Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:52, курсовая работа
Зерттелу мақсаты: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
• қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
• Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін зерттеу;
• Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасын сипаттау.
• Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның көрсету.
Олжас Сүлейменов сияқты ана тілі жанкүйерлердің санатында түйінді мәселелер тамырлап қана қоймай, өз шешімін табуда. Одан сөз эволюциясын қабылдау, оны сөйлеу тәжірибесіне және білім беру аясына енгізу, содан тілдің рухани күш-қуатын толықтыру, ұрпақты тілдесу дәстүріне тәрбиелеу мүмкіндігі артпақ.
Жоғарыда көрсетілген қазақтың бір туар ұлы Олжас Сүлейменовтың шығармалары - сөзсіз тарихи дерек көзі болып табылады.
3.2. «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орны.
Олжас Сүлейменовтің шығармашылығындағы көркем бірлікке жетуге негізделген историзм секілді көркемдік-эстетикалық және философиялық принциптер, түрлі мәдени дәстүрлердің өзара қатынасы мен өзара әсерлесу идеясымен бірігеді. Бұл әсіресе, оның атақты «Азия» атты кітабында ерекше анық және нақты көрінді. Мұнда ол тіл білімінің (лингвистикалық) талдауы негізінде түрік және славян мәдениеттерінің (Жабайы алаң мен Ежелгі Русь) терең тарихи байланыстарын көрсетеді. Бұл тақырыпта ақынның өзі былай деп жазады: «Әлі ешкім жазбаған әлемнің қолжазбаларын қайта қалпына келтіруді қалап, мен көшпелі түріктер мен славяндардың серіктестік дәстүрлерінің сан ғасырлық істері туралы өз идеяларыма солар арқылы қолдау табу үшін сөздіктерге жүгіне бастадым.
Тіл – тарихи ақпараттың ең бай резервуары. Ол мәдениеттердің өзара қатынасының толық сипатын береді. Сіз славяндарды көшпенділермен үнемі қақтығыста болды деп ойлайсыз ба? Онда неге түріктің «жолдас», «дос» деген сөздері славян тіліне көшкен?».
Ең соңында, шығармашылық шыңы ретінде суретшінің жалпы мәнді философиялық-әлеуметтік жалпылама деңгейіне дейін көтерілу мүмкіндігі шығады. Өлеңді лексикалық образдар емес, моральдық образдар құрайды. Техникаға үйреніп алуға болады, өлеңнің құрылымы жалпыға белгілі және кез-келген адам әдеби түрде жаза алады. Бірақ, бүгінгі күні шындықтың беті ашылды; талант бұл – ең алдымен жеке тақырып. Ол болмаса – ақын да болмайды... барлығының да жеке сезімі – қоғамдық емес». Нақты адам мен әлемнің образында сөз суреткерлері өздерінің мәдени-философиялық позициясын анық көрсетеді. О. Сүлейменовтің шығармашылығы осындай образбен көрінеді.
Тарих беттеріне терең үңіле,оның әр бетін ой сүзгісінен өткізе,оған өзіндік үн,өзіндік үлес қосқан ақиық ақынымыз-Олжас және оның шығармалары жайында сөз қозғалса,елең етпейтін қазақ,елең етпейтін халық кемде-кем. [17, 2 -5 б]
Туған даланың топырағында аунап-қунап оның нәрін бойға сіңіріп өскен Олжастың шығармаларындағы сарын,ол сонау өзіндік болмысымен тарих беттерінен орын алатын,кешегі қазақ халқының қиын-қыстау кезеңі , туған жердің йісін аңсаған бала көңілдің,жарқын көрінісі еді.
«Халқым,елім,жұртым!...»–деп жұдырықтай жүрегі шырылдаса, кешегім, бүгінім,ертеңім,-деп,өткен күндерден болашаққа қанат сермеген арманшыл жастың- азаттықты ,мәрттікті аңсаған асау сезімдерінің,қара қаламмен ақ парақ беттеріне түскен йірімдерінің бір тамшысы екендігі де айқын.
Кез келген ақынның,немесе жазушының қандайда болсын шығармасын оқып қарар болсақ,олардың айтқысы келген өзіндік ойы бар екендігіне көз жеткіземіз. Және де кез келген шығарма сонысымен бағаланады.
Мәселен,Олжас шығармаларындағы негізгі ойдын да өзіндік бір болмысы айқын. Ақынның «Азия» атты, жинағына үңіліп қарар болсақ,ондағы ойдың тамыры,әріден бастау алады және біздің одан ұғынарымыз көп.
Ертеде,«Игор» жасағының болғандығы. Және оның құрылуы,оның саясаты,оның өмір сүру болмысы,салт-дәстүрі,тарих беттеріндегі жалған сілтемелер,елдің тыныс-тіршілігінің үдеуі,баяулауы,елдің -тарих сахнасынан жойылуы бәрі-бәрі ақын шабытымен ізденісінен, білімінен, байқампаздығынан туған дүние.
Осы кітапта, Олжастың тағыда бір көзге түскен қыры,ол яғни шығарма тарихына зер салып қарауы,және Славяндар мен Түркілер арасындағы кикілжін тарихын адамдардың өзінше бұрмалап алғандығы жөнінде ой тастайды. Мысалы,ақын Маған, «Игор жасағы туралы жырдың» белгісіз авторы,түркі поэзиясы жан дүниесін тебіренткен ортада өскен болып көрінеді. Сондықтан ол өз шығармасын Славян-Түркі тарихының шым-шытырман бір мәселесіне арнаса керек- деп ой түйеді.
Йә,расымен де кітап желісі бойынша кейінгі ұрпақтың ол жасақ жайында күмәнданбағанымен, жырды жалған деп тануы,жинақтағы кей тұстарға келіспеушіліктен туған ой болуы да мүмкін.Және де ақын, ХІІ ғасыда, Европа әлемінде «Дінсіз Қыпшақ» Әл-Фарабиге татырлық бірде-бірде тұлға болмаған –дейді. Осы тұста қазақ тарихшыларының кемшілігін көрсете отырып, біздің тарихшыларымыздың ұйқышылдығының салдарынан,біз тарихымыздың жарқын беттерін,айқындай алмай жатырмыз дейді. Оған дәлел,мына сөзіне назар аударыңызшы;Тіл мен жазу,әлі де қаймағы бұзылмаған мәдени игілік.
Қазақтың мың жылдық тарихы,өзінің жаңа зерттеушілерін сарғая күтуде. Расында да,көпке топырақ шашқаннан емес,көпті көре көзімізге топырақтың толуынан,ашынғаннан туған ой десем,артық айтпас едім.Ақынның қазақ кітіпханаларының біріне барып,осы кітапты («Игор жасағы туралы жырды») тауып алғанда,ол кітап беттерін қолмен аша алмай,қалтасындағы сүйек пышақпен ашқандығында шертіп кетеді. Мұның өзі біздің тарихшылармызға деген сын.
Ақын өзі шығармасын қорытындылай келе, ондай жырдың қазақтарда да бар екендігін және оның түркі көшпелілер жырының қасында түкке тұрғысыз екендігін дәріптей келе. Ол жырдың түркі көшпелілері тарихынан да көшіріліп алуынуы мүмкін,әттең тек біздің тарихымыздың дұрыс зерттелмеуі біздің ерлігімізді өз дәрежесінде бағалай алмай тұр – деген түсінік шеңберінде халыққа салмақты ой тастайды.
Олжастың төңiрегiнде бүгiнде көп әңгiмелер айтылып жүр ғой. «Орыс тiлiнде жазады», «қазақ әдебиетiне кiре ме, кiрмей ме?» деген сияқты әңгiмелердi де жиi естимiз. Қазақ тiлiнде жазғаны да дұрыс шығар, бiрақ, Олжас – ұлы ақын. Кезiнде, яғни Кеңес үкiметiнiң қайнап тұрған уақытында бүкiл әлемге танымал болған адам кiм? Ол – Олжас. Сол кездегi Олжастың айтқан сөздерi бүкiл әлемге тараған. Оны мойындауымыз керек. Айталық, «Адамға табын, Жер ендi» поэмасы мен «Азия»-сы, «Қыш» кiтабы, «Жазудың сиқыры» сияқты еңбектерiнiң орны ерекше. Қазiр егемендiк алғалы берi ұлт патриоттары көбейiп жатыр ғой. Ал сонау 1975 жылдары ешкiм аузын аша алмайтын уақытта, Олжас «Азия» кiтабын жазды. Бәрiмiз жиналып, сол кiтапты жарыса оқып, талқыға салатынымызды әлi күнге ұмытпаймын. Сол кезде Кеңес үкiметiнiң уақытында «Сен ұлтшылсың», «Сен Кеңес үкiметiне қарсысың» деген сөздердi де естiдi Олжас. Сонда да мойыған жоқ. Бiздiң рухымызды көтеруде, қазақтарды әлемге паш етуде Олжастың үлесi өте көп. Бiр ғана нәрсенi айтайын. 1986 жылы елдiң бәрi Дiнмұхамед Қонаевтан сырт айналған кезде, оның жанында жалғыз Олжас қалды. Әшейiнде «Димеке,Димеке» деп жүргендердiң бiреуi де жолаған жоқ. Олжастың мұнысы да үлкен ерлiк. Қазақтың атын шығарған Олжас деп айтуымызға болады. «Бейбарыстың қазақ екендiгiн танытқан кiм? Ол – Олжас, түркiлердiң тарихын зерттеген кiм? Ол – Олжас. Темiрхан Медетбек бiрде түрмеге барып, кездейсоқ кiтапханасына кiре қалған ғой, сөйтсе, бұрышта үш жүзге жуық «Азия» жатқандығын байқапты. Көрдiңiз бе, кiтапты түрмеге жабу деген ешқашан да болмаған нәрсе. Сондықтан, әлемдiк деңгейде, Кеңес үкiметiнiң алдында бiздiң намысымызды қорғаған Олжас Сүлейменов екенiн мойындауымыз керек.
Қазақ тiлiн бiлу керек. Керектi жерде өзiңнiң тiлiңмен жеткiзгенге не жетсiн?! Кеше Олжас бүкiл қазақтардың алдында кездесу жасады. Оны залға жиналған қауым қазақ тұлғасы деп таныды. Ал, азаматтық борышқа келсек, өзiн азаматпын деп санайтын әрбiр адам, елiнiң алдындағы борышын орындайды. Ұлттың намысын қорғау, ұлттың деңгейiн көтеру, өзге ұлттың өкiлi сенiң ұлтыңды қаралап жатса, соны ақтап, қалқан болу – азаматтық борыш деп түсiнемiн. Осы тұрғыдан келгенде, Олжас өзiнiң борышын ақтады деп ойлаймын. Ол өзiнiң ғана емес, көптiң де борышын орындап жүрген адам. Бiздiң ұлттың бiр кемшiлiгi бар, тұлғаларымызды тiрi кезiнде мақтамаймыз ғой. Көбiне түртiп, кемшiлiгiн айтқанды ұнатамыз. Ал, көзi кетсе, аяқ-қолын жерге тигiзбей, теңдесiз адам едi деп айтқанды ұнатамыз. Олжасты да тiрi кезiнде бағалап, тiрi кезiнде мақтануымыз керек. Тұлғаның борышы бар деп жатамыз ғой, бiрақ, халықтың да өзiнiң алдында осындай борышы болуы керек. Тұлға – халықтың баласы. Өз баласын өзi құрметтеп, оның талантының ашылуына көмектесiп, жоғары көтеруiмiз керек. Сол кезде ғана халық бола аламыз. Осы тұрғыдан келгенде, Олжас қазақ халқының қуаныш көретiнiндей, мақтан тұтатынындай азаматы. Құдайдың маңдайымызға берген перзентi.Тіл білімінің ата – бабаларына жасаған алғашқы пайымдаулар мен ұғымдардың бәрі тумай жатып, кейінгілер үщін ақиқат болып шығады.Ғылымның басқа салларында дәл тіл ғылымындағыдай ата – бабаға көзсіз табыну салты жоқ.Теориясының арнасынының саяздығы – осы заманғы тілтану ғылымының басты кемшілі.
«Азия» шығармасында тәңірге табыну,қорғандағы жұлдыздар,семиттар таңбалары туралы берілген.
Қорытынды
Олжас Сүлейменов - Аллатағаланың Алашқа бере салған алтын айдарлы ұлы. XX ғасыр мен XXI ғасырдың өлі арасында иісі қазақтың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ауызына қарап отырған тұлғасының бірі осы - Олжас Сүлейменов! Тұлға дегеніміз - жаһан дүниеге жыланша ысқырып, қол астындағы бейкүнә елін билігімен арбаған қаһан Шыңғысхан, император Цезарь, фюрер Гитлер, генералиссимус Сталин де емес, француз Дидро, ағылшын Шекспир, американ Уитмен, неміс Гете, орыс Пушкин, қазақ Абай сынды, Қазтуған жырауша бейнелеп айтқанда: «Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі, қары ұрымы Сұлтандайын жүрісті, айдаса қойдың көсемі, сөйлесе - қызыл тілдің шешені, билер отты би соңы, буыршынның бұтар шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы, бұлт болып, Айды ашқан, мұнар болып Күнді ашқан» қасқалар болады!
Олжас - аңызға айналған тұлға.
Олжас Сүлейменов те қалың қазақ аманатын орындады. Ұлы Абай жерінде ядролық жарылысты тоқтатуға күш салып, дегеніне жетті. Соңынан АҚШ, Франция, Англия, Жапонияға сапар шекті, жақтастарын тауып, Жаңа Жер, Невада, Моруроадағы ядролық сынаққа мараторий жариялау мақсатында іске кірісті. Бұл істе Қарағанды кеншілері, Семей малшылары, Өскемен энергетиктері, Павлодар машина жасаушылары белсенділік танытты. Бұл қозғалысты түрлі мемлекеттердің бейбіт сүйгіш халықтары қолдап кетті. Халық мүддесі жолындағы О.Сүлейменовтың батыл ісін ұмытпауымыз керек.
Ол саяси бедел жинап, үлкен мансапқа қол созуға әуес емес. 1994 жылдың көктемінде Республика Жоғарғы Кеңесінің төрағалығынан бас тартуы соның кепілі. 1993 жылы «Қазақстанның халық конгресі» партиясы республика үкіметінің экономикалық реформа бағытына оппозицияға шықты. Жоғарғы Кеңестегі оның фракциясы әділ де батыл жұмыс істеді. Ол әрқашан «кім жеңілсе де, Қазақстан жеңілмесін» деген ұранды басшылыққа алды.
«Невада-Семей» халықаралық қозғалысы арқылы халқының сеніміне кірді. Үздіксіз күрес пен еңбектің арқасында полигон жабылды. Бұл ақ бас тарихтың еншісінде алтын әріптермен жазылып қалар ірі жеңіс еді.
Олжас Сүлейменов басқарған «Қазақстанның халық конгресі» партиясының кейбір экономикалық бағдарламасын республика үкіметі экономикалық реформада пайдаланды. Бұл да көрегендіктің белгісі.
Әлемдік өркениеттің бесігіне айналған Италиядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып Олжас Сүлейменов тағайындалып, екі елдің шынайы дәнекері болып жүрді. Дипломатиялық жұмыста табыссыз болмағанының көршісі шығар, Олжас ағамыздың бүгінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі.
«Саясатпен шұғылданған адам періште жанымен сайтандық іске араласқан кәсіпшіл тұлға. Саяси қайсарлық пен саяси надандықтың арасы тым алшақ. Ал, саяси мәдениеттілік пен саяси қажеттіліктің арасы шексіз», - деп О.Сүлейменов өз аксиомасын ұсынды. Саясатпен айналыса отырып, ақын өзінің шығармашылығынан қол үзген емес. Себебі Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі ретінде қазақ халқына қалдырылған мұра. Сондықтан жазушы үшін ең үлкен бақыт - шын көркем шығарма жазу және туған халқына қызмет ету.
Олжас Сүлейменовтың нағыз орыс тілді қазақ ақыны екендігін, оның зерттеу еңбегі «Азия» кітабын терең анықталған. Олжас танымал ақын, сондай-ақ елтанушы. Олжас қазақтар туралы көп жазды және сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра алды. Ақын туындыларынан қазақ халқы бастан өткерген жарқын жылдардың қуанышқа толы сәттері мен қайғыдан көңілі қалған ұлы өмірінің беттерін құрауға болады. Қанша ғасырлар бойы үлесіне тиген көптеген ауыр сынақтарды басынан өткере отырып, өзіндік төл мәдениетін толық дерлік алғашқы қалыпта сақтай алған таңқаларлық және бірегей қазақ елі тағдырының куәсі болады. Ақынның өзі бұл жайлы былай дейді: "Біздің ұрпақ кристалдану үстінде. Халық арасында намыс қозғалысы жүріп жатыр. Қорлықта жүргендерде қуаныш үғымы болуы мүмкін емес. Ақындар халыққа намыс қозғалысына күш-қуат жеткізіп тұруға міндетті". Бұл бағытта, яғни тарих пен халық тағдырының мөнін түсінуде Олжасқа дейінгі ұлы қайраткерлер - Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай Алтынсарин және басқа да қазақ ағартушыларының жетістіктері де аз болған жоқ. XX ғасырдың танымал көркем сөз зергерлер і- Мағжан Жүмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ӏлияс Жансүгіров, Ӏлияс Есенберлин және т.б. тәжірибелерінің де маңызы кем емес. Осы тарихи-мәдени контексте қазақ өдебиетін әлемдік аренаға алып шығу Олжас Сүлейменовтің еншісіне тиген екен. Оны қазақ елінің халықаралық деңгейдегі ақыны деп мойындау "Адамға табын жер, енді!" атты поэмасының жарыққа шығуымен тығыз байланысты. Олжас Сүлейменов - маңызды әрі теңдесі жоқ құбылыс. Оны ақынның әдеби еңбектерінің жоғары деңгейде бағалануы ғана дәлелдеп қоймайды. Сонымен қатар, Олжас - ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің бәрі де тек бір ғана бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, әлеуметтік және мәдени ортада белгілі бір позицияға ие ақынның тек о баста өзіне арнап берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып қана әрекет етуі қажет екендігін жақсы түсінді. Ол қаруы - сөз. Ол әдебиетке ерекше дауыспен енді. Оның шығармалары әу бастан-ақ ұлттық әдеби құбылыстарға толы болды, сонымен қатар сөз қадірін түсінер жұрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ. Олжас Сүлейменов поэзиясы таусылмас күш-қуатпен сарқырай ағар серпінді ырғаққа негізделген. Ол әрбір өзіндік ерекшелігі бар ақындар және дара түлғалар тәрізді алдын ала даярланған идеологиялық тапсырыстар шеңберін бұзып шыға алды. Оның поэзиясы сөз қадірін білетіндер мен сөз зергерлеріне, сонымен қатар қарапайым оқырмандарға да орыс тілі арқылы қазақ халқының болмысын ашып көрсетуғе мүмкіндік туғызды. Ақын шығармашылығы өзіндік ерекшелігімен, афористілігімен және қаламгерлік шеберлігінің кемелділігімен таңдандырады. Дәл поэзия жанрында халық рухының тарихы және мәдени дамуы, психологиялық қатарының өзіндік ерекшеліктері бар тұтастығымен және құнарлылығымен көрінетіндігін ақын жақсы түсінді.
Информация о работе Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі