Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 17:43, курсовая работа
Қоғамдық жанғыру кезінде.Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті-бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатады. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын көрсетуде.
Кіріспе...............................................................................................................3
І. Бөлім. Отбасы тәрбие басы......................................................................4
1.1. Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой – пікірлері...................................4
1.2. Отбасының баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлі...........7
1.3. Отбасылық тәрбие жұмыстар.................................................................13
ІІ.Бөлім.Отбасындағы қарым – қатынас психологиясы......................17
2.1. Ата – ананың түрткілерінен туындаған тәрбиедегі қателіктер...........17
2.2. Отбасыдағы ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы......................18
2.3. Отбасы тєрбиесінің материалдыќ жаѓдайы мен ата ананың беделі....21
Қорытынды....................................................................................................25
Сілтеме
Пайдаланған әдебиеттер
Мазмұны:
Жоспар........................
Кіріспе.......................
І. Бөлім. Отбасы
тәрбие басы..........................
1.1. Отбасы туралы ұлы
ғалымдардың ой – пікірлері....
1.2. Отбасының баланың
жеке тұлға болып
1.3. Отбасылық тәрбие жұмыстар......................
ІІ.Бөлім.Отбасындағы
қарым – қатынас психологиясы..
2.1. Ата – ананың түрткілерінен туындаған тәрбиедегі қателіктер...........17
2.2. Отбасыдағы ата-ананың балаға
деген қарым-қатынасы................
2.3. Отбасы тєрбиесінің материалдыќ жаѓдайы мен ата ананың беделі....21
Қорытынды.....................
Сілтеме
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қоғамдық жанғыру кезінде.
Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымды дамуы, қоғамдық мәдениеттің жана деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі т.б. отбасы тәрбиесіне оның құрлымы , қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратынын белгілі. Қоғамның даму бағытының жана сипаты кейбір жетістіктерге алып келгені- мен отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де белгілі. Нақтылап айтсақ, ауылды жерлерде мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жабылуы осы жастағы балалардың жалпы дайындығына теріс әсер етуде. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогикалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі екені айқындала түседі.
Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын- ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірбиесі,әдет дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар. Көптеген ғылыми- педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізде болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбисінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі-отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі. Алайда кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын- ала жоспарланатын,балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп , кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т.б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы үйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.
I.Бөлім. Отбасы-тәрбие басы.
1.1. Отбасы туралы ұлы ғалымдардың ой-пікірлері.
Тәрбие туралы сөз болғанда
бұдан өмір сүрген атақты
“Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады” деді. Сонымен қатар Абай өзінің “Онныншы сөзінде” қазақтың үй ішіндегі тәлім тәрбиесін сынға алды. “Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға салып, жөнсіз, жағымсыз мінездерге баулиды, әуелі балаңды алдайсың әне оны берем, мұны берем” дегендерін сөгеді.[1]
Баланы жасынан ғалымға, оқуға үйір қылып тәрбиелеуді дұрыс дейді. Абай ескі феодалдық санада тєрбиеленіп, жастарды бұзып жатқан теріс тәрбиеге қарсы шығып, жас нәрестені таза сақтауы, халықтың бала тәрбиесі жөніндегі бай тәжірбиесінің үлгі-өнегесіне сүйенуді дұрыс деп санады.
“Ата- анаға көз қуаныш ...” атты өлеңінде бала тәрбиесі, ата-ананың өз ұрпағына сүйіспеншілігі, оған артар міндеті, күтер үміті туралы сөз етеді.
Абай өленінде әрбір ата-
Сондықтан ақын жас ұрпақты жаңалық аталыуға үйір, талантты, жігерлі болуға, қатарынан қалмауға, масыл болмауға шақырады, елін, жерін сүйер, ата-анасын, туған-туысқанын сыйлар жақсы азамат қылып тәрбиелеуді басты шарт деп санады.
ХХ ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер ұрпақтың қамын ойлап былай деген: “ Әрбір тәрбиешінің қолдананатын жолы-ұлт тєрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақта жолы болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тєрбиесімен таныс болуѓа тиісті”.[2]
Ал отбасы тєрбиесі туралы ол былай деген: “үйдегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың күйіне қарап тәртіп өзгеріп отырмасын, тәртіп өзгермейтін ізгі құлық заңдарына негізделген болсын. Болмаса бүгін жараған іс ертең жарамайтын болып отырса, балада сенім қалмайды. Бұл-бір. Екінші-баланың жаратылыс табиғаты тілейтін жүгіруден, ойыннан тию секілді нәрседен баланы тию дүрыс емес”.
Баланың жаратылысы тілейтін нәрседен тыйсаң, бала “жасама тәртіпті оп-оңай бұрып кетуі, яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді” деген. Жалпы тәрбие туралы ойлар қай уақытта айтылса да отбасындағы тәрбие дәстүрлерімен үйлесіп жататынын байқауға болады.
Жүсіп Баласағұнның “Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып” дегені, кіріп тілі шыққаннан кейін баланы тым шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп тәрбиеле деп айтқанын тсінуге болады. [3]
Сондай- ақ, халықта “баланы бес жасқа дейін патшадай, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіне ақылшы дос сана” деген даналық қағидалары баланың әр жастағы тәрбиесі мен іс-әрекеттері туралы айтылған.
Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин ата-ана тәрбиесінің маңыздылығы жайындағы пікірлеріне көңіл аударсақ, ол да қазақ отбасының тәрбиесіне көңіл бөліп, жоғары бағалағанын байқаймыз.
«Ғалым адамның жан-жақты қалыптасуының негізі көзі тәрбиеге байланысты»дегенді айтады Ы.Алтынсарин. [4]
Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке-отбасын асыраушы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі- баланың көз алдындаңы үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы.
Егер ата-ана тарапынан тәрбие дүрыс берілсе оны балалар дұрыс қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына жағдай жасайды. Отбасында ананың рөліне көл мән берілетіні белгілі. Ананың балаға деген шексіз махаббатын мынадай өлең жолдарынан байқауға болады.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышқа қуанып,қайғыңа
Түн ұйғысын төрт бөліп,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып,
Жалқау болсаң, балалар, жамаң болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдетет
дей отырып, баланың ең жақын ақылшы адамы ана екенін көрсеткен.
Отбасы тєрбиесінің жас ұрпаққа ететін ықпалы өте зор, оны өмірде басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Қазақ халқының бала тәрбиесі туралы тәжірибесін жинау, оны дұрыс пайдалана білу бүгінгі күннің несібесі.Қазіргі заманда халықтық салт-дәстүрді пайдалана отырып, баланы кішкентайынан дербес әрекет жасай білуге, өзіне өзі қызмет көрсетуге үйретуден бастау керек.
Бала жастайынан үлкенді
Ұздіксіз тәрбиенің
басты сатысы-отбасы тәрбиесі. Отбасында
бала еңбек етуге, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге
үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарас
қалыптасады.
Қазіргі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бастан кешу кезінде отбасы адамға ең жақын жылылық сезім, түсінушілік, сүйспеншілік сыйлайтын негігі орта. Сондықтан бүгінгі күні отбасының мәні, отбасының тәрбиелік рөлі арта түсуде. Әр уақытта “отбасы”, “туған үй” адам үшін ең басты ұғымдардын бірі болып келген.
Отбасы тәрбиесі адам тағдырына да ықпал етеді. өйткен отбасы беретін өмір сабағын балаға ең жақын адамдары-ата-анасы, ата-әжесі үлкен ағалары мен апалары береді, сол себептен оның тәрбиелік потенциалы мол, онымен басқа адамдар, басқа тәрбие институттары тең келе алмайды.
Ресей елінің ғалымы Л.Д.Столяренко отбасы тәрбиесіне төмендегідей анықтамалар берген:
“Отбасы-өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы”. [5]
Ал педагогикалық энциклопедия сөздігінде былай делінген:
“Отбасы-кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір- бірінің алдына моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар”.
Отбасы тәрбиесі туралы сөз болғанда келесі анықтамаларға назар аударуға болады:
“Отбасы тәрбиесі-туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайыттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күші” (Қазақша энциклопедия сөздігі).
“Отбасы тәрбиесі-нақты отбасы
жағдайында ата-ананың басқа
Қазігі заман дефектілерін “неблагополучные” дейді М.И.Буянов ажырасудың бала психикасына ықпалын З.Матейчик, Х.Фигдор т.б. белгілеген. Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е.П.Арнаутова, А.И.Захарова, Е.И.Кульчитцкая т.б. Жалғыз бала тәрбиесі туралы А.П.Усова, егіздер тәрбиесін Р.Скиннер, К.Витек т.б. зерттеген. Бала психикасының қалыптасуына ананың әсерін психотерапевт А.И.Захарова, психолог Д.Б.Эльконин, А.Я.Варга т.б. зерттеген.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім- тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектерінде, Ж.Баласағұни, С.Сарай шығармаларында, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен, әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х.Арғынбаев, Г.А.Уманов, К.А.Оразбекова, Ж.Қоянбаев, З.Әбілова, С.Ғаббасов, І.Р.Хамитова, А.Ш. Икрамова т.б. еңбектері бар.
Отбасының мағынасы ондағы балалардың бамуы үшін, олардың жалпы адамзаттық тәжірибені меңгеру үшін жасалатын жағдайлармен анықталады. Ерте жастан бастап балалар үлкендерден үйренеді. Ол тек жүру мен сөйлеуді ғана емес, заттарды дұрыс пайдалана білуге, білім алуға, еңбек етуге сезінуге, ойлауға, шыдамды болу, басқа адамдар мен өзімен-өзі қарым-қатынас жасай білуге үйренеді. Дәл осы отбасында балалар қарапайым әрі табиғи түрде өмірге бейімделеді, өйткені “күн сайын ертеден кешке дейін, кейде түн ортасынадейін ата-ана, ағалар мен әпкелер, аталар мен әжелер ретінде отбасы баланыә алдына сан алуан мінез-құлық түрлері үлгілерін, үлгілердің “ ассортиментін”-сөздер, қимылдар, еңбекке, адамдарға, еліміздегі саяси оқиғаларға деген өатынастарды жайып салады.” (А.А.Аркин, 1952, 12-б) Сонымен қатар отбасында бала қалай өмір сүру және нені білу керектігін, өмірдің шындығында қандайлығын, адамдардың өздерін іс жүзінде қалай ұстайтындығын: олардың бір-біріне, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын, олардың бағалаулары мен пайымдауларын, ойланулары мен толғауларын сезінеді, көреді, естиді.
Отбасылық тәрбиенің ерекшелігі-оның эмоционалдық сипатында,бұл “туыстық сезімдерге негізделген, тереңде жатқан балаларға деген қандас махаббатпен жєне балалардыњ ата-анасына қайтарған сезімдермен беріледі”. (Мектепке дейінгі педагогикалық негіздері, 1980. 230-б.)
Психологтар мен педагогтар бірауыздан нақ осы махаббатқа, сенім білдіруге, өзара қызығушылыққа негізделген жақын үлкендермен қарым- қатынастардың отбасылық тәрбие атмосферасын анықтайтынын растайды. “Жеке тұлға тек тіршілік етіп қана қоймай, алғаш рет өзара қатынастар желісінде байланған “түйін” секілді пайда болады... Сондықтан, нәрестенің денесі бірінші минуттардан-ақ адам қарым-қатынастарының бірлігіне енгізілген, ол қазірдің өзінде жеке тұлға.Өйткені, өзге адамдар оған адамша қарым-қатынас жасайды. Бала өзі осы қызметті іске асыра бастаған кезде жеке тұлға ретінде қалыптасады. Алғашқы кездерде үлкендердің көмегін қажет етеді,кейін онсыз да іске асырады”. (Э.В.Ильенков,1979,195-б.)
Алайда соңғы жүз жылдықта қоғамдық қайта құрулардың қарқынының өсуі отбасы қатынастары саласын да қамтыды, олардың дәстүрлі формалары өзгерістерге ұшырады:патриархалдық ірі отбасылар ыдырады, олар нуклеарлық отбасына (ата-аналар мен балалар) орын берді, отбасында балалар саны қысқара бастады, олардың мүшелері арасындағы тығыз байланыстар нәзік әрі берік емес бола бастады. Біздің ғасырымызда осы айтылғандардан басқа, баланың дамитын бірден-бір ортасы болудан қалды. Соңғы жылдарда баланың толыққанды және жан-жақты дамуы үшін тек қана отбасы тәрбиесінің жеткілікті екендігіне күдік келтіріле бастады.
Информация о работе Отбасы тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негіздері