Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттелу мақсаты: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
• қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
• Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін зерттеу;
• Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасын сипаттау.
• Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая Гулим.docx

— 134.15 Кб (Скачать документ)

Кіріспе.

Қазақ халқы ұлы уақыт бедерінде талай танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі - Олжас Омарұлы Сүлейменов. Ол - бүкіл әлем таныған арқалы ақын, өз ұлтының шынайы патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру - әркімнің азаматтық парызы.

Ол - ақын, түрік-славян тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеуші-жазушы, ойшыл, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының негізін салып, Семей, Невада, Жаңа жер, Моруроа аймағында мораторий жариялауға қол жеткізген батыл адам. Олжас Сүлейменов саясаттың адамы, ол «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрды.

Шетелдік әріптестерінің Олжас Сүлейменовты «ойлау қабілеті мен игі істері жөнінде XX ғасырдың аяғындағы «пайғамбар» деуінде ұлкен мән бар. О.Сүлейменов шығармашылығының қырлары жоғары оқу орындарында оқытылуда, бұл жөнінде кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып жатыр.

КСРО кезінде 70-ші жылдары шыққан «Азия» кітабы түрік және славян халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін терең зерттеген ғылыми еңбектің жарқын ұлгісі болды. Ежелгі орыс ескерткіші - «Игорь полкы туралы сөзге» жан-жақты объективті талдау жасалды. Кезінде тарих пен филологияға қосылған қомақты еңбекті әділ бағалап, авторына ғылыми атақ беру керек еді. Бұл кітаптың авторы қазақ патриотизмінің туын көтерді, славян халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі түріктердің көрнекті ролін көрсетті.

Өкінішке орай, КОКП идеологиясындағы «сусловтық» кезең, ұлыдержавалық көңіл-күй Олжас Сүлейменовтың аяғынан шалып, «Қазақ ұлтшылы» деген жаман атты жапсырып жіберді. Әлемдік өркениетке ұмтылған ақын бұған мойымады, әділ көзқарасынан, адал жолынан таймады. Азамат-ақын, патриот қазақ халқының мұң-мүддесін көздеп, жан айқайына құлақ түріп отырды. Түрік мәдениеті мен тілінің жанашыры болды. Бұдан 25-30 жыл бұрын қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда Олжас Сүлейменов бұған қарсы көтерілді. Ол саясатта екіжүзділікке салынбайтын ер азамат.

Қазіргі уақытта еліміздің ақиық ақыны - Олжас Сүлейменов                       70 жаста. Қашан да ақын тағдыры тауқыметке толы. Оның үстіне «мың өліп, мың тірілген» қасиетті халқының шерлі мүддесін арқалаған Олжастай - ойшыл ұлдардың өмір жүгі жеңіл болып көрген емес. Мыңмен жалғыз алысқан Абай «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін түк өндірмей» деп қоршаған ортасынан түңілген екен. «Заманына қарай адамы» дегендей, жүзден жүйрік шығып, жерінің мұңын айтып, халқының сөзін сөйлейтін әр кезеңнің өз дүлділі бар. Елі мен жері үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін басын бәйгеге тігіп, небір сын сағатта, көзсіз ерлік, ұлағатты азаматтық танытқан бүгінгі заманның бір қазағы Олжас.

Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі болып табылады. Жазушының тарихи және әдеби зертеу еңбектері: «Жетісудың көне жазбалары. (Алтын киімді адамның қабірінен табылған күміс ожаудың түбіндегі жазу туралы)»; «Мың бір сөз. (Әдебиет тарихы және лингвистика туралы)»; «Таңбалар тарихынан. (Әртүрлі мағыналы сөздерді таңбалармен белгілеу жайында)»; «Тюркологияның кейбір мәселелері немесе қате қағидалар»; «Жазу тілі» және т.б. бар.

Басқасын былай қойғанда, кешегі қылышынан қан тамған кеңес заманында «Азия» -ны жазып, ел рухын көтеру, қансыраған жерінің жарасын жазу үшін жарқұлағы жастыққа тимей, ғасыр тажалы - Семей полигонын жабу үшін арпалысу, ақыры аждаһаның көмейіне құм құю, атын атауға тыйым салған асылдарымызды жарыққа шығару сияқты Олжас атқарған еңбектердің бір-біреуі бір азаматтың өміріне жүк болар зор істер екенін ешкім жоққа шығармас.

Әдебиетіміздің бүгінгі кейбір белді өкілдері Мағжан ақынның атын үлкен мінбеде алғаш Олжастың ауызынан естігінде, жағасын ұстап, шет қалғанына да кешегі күн күә.

Әрине, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» - дегендей ет пен сүйектен жаралған адамның періште емес екендігі белгілі. Қанат қағар қыран болса, заңғар көктің айдыны тарлық етпес. Асыл текті ақиықтың өз қияны, суырыла тартар сұңқардың да өз самғауы бар. Қазіргі уақытта тұғыры тұтаса сомданған Олжас ақын өзінің заңғар биігінде самғауын жалғастыруда.

       Зерттелу мақсаты: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның анықтау.

     Зерттелудің міндеттері:

  • қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
  • Олжас  Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін зерттеу;
  • Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасын сипаттау.
  • Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның көрсету.

     Зерттеу  жұмысының нысаны: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен дін.

     Зерттеу  жұмысының пәні: О.О.Сулейменовтың шығармашылығын қазіргі таңдағы зерттеудің маңыздылығы.  

      Зерттеу әдістері:1) теориялық; 2) талдау; 3) салыстыру; 4)  жинақтау.

     Практикалық маңыздылығы: Олжас Омарұлының өмірі мен қоғамдық саяси қызметі зерттелді. Автор шығармашылығының қазіргі таңда зерттеудің маңыздылығы ашылды. «Азия» кітабының мазмұны зерттелді. Қарастырылған тақырып мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Олжас  Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі.

1.1.Тауқыметке  толы ақынның қилы тағдыры  және оның дүниетанымдық көзқарастары.

Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында әскери қызметкер жанұясында дүниеге келді.

Ақынның балалық және жастық шағы таңғажайып әсемдігі қайталанбас осы көркем қалада өтті. Қазақстанның жас астанасының кең көшелері мен бұрыш-бұрылыстары ылғи да жасыл жапыраққа малынған қалың ағашқа көміліп тұратын. Қала тау сұлбасымен жымдасып, Рерихтың бояуларындай астасып, алма мен өрік ағаштарының күлгін шешектерінен бастап, көгілдір мұнарға орнаған мұзарт шыңдардың басына дейін күннің кешкі алауы аймалайтын. Арық бойлай шынарлар бой түзеген көшелерден естілетін әр тілді, әр үнді сөздер көңілді ерекше әсерге бөлеп, қуаныш сезіміне бөлер еді. [13,  7-10 б.]

 Ғажайып сұлулығы аңызға айналған алма ағаштардың саясынан шығып, кеудесінде ордендері жарқырап, қолына домбырасын қыса ұстап, Ленинград құрсауындағы ғажайып ерліктерді жырлау үшін үкімет үйінің табалдырығымен жүз жасаған Жамбыл көтеріліп бара жататын.

Майданнан жаңа ғана оралған А.Толстойдың, К.Паустовскийдің, К.Симоновтың Мұхтар Әуезовпен бірге жүргенін көретінсің. Солардың қатарында С.Эйзенштейн, ағайынды Васильевтер, В.Пудовкин, ақын В.Луговский, аңызға айналған Б.Момышұлы мен М.Ғабдуллин де болатын. Сұрапыл соғыс салдарынан Алматыға көшіп келген әр ұлт өкілдері бірімен-бірі бауырласып кетті. Тіпті олардың көпшілігі соғыстан кейін осы қаланың түпкілікті тұрғынына айналды. Міне, осындай көркем қала, керемет табиғат пен әйгілі адамдарды жастай көріп өскен Олжастың ақындық қиялы ерте қанат қақты.

Ақынның балалық шағы мен соғыс жылдарындағы және одан соңғы сан қилы оқиғалардың сәйкес келіп жатуында тарихи заңдылық бар. Оның екі тілді қатар игеруінің де қайнар көзі осыдан шығар.

Олжастың анасы Фатима апай айтқан сөздерін келтірейік: «Балалардың басы болған соң ба, әлде уақыт салмағын ерте сезініп, ерте есейді ме, артынан ілескен қарындастарына тым-ақ қамқор еді. Мектептен келсе-ақ сол кішкентайларға үйіріліп, бір жағында - Шолпан, бір жағында - Раушан, менің ауырлығымды алып кетуге әзір тұратын... Сөйтіп жүріп қолынан кітабын қалдырмайтыны және бар».

Астана деген аты болмаса, Алматыда тұрғандардың да тағдыр-талайы өзіміздіңкіндей болған. Үйдегі «бала-бақшасының» бағбаны болған Олжас Сүлейменов те шелек көтеріп, сырттан су тасыпты. Отын жарып, отын жағысыпты. Айырмасы - көкірегінде күй ойнап, қолында кітабы жүреді екен.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Сүлейменов қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің геологиялық-барлау факультетіне түсті. Оқуының соңғы жылдарын геологиялық-барлау топтарының жұмысымен ұштастырды. Далалық барлау жұмыстарында ұзақ уақыт жүрген жас геолог тек пайдалы кен орындарын зерттеумен шектелмей, қазақтың ұлан-байтақ даласымен жете танысады.

Маңғыстау адырлары мен Орталық Қазақстанның жон-жоталарын, Іле Алатауының бөктерін, көгалды алқаптар мен шөл-шөлейттерін шарлайды. Ең бастысы - осы әрі көне, әрі жас аймақты мекендеген адамдардың өмірімен жан-жақты танысуы, қоршаған ортамен етене араласуы болашақ ақынның шабытын шарықтатпай қоймады. Сол жылдары республикалық мерзімдік баспасөздердің бетінде ақынның алғашқы жырлары жарық көре бастады. [2,  55-60 б.]

1958 жылы Олжас Сүлейменов  М.Горький атындағы Әдебиет институтының қазақ өлеңдерінен орыс тіліне аудармашы даярлайтын бөліміне түсті.

Олжас Сүлейменов оқыған поэтикалық семинардың жетекшісі белгілі педагог, ақын, аудармашы Л.А.Озеров болды.

1959 жылы 13 маусымдағы  «Литературная газетада» белгілі  кеңес ақыны Л.Н.Мартыновтың алғы сөзімен Олжас Сүлейменовтың бір топ өлеңдері жарияланады. Бұл - жас ақынның алғашқы қадамы еді.

1961 жылдан бастап  Олжас Сүлейменов республикалық  «Казахстанская правда» газетінің редакциясында әдебиет және өнер бөлімінде қызмет істейді. Сол жылы «Қазақ мемлекеттік баспасынан» «Арғымактар» атты алғашқы жинағы және тұңғыш космонавт Ю.А.Гагаринге арналған «Адамға табын, Жер енді!» поэмасы жеке кітап болып басылып шықты. Бұл поэма замандастарымыздың асқақ жан дүниесін, ерлігін жырлаған кеңес поэзиясындағы ең таңдаулы шығармалардың бірі.

Дүние тарихында жаңа дәуірдің басталғанын, адамзат ақыл-ойының шырқау биікке көтерілгенін, бейбітшіліктің мұрат-мақсатын жас ақын шалқар шабытпен, кең тыныспен, тегеурінді тебіреніспен, социалистік реализмнің озық әдісі арқылы толысқан профессионалдық деңгейде жырлады.

Осы кезден бастап Олжас Сүлейменовтың поэтикалық туындылары «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Литературная газета», «Советская культура», «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда», «Новый мир», «Дружба народов», «Юность», «Огонек», «Смена», «Простор», «Жұлдыз» және т.б. газет-журналдардың; сондай-ақ одақтас республикалар мен шетел баспасөздері беттерінде жиі жариялана басталды.

Жастығына қарамастан бүкіл елімізге танылып үлгерген Олжас Сүлейменов сол жылдары шығармашылық сапармен АҚШ пен Францияға барып қайтты. Ол Америкаға барған тұңғыш қазақ ақыны. Сол сапардан туған топтама өлеңдері мен поэмалары «Нұрлы түндер» жинағына кірді.

Олжас Сүлейменов 1962 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне өтті.

Одан кейінгі жылдарда ақынның «Түн - Париждің қызындай», «Шапағатты шақ», «Мешін жылы», «Таңдамалы лирикалар», «Ақ өзендер аспанында», «Қалаулы қайырма», «Әр күнің сенің - таң», «Атамекен», «Жұмыр жұлдыз», «Қыш кітап», «Айқын жағалау», «От өрімдер» т.б. өлең кітаптары республикалық және одақтық баспалардан жарық көрді. Бірқатары КСРО халықтары және шетел тілдерінде жеке кітап болып басылып шықты.

Ақынның күллі шығармалары республикалық, одақтық, шетелдік сыншылардың жоғары бағасына ие болған. [23,  41-43 б.]

Мысалы, 1963 жылы өткен жас жазушылардың бүкілодақтық ІҮ кеңесінде кеңес поэзиясының негізін салушылардың бірі Николай Семенович Тихонов Олжас Сүлейменовтің «Нұрлы түндер» жинағын айрықша атап, былай деді: «Тек мен ғана емес, кеңеске қатысушылардың барлығы да поэтикалық ой мен екпіннің, образдың қуаттылығына, сезімінің алғырлығына, тақырып аясының кеңдігіне тәнті болды...Міне,осындай ақындық жалыннан ғана замандастарымыздың, қуатты индустриямыз бен атом ғасырының ұлы қүдіретінің тұтқасын ұстаушы жаңа адамдардың тұлғасы жасалады».

Олжас Сүлейменов шығармашылығы хақында әр жылдары М.Әуезов, К.Симонов, М.Тұрсын-заде, Р.Ғамзатов, Ғ.Мүсрепов, Ш.Айтматов, Э.Межелайтис, Б.Слуцкий, Д.Самойлов, Қ.Кулиев, А.Вознесенский, Р.Рождественский, Е.Евтушенко, М.Каноат сияқты сөз зергерлері мен көп ұлтты кеңес әдебиетінің басқа да өкілдері жылы лебіз білдірді.

О.Сүлейменов жазушылар делегациялары құрамында АҚШ, Франция, Греция, Испания, Жапония, Индия, Сирия, Египет, Иордания, Ирак, Ливан, Кения, Сенегал, Замбия, Эфиопия, Ангола, Луанда, Мозамбик, Түркия, ГДР, Болгария, Венгрия, Польша, Чехословакия, Малайзия, Моңғолия, Сингапур, Ауғанстан және басқа елдерде болды. Көп ұлтты кеңес поэзиясының көрнекті өкілі ретінде ол шет елдерде болған сапарларында қалың жұртшылық жиналған поэзия кештерінде, әр түрлі әдеби форумдарда сөз сөйледі.

Кездесулерде ақын жалынды жырларымен шетелдік замандастар жүрегіне адамгершілік пен ыңтымақтастықтың рухын дарытты өз сөздерінде Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқының қолы неге жеткенін, кеңестік Қазақстанның қандай биікке көтерілгенін, көп ұлтты еліміздің ұлы жетістіктерін сүйіспеншілікпен, мақтанышпен баяндады.

Ақынның шет елдерде шыққан кітаптары бойынша бірнеше дүркін оқырмандар конференциялары мен пікір алысулар өтті. Мысалы, Парижде «Қыш кітабы» басылып шыққаннан кейін, Францияның белгілі әдебиетшілер қауымы пікір алысты. Сондай-ақ, шет елдерде басылған көптеген кітаптары прогрессивті сыншылар тарапынан жоғары бағалануда.

Информация о работе Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі