Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттелу мақсаты: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
• қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
• Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін зерттеу;
• Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасын сипаттау.
• Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая Гулим.docx

— 134.15 Кб (Скачать документ)

Осы тұста орысша жазатын қазақтың бір топ қаламгерлерін, әсіресе, ақындарын жақтағым келеді. Тағдыры солай болды, әрі олар әлем тарихында жалғыз емес. Көптеген үнді жазушылары ағылшынша жазады, алжирліктер мен тунистіктер французша қалам тербейді. Олардың қатарында - ұлы ақындар бар. Сондықтан нағыз ақынды, суретшіні қай тілде деген сүйіспеншілігі. Бұл міндетті түрде басқа тілде сомдалған шығармасында жусан сықылды аңқып тұрады. Осындай өзгеден озық сезімі жат тілді байытып, өз халқының ішкі жан дүниесін алақанға жайып береді. Нағыз ақын қай тілде жазса да - ұлттық ақын болып қалады. Графоман ана тілінде де графоман. Олжас құбылыс ретінде орыс поэзиясына бай қазына сыйлады. Солай бола тұра ол көк бөрі қазақ поэзиясының әлемін кеңітті. Қазақша өлең өрнектеген жас ақындардың одан үйренетіні көп. Бұл дегеніміз - Евразия идеясының іске асырылуы...»

Леонид Мартынов, ақынды әділ бағалап, жазушы туралы пікірін айтты: «Олжас Сүлейменов - орысша жазатын қазақ ақыны, қазақ ақыны болып қалады да, үміті мен қасіретін орыстың үміті мен қасіретіне байланыстыра білген тәкәппар ғажап халықтың туған ұлы. Олжас Сүлейменов манағы байланыстарды қазіргі уақ тамаша айғақтаған құбылыс: тіршіліктегі де, географиядағы да, этикадағы да, эстетикадағы да».

Геннадий Толмачев, жазушы «Олжас туралы хикаят» кітабынан үзінді келтіріп, жазады: «Пыс?» тарауы. Бірде Мұхтар Мағауинмен бірге жиналыста отырдық. Олжас сөйлеп жатты. Зал тым-тырыс, өйткені Олжасты бір құлақпен тыңдамайды. Мұхтар маған сыбырлайды:

Ешкімде Олжастыкіндей пыс жоқ.

Пыс дегеніміз ішкі қуат сияқты нәрсе, - деп түсіндіреді Мұхтар, - ішкі жойқын күш. Немесе ақылдысымақ - ғалымдар айтатындай қуатты биополе. Онысы өзгені басып тастайды.

Мұхтар ғажап жаңалықты ашты! Мұны мен Олжастың бойынан байқағанмын, бірақ қазақ тілінде осындай күйді тап беретін сөз бар деп ойламаппын: пыс. Жарайды, пыс болса- пыс болсын. Басымыздан өткен оқиғаларды еске аламын. Олжас биллиард ойнап жатып, ұтқысы келеді -бойындағы «пысты» іске қосады да жеңіп шығады. Дастарқан басында, не мінбеге көтөрілгенде - халық сөзі мен даусының қүдіретіне бас иіп, үнсіз қатып қалады. Біреумен дауласа қалса - әрине, дәйектілігімен жығады, бірақ «пыс» та өз рөлін атқарады...

Әр адам араға уақыт салып бірдеңесін жайып салу үшін біреумен кездескісі келеді, егер мүмкіндік болса - оның шығармашылық топ ішіндегі ең адалы, ең жолы болғыш жан және қадірлісі болғанын қалайды. Осындай магниті бар, біз үшін көзі тірісінде Мәңгілік Белгісі болып жүрген адам - Олжас Омарұлы. Әрдайым көңілді, қонақжай, қолы ашық, ешқашан өтінген жанға «жоқ» деп айтпаған - кімнің мұндай адаммен дастархандас болғысы келмейді дейсің?! Ол сөзді бөлмей тыңдай алады, жақсы ой тастайды; егер қажеттілік сізді оның алдына алып келсе, классиктер өсиет еткендей «өмір сүруге үйретіп жатпайды, керек қаражатты тауып береді».

Римма Казакова «Юность» журналында әйелдік сезімталдығымен ағынан жарылады: «Жолдасым менің Олжас, мен сені сүйемін». Бұл ақынға арналған бірінші арнау емес. Андрей Вознесенский, Роберт Рождественский, Сергей Марков, Лев Ошанин, Мумин Каонат - есімде қалғаны осы, ал тағы - романдар, повестер, әдеби зерттеушілер ше, қолдан жазылған эпиграфпен - Олжас Сүлейменовке... «Сен ұнамаған жандар үшін». «Жеккөрініштерімен олар бізді сүюге үйретеді», - деп Олжасқа арналған өлең жолдарын оқимын. ...Молдавияға ұштык, республика мейрамына. Әнсіз және қуанышсыз қандай мейрам болсын!..

Бір жолы мемлекеттік шекараға таяу ақындар митингі ұйымдастырды. Біз қырқаның басында тұрдық, қуатты үлкейткіштер дауыстарды далаға таратып жатыр, Дубрава мен Кодра үстінен асып, Румынияға дейін жетеді. Егор Исаев, Лариса Васильева, Иван Драч, өзге ақындар, одан кейін республиканың құрметті қонақтары сөз алды - Кеңес Одағының үш мәрте Батыры Иван Никитович Кожедуб және «сахнаның пердесінің ар жағынан» - Олжас. Күрмеу жасайтын аккорд ретінде. Үп еткен жел түрмаған тыныштық тылмысында.

Алматы мұны білді жәие білмегенде шығар. Берлин мен Нью-Йоркте, Дамаск пен Токиода, Париж бен Софияда білген мен білмегендей, бірақ қазақстандық Олжас Сүлейменов куәлар алдында халықтар кеудесінде үміт отын жағады, қомақты қылып біздің ғаламның бақилығын паш етіп: «Шығыста жоқ, тіпті Батыс та жоқ».

Молдавиядан соң менде бір фотосурет қалды: Олжас пен Кожедуб қатар тұр. Иван Никитовичтің генерал погондарының іргесінде - бір түрлі сияқты ма? Аппақ көгершіндер, жүзге тарта құс ұшқан топтан, батырдың әскери киіміне фон жасап.

Олжас генералға қарайды да, ештеңеге таң қалмайды», - деді.

«Олжас тілінің емес мәдениетінің құбылысы», - дей отырып, Әуезхан Қодар: «Жат тілінде жазудың қиындығын білетіндер аз. Бұл тұлғаның қақ жарылуына әкеліп соғады, немесе әлдебір прострацияға жазығы жоқ нәрселерді түсінбек түгілі, кейде жек көріп жатасың. Ұдайы қарсы тұрған логика - бөтенсіп кетеді. Міне, осы бөтенсіген дискурста Олжас кітаптарын дүниеге әкеледі, бірақ өзін басқаның атынан сөйлетсе де өзі жасырынып қалды. Есіңізде ме:

-    Мен  Шоқан, Конфуций, Блок, Тагор да боламын...

Неге ол өзімен-өзі бола алмады? Өйткені Олжас жекелеген тілдің емес, белгілі бір мәдениеттің құбылысы ретінде өзін тәрбиеледі. Әрине, оның барлық этимологиялық және лингвистикалық еңбектері тіларалық ерекшеліктерді жойып, бір ататілдік жүйеге келтіруді көздеген жоқ.

Солай қарасақ біздің авторымыз - сүйгенімен қашып кеткен тілді, яғни орыс тілін, ғашықтық келісім негізінде ұрлаған ақын. Сөйтіп жат тілде жазған ол осы «ерлігін» дара болу үшін жасаған сияқты. Міне, маргиналдық кейде қандай көз сүйсінтер қылықтарға барады!...Мұның бәрі субстанциялардың көбеюінің салдары және тым мол болып кеткенінен, Мандельштам сезімен айтсақ: «Нан уланған, әрі ауа тарылды». Сондықтан Сүлейменов поэзиясы суға кетіп бара жатып қабақтағы талды қармау: компьютерлік ойлау жүйесіндегі абориген, бірақ өзінің абориген екендігін мақтаныш тұтатын тәкәппарлық.

Ақынның екінші тұғыры да ойға оңай қонатын нәрсе емес. Оны бозбала шағынан бастап кеңестік жүйеге атастырып қойды, бірақ мұндай жұбайлық ғұмырда ол өзін түп қазықты жұлып, құрылысты талқандау бағытында ғана түсіне алды.

Ғұмырым менің, сүйемін сені, Өйткені сен - революция!

Бірақ ешқандай революция болған жоқ. Сүлейменов негізінен тайған жүйеде шығармашылықпен айналысқан тегі таза интеллигент, сондықтан оған әйтеуір бір идеологияны уағыздау керек болды.

Бұл - данышпан әке салған соқпақтағы дарыны асқан конформист, жүре келе сораптың сыңар шулігін көреді, өйткені сүрлеу ешкімді ешқайда алып бармайды. Ең бастысы - айтып отырған ақынымыздың өзін. Солай болса да «Қыш кітабы» біздің замандастарымыз үшін оңаша шеккен кеңестік әдебиеттегі айығу еді. Бұл шығармада ақын оқырмандар мен насихатшылардың ұйқыда жатқан білімсіздігін пайдалана отырып, тарихпен де, дәуірмен де, жаңалықтармен де, көне қағидалармен де ойнай бастады, ғажап коктейль жасап берді: шебер қоспаға Андрей Белый мен Даниил Хармстан «Гильгамеш жайлы эпос» пен «Махабхаратқа» дейін араластырылды. Егер «Вопросы литературы» беттерінде Шахматтың қай жынысқа жататыны туралы мәселе көтерілсе, онда мистификацияның жүзеге асқаны.. Сондықтан Олжас Сүлейменовтің «тұлғалық магиясына» өз еркімен тұтқынға түскен жандарды құрсауынан босатпай-ақ қоялық», - деп жазады.

Д.Қосылбек Олжас Сүлейменов жазушы ретінде оның шығармашылығы туралы: «ІІІопенгауэр Олжас Сүлейменовке қарыз. Неміс ойшылы Гегель фэлсафасына қарсы ұран қойған: дүниетанымның кілті - интуиция.

Гегель - объективтік идеализмнің жанашыры. Маркс ғаламды объективті қабылдаудан идеализмді алып тастасақ - материализм шығады деген ойды ұстатады. Бірақ өз ақылына сенімі мол Шопенгауэр келіспейді: дүниені рефлективті талдау ізденіс соңында интуицияға тіреледі.

Шопенгауэр қателік жібермеген. «Азия» кітабы - білім ғана емес, жұмбақты түйсік деңгейінде шешкен әдемі жауап. Сондықтан «Игорь полкы туралы сөз», түркі және шумер мәселесі жылдар өте келе жаңа білім қағидаларына толығар, бірақ сондағы интуиция - ғажап сезімталдықтың айғағы болып, келер ғасырдың ғалымдарын таң қалдыра берер.

Оған дау айтады. Бәрін шулатып баспадан шығатын Камю кітаптары сияқты. Сартр кезінде өзін данышпан Виктор Гюгоға теңеп еді: ол он тоғызыншы ғасырға қандай болса, жиырмасыншыға - мен сондаймын.

Түрік дуниесінде Олжас - қазақтардың құдай ұлт ретінде сақтап қалғаны үшін адамзатқа сыйы. Егер батыс пен Шығыс бірігетін болса, оны - ол қиылысты - Олжас әлемінен қазбалау қажет. Киплинг жер бетін екі жарып еді: Батыс пен Шығыс, Олжас қайыра қақ айырылған екі арнаны қосып берді: адамзат.

Қазақ сана-сезімінің дамуындағы үш адам: Абай, Мұхтар және Олжас су астынан жалғасатын үш арал тәрізді - қазақ құрлығының оқ бойы озып кеткен үш мәдениеті - физикадағы орталығы сыртқа ығысқан кеңістік есіме түседі, кеңістік - қазақ жұратағы, тысқары орналасқан үш орталық - Абай, Мұхтар және Олжас. Болашақта үш орталық серіппедей жиырылып, қазақтарды өз деңгейіне тартып алады. Олжасты сынауға болады. Бірақ қателігі үшін емес, оның құдайға айналып кетпес үшін.

Мұқағалиді тірісінде бесікке салмаған соң, қазір отау бөліп, оңаша шығарып жібергеннің пайдасы қане. Әлде адамның даму барысының логикасы солай ма: Христосты алдымен қиюластырған қос тақтайға асып өлтірді, кейін Ол - жәмиғаттың рухани ғүмырына қайтып келді де пенде аяғына жығылып, кешірім өтінерде қарап шоқынатын қасиетті бейне дәрежесіне дейін өзгерді. Көшпелі қазақтар дұрыс тұжырған: шеңбер бойымен жүру керек.

            Шумерді іздеу тарихында әуелі сөз болды, ауыздағы әңгіме «Азия» жайындағы сөз», - деп айтты.

Абайдан Олжасқа дейін: жүз жылдық жалғыздық - деп даналықпен айтылған ұлы сөз.

Бірінші: Қара сөз. Қазір дау туғызып жүрген үш нәрсе бар: жер, елдің аты және тіл. Сәл анығырақ айтсақ, Қазақтың Жері, Қазақ Республикасы және Қазақ Тілі. Бұл үш компонент ұлт ұғымын құрайды; яғни, тірлік кешкен территориясы, тарихи иеленген аты және даму барысында қалыптасқан тілі. Жеріміздің Қазақия емес, Қазақстан, өзіміз қойған ныспымыз - Қазақстан Республикасы; құжат толтыратын тіліміз - орыстардыкі. ¥лт қайда деп ойланамыз ба?

Халқымыздың екі алыбы Абай мен Олжас арасындағы мезгіл Алаш топырағына көп өзгеріс әкелді. Саяси миграция үйімізге ат шалдырып, төрімізге қонып жатты: орыстар, украиндар, немістер, кәрістер. Тізімді әрі қарай жалғап кете беруге болады. Олар да өз еріктерімен келген жоқ: не саясат ықпал етті, не қасірет душар қылды. Өз етек-жеңін жинай алмай жүрген қазақ сулы жерінен жайлау бөліп берді, таулы жерінен қыстақ салып берді. Біреу түсіндір десе мен алақанымды жаямын. Әр ұлттың артында кәдімгі адам тағдыры бар, осы атырапқа деген сүйіспеншілік, болашаққа ұмтылған мақсат, содаң соң қиын жылдар жайлы ауыр естелік.

Кез келген ұлт алдында қазір қазақ жауапты. Ешкімді ренжітпеуге тырысу қажет, жолдан шыққан қияңқылық - ертең бізге айтылатын арыз. Қазақтың ұлтжандылығы кейбір бауырымыздың көңіл-күйін бұзып кетеді, оның аяғы: бізге деген реніш, алыс жақтарға көз тігіп, кіндік қаны тамған туған жерін тастап кетуге деген құлшыныс.

Бірақ қазақтар резервуарға апарып тастайтын үндістер емес қой, олар да орыс, неміс, кәріс секілді қатардағы ел болғысы келеді.

Екінші: Аз. Жер, ел, тіл - қазақтың мәдениеті. Қазақ мәдениеті дегеніміз қазақ ғүмырын түсіндіру. Әдет-ғүрып, баяғыда-ақ ең әуелгі мағынасынан айырылса да ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан дәстүр, қаншама уақыт жиналған өнер қазынасы, тілдің сөздік қоры, уысымызда қалған жердің өзі мен тарихи, тұрмысымыз - қазақ ғұмырын түсіндіру формалары немесе қазақ мәдениеті. Соншама ғасыр сұрыпталған бұл үш категория, екінші жағынан, ұлтты шығарады.

Тіл - оңай шеше салатын мәселе емес. Қазақ тілі тікелей түркі тілінен дамыған, орыс тілінің славян тілінен оңашаланғаны сияқты. Сонда 15 ғасырға жуық ғұмырнамасы бар тілді жетілмеген деп кемсітуге бола ма? Сіздер Израиль мемлекеті қолданып жүрген иврит тілінің қайдан шыққанын білесіздер ме? Дүние жүзінен жиналған еврей халқы бірнеше диалектіге бөлініп үлгерген, соның бәрі ескеріле отырып және көне еврей тілін негізге ала отырып, қазіргі иврит тілі дүниеге келді. Қазақтың тілін сындырып, өзгерту қажеті жоқ, Маханбат пен Абай кезінен тап осы қалпы бар, тек техника өркендеуі ғана ағылшын, француз, неміс сөздерімен байытты, орыс тілін байытқаны тәрізді.

                 Социализм, коммунизм, капитализм орыс сөздері емес, оны түгел біледі. Енді Олжас Сүлейменовтің «Азия» кітабын: «Во многих индоевропейских за сравнительно короткий срок, в исторически обозримое время, коренным образом изменилась структура языков и морфология. Тюркские языки не изменились за это время, слово в них более сохранно, чем в индоевропейских, по нескольким причинам чисто технического свойства». Осы сөйлеммен парақ бітеді, оны аударып келесі бетті оқимыз: 1.«Тюркское слово агглютинативно, т.е. корень и суффиксы не сплавляются... Корень - паровоз всегда впереди и не изменяется. Он влияет на суффиксы, а не наоборот... в тюркских агглютинативность -правило, фузия - исключение...» Агглютинация сөздің сақталуына көмектеседі де фузия сөздің бұзылуына себепкер болады.

2.«Место ударения, как правило, постоянно на последнем слоге.

3.Нет предлогов (префиксов). Они влияют на корень в индоевропейском слове, создавая в развитии ложные основы»

Ел деп тілге тиек қылғаным - қазақ жұрты. Ішкі жан сарайымыз келіссін, келіспесін бәрібір бізге Қазақстанда басқа ұлттармен қатар тірлік кешуге тура келеді. Оларды өз туған отандары күтіп отырған жоқ, мына алты алашқа олар сіңісіп кетті, міне, тап осындай жағдайда тұрмыс құра білгеніміз жөн. Қазақ ұлты кейбір даңғаза данышпан сымақтар толғағандай ацтек мәдениетінің дәрежесі емес, қазіргі қазақ - кешегі патша шенеуніктері полковник атағын бере салатын сатыдан биіктеп кеткен, біз мемлекеті бар болудың не екенін түсінеміз: курттарды қара, саны 40 млн. жетеді екен; шешендер не істеп жатыр; еврей қалай он сегіз ғасырлық мәселесіне нүкте қойды.

Оның бәрі алдымен жерден шығады. Кез келген ұлт өз мемлекетін құруға ұмтылады, мемлекет дегеніміз ұлттық идеяны біржола бекіту деген сөз. Ортегаи Гассет «Омыртқасыз Испания» атты эссесінде жазады: «...ұлттардың қалыптасуы мен дамуына болашаққа бағытталған ортақ бағдарды орындауға ұмтылу ғана әсер етеді».

Үшінші және Я. Қазір өкілі Қазақстанға қажет бай және қадірлі тұлға, ол өзге ұлттармен барлық жағынан тең, парызы мен құқығы өзге азаматтардың мүмкіншілігіндей, Қазақстан оған Отан, сүйікті туған жер. Қазына: барлық қазақстандықтар қазақ тілін білуі қажет (бұл жағынан, этикалық мәдениеттен туады: суын ішіп, нанын жеген соң тілін де білген дұрыс, екінші жағынан, егер орыс, не неміс қазақ тілін білетін болса, қазақ оны өзі-ақ тамыр деп туыс қылып алады) барлық ұлттардың мәдениеті бәрімізге тиесілі ортақ қасиет.

Информация о работе Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі