Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:52, курсовая работа
Зерттелу мақсаты: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
• қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
• Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін зерттеу;
• Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасын сипаттау.
• Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның көрсету.
«Халқымыздың табанына кірген шегір менің маңдайыма қадалсын» дейтін асқақ ақынымыз, елінің де, жерінің де мұң-мұқтажын мүдддесін анық та ашық айта алатын біртуар тұлғалы айбарымыз –Олжас Омарұлы Сүлейменов.
2 бөлім.Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасы - тарихи дерек көзі.
2.1.Олжас Сулейменов шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.
О. Сүлейменовтің басшылыққа
алатын негізгі әлемдік көзқарастағы
принциптерін қарастыруға тырысып көрелік.
Бірақ, бұл принциптерді ақын қандай да
бір тұтастықтағы логикалық кестеге келтірмеген.
Бірақ, олар оның барлық көп образды шығармашылығында
анық көрінеді. Ақынның шығармашылық кезеңінің
басында, ерте кезде көтерген ірі мәселелерінің
бірі - қазақ халқының тарихының қайта
даму мәселесі болды. Өзінің ертедегі
публицистикалық мақаласында ол былай
деп жазады: «Менің руымның қараңғы, мағынасыз
өмірі туралы жалпы мәліметтер мені қанағаттандырмайды.
Бұл жағдайды көптеген колониализм идеологтары
өз мақсаттарында қолданып отыр. Олар
қазір де мемлекеттілігі жоқ, мәдениеті
жоқ Шығыс елдері тең дәрежелі дамуға
қабілетті емес деп жариялап отыр. Біз
өзіміздің немқұрайлығымызбен бұл пікірді
растап отырмыз».Олжас Омарұлының өмірінің
өзі бірыңғай адамның қабілетінен тыс
күштерді талап ететін істерді жасаудан
тұрады. Сондықтан ол барлық әлемге қазақ
халқын таныстыру сияқты қиын істі түсіне
отыра, өз мойнына алды. Қазақ халқының
өткені, қазіргісі және алдағы болашағы
барлық тұтастықта алғашқы рет – Мұхтар
Әуезовтің ұлы эпопеясынан кейін Олжас
Сүлейменовтің – ақын және азаматтың
шығармашылығында кең ауқымды және жоғары
көркемдік деңгейде көрініс табады. О.
Сүлейменовтің жеке тұлғасының кең ауқымдылығы
туралы ақын Бақыт Кенжеев былай деген:
Олжас Сүлейменов құбылысы теңдессіз, ойшы, ғалым, саясаткер – бұның барлығы да бір ғана жеке адамның қасиеттері. Оның әдеби сіңірген еңбегі ең жоғары қолдауға ие болды. Олжас Омарұлы саяси, әлеуметтік немесе мәдени салада бір позицияны ұстанған ақынның өзіне о баста берілген құралмен, яғни - Сөзбен ғана әрекет етуі қажет екенін толық түсінді:
Поэзия – это всегда поступок,она, как варварство, всегда в изломах,подобно лестнице вся из уступок, уступок необдуманному слову.
О. Сүлейменов әдебиетке ашық және кең тыныста енді. Оның поэтикалық шығармалары әу бастан-ақ ұлттық әдебиеттің құбылысы болып танылды және сөз бағалай білушілердің көңілін аударды және күні бүгінге дейін солай болып келеді де. Олжастың поэзиясы серпінді ритмге құрылып, таусылмас энергиямен сәуле шашты. Оның поэзиясы сөз құдіретін бағалаушылар мен білушілерді де, сонымен қатар, қатардағы оқырманды да өзінің ерекшелігімен, афоризмге толылығымен және шеберлігінің биіктігімен таң қалдырды, ол ақынға орыс тілінің көмегі арқылы қазақ халқының жан-жүрегін ашуға мүмкіндік берді. Тек қана поэзияда халықтың жан-жүрегі, оның тарихи және мәдени дамуының өзіндік ерекшелігі, оның психологиялық құрылымы толығымен және жинақталған түрде көрінетіндігін ол терең түсіне білді. [12, 3-5 б.]
Өзінің табиғаты жағынан Олжас Сүлейменов - жан-дүниесі, рухани байлығы мол адам. Адамның тәуелсіздігі, еркіндігі оның шығармашылық және қоғамдық қызметінің негізгі нысаны болды. Тәуелсіз адам – ол рухани жағынан бай, әлемдік дамуды философиялық жағынан түсінетін адам.
Оның ақындық шығармашылығының тағы да бір ерекшелігі – көркем образдарды көре білуі. Жабайы алаң образы осылайша пайда болады. Бұл көшпелі тайпалардың күнкөріс жері. Жабайы алаң-олардың өмір сүретін және әрекет ететін әлемі. Сүлейменовтің шығармаларында алаң образы тәуелсіз және еркін адамның образымен байланысты.
Іс жүзінде, О. Сүлейменов көшпелі өркениет идеясын алғашқы болып алға тартқан ақындардың бірі. Көшпелі мәдениет пен өркениет өзіндік көркемдік-эстетикалық формада О.Сүлейменовтің көптеген шығармаларында маңызын тапты. Көптеген өлеңдері мен поэмалары кеңістіктегі үнемі қозғалысты, ауысуды бейнелейтін образдармен толып тұр. Бұл – жазықтағы өмір, әлем, ал онда жылқылар, жылқы үйірі т.б.
Ақынның көркемдік-образдық формада көрсеткен өркениет феномені кейіннен, көбінесе, соның арқасында қазақстандық авторлардың көптеген еңбектерінде тиянақты мәдени талдауға түскендігін нақты айтуға болады.
Бұған ақынның бірнеше эсселері мен публицистік еңбектері де ықпал
етті. Бұл мағынада О. Сүлейменовтің «Көшпенділер және мәдениет: қазақ эксперименті» атты мақаласына көңіл аударамыз. Бұл мақалада жер қатынасы өркениеті мен көшпенді мәдениеттің арасындағы өзара қарым-қатынаспен айналысатын философтар мен әдебиетшілерге біртұтас бағыт беріледі. О. Сүлейменов бұл туралы былай деп жазады: «Көшпенді дегеніміз кім? Тарихи еңбектермен тәрбиеленген ақыл үшін көшпенділер – шекара туралы немесе жерді меншіктену туралы еш түсінігі жоқ, бір жерден екінші жерге көшіп жүрген ордалар олардың жолында тұрған қалалар жер бетінен жоғалып кетіп отырды және олар жүріп өткен жолдың барлығы да шөл далаға айналып жатты. Олар заң, құқық дегенді білмеген болатын. Сондықтан, әрине олар сенім, ар-ұждан, ұят, махаббат секілді жоғары рухани қасиеттерді білмейтін. Мен өзімнің ата- бабамның осындай образына сендім. Тіпті, басында оның мінезінің осы қырлары,қажеттіліктерінің қарапайымдылығы маған ұнайтынын да мойындауым керек». Олжастың өз сөзі бойынша, «айыпты көшпенді тарихшылар шығарған үкім жарияланған соң, соңғы сөзін айту құқығын талап етеді». [17, 44-46 б.]
Көшпенді тарих пен мәдениеттің мәселелеріне деген көркемдік- эстетикалық реакция стимул, бұл мәселені теоретикалық деңгейде зерттеу үшін және оны абстрактылы-логикалық түсініктің көмегімен көрсететін арнайы мәлімет секілді болды. Олжас Сүлейменовтің жақтастары ғана болған жоқ, оған қарсы шығушылар да пайда болды. О. Сүлейменовтің көзқарасына қарсылас болғандардың ой-пікіріне тоқталып қалмастан, әйгілі әдебиеттанушы М.М. Әуезовтің онымен ұқсас ұстанған позициясына тоқталсақ: «Көшпенділер, өзінің мамандығынан басқа қозғалыс, өзгерістің жағдайы, -дейді Мұрат Әуезов, жалпы адамзаттық тарихтың, оның ішінде өткен тарихтың ғана емес, бүгінгінің де жан-жақты жағдайының бірі.
«Адамзат пен кеңістік» мәселесі қазіргі заманғы ұрпақ үшін де өзекті болып қала береді. Көшпенділердің санасы мен көркемдік шығармашылығын рухтандырған жол идеясы, таңдау мен динамизм мәселесі тұрған кезде ғасырға көміліп қала бермейді». Зерттеуші М. Әуезов көшпенділердің этикалық эәне эстетикалық тәжірибесін есепке алмасақ, әлемдік мәдениет бейнесі толық болмағанымен қоса, дұрыс емес те болады деп атап өтеді.
О.Сүлейменовтің көркемдік-философиялық позициясының негіз қалаушы принциптерінің бірі - тарихты танып-білу деп батыл түрде айтуға болады. Ақын үшін қоршаған жанындағылардың барлығы да тарихи дамудың нәтижесі және әлемнің одан әрі дамуының нышаны болып көрінеді. Барлық көрген жаңаша құбылыстарының немесе жағдайларының барлығынан Олжас Сүлейменов өткен заманның терең бейнесін көреді. Бұл әлемді қабылдау оның ақындық шығармашылығынан өтіп кетеді. Бірақ, бұл өзі жасаған импульспен толық түсініп, қабылдаған, оның ақындық және публицистік шығармаларының қатарында анық қалыптасқан позиция, ол кейбір жағдайларда көркем мәтіннің шеңберінен шығып кетіп, тарихи- философиялық сипат алады.
Сүлейменов историзмінің принципі оның историогафиялық мәселелерге жолын ұстаушылықпен ғана емес, әдеби-көркем бейнеге түсетін нәрсенің барлығына тарихтың қажеттілігін де ертіп әкетеді. Тарихты білу және бағалау ақында кез-келген суреткердің кәсіби сапаларының критериі ретінде қаралады.
1972 жылы Қазақстан жазушылар Одағының басқарма пленумында Олжас Омарұлы былай деп атап көрсетті: «Әрбір жазушы, не туралы жазса да – Хеопс пирамидасы туралы немесе физика саласындағы жаңалықтар туралы жазса да, ең алдымен, ол өзінің табиғи таланты жағынан тарихшы болып саналады. Тарих – халықтың адамгершілік және философиялық тәжірибесі. Тарихта – ұлттық мәдениеттің қалыптасу және даму кезеңдері мен шығу көздері, бүгінгі халықтық сипатты көрсететін адал адамдық сапалардың бастауы».
Сүлейменовтің историзмін тек қана фактілік аспект деп санау үлкен қателік болар еді. Оның историзмі ең алдымен эстетикалық - көркемдік ойға құрылған, ол тарихи шындықты табуға мүмкіндік береді.
1962 жылдардың өзінде-ақ О. Сүлейменов өзінің «өмірлік бағдарламасын» анықтады, яғни «өз халқының жоғалып кеткен тарихын іздеп табуды» өзіне мақсат етіп қойды, сол кездің өзінде-ақ ол сенімді және батыл түрде былайша жариялады: «Мен бір кездерде шынайы реалистік «Шынайы тарих» деген кітаптың туатынына сенімдімін, оның тууына біздің де еңбегіміз сіңеді деген үміттемін. Тек ақындар ғана көне тіл мамандарының құрған сөздерінің мәнін түсіндіре алады». [14, 31 – 32 б]
Олжас Сүлейменовтің философиялық позициясының ерекшеліктерінің бірі бұл – географиялық мағынада да, мәдени-тарихи мағынада да әлемді Батыс пен Шығыс деп бөлуі. Әлемдік өркениетті батыстық және шығыстық деп жаһандық бөлу идеясы әрине, жаңалық емес, ол сонау Редьярд Киплингтан бастау алады, көптеген авторларда кездесіп келді және кездесе береді де. Бұл әлем концепциясының тек жақтаушылары ғана емес, қарсы келушілері де бар.
Біздің пікірімізше, әлемнің «Батыс» және «Шығыс» деп бөліну концепциясының мәдениеттану мағынасында существоватету құқығы бар. Бұл түсініктерге ең алдымен нақты бір рухани шынайылықтар сәйкес келеді. Екі мәдени аймақтың екеуінде де адамға, оның әлемдегі орнына, жалпы әлемге қатысы ерекшеліктеріне деген қатынаста ерекшеліктер байқауға болады. Мысалы, Батыс үшін прогресс идеясы, аумалы-төкпелі уақыт идеясы, айналадағы қоршаған ортаға деген қалыптан тыс ұлғайған белсенділік тән. Ал Шығыста болса жетілдірілуге қоршаған әлем емес, адамның өзі беріледі.Олжас Сүлейменовтің «Батыс-Шығыс» концепциясына қайта ораламыз. Ақын ешқашан шығысты орталықтандыру позициясын ұстанған емес, мәдениеттің екі түрін ешқашан қарсы қойған емес, бірақ қашанда, барлық жерде олардың синтезін, бірлігін, бірін-бірі толықтырып отыруын іздеумен шұғылданды.
2.2 .Шовинизм мұзды мұхитын бұзған - «Азия».
Олжас Сүлейменовтың «Азия» кітабы 1975 жылы дүниеге келді. «Азия» кітабы ежелгі түріктер мен славяндардың тығыз байланысын, Еуразия кеңістігінде Ресей мен Қазақстан интеграциясының қажеттігін көрсететін тарихи еңбек болып саналады.
Ол Москвадан шалғайда, Қазақстанда жарық көрсе де, астанада тез тарады. Ақырында ол өте зиянды дүние болып, шықты. Кесепатты кітап! - деген ауыр сөздер айтылып жүрді. Арада он бес жыл өтті. Кенеттен үлкен жаңалық: «Азия» қайтадан жарық көрді. Бұл жолы да Қазақстанда. Олжас Сүлейменов еске ала отырып, былай деді: - «Бұл -Әдебиет институтында, 60-жылы болғанды. Профессор В.М.Сидельников курс жұмысы ретінде маған «Игорь полкы туралы жырдағы» түркизмдер» тақырыбын ұсынды.
Профессор бір кездері Мұхтар Әуезов дайындаған «Қазақ ертегілері» кітабының редакторы болған. Ол 50-ші жылдары Мемлекеттік әдеби баспадан шыққан. Олардың бастан кешкендері де қым-қуат тарих. Осы кітап үшін Әуезовті қатты сынға алып, Сидельников екеуі бұл жинаққа халыққа жат ертегілерді әдейі таңдап енгізді деп кінәлап, ұлтшыл ретінде айыптаған».
«Әуезов республикада онсыз да қуғын көріп жүрген еді, шынын айтқанда, Москваға қашып кетуге мәжбүр болған. Сол жерде, МГУ-де ол Сидельниковпен танысқан көрінеді. Өз басым профессордың бізге, қазақ студенттеріне «Абайдың» авторымен қарым-қатынас тәжірибесін үйретуінен терең сыр көремін. Иә, сөйтіп мен «Жыр...» туралы мақалалар мен кітаптардың телегей теңізіне күмп беріп, шыға алмай қалдым. Бәлкім қарапайым курс жұмысына бола соншама көп оқудың қажеті жоқ шығар, бірақ мен бастаған іске бойлап кіре бердім. Еліккенім сонша, курс жұмысын да жазғаным жоқ, сынақ та тапсырмадым. Дұрысы, «курс жұмысын» кітап жарық көргенше жаздым десе де болғандай», - деп Олжас Сүлейменов еске алады.
«Азия» кітабының дүниеге келердегі тарихындағы жазушының естеліктерінен үзінді келтірейік: «Бұл - таңғажайып мағлүматтардың көз жеткізгісіз қабатына жолыққан, білімге құлай берілген жанның шаттығы, базары еді. Мен орыс жылнамалары мен жауынгерлік шежірелерінің қойнауына сүңгідім, және «Жырдан...» түркі сөздерін бар деп жүргеннен әлдеқайда көп ұшыраттым. Сөз мәдениетіндегі түркі-славяндық, славян-түркілік этникалық байланыстардың осы ескерткіште көненің рухы, евразия атмосферасы қалай айшықталғанын анық сездім мен. «Жырдың...» бір ғана тіл білетін ғалымдардың назарына ілікпей кеткен қырлары қос тілді меңгерген жазушы ретінде маған айқындала түсті. Міне, осындай тын мағлұматтар шығармашылық өзегіне айналды».
Жазушы орыс жылнамаларынан - түркі жазбаларына, скандинав сына жазбаларынан - сібір мен монғол жазбаларына бет бұрып отырды. Түркі жазуы кең дүниеге таралған болатын.
Осы кітапта жазушы былай деп жазады: «Түркі халықтары таралған қазіргі мекендерде көне ескерткіштер неліктен мардымсыз? Бұл жерлерге жаңа, мұсылман мәдениеті келді және ол пұтқа табынушылыққа қарсы күресте сына жазбаларын түгелдей дерлік жойып жіберді. Сондықтан да мұндай ескерткіштер мұсылман діні жете алмаған жерлерге - Алтайда, Сібірде, Монғолияда ғана сақталған».
Монғолияда Білге мен Күлтегінге қойылған ескерткіштің жанында тұрып, кеңес уақытындағы жапа-жалғыз кәсіпқой түрколог-полиограф Сергей Маловтың атласы бойынша текстпен жазушы таныс еді. Ол: «Қараңызшы, Күлтегін қағанның уәзірі жазған тексттің түпнұсқасын көріп тұрмын. Түпнұсқаның құнын мен жақсы білемін, өйткені, көне -ХІҮ, XII, IX ғасырлардағы орыс жазбаларының түпнұсқалары сақталмаған ғой. Барлығы дерлік не өртеніп кеткен, не болмаса жаңа діни текстер жазу үшін пергаменттерден өшіріп тасталған. Кітабымда мен шіркеудің ежелгі орыс әдебиетіне Батый салған өрттерден тіттей де кем емес залал келтіргеніне дейін жаздым. Бәлкім, тым әсіре теңеу де болар, дегенмен нақты шындық осындай. Сол бір кезеңнің тыныс-лебін сақтап, бекзадалық тексттерді көшіріп жазуда қағазды аямаған монахтардың алдында бас июміз керек», - деді. [15, 8 -9 б]
Информация о работе Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі