Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 13:02, дипломная работа
Адамның танымдық және шығармашылық мотивациясын дамытуды мақсат еткен қосымша білім беру мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеу, оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру дәстүріне сүйенеді. Ол қосымша оқыту бағдарламалары мен қосымша білім беру қызметтерін көрсетуден тұрады және ол мемлекеттің, қоғамның оқушылардың мүддесін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. Мектептен тыс мекемелер балалардың отбасынан, мектептен алған білім-тәрбиесін толықтырады, солармен бірлесе отырып бір мақсатты жүзеге асырады: жеткіншектердің дене-бітімінің сымбатты болуына, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, рухани-әлеуметтік, моральдық тұрғыда дамуына ықпал етеді.
КІРІСПЕ 3
1 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіндегі орны мен тәрбиелік әлеуеті 6
1.2 Қазіргі жағдайдағы қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың бағыттары мен қағидалары 29
1.3 Қосымша білім беру ұйымдары іс-әрекеттері арқылы оқушыларға
кәсіби қызығушылықты қалыптастырудың жолдары 52
2 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
2.1 Қосымша білім беру ұйымдары қызметінде кәсіби қызығушылықты қалыптастырудың құрылымы мен жолдары 60
2.2 Оқушылардың кәсіби қызығушылығын қалыптастастырудың
тәсілдері 73
ҚОРЫТЫНДЫ 78
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 80
Ғылымда оны білім берудің ерекше құнды типі ретінде қарастырады, әр баланың тұлғасын дамытуға қажетті жағдай тудыратын саласы, балалардың үнемі өзгеріп тұратын жеке әлеуметтік-мәдени және білімдік талаптарын қанағаттандыру оның басты міндеті.
Балаларды қосымша оқыту-білім берудің айрықша типі, оның ерекше белгілері, қызметі болады.
Жоғарыда көрсетілген бағыттарды бір-бірімен қоса дамыту қосымша білім берудің негізгі мақсатын шешуге көмектеседі.
Жалпы орта білім берудің құрамдас бір бөлігі ретінде қосымша білім беру ұйымдары оның да қызметін атқарады (адамның әлеуметтенуі және даралануы, кәсіби білім алуға даярлану т.б.) Оның оқушылардың қызығушылығы мен қажеттілігіне сәйкес пайдалану мүмкнідігі бар және бұл қызметінің өз ерекшелігі бар. Біз осы ерекшелікті №1 кесетеге салып көрсетуге тырыстық.
Кесте – 1 Қазіргі қосымша білім беру ұйымдарының қызметтері
Әлеуметтік қызмет |
Педагогикалық қызмет |
Әдістемелік қызмет |
Жалпы әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыру Шығармашылық қызметке қабілетті Баланың бақылаусыз болуының алдын-алу |
Танымдық қажеттілікті іске асыру Тұлғаның өзін-өзі айқындау қажеттігін іске асыру Коммуникативті қажеттілікті іске асыру Рухани өмір үлгісін қалыптастыру |
Қосымша білім беру ұйымы педагогтарының кәсіби біліктілігін көтеру Педагогикалық жобалардың ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етілуі Педагогикалық инновацияларды қолдау |
Қазіргі қоғам біркелкі идеологиялық кеңістіксіз, ортақ құндылықтарсыз, солардың қатарында еліміздің тарихи өткеніне қатынассыз, оның ұлттық рәміздеріне қатыссыз, оның әлем қауымдастығындағы рөлінсіз дами алмайды. Бұл мәселелерге қосымша білім беру ұйымдарында айрықша назар аударылады. Бұл – оның негізгі қызметтерінің бірі:
Қосымша білім берудегі мәнді мәселе - шығармашылық еңбекке қабілетті балаларды анықтау және қолдау.
Балалардың бақылаусыз қалауын болдырмау жағына көбірек көңіл бөлінетін болды (оған материалдық және кадрлық мүмкіндіктері шектеулі болса да).
Сонымен қатар қосымша
білім беру ұйымдары – балалардың
жеке басының дамуына, кәсіптік бағдарын
айқындауына, шығармашылық еңбегіне, олардың
қабілеттерін іске асыруына, қоғам
өміріне бейімделуіне, азаматтық
сана-сезімінің, жалпы мәдениетінің,
салауатты өмір салтының қалыптасуына,
бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына
жағдай жасайтын ұйым. Мектептен тыс
ұйымдарға – балалар
Қосымша дамыту бағдарламалары
- оқушылардың жеке басының дамуына,
кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық
еңбегіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне,
азаматтық сана-сезімінің, жалпы
мәдениетінің, салауатты өмір салтының
қалыптасуына, бос уақытын мәнді
ұйымдастыруға бағытталған
Қосымша білім беру ұйымдарының өз алдына қойған міндеттері бар. Олар:
Сөйтіп педагогикалық міндеттер арасында қосымша білім беру ұйымдары жетекші салаға айнала бастағаны толық айқындығын білдіреді.
Оқушылардың өз-өзін айқындау, рухани өмір салтын қалыптастыру, коммуникативті қажеттілікті іске асыру өз мәнін сақтап қалды.
Әдістемелік қызметте педагогикалық
кадрдың кәсіби біліктілігін көтеруге
ерекше көңіл бөлінуде. Қосымша
білім беру ұйымдары көп ретте
педагогикалық қызметтің жеке бағыттары
бойынша әдістемелік орталық
ретінде көріне бастады, жаңа білімдік
технологияларды
Қосымша білім беру ұйымдары
баланың басқа ұйымдармен отбасында
алған тәрбие мазмұнын байытуды, балардың,
жасөспірімдердің, жастардың өз қалауы
мен қызығушылығы бойынша таңдаған
еңбек қызметіне үйлестіріп, оның
әр алуан формаларын дамытуды, тереңдетуді
көздейді. Тәрбие беру кезеңі қосымша
оқытуды ұйымдастыруда ерекше маңызы
бар. Өйткені балалар мен
Балалардың қосымша білім беру ұйымдарының мектептегі орта білімнен айырмашылығы негізінен, баланы қызықтырған құбылысты қарқынды және терең меңгертуінде. Бұл жерде баланың қызығуы оның әйтеуір бір дарыны жарқырап көрінеді. Осы бір қызығудан оның кейінгі өміріндегі негізгі қызметінің бағыты мен соқпағын көруге болады. Бұл мәселеде қосымша білім беру ұйымдары адамның базалық білімінің «бастау алатын алаңшасы» деп және өз-өзін кәсіби айқындауы ретінде қарауға болады. Қосымша білім беру ұйымдары болашақ азаматтың тәрбиесіндегі үш негізгі міндетті орындауға жәрдемдеседі:
Жалпы орта білім беруде
адамға бағытталған білімге көшу
басталды: вариативті жүйе қалыптасты,
ол білім алатын мекеме мен білім
бағдарламасын таңдаудың
Лебедев О.Е. адамға
бағытталған жалпы білім
Адамға бағытталған білім
беруге көшу тек білім беруді ізгілендіру
арқылы мүмкін болады, яғни оқытудың мазмұны,
формасы, мен әдістеріне ізгілік
идеясын сіңдіру және мазмұн құрылымындағы
гуманитарлық компоненттің мәнін көтеру
болып табылады Демек, білім беру
процесін ізгілендіруге бағыт алған
соң, оқушылардың потенциалды
Біздің зерттеуіміз қосымша білім беру ұйымдарының әрбір баланың тұлғасын дамыту үшін неғұрлым жайлы ахуал тудыратын салаға жатады. Мұнда білім беру процесінің адамдық-қызметтік сипаты бар, ол адамды таным мен шығармашылыққа үйретеді, кәсіби өз-өзін айқындауға жетелейді.
Қосымша білім беру жүйесінде басты назар әрбір баланың білім алу саласын, бағдарлама профилін, қызмет түрін, бірлескен ұжым формасын еркін таңдауына қажетті жағдай жасауға аударылған.
Қосымша білім беру ұйымдары жұмысының тәжірибесін, қызығу саласына қатысы бар әдебиеттерді талдай келіп, біз қосымша білім беру ұйымдары адамның тұлғалық дамуына, өз-өзін айқындауына, шығармашылық еңбегіне, олардың қабілетін дамытуға, қоғамда өмір сүруге бейімделуіне, азаматтық санасына қалыптасуына, жалпы мәдениетіне, салауатты өмір салтына, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына қажетті жағдайлар тудыратынына көз жеткіздік.
Зерттеулерден біз қосымша білім беру ұйымдарының мынадай негізгі концептуалды жағдайлары ажыратылғанын аңғардық. Оларды жүйелеп көрсеткенде:
оқушылардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру болып табылады екен [24,3б.].
Ендеше қосымша білім
беру ұйымдары концепциясының негізгі
идеясын былайша түйіндеуге де болады
екен, атап айтқанда: әлеуметтік – педагогикалық
құбылыс ретіндегі қосымша
Біз зерттеу барысында оқушылардың қосымша білім беру ұйымдарының орны мен рөлі, мазмұнды проблемаларына арналған бірнеше диссертациялық жұмыстарды да қарастырдық. Бұл саладағы еңбектер республикада бірнешеу ғана екен. Олар:
Сондай-ақ біздің зерттеу
тақырыбымызға қатыстылығы
3. Кенжебеков Б.Т. Оқушылардың мектептен, сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру олардың техника мен еңбекке тарту жолымен іске асырудың педагогикалық жағдайларын қарастырады. Олар республиканың көптеген мектептен тыс ұйымдарының жұмыс тәжірибесін, соның ішінде республикалық оқушылар сарайының ғылым мен техника бөлімінің жұмысын жинақтап, үлкен жұмыс тындырған [29,36б.].
4.С.А.Жолдасбекова. Оқушылардың танымдық қызметін әртүрлі тәсілдер арқылы белсендіруге болады. Егер сабақта және сабақтан тыс жұмыста оқу материалының мазмұнына кейбір даму туралы тарихи – ғылыми мәселелерді енгізсе оқушылардың танымдық белсенділігін күшейтеді - деген тұжырым жасайды [30,49б.].
5.Құнантаев К. Республикадағы дарынды жастардың шығармашылық қабілетін дамыту мен айқындауды, оқушылардың сабақтан тыс бірлестіктер ұйымдарындағы жоғары сынып оқушыларының ғылыми зерттеушілік қызметінің дағдыларын қалыптастыруды қарастырған [31,24б.].
6.К.Тоқтарова. Өз жұмысында кейбір бастапқы ұғымдарды сыныптан тыс және факультатив сабақтарға енгізуге болатынын көрсетеді. Мысалы, ол өз зерттеуі үшін ең «қызығушы» жастағыларды 8-9 сыныптарды алып, оларды ауылшаруашылық менджеріне тәрбиелеуді негізге алады [32,75б.].
7.М.Қ.Қаламқалиев. Оқушыларды тәрбиелеудің өзіндік формалары мен әдістері ғылыми-ағарту тәрбие жүйесін жетілдіру үлгісінде ұсынады [33,48б.].
8.Т.С.Сабыров. Өз еңбегінде пәнаралық байланысты іске асырудағы факультатив сабақтардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Бірнеше пәндердің қоғамтану, физика, астраномия өзара байланысы арқылы мектеп оқушыларында әлемнің дұрыс ғылыми картинасын тәрбиелеу мақсатында көрсеткен [34,180б.].
Көмекші сипаттағы әдебиеттер
жеткілікті, бірақ мектеп пен мектептен
тыс ұйымдардағы қосымша
Олар күні бүгінгіге дейін
қосымша білім беру ұйымдары кадрларын
даярлау мәселесі өміршең болғанымен
шешімін табу қарастырылмаған. Бұл
құрылымға кездейсоқ
Қосымша білім беру ұйымдарындағы педагогикалық процестердің белгілі бір нақты шарадан бастап, сан-салалы азаматтық мәселелерді шешуге құрылған ізденістер формасында өтілуін қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік әзірленімдер мен қызмет жүйесі приоритеттін оның стратегиялық дамуын анықтау;қосымша білім беру ұйымдары қызметінің ақпаратты, ғылыми-әдістемелік базасы жүйесін жетілдіру;қосымша білім беру ұйымдарының вариативтік модельдерін жасау сияқты күрделі мәселелердің шешімдерін қарастыру қажеттілігін танытуда.