Мектептен тыс жұмыстарда
баланың жеке тұлғасын дамытудың
әрбір кезеңіне сай әдіс-тәсілдері
тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды
факторлары болып табылатын қоғамдық
мәдениеттің жанама әсері арқылы
толықтырылып отырады. Жасөспірімдерді
қоршаған ортаны, білім көздерін меңгеруге
бейімдеу, олардың азаматтық көзқарасын
орнықтыру тұлғаның әлеуметтік бағыттылығын
қалыптастыру мақсатын көздейді, бұл
тәрбиенің өмірмен байланыс принципіне,
тұлғаның өзін-өзі іске асыруына және
өзін-өзі дамытуына мүмкіндік
туғызатын қоғамдық-практикалық
әрекет сипатына; тәрбие процесінің үздіксіздігіне,
қосымша білім беру ұйымдары мен
басқа да тәрбие институттарының
тұтас тәрбие процестеріндегі қызметінің
сабақтастығы мен өзара байланысына
сүйенеді.
Жеке адамның шағын
ортамен өзара әрекеті қызығушылығы
мен бейімділігіне сәйкес өзін-өзі
шығармашылық жағынан жүзеге асыруына
мүмкіндік береді. Өсіп келе жатқан
тұлғаның сапа байлығының көрінуіне
тек қана құрдастарының ортасы емес,
пікірлестер, достар, әлеуметтік белсенді
еңбеккерлер ұжымы қажет, мұндай
ортада әрқайсысының қасиеттері кеңінен
ашылады. Қосымша білім беру ұйымдарының
тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау
тәрбие процесіне жасөспірімдерді
тарту, өзін-өзі басқару және өз бетінше
әрекет ете білу қабілеттерін дамытатынын
айқындайды. Осылайша тұлғаның әлеуметтік
бағыттылығын тәрбиелеу мақсатын нақтылау
арқылы қосымша білім беру ұйымдарындағы
тәрбие принциптерін мазмұнына қарай
бөліп қарастыруға болады:
баланың даралық және жас
ерекшеліктерін ескеру негізінде ұжымдық
шығармашылық қызметті ұйымдастырудың
кешенді тәсілін қолдану;
өзін-өзі басқаруын дамыту;
балалардың әрекеттілігі
мен белсенділігінің жоғары деңгейін
қамтамасыз ететін ересектер мен
балалардың шығармашылық ынтымақтастығы,
табиғи факторларды белсенді
пайдалану негізіндегі сауықтыру
және тәрбие жұмыстарының бірлігі.
Қосымша білім беру ұйымдары
көптеген жоспарларды әрі қызметтің
түрлі қырларын қамтиды, өзіндік
ерекшелігі бар және педагогикалық
процестің екі субьектісі – тәрбиелеуші
мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы
арқылы әрекет етеді. Бұл жүйе тәрбиеленушілердің
қоршаған ортаға белгілі қатынасын
қалыптастыра отырып, өмір тіршілігін
ұйымдастыруға мақсатты бағытталған
тәрбие әрекеттерінің шағын жүйесі
ретінде көрініс береді.
Оның негізгі компоненттері
– қызмет субьектісі, қажеттілік, мақсаттылық,
заттық-тәжірибелі бағыттылық, нақты
әрекеттер ұйымдастыру және процестің
қамтамасыз етілуі, нәтижелілік болып
табылады. Мектептен тыс бірлестіктердің
тәрбиелік қызметтерінің ерекшелігін
талдау екі маңызды методологиялық
шартты сақтауға негізделеді:біріншіден,
«әрекет» түсінігі ерекше әрекеттілікті
білдіруі қажет; екіншіден, бұл түсінік
зерттеудің белгілі тақырыбына жүйелі
түрде толық сәйкес болуы тиіс.
Қосымша білім беру ұйымдарының
тәрбиелік қызметі дара және қоғамдық
қажеттіліктердің байланысы, базалы (мектептік)
дайындық пен мектептен тыс сабақтар
арасындағы сабақтастық; тұлғаны тәрбиелеудің
әр түрлі қырларының өзара байланысы
мен үйлесімділігі, тәрбиенің кешенді
өзара тәсілдерін қолдану, оқушылардың
дербестігі мен педагогикалық ықпалдың
өзара байланысы білім мен
тәжірибелік әрекеттерді меңгеру
процесіндегі белсенділігі мен шығармашылығы;
балалардың, уақытша ұжымның жасы
мен тәжірибесі, балалардың мұқтаждықтары
мен педагогтардың мүмкіншіліктері
ескеріле отырып құрылады.
Әр алуан ұжымдардың тәрбиелік
мүмкіншіліктерін талдап, саралау тұлға
мен оның қарым-қатынасына белсенділігі
және мектептен тыс бірлестіктерде
ұстанған субьективтік бағытына сәйкес
педагогикалық тұрғыда ықпал
етуге болатынын көрсетеді. Мектептен
тыс ұжымдардың өмір тіршілігінде қалыптасқан
әлеуметтік-педагогикалық қарым-қатынастың
субьектісі болу арқылы жасөспірімдер
төрт түрлі сипатта: 1) таным (әлемді
тануға деген белсенділікті іске
асыру); 2) заттық-тәжірибелік әрекет
(қоршаған ортаны қолынан келгенінше
өзгертуге деген белсенділігін
іске асыру); 3) қарым-қатынас (басқа
субьектіні танып-білуге және онымен өзара
әрекет жасауға бағытталған қажеттілікті
іске асрыу) 4) өзін-өзі тәрбилеу (өзін-өзі
тану мен өзін-өзі өзгертуге бағытталған
шығармашылық белсенділікті іске асыру)
субьектісі ретінде көрінеді.
Жасөспірімдердің шығармашылық
тұлғасының белсенді бағытын оның тек
сабаққа деген жалпы қарым-қатынасы,
қажеттілігі мен мұқтаждығығана
емес, білімді, практикалық іскерліктерді
қабылдау мен меңгеру қабілеті де
айқындайды. Тәрбиеленушілерді білім
беру мен тәрбие процесіне қосу тәрбие
әрекетін күшейтудің маңызды шарты
болып табылады, нәтижесінде оқушы
өз бетінше әрекеттеніп, өзін-өзі
дамыту мен өз бетімен білім алуға,
өзін-өзі жетілдіруге талаптана
бастайды.
Жалпы тәрбиенің шағын
жүйесі ретінде қосымша білім
беру ұйымдары басқа тәрбие институттарынан
жұмысты педагогикалық тұрғыда
ұйымдастыруда басты мынадай
ерекшелігімен дараланады. Біріншіден,
бұл – жасөспірімдерді біріктіретін,
олардан өзінің іскерлігі мен
қатыстығын көрсетуді талап ететін
тақырыптық-практикалық әрекеттің
көпшілікті және топтық түрлері. Мұндағы
іс-шаралар кешенді ойын-жарыстар,
шығармашылық мейрамдар, сайыстар, фестивальдар
және т.б. қамтиды. Бұларға қатыса отырып,
бала таңдау мүмкіндігіне ие болады. Көңіл
көтеру, рақаттанумен қатар, танымын
арттыратын жұмысқа ерікті түрде
қатысу барлық балаларға өз күшін
сынауға, өзінің жетістіктерін жолдастарының
табыстарымен салыстыруға мүмкіндік
туғызады. Екіншіден, бұл – қызығушылықтары
мен мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі
әрекетпен айналысқысы келетін
балаларға арналған үйірмелер, секциялар,
студиялар, лабораториялар және басқа
да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай
ұйымдастыру формалары қабілеті
мен дайындығына қарамастан ниет
білідруші барлық жасөспірімдердің
бірдей қатысуына мүмкіндік береді.
Үшіншіден, бұл – дайындығы неғұрлым
мол жасөспірімдерге арналған жұмыстың
формалары мен түрлері. Бұларға
оқушылардың ғылыми қоғамы, ғылым, техника
әуесқойларының жазғы мектеп-лагерьлері,
экспедициялар (археологиялық, геологиялық,
фольклорлық, т.б.) жатады.
Қосымша білім беру ұйымдарының
жұмыс жағдайында ұйымдастырудың барлық
осындай әдістері балаларға дифференциалды
(ажыратылымды) әсер ету тәсілімен
бірлікте әрекет етеді. Алайда олардың
тұлға әлеуетін шығармашылықпен
дамытуды басты назарда ұстайтынын
атап айтқан жөн.
Әрбір қосымша білім беру
ұйымы білім берудің барлық жүйесінің
бір элементі болып табылады. Осыған
байланысты әртүрлі білім беру ұйымдарының
бір-бірімен өзара байланысын, басқа
типті білім ұйымдарымен байланысын
талдаудың да маңызы ерекше. Бұл
байланыстардың қосымша білім берудің
даму жолдарын түсініп, және әртүрлі
білім ұйымдарының тәжірибесін
жинақтап, олардың қызметін жетілдіруге
көмектеседі.
Енді қазіргі қосымша
оқытуды әртүрлі типтегі мектептен
тыс қосымша білім мекемелерінің,
мәдени-спорт ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер
ахуалы негізінде қарастырып көрейік.
Ғалым-педагогтар мен мектептен
тыс жұмыс әдіскерлерінің әдебиеттерінде осындай ұйымдардың
қызметіндегі негізгі бағыттары мен мәселелерінің
бірқатары көрсетілген. Зерттеулерде
де ол былайша айқындалған:
1. Қосымша оқытудың регионалдық
жүйесін дамыту. Регионалдық жүйе
мен қосымша оқыту ұйымдары
арасында берілген таңдау мүмкіндігі
тұрғысынан қарағанда, өзара айырмашылық
болуы мүмкін. Бұл жерде таңдау мүмкіндігі
кімге тиесілі екендігінің зор мәні бар:
қызығушылығы әбден айқындалған балаларға
ма, жағымсыз отбасынан шықққан балаларға
ма, әлде өз мақсатын әлі айқындап болмаған
балаларға ма? Мұнда сол сияқты материалдық
база мен педагогтар да аз рөл ойнамайды
[16,27б.].
2. Қосымша білім беру
ұйымдарында негізгі мақсатына
жету үшін әр алуан жағдайды
тудыру. Олардың қызметінің айрықша
белгісі – икемділік, вариативтілік.
Бұған дейін айтылғандай, қосымша
білім беру жүйесі балалардың
өз қалауымен балалар бірлестіктері
мен іс шараларына қатысуына
негізделеді. Сондықтан да қосымша
білім беру ұйымдарының жұмыс
істеуінің өзі жұмысты жүргізудің
тартымды түрлерін тауып, балалардың
ерікті таңдауына негізделеді.
Неғұрлым үйлесімді әдіс-тәсілдерді
іздеп, оның қазіргі бар мазмұн,
формасына сай болуы - ситуацияға
педагогикалық талдау жасау негізінде
жүзеге асуы мүмкін (оқыту процессінің
жағдайы, оның жабдықталуы, нәтижелілігі)
.
3. Бала тұлғасының қосымша
білім беру ұйымдарында қалыптасуы,
білім алуы. Қосымша оқытудың, адамның
өз-өзін еркін айқындау саласы
ретінде қалыптасыуының шарты-вариативі
және дифференциалды педагогикалық
бағдарлама болуы тиіс, ол балалар
мен олардың ата-аналарының білім
мазмұны мен әр түрлі мотивтерін
қанағаттандыруға міндетті. Дара
білімдік қажеттілікті іске асыру
баланың әлеуметтік мәнді мақсатын
іске асыру мүмкіндігін береді [17,16б.].
4. Қосымша білім беру
ұйымдарының әр түрлі ұйымдастыру
формаларының педагогикалық әлеуетін
зерттеу. Балалардың талабы мен
қызығушылығын ескере отырып, педагогтар
ұйымдастырудың өзекті және неғұрлым
тиімді жолдарын іздестіреді.
Сондықтан да жаңа формалар
мен балалар бірлестігінің дәстүрлі
формаларын жаңартып қолданудың
әр түрлі жолдары іздестіріледі.
Қосымша білім беру ұйымдары
оқушыларға практикалық және
шығармашылық қызметтің әр алуан
түлерін ұсынады. Онда мақсатқа
жетудің әртүрлі қарқыны мен
деңгейі болуы мүмкін. Балалардың
еңбегі бірдей жастағы және
әр жастағы бірлестіктерде қызығушылықтары
бойынша өткізіледі. Іс-әрекеттер
бір тақырыптық бағытта не
кешенді бағдарлама бойынша өткізілуі
мүмкін. Бірлестіктердің саны, іс-әрекеттердің
уақыты нормативті актілермен
айқындалады. Іс-шаралардың әртүрлі
формалары алдын-ала ойластырылады.
(топтық, жеке, бірлестіктің барлық
құрамымен). Неғұрлым көбірек тараған
форма - үйірме, клуб, студия, бірлестік,
шеберхана, лабораториялар жатады [18,23б.].
5. Қосымша білім беру
ұйымы педагогының тұлғалық дамуы,
«Білім туралы» заңда қосымша
білім беру ұйымдарының қызметшілері
педагог ретінде қарастырылған.
Педагогикалық мамандықтар тізімінде
балаларға қосымша білім беру
ұйымы үшін арнайы кадрлар
даярлаудың мемлекеттік стандарты
жоқ. Бұған қарап бұл жүйеде
арнаулы білімі және кейбір
педагогикалық қабілеті бар кез-келген
адам істей береді деген ойдың
болуы әбден мүмкін. Бірақ бұл
жерде балаларға қосымша білім
беру мамандары мен басқа типтегі
педагогтардың жұмысы мазмұны
мен мәнінің айырмасын түсіне
білудің маңызы зор. Қосымша білім беру
педагогы өз қызметінің ерекшелігінен
басқа жалпы педагогика мәселелерінен
хабардар болып, қосымша білім берудің
нақты практикалық мақсаттарын түсіне
білуге тиіс, себебі ол көп қырлы, икемді,
уақыт жағынан өзгергіш, жағдайға тәуелді.
Ол үшін кәсіби шеберлікке үйренуі, педагогикалық
міндеттердің сан алуан мәселелерін тиімді
шеше алатын қабілетке ие болуы тиіс [19,11б.].
6. Қосымша білім берудің
жаңа түрлерін ұйымдастырудың
қазіргі үлгілері бар. Оларды
екі категорияға жіктеуге болады:
білімдік салаларды қамтуы бойынша
(бір профильді және көп профильді)
және әлеуетінің айырмашылығы
бойынша (бір бағыттағы орталықтардан
үйірмелерге дейін). Белгілі бір
ұйымды құру кезінде жергілікті
жердің білімдік, әлеуметтік- мәдени
қажеттілігіне қарай білімдік
ұйымның түрі айқындалады. Сол
сияқты тарихи қалыптасқан жағдай
есепке алынады. Өзінің ұйымдық
мәртебесін тіркеу және аттестациялау
кезінде ақтайды және қорғайды.
Соңғы он жыл ішіндегі қосымша
білім беру ұйымдарының түрлерін
былайша жіктеуге болады:
- Оқушылар сарайлары,
жас натуралистер стансасы, балалар
мен жасөспірімдер спорт клубтары,
көркем шығармашылық үйірмелер,
балалардың мәдениет сарайлары;
- Қосымша білім беру
орталықтары, гуманитарлық білім,
техникалық білім бағытындағы
орталықтар, балалардың эстетикалық
тәрбиесімен шұғылданатын профильді
орталықтар;
- Жас теңізшілер, авиаторлар,
космонавтар, шекарашылар, өрт
сөндірушілер, жүргізушілер үйірмелері;
- Экологиялық, туризм
және экскурсия бағытындағы орталықтар;
- Ғылым мен техниканың
әралуан салалы мектептері, өнер
мен спорттың әр алуан түрлері
бойынша мамандандырылған орталықтар;
- Сол сияқты балалар
студиясы, сауықтыру-білім беру лагерлері,
балалар паркі, мұражайлар [20,18б.].
7. Қосымша білім беру
ұйымдарын басқару маңызды педагогикалық
мәселе. Қосымша білім беру жүйесінің
педагогикалық мүмкіндіктерін оның
кадрлық әлеуетін пайдалану оны
тиімді басқару қызметіне тәуелді.
Оның мәні қалаулы, педагогикалық
және әлеуметтік нәтижелерге
жету үшін қажетті жағдайлар
тудыру болып табылады. Қосымша
білім беру ұйымын басқару
бірнеше деңгейде іске асырылады:
- білім беру жүйесінің
қызметін реттейтін заң қабылдауды
республикалық деңгейде шешу, білім
беруге қажетті бюджеттік шығындар
үлесін анықтау, білім беруді
дамыту бағдарламаларын бекіту,
нормативті актілерді бекіту;
- қосымша білім беру
ұйымдары тікелей білім беру
органдары арқылы басқарылу;
- қосымша білім беру
ұйымдарын басқарудың бір ерекшелігі
- педагогикалық нормаларды қалыптастыру
орталығының қызметін іске асыратын
жағдайлар тудырады.
Жалпы орта білім жүйесі
білім мекемелері, білім бағдарламалары,
жалпы білім кезеңдерінің жиынтығы
ретінде қарастырылуы мүмкін.
Зерттеушілер оны білім
берудің қайнар көздерінің жиынтығы,
білім алу жолдарының жиынтығы ретінде
қарастырады. Ғалымдар жалпы орта білімді
шығармашылық еңбектің әдіс-тәсілдері,
дағды, білімнің, құндылықтардың жиынтығы,
әрі әрбір адамның кәсібіне қарамастан
қажетті дүние деп қарастырады
да, оның ең басты мақсты жүйеленген
білімді игеру, оқушылардың мемлекеттік
стандарттар аясында білім, дағды алуы
болады [21,66б.]. Ал қосымша білім беру жүйесі
осы шекараны кеңейтіп, тереңдетуге мүмкіндік
береді. Қосымша білім беру ұйымдары мектеп
білімі әлеуетін кеңейтуге, тереңдетуге
және қолдану есебінен толығырақ пайдалануға
мүмкіндік береді. Сол сияқты, қосымша
білім беру ұйымдары негізгі білімнің
қосымшасы, ол білім стандарттарын кеңейту
міндетін ғана атқарады деп ойлауға болмайды.
Мәселен, Березина В.А. оның негізгі міндеттерін
былайша анықтайды: «Қосымша білім беру
ұйымдары өз ерекшелігімен балалардың
бос уақытын ұйымдастырудың әр алуан түрлерін
білім алудың алуан түрлі формаларымен
органикалық түрде ұштастырып, сол арқылы
девиантты мінез-құлыққа жол бермеуге
ұмтылады» [22,5б.].