Отбасы тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 17:43, курсовая работа

Краткое описание

Қоғамдық жанғыру кезінде.Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті-бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатады. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын көрсетуде.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
І. Бөлім. Отбасы тәрбие басы......................................................................4
1.1. Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой – пікірлері...................................4
1.2. Отбасының баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлі...........7
1.3. Отбасылық тәрбие жұмыстар.................................................................13
ІІ.Бөлім.Отбасындағы қарым – қатынас психологиясы......................17
2.1. Ата – ананың түрткілерінен туындаған тәрбиедегі қателіктер...........17
2.2. Отбасыдағы ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы......................18
2.3. Отбасы тєрбиесінің материалдыќ жаѓдайы мен ата ананың беделі....21
Қорытынды....................................................................................................25
Сілтеме
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

отбасы тәрбиесінің псих.-пед. негіздері.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

1.2. Отбасының  баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы  рөлі

Отбасы тәрбиесі-баланы жан-жақты жетілдіру үшін көзделген  нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы мен мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істер ауқымын құрайды.

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның  тән- дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының  тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан-тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы-бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос жарандары да, отбасы-бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелігі отбасыға тәуелді.Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тєрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. Баланың тәрбиелілігі отбасы тәрбиесінің нәтижесі.

Ж.Қоянбаев педагогикалық  еңбегінде: “Отбасы-ол бірге тұратын  некеге негізделген қандас туыстар (әке, ана, бала... тобы)”деп анықтама берген.[5]

        Соңғы кездері орысша “семья” ұғымының қазақша аудармасы “отбасы”, “жанұя”, “үйелмен” деп қалдырып жүргенін кездестіруге болады. Терменалогиялық сөздікте “семия” ұғымы “отбасы” деп аударылған. 1996 жылы ресми түрде “семия” ұғымы отбасы деп қабылданды. Соңғы кездері тіршілікке керек білімге баланы жастан даярлау керек деген пікір күшейді. Отбасы тәрбиесінің адам өміріндегі маңызан бізге дейінгі, көптеген ұлы ағартушылар, ғалымдар зерттеп, ол туралы құнда пікірлер айтқан (Әбу Насыр Әл-Фараби, М.Жұмабаев, А.Құнанбаев, М.Әуезов т.б.)

Жеке адамның  қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өкениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.

Неке мен  отбасыға деген үсірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасындағы жоғары белең алған ажырасулар- бәрі де отбасындағы бала тәрбиесінде болатын теріс ықпалдар көзі.

Отбасы-тұлға  қалыптастырушы бесік. Осыдан, “Ел боламын десең тағылымың мен бесігіңді түзе”-деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. [6] Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

Жоғарыда әңгіме болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қорытындылар жасауға болады:

  • отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас үлғаюмен ол әсер белсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан да өз маңызын жоймайды;
  • қандай да басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
  • отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамассыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып іске қосады.Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
  • салт-дәстүр жалғастығын қамтамассыз ететін отбасы;
  • отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері-азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя игерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
  • отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасының тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:

1. Көптеген еңбеккер  отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.

       2. Қоғамдық өмір мәдениетінің  төмендігі.

3. Отбасы анасы-әйел  мойнына артылған екіталай-жұмыс  орнында, жанұяда ауыртпашылық.

4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық  және моральдық себептердің салдарынан  болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.

5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.

 6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау- дамай.

7. Отбасы мен  мектеп арасындағы байланыстың  күннен күнге әлсіреуі.

         Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?

Бұл орайда педагогика қандайда болсын жаңалық ашып беруі  мүмкін емес:тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық.Барша үмітімізді мұғалімге артамыз,тәрбиелік жақсылықтарымызды оныњ жанпидалылығынан күтеміз. Шынайы ұстаз өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырған жөн.

  • отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру.Әміршіл- әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті. Тек кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;
  • адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуды зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы-мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;
  • педагогикалық мүдде-ниеттерді гуманитарлық қор,қоғамдар мен ұжымдар жұмыстарымен үйлестіре отырып,қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау;

Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау-әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы болу керек.

Қаншалықты  отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері  де соншалықты мол. Алайда олардың көп  түрлілігіне қарамастан, отбасындағы ересектер ме балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі баршылық. Отбасындағы қарым-қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өсуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады.

 Олар:

1.Балаларына  құрмет көрсете алатын отбасы.

2.Қайырқом, мейірлі отбасы.

3.Күнделікті  дүниепарыздыққа жүгінген отбасы.

4.Алауыз, жауласқан отбасы.

5.Теріс әлеуметтік  бағыттағы отбасы.

6.Ата мен  аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі  жайлаған отбасы.

7. Тұрпай тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.

Мектептегі  “Қатерлі топ”, “Қиын балалар” тобын осындай ата-аналардың балалары құрайды.

        Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық  қоғамның өзекті мүдде мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік,қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау-отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелгі белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.

1.Балалар мен  жастардың отбасындағы тәрбиесі  салауатты өмір болмысына негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын ж.т.б. қамтиды.

2.Отбасындағы  сана- сезім тәрбиесі ата-аналардың  өз балаларын білімдерімен байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап бару ұмтылыстарын баулуға негізделеді. Танымдық қызықсыну,қабілет,бейімділіктер мен нышандарды дамытып бару бала тәрбиесіндегі ата-аналардың аса өзекті шаруасы.

3.Отбасындағы  адамгершілік-имандылық тәрбиесі  тұлға қалыптастыру жолындағы  қатынастардың бұлжымас төркіні.  Бұл орайда алғы шепке тартылатын мәселе мәңгілікті өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары- сүйіспеншілік, құрмет пен сыйластық, әділдік пен арнамыс, қадір-қасиет пен борыш сенімдерін тәрбиелеу. Адамгершілік сапа, қасиеттердің басқа да түрлері: парасатты қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік пен ұстамдылық та осы отбасында баулынады.

4.Отбасындағы  эстетикалық тәрбие балалардың  таланты мен дарының дамытуға  бағытталып, өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағылым беруге арналады.

5.Отбасындағы  еңбек тәрбиесі балалардың болашақтағы адал өмірінің негізін қалайды. Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есіл дерті “жеңілдің астымен, ауырдың үстімен” жүріп, шалқып өмір сүру. Ал мұндай еңбексіз “күнде той” өмірдің жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын дәлелдеп отыр.

        Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие-балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жітіліп барушы процесс.

        Әрбір әке мен кез келген ана өз перзенттіне болашақта қай сапа қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиенің саналылық сипаты мен тєрбиелік міндеттері парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.

Отбасындағы тәрбие әдістері-бұл ата- аналардың өз баласының  санасы мен әрекет қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн- жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Сөзден гөрі іс-әрекетке көп мән беріледі. Олар:

  • әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;
  • тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.

Осыдан да отбасылық  тәрбие әдістері ата-аналардыњ тұлғалық  сән-     сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла  қарастырылуы мүмкін емес.Қаншама ата-ана  болса, әдістері де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау және мадақтау, қаталдық құрсауына салу, жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді; біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәжірибелегісі келеді, осыдан олардың әлісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданылады.

Отбасындағы тәрбиелік  міндеттерді атқарудың құралдары  да әртүрлі. Олар арасындағы кең қолданылғандар: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүрлер, қоғамдық пікір, отбасындағы рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері  (газет, журнал, радио, теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен мейрамдар, рәміздер, ерекше белгілер (атрибут), қастерлі заттар, бұйымдар ж.т.б.

Қазіргі уақытта  отбасылық тәрбиенің ерекшелігін  баланың түрлі балалар мекемелерін  тәрбиелену жағдайларымен салыстыра отырып, терең талдау жасаудың өткір қажеттілігі пісіп-жетілгені ойландырады.

 Отбасы тәрбиесі  күрделі жүйе, оған тұқым-қуалаушылық,  ата-ананың, баланың денсаулығы, материалдық-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, тұрмыс деңгейі,  отбасының құрамы, тұрып жатқан  жері (ауыл, қала), отбасындағы балаға деген ықылас т.б. жасайды.Әрбір отбасының негізгі функцияларына ұрпақты жалғастыру және оны сапалы етіп тәрбиелеу жатады. Отбасы тәрбиесі бала дүниеге келген алғашқы  күннен басталады, ал халықтық педагогикалық бала құрсақта жатқан күндерден басталады деген ой пікір бар.

       Баланың өсіп жетілуіне қарай отбасы тәрбиесі де күрделеніп үздіксіз жалғасып отырады, бірақ ықпал ету күші әр түрлі (жас кезде ықпал ету күші зор).

       Ғалымдардың пікірі бойынша отбасы  тәрбиесінің міндеттерін шешу  үшін келесі принциптерді қызмет барысында басшылыққа алу қажет: 

  • өсіп келе жатқан адамға ізгілік, қайырымдылық қатынас жасау;
  • балаларды отбасының өміріне араласу, қарым-қатынасындағы ашықтылық, сенімділік;                     
  • отбасының қарым-қатынасындағы оптимизм;
  • талап қоюда бірізділік пен жүйелілікті сақтау, балаға шамаға лайықты көмек көрсету, сұрақтарды жауапсыз қалдырмау және т.б.

Жоғарыда принциптерден  басқа да принциптерді сақтау қажет, мысалы, балаға қол жұмсамау, ретсіз көп ақыл айтып жалықырмау, міндетті түрде бағынуды талап етпеу, т.б.

Отбасының тәрбие мақсаты қай заманда болса  да түрлі өмір жағдайында кездесетін қиындықтарды женіп, өмірде өзіне лайықты  орын табу үшін “Сегіз қырлы, бір сырлы” етіп тәрбиелеу көзделген. Бүгінде  біз жан-жақты мәдениетті тұлғаны  уақыт талабына сай тәрбиелеуді мақсат етіп отырмыз.

Отбасы жас  ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауында тұр.

        Ол жеке тұлғаны қалыптастыруға  игі ықпалын тигізетін халықтық  педагогиканың алуан түрлі формулалары  мен құралдарын ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани мәдениеттін, мінез-құлық пен әдептіліктін, салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың т.б.мұралық қазыналардың, ой мен тілдің, ауыз әдебиет үлгілерінің тәлім-тәрбиелік мәні бар озық үлгілерін кеңінен пайдаланылады. Баланың жан дүниесінің қалыптасуы, оның қоғамдық өмірге араласу процесі де отбасынан басталады, яғни отбасы өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселесіне де араласады деген сөз. өйткені отбасындағы туысқандық қарым-өатынастар мен тұрмыс жәйттері балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш деп жоғарыда айтып кеттік. өмірге жас нәрестені әкеліп, асырап, бағып-күтіп жетілдіру, аяқтандырып, адам санасына қосу, әсіресе оған жан-жақты өнегелі тәлім-тәрбие беріп, бойына адамзат қауымдастығына тән адамдық қадір қасиеттер мен сапаларды сіңіру, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас болып келе жатқан әлеуметтік тәрбиені, шаруашылық іскерлікті меңгерту, білім негіздерін оқытып-үйрету, дағды іскерліктері мен біліктілікке баулу онай шару емес. Баланың отбасында ақыл-ойы дамиды, ұнамды мінез-құлқы қалыптаса бастайды, себебі жағымды мінез-құлықтың негізгі отбасында қаланатыны белгілі. Бала отбасында еңбекқорлыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, жинақылыққа өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған мінез-құлық пен тәртіп мәдениетіне үйретіледі.

Информация о работе Отбасы тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негіздері