Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 19:47, курсовая работа
Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
КІРІСПЕ........................................................................3
I ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕЛЕРІ, ТƏСІЛІ ЖƏНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНІГІ МЕН МƏНІ ...............................................5
1.1 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ТОПТАСТЫРУ............................................................5
1.2 ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІН ШƏКІРТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ƏРЕКЕТТЕРІНЕ ОРАЙ ТОПТАСТЫРУ..........................................................................................10
I I.ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............................................................................14
2.1 ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ..........14
2.2 ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК..............16
2.3САБАҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ............................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................40
- оқыту мақсатарын талдау және оны оқыту пәні мазмүның негізінде анықтау;
- оқыту пәні мазмұнын жүйелендіру және оны оқыту элементтерің жинақтаған модуль түрінде ұсыну;
- оқыту элементтерін игеру деңгейн белгілеу;
- студенттерді
даярлаудың бастапқы және
Оқыту технологиясы білім беруді ізгілендіру принципін практикада қолдануды жүзеге асыру тетігі болып табылады,өйткені оқыту оқытушылардың студенттермен өзара белсенді әрекет процесі ретінде қарастылады, оңын мақсаты студентерді тұлға және кәсіпқой ретінде даярлау. Сабақ беруге , оқытуға және білім беру мазмұнына дидактикалық өзара әрекетсіз жүйені құру мүмкін емес.
Оқыту процесінде оқыту технологиясына қолдану , бір жағынан , оқыту- тәрбие жұмысын женілдетеді, екінші жағынан, өз тенологиясын жасау жолымен алға басу білім беру жүйесінің ғылыми-техникалық прогрестен кейін қалуын жоюға көмектеседі.
Қазіргі оқыту технологиясына қатысты әдістер мен тәсілдердін ережелерін меңгеру үшін олармен байланысты прцестерді терең түсініп, оларды өздерінің педагогиқалық практикасында қолдану қажет ,ал ол үшін уақыт , табандылық және күнделікті тәжірибе керек.
2.2 Оқытуды ұйымдастырудың түрлері ЖӘНЕ
Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық
оқыту түрлеРінің маңызы
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқыту материалын меңгерудегі оқытушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға оқытушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады . Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқытушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір Оқыту материалын игеру барысындағы оқытушының оқыту іс-әрекетін басқару және оқыту тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқыту материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқыту үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқытушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі:. Оқытушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқыту жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮII ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең көп тараған және үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқытушылардың құрамы, бұл жүйеде оқытушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда-атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады; сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқыту тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, Оқыту мәселесін талқылағанда, оқытушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқытушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгірімі орташа деңгейдегі оқытушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқытушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқытушылар үшін ыңғайланған оқыту объектісі болмайды, әр оқытушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.
Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқытушыларын бірге оқытуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқытушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқыту жұмысын, сонымен қатар міндетті оқыту мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.
Сыныптық - сабақ жүйесі өзіне кғөптеген оқыту үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқыту шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).
Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық Оқытушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар әртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.
Жоғарыда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне жататын ерекшеліктің бірі – кез келген оқытушының оқыту еңбегіне үйретеді: тыңдауға, ұжымдық іс-әрекетте берілген сұрақты талқылауға, өзінің жұмысын ұйымдастыруға, өзінің пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, олардың жасаған ой тұжырымы мен дәлелдемелерімен келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін дәлелдеп қарсы тұжырым құруға, басқаның ой түйінін толықтыруға, конспект жазуға, баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография құрастыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге, өзінің оқыту іс-әрекетін ұйымдастыруға, берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге және т.б. топтық жұмыста Оқытушылар көш басылық қызметкерлік, бағынбаушылық іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін меңгереді, үлкендер ортасымен, жалпы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады-табиғи іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге бейімделеді. оқытуды ұйымдастырудың түрінде Оқытушылардың тәрбиесі үлкен рөл атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару жағы басымдылыққа ие болады.
Сыныптық –сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқыту кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқыту-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың мңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан- жеке, яғни мұғалімнің оқытушыға, нәтижесінде, оқытушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқытушылардың қабілеттілігі шыңдалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен прицинциптерін тұйындайды. Сабақ – педагогтік шығармашылықта құрылады және сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқытушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, Оқытушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, болып қарауға олатын жіктеме төмендегідей: (И.П.Подласый)
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, Оқытушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқытушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің заңын,жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және оқытушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқытушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді. Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқытушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту - оқытушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
Сабақта оқытушылардың оқыту қызметін ұйымдастыру. Сабақта оқытушының оқыту қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір пен тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің барлық оқытушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, жеке- өзіндік
Жұмыс әр оқытушының топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқыту қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқтушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқытушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқыту ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқытушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқытушының мүмкіндігіне жол ашу.
Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқытушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқытушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқытушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқытушыда уақыт артық қалады.
Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлері де пайдалану керек.
Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқытушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқыту мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқытушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқытушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқынын бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқытушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқыту іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқытушы өзінің оқыту қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқытушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқытушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқытушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.