңгерілуі. Ұжымдық іс әрекет үрдісінің тиімділігінің міндетті  шарты - оны басқара білу. Басқару циклі үш кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қорытынды (ұжымдық іс-әрекетті бағалау).

     Оқытудың  тәрбиеленуші фуншиясы оқыту урдісінің ұйымдастыру формаларын тұрақты жетілдіріп отыруды талап етеді. Әрбір оқытушыға дербес тіл табу - оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі. Оқыту-танымдық іс-әрекеттің ұжымдық формаларын дамыту әрбір оқытушының жақсы оқып жан-жақты дамуына тиімді жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Даралап оқытуды оқытудың ұжымдық формаларына қарсы қоймай, олардың өзара әрекеттестігін тиімді сәйкестендірудің жолдарын іздестіру қажет.

    Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақтық жүйе. Оның бірқатар педагогикалық артықшылығы бар; педагогикалық үрдістің реттілігін, ұйымдастыру дәлдігін, оқытудың жүйелік сипатын, мұғалімнің оқытушылар ұжымына тұрақты идеялық-эмоциялық әсерін, ұжымдасып білім алуды қамтамасыз етеді. Мұның барлығы жалпыға міндетті білім беруде сыныптық-сабақтық жүйенің өзін-өзі ақтағандығын, оны қастерлеудің  керектігін көрсетеді.

    Сонымен  бірге сыныптық-сабақтық жүйенің алдымызға қойып отырған жаңа оқыту-тәрбиелік міндеттерді орындауға кедергі жасайтын кемшіліктері де бар. Салмақты кемшіліктердің бірі - теңестіру тұрғысынан қарау, "орташа" оқытушыға теңелу. Бұдан нашар оқитын оқытушы да, жақсы оқитын оқытушы да азап шегеді. Нашар оқитындар сыныптың алға жүруіне ілесе алмаса, ал күшті оқитындар өз мүмкіндіктерін көрсете алмай зеріге бастайды.

   Екінші кемшілік - алғашқы сыныптардан кейінгіге  дейін сабақ құрылымдарының бір үлгіде болуы. Бұл оқытушыларды қанағаттандырмайды. Үшінші кемшілік - оқыту үрдісі барысында оқытушылардың арасында ұйымдастырылған қарым-қатынастың жоқтығы. Төртінші кемшілік - оқытушылардың дара оқыту жұмыстарының басымдылығы, ұжымдық жұмыс формаларының нашар дамуы.

    Жалпы  мақсат болғанмен, ұжымдық жұмыс көрінбейді. Жан-жақты (фронталдық) жұмыстарда оқытушылар бірге емес қатар әрекет етеді, әркім өзінше диктант жазады, есеп шығарады. мұғалімді тыңдайды. оқытушылардың негізгі іс-әрекеті оқытуда ұжымшылдықтың элементтері аз көрінеді.

     Оқытушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын оятпай тұрып, әрбір оқытушының шығармашылығын дамыту мен өздігінен білім алуға үйретуді  іске асыру мүмкін емес.

    Оқытуға мотивтерін қалыптастыру жолдарының маңыздыларының бірі - оқыту-танымдық міндеттерді шешу барысында ұжымдық іс-әрекет формаларын ұйымдастыруды қолдану. Бірігіп еңбек ету және жолдастық өзара көмек жағымды эмоциялық ахуал тудырады, білімге деген құмарлықтың дамуына, таным үрдісінің нәтижелі болуына  әсер етеді.

   Ұжымдық оқыту әрекеттерінің кейбір элементері: жолдасының жауабын толықтырады, әңгіме, пікірталастарда талқылауға көпшілік қатысады, шешімін ұжымдасып іздейді, шағын топтармен орындаған жұмыстардың қорытындысын шығарып бағалайды

 

2.3 Сабақ – педагогикалық процесте оқытудың негізгі формасы

 

Оқытудың формасы –  педагогикалық процестің бір  компоненті, ол технологиялық блоктың  педагогикалық қарым-қатынастың тәсілі, формасы, әдісі, жолдары, оқытушыларға тапсырма, құрамына кіреді. Бұл, мұғалім аталған компонентті қолданғанда, педагогикалық процестің заңы мен заңдылықтарын түсініп, оқыту формасы оның бөлігі екенін сақтау. Оқыту формасының түрлері: сабақ, практикалық және лабораториялық сабақтар, оқыту экскурсиясы, лекция, семинар, өндірістік практика, үй тапсырмасы және т.б.

Оқыту формасына мінездеме:

  • ұжымдық және дара оқытуды бірлестікте жүргізу;
  • оқытушылардың өздік жұмыстарының дәрежесі;
  • педагогикалық басшылықтың тәсілдері.

Қазіргі мектепте оқытудың жетекші формасы сабақ (оның типтері  және әртүрлігі). Қазір дәстүрлі сабақпен қатар, дәстүрлі емес түрлері: диалог-сабақ,  диспут сабақ, сабақ – конференция, сабақ-саяхат, интегративтік сабақ, оқытушылардың танымдық белсенділік дәрежесінің жоғарлығымен ерекшеленеді. Сабақ-педагогикалық (оқыту-тәрбие) логикалық жүйелеген құрылымдық бөлігі, сыныпта әр оқытушының ерекшелігін ескере отырып, олардың мақсатты түрде ғылым негіздерін меңгеріп, оқытушының тәрбиесі мен танымдық қабілетін дамыту, яғни сабаққа педагогикалық процестің барлық құрылымдық компоненті мақсат, міндет, мазмұны, тәсілі, әдісі, жолдары, оқытушыларға тапсырма қатысады (Н.Д. Хмель 6,7). Бұл жағдайды тақырыпты және сабақты жоспарлағанда, күнделікті сабақты басқару, оның барысы мен нәтижесіне анализ жасау. Егер сабақтың эволюциясы оқыту формасының  пайда болуына көз жіберсек, онда мыналарға сенеміз, өзгерістер мен жетістіктер мақсатты түрде оқытушылар ұжымының  оқыту материалын саналы меңгеру, шығармашылықпен оны пайдалану. Шындығында, оқытушылардың іс-әрекеті  мұғалімнің басшылығымен өткендіктен, мұғалім іс-әрекетінің объектісін түсініп, қазіргі уақытта педагогикалық процесте мұғалім мен оқытушы іс-әрекеттің субъектісі болады.

Үздік мұғалімдердің  жетістігінің себептері мұғалімнің оқытушылардың белсенді, мақсатты, технологиялық білгір, сабақта шығарашылықпен және сабақтан тыс уақытта оқыту тапсырмасын орындауға жағдай жасаған. Дәл қазір ақыл-ойдың көптеген белсенді формасы мен оқытушының практикалық оқыту іс-әрекеті дидактика теориясында шығармашылық белсендіктің динамикасы қалыптасты. (Скаткин М.Н.)

Бұған дәлел, сабақ оқытудың негізгі формасы:

  • сабақ аяқталған, оқыту процесінде уақыты белгіленген, оның барысында мақсатқа жетуде нақты міндеттер шешіледі;
  • сабақ – сабақ кестесі бойынша, оқыту материалының көлемі ықшамды және уақыт аралығында өткізіледі;
  • оқытушылардың сабаққа қатысуы міндетті, сондықтан олардың білім, дағды, білік, оқыту материалын меңгеруге логикалық ойларын қалыптастыруға жағдай жасалған;
  • сабақта оқытушылар әртүрлі жеке дара, фронтальды, ұжымдық танымдық іс-әрекеттке, оқыту-тәрбиенің комплексті міндеттерін шеше отырып жеке тұлғаны дамыту;
  • мұғалім мен оқытушының қарым-қатынасы сонымен қатар, оқытушылардың өзара араласуы іс-әрекетті  ұйымдастыруда оқытушылар ұжымын қалыптастырады;
  • сабақтағы қарым-қатынаста оқытудағы қарама-қайшылықтар шешіліп, жеке тұлғаның белсенділігі, оқытуға деген қызығушылығы және т.б. жағымды қасиеттері тәрбиеленеді.

Сабақтың типтері, құрылымы. әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.

Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың  жеке және тұтас, оны әрі қарай  бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):

  1. Жаңа білімді игерту.
  2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
  3. Оқытушылардың білімін бақылау, бағалау.
  4. Үйде орындайтын оқыту жұмысына түсініктеме.
  5. Білімді қорыту және жүйелендіру.

Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта  қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.

Сабақтың құрылымы деп  «сабақтың әртүрлі  варианттар элементтерінің  өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін  қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1, 19).

Сонымен педагогтар мен оқытушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді. Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.

Сабақтың типтері. Олардың  түрлері сан алуан, сондықтан  оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада  кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:

  • дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
  • дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
  • оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
  • сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.

М.И. Махмутовтың жіктеуі  бойынша сабақтың типтері:

1. Аралас сабақ – практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай,  үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқытушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге  сүйеніп оқытушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқыту материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.

Информация о работе Оқыту әдістемесі