Қосымша білім беру ұйымдарының әлеуеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 13:02, дипломная работа

Краткое описание

Адамның танымдық және шығармашылық мотивациясын дамытуды мақсат еткен қосымша білім беру мектептен тыс оқыту мен тәрбиелеу, оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру дәстүріне сүйенеді. Ол қосымша оқыту бағдарламалары мен қосымша білім беру қызметтерін көрсетуден тұрады және ол мемлекеттің, қоғамның оқушылардың мүддесін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. Мектептен тыс мекемелер балалардың отбасынан, мектептен алған білім-тәрбиесін толықтырады, солармен бірлесе отырып бір мақсатты жүзеге асырады: жеткіншектердің дене-бітімінің сымбатты болуына, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, рухани-әлеуметтік, моральдық тұрғыда дамуына ықпал етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіндегі орны мен тәрбиелік әлеуеті 6

1.2 Қазіргі жағдайдағы қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың бағыттары мен қағидалары 29

1.3 Қосымша білім беру ұйымдары іс-әрекеттері арқылы оқушыларға
кәсіби қызығушылықты қалыптастырудың жолдары 52

2 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

2.1 Қосымша білім беру ұйымдары қызметінде кәсіби қызығушылықты қалыптастырудың құрылымы мен жолдары 60

2.2 Оқушылардың кәсіби қызығушылығын қалыптастастырудың
тәсілдері 73

ҚОРЫТЫНДЫ 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 80

Прикрепленные файлы: 1 файл

seidaliyeva.doc.docx

— 181.50 Кб (Скачать документ)

Тәрбиенің барлық түрлері  өз мүмкіндіктерін өзіне барабар  ұжымдық мазмұн мен шығармашылық даралықты даму негізінде ғана байқата  алады.

Біріншіден, ұжымдық тәрбие барлық балаларды туылғаннан бастап қамтиды. Ол теңдік пен ізгілікті  идеал тұтқан, жан-жақты, үйлесімді  дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Екіншіден, тұлғаны қоғам  өмірімен байланыстыратын тәрбие жүйесінің  негізі  өндірістік еңбек болып  табылады. Бұған балалар жас күнінен  бастап тартылады. Ата-аналар мен тәрбиешілер  тәлімгер ретінде әрекет етеді. Үшіншіден, барлық балалар әртүрлі балалар  мекемелерінде тәрбиеленеді, олармен  маман тәлімгерлер айналысып, бұл  істен ата-аналарды босатады. Дегенмен ересек адамдар, өзінен кішілерге қамқорлық  жасайтын жасы үлкен жеткіншектермен  бірге балалар үшін тәрбиешілік  міндет атқарады. Жас ұрпақтың жан-жақты  және үйлесімді дамуы тәрбиені материалдық  өндіріспен байланыстыру негізінде  ғана мүмкін болады. Әрбір бала - өмірдің, оқу-тәрбие процесінің еркін субьектісі. Шынайы тәрбие беру де адамды тәрбиелеу  ісін ізгілікті етуді мақсат тұтады, осындай басым бағытта педагогикалық  көзқарасты да жаңарту қазіргі таңда  айқын байқалады.

Қазіргі міндеттерді шешу мақсатында педагогикалық теориялар  мен практиканы дамыту ұрпақ тәрбиесі мазмұнын ұйымдастыру мен әдіс-тәсілін  белгілеуде жаңа көзқарастарды қажет  етеді. Бұл орайда мектептерде болсын, қосымша білім беру ұйымдарында  болсын білім беру – тәрбие процесіне  тұтастық көзқарас теориясы тұрғысында амал жасау үлкен маңызға ие. Өйткені тұтастық көзқарас адамның жекелеген қасиеттерін тәрбиелеумен бірге, жалпы адами дербестікті қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми білімдерді өзара ұштастыруды талап етеді [12,10б.]. Мұның өзі педагогикалық құбылыстардың мәнін меңгеру қоғамдық тәрбиедегі тенденциялар мен заңдылықтарды ажырата білуге көмектеседі. Жеке адамды қалыптастырудағы тұтас білім мен тәрбие беру процесі философия, социология, психология, физиология және басқа да ғылым салаларындағы зерттеулердің нәтижелеріне, олардың педагогикалық сипаттарына арқа сүйейді.

Бір жағынан, тәрбие, екінші жағынан, әлеуметтендірудің арасындағы бөліну – адамның қоғамда қалыптасуы мен даму процестерін қарастыру, оларды теориялық тұрғыда пайымдау мен талдап қорытындылау аспектілеріне  байланысты болады. Бұл ретте осы, не басқа абстракциялық ұғымның  негіздемесін айқындау, оның методологиялық қызметін, эвристикалық мүмкіндіктерін, гносеологиялық құндылығын анық көре білу аса маңызды. Әлеуметтендіру түсінігі осы қарым-қатынас жағдайында, тек  кері тәртіпте (адам-қоғам), жағдайды (тәжірибе, білім, құндылық, дәстүр және т.с.с.) жеке адамның игеруі, оның әлеуметтік ортаның  байланыс және тәуелділік жүйесіне қосылуы, яғни қалыптасушы тұлғаның өзіндік  белсенділігі тұрғысынан айқындалады  [13, 56б.].

Тәрбие – көп деңгейлі жүйе. Ол қоғамдық деңгейде тұтас мемлекеттік  тәрбие жүйесі ретінде: оның шекарасына кіретін аймақ деңгейінде – аймақтық жүйе, жекеленген тәрбие институты  шеңберінде дербес тәрбие жүйесі ретінде  қызмет атқарады. Осы деңгейлердің әрқайсысында ол қызмет мақсаттары қоғам  мүддесімен айқындалған, материалдық  базасын да қоғам қамтамасыз еткен, ал білім-тәрбие процестерін ұйымдастыруға  жалпы қалың бұқара қатысқан қоғамдық тәрбие жүйесі болып қалады.

Қоғамдық тәрбие түсінігі кең мағынада тәрбиенің барлық деңгейі  мен түрін, соның ішінде – ұйымдастырылған  және тәрбиенің қоғамдық институты  болып табылмайтын дербес тәрбиені, яғни отбасылық тәрбиені де қамтиды. Бұл ұғым тар мағынада жеткіншектерді тәрбиелеу бағытындағы, қоғамдық түрде  ұйымдастырылған педагогикалық  процестердің жиынтығын білдіреді.

Қоғамдық тәрбиенің шартты түрде екі формасын атауға болады: еліміздің бүкіл азаматтары жүзеге асыратын жанама түрдегі қоғамдық тәрбие, мемлекеттің арнайы құрған тәрбие институттарында  жүзеге асырылатын және елдегі, әрі  аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайдың деңгейін көрсететін тікелей қоғамдық тәрбие [8,12б.].

Оқушының шығармашылық тұлғасын жан-жақты, үйлесімді дамытуда оның өз мүддесіне сай келетін  ұжымдарға, балалар, жастар ұйымдарына, еңбек ұжымына  белсенді қатысуы ерекше маңызға  ие. Сонымен бірге шығармашылық қабілеті мен ынтасына, белсенділігіне орай оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым мәнді де мазмұнды болса, осы ұжымдардың әрбірінің тәрбиелік тиімділігі соғұрлым жоғары болады.

Қазіргі жеткіншектер –  тәрбие жүйесіндегі иерархиялық  бірліктің әрекет обьектісі. Қосымша  білім беру ұйымдары бұл бірлікте маңызды рөл атқарады. Олар тұлғаны дамыту, жасөспірімдерді әлеуметтендіру, оларға қоғаммен қатар әлемнің мәдени байлығын табыстау үшін құрылған. Айта кету керек, олардың қызметіне әртүрлілік және көп қырлылық тән. Қосымша білім беру ұйымдарын басқа тәрбие институттарымен өзара байланысы және бірлесуі тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мақсатты нұсқама мен оның қажеттілігінің бір негізділігі: еңбектің мазмұнды бөлінуі және орындалатын қызметтің заттық байланысы; қоғам қажеттілігіне және пісіп келе жатқан тұлғалардың қызығушылығына сәйкес мектептен тыс мекемелер типінің басымдылығы негізінде жүзеге асады.

Жасөспірімдердің мектептен  тыс өмірін олар демала жүріп, өз өмірлерін  неғұрлым қызықты, мазмұнды етуді, өмірге зер сала қарауды үйренетіндей, өмірден, ересектерден сабақ алып, әрбір мүмкіндікті  пайдалана отырып, өз білімін, өмірді өзгертуге, жақсартуға қолдана білетіндей етіп ұйымдастыру керек.  Балалардың бос уақытын білімдік мазмұнмен  толтыру, қызығушылықтарына байланысты топтық қарым-қатынасты қамтамасыз ету, көшеде ойсыз уақыт өткізуден  назарын басқаға аудару және т.б. мектептен тыс бірлестіктердегі қазіргі заманғы тәрбиенің педагогикалық  және әлеуметтік  көрінісі міне, осындай.  Бірақ өмірде кездесетін қарама-қайшылықтар  мен жетіспеушіліктер, ең алдымен, өз құқықтарын пайдалануда әлеуметтік әділеттілікпен қамтамасыз етілмеуі және олардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес нақты қолдана алу мүмкіндігінің  болмауы мектептен тыс жұмыстың нәтижелілігін шектейді. Мектептен  тыс бірлестіктердің дәстүрлі формалары  мен құрылымы сондай-ақ бұл мәселенің  шешілуіне кедергі келтіреді.

Мектептегі оқу үрдісі қосымша білім беру ұйымдарынан  мынадай негізгі екі категориялармен, атап айтқанда «үйренуші топ» және «тәрбие жұмысының формалары  мен әдістері» бойынша ерекшеленеді. Оған негіз мектепте оқушылар бір  сыныпқа топтасса, қосымша білім  беру ұйымдары жүйесінде « балалар  өз ерік қалауында белгілі бір  үйренуші топқа» шоғырланады. Соңғы  топтың алғашқысынан айырмашылығы: соңғы  топ ерікті түрде түзіледі, яғни балалар мен жасөспірімдер топтасуы өздерін қызықтыратын, рухани сұраныстары  мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылады. Бірақ  олардың тұрақтылығы белгісіз болады. Топтың тұрақтанып жұмыс істеуі тәрбие жұмысының формалары арқылы ғана шешіледі. Мектепке қарағанда балалардың қызығушылығын даралайтын, белгілі  артықшылықтар беретін қосымша  білім беру ұйымдарының жұмысы өзінің ерекше сипатына ие.Олар шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, қайталанбас  даралықты дамытуға бағытталған. Әрбір  бала өмірдің, оқу-тәрбие процесінің еркін  субьектісі. Қосымша білім беру ұйымдары жүйесінің маңызды жорамалы –  еріктілік. Бұл  сол адамның еркімен  санасып оның жеке белсенділігіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі  дамытуына, түрлі обьективтік-материалдық  және рухани факторлардың әртүрлі ықпалын  жасау болып табылады. Балалардың үйірмеге өз еркімен келіп қосылуының бірнеше себептері бар: «көшеде» яғни  уақытын босқа өткізуден гөрі назарын басқа нәрсеге аудару; досына серік болып келу; өмірге зер салып өз қызығушылығын арттыру. Соңғы іс-әрекет тұлғаны дамыту, жасөспірімдерді әлеуметтендіру, оларға әрі қоғамның, әрі әлемнің мәдени байлығын меңгеру үшін құрылған. Ал алғашқы іс-әрекетте яғни баланың қол бос уақытында өзін-өзі алдарқататын қызғылықты бір іспен айналысуын ұйымдастыруда қосымша білім беру ұйымының педагогы үлкен роль атқарады. Өйткені  оқушының кез-келген үйірме ұжымына белсенді қатысуға үлкен ықпал жасайтын кадр ол – қосымша білім беру ұйымының маманы. Ол қарама-қайшылықтар мен қолдаудың жетіспеушілігінен болатын балалардың тұрақсыздығын болдырмайды. Ал қарама-қайшылықтар мен жетіспеушіліктер – мектептен тыс жұмыстың нәтижелілігіне ықпал жасаушы факторлар. Мектептен тыс бірлестіктердің дәстүрлі формалары мен құрылымы сондай-ақ бұл мәселенің шешілуін тоқтатады.

Мектептен  тыс мекемелер  жұмысының ерекшелігін анықтауда  осы жұмыстың негізін қалаған  Н.К.Крупскаяның еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі  жағдайда түзетуді қажет ететін тәрбиенің  жалпы принциптері басшылыққа алынады. Тәрбиенің даму теориясының диалектикасы мынадай, ол балаларды тәрбиелеу  мен мектеп тәжірбиесі негізінде  пайда болып, ол өзінің обьектісі  – тәрбиемен, оның барлық қазіргі  әр түрлілігімен жүруі керек, тәрбиелеу  мәселелерін кең ұғымда қамту, бір  жағынан бірнеше жаңа ғылыми-педагогикалық  бағыттардың пайда болуына және ғылыми синтезге алып келу, екінші жағынан  кең педагогикалық теорияның құрылуы қажет [13,218б.].

Қоғамдық іс-әрекет ретінде  пайда болған мектептен тыс мекемелер  жұмысы әрекеттің әр алуан   түрінің  және педагогикалық жетекшілердің  өзгеше құралдарының арқасында әлеуметтік-педагогикалық  мәртебеге ие болды.

Мектеп пен қосымша  білім беру ұйымдары әрекеттерін  жалпы және ерекше талдау негізінде  қосымша білім беру ұйымындағы жұмыстардың  принципін анықтауға болады. Олар:

балалардың қызығушылығына қарай ерікті бірлесуі негізінде  айналысудың жаппайлығы және көншілікке қажеттілігі;

олардың ынтасы мен әрекеттілігінің  дамуы; әрекеттің қоғамдық пайдалы  бағыттылығы;

 мектептен тыс жұмыстардың  әр түрлі формасы; 

балалардың жас және дара ерекшеліктерінің есебі.

 Бұл принциптер мектептен  тыс мекемелердің қызметінде  іске аса отырып, мектептен тыс  жұмыстардың мынадай ерекше:

мектептен тыс мекемелер  жұмыстарына балалардың жаппай және ерікті қатысуы;

әркеттің белгілі түріне қызығушылығы мен бағыттылығына  қарай оқушылардың дифференциялануы;

 практикалық міндеттер  мен әрекеттің жақын нәтижесін  қою; қатынас пен қатысу саласының   әр түрлілігі; 

уақытша мектептен тыс  ұжымының құрылымы, өзін-өзі тану, өзін-өзі  іске асыру және өзін-өзі жетілдіру  негізінде ересектер мен балалардың субьективті-обьективті қарым-қатынасы;

біздің қоғамымыздың әр түрлі  мамандығы мен саласының өкілдерін, педагог мамандарын байланыстыратын  ерекше педагогикалық ұжым болуымен мектептен тыс жұмыстардың әдістемелік  бағыттылығы мен дара және ұжымдық  шығармашылықтың бірлігі сияқты ерекше белгілерімен сипатталады [14,77б.].

Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің негізгі міндеті –  тәрбие жұмысы. Қосымша білім беру ұйымдары қызметінде педагогтар белгілі  бір әлеуметтік мәдениетте балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту ісін жасаса, тәрбиешілер рөлінде  өз аймақтарының өкілдері өздерінің  дүниетанымы, өз тәжірбиесі және іскерлігі  арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылыққа араластырады, белгілі  әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін-өзі дамыту мақсаттарымен тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі  мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында  алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен  күтетін міндет пен мақсаттан  келіседі. Мұндай жағдайда өз қоғамының  мәдени құндылықтарымен   қаныққан және оның идеалдарын қабылдаған азаматты тәрбиелеу нәтижеде жеке тұлға мен  қоғам арасындағы үйлесімділікті туғызады.

Қосымша білім беру ұйымдарының  тәрбиелік қызметі – бұл жас  балалар мен жасөспірімдерді  ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өндірістің түрлі салаларына дайындаудың қоғамдық қажеттілігіне негізделген кең  және динамикалық жүйе. Ол тәрбиеленушілердің өмір тіршілігін ұйымдастыруда олардың  қоршаған ортаға белгілі қатынасын  жасауда мақсатты бағытталған тәрбие әрекеттерінің жүйесіндегі шағын  жүйе ретінде шығады. Оның негізгі  компоненттері: қызмет субьектісі, қажеттілік, мақсаттылық, заттық-тәжірбиелі бағыттылық, процестің нақты әрекетін ұйымдастыру  мен қамтамасыздығы; нәтижелілік  болып табылады. Мектептен тыс  ұжымдардың  өмір тіршілігінде жасалған әлеуметтік-педагогикалық қарым-қатынасының  субьектісі ретінде жасөспірімдер  төрт ипостастарға шығады: 1) таным субьектісі ретінде (әлемді тануға деген белсенділікті  іске асыру); 2) тақырыптық-тәжірбиелік  әрекет ретінде (оны қоршаған ортаны қолынан келетіндей қайта жасауға  белсенділігін арттыру); 3)  қарым-қатынас (басқа субьектіні танып білуге және онымен өзара әрекеттілікке бағытталған  қажеттілікті іске асыру); 4) өзін-өзі  жетілдіру (өзін-өзі тану мен өзін-өзі  қайта жасауға бағытталған шығармашылық белсенділікті іске асыру) [15,26б.].

Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек  сабақтарға жалпы қатынасы ғана емес, оның қажеттілігі мен мұқтаждығы ғана емес, сондай-ақ білімді практикалық  іскерліктерді қабылдау мен меңгеру  процесінің өзі де анықтайды.

Мектептен тыс бірлестіктердің  тәрбиелік әрекетінің негізінде  жатқан ішкі ұстаным – бұл тұлғаның өмір тіршілігінің барлық кезеңдеріндегі шығармашылық жағының даму идеясы, білімнің толығуы, практикалық іскерлігінің жетілуі, өнегелі құндылығын байыту.

Қосымша білім беру ұйымдарының  тәрбие әрекеттерінің бірдейлігі, тәрбиенің  өзіндік бағалы жүйесі ретінде, жасөспірімнің  тұлғасын тәрбиелеу мақсатын да айқындайды.

Қосымша білім беру ұйымдары қызметінде педагогтар белгілі бір  әлеуметтік мәдениет өкіліне жататын  балалардың қабілеті мен қызығушылығын  дамыту ісімен айналысқанда, тәрбиешілер  рөлін өз аймақтарының өкілдері атқарып, өз дүниетанымы, тәжірбиесі және іскерлігі  арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылыққа баулып, белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге  үйреткенде, қоғамдық тәрбиенің мақсаты  тұлғаның өзін-өзі дамыту мақсаттарымен  тығыз байланыста болады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат, бір  жағынан, қоғамның өз даму жолында алдына қойған мақсат, міндеттерімен, ал екінші жағынан, қоғамның әрбір мүшесінен  талап етілетін міндеттермен ұштасады.  Мұндай жағдайда, өз қоғамының мәдени құндылықтарын игерген және оның идеалдарын қабылдаған азаматты тәрбиелеу  нәтижесінде жеке тұлға мен қоғам  арасындағы үйлесімділік орнайды. Алайда өсіп келе жатқан тұлғаға мақсатты түрде әсер етуші әрбір тәрбие институты, бір жағынан, басқа институттармен өзара байланыс орнықтырғанда, ал екінші жағынан, осы процеске тұлғаны белсенді қатыстыра отырып, біртұтас тұлға  қалыптастырудың маңызды жақтарын игергенде ғана тиімді нәтижеге қол  жеткізді.

Информация о работе Қосымша білім беру ұйымдарының әлеуеті