Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 13:52, курсовая работа
Зерттелу мақсаты: О.О.Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның анықтау.
Зерттелудің міндеттері:
• қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;
• Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін зерттеу;
• Олжас Омарұлының шығармашылық мұрасын сипаттау.
• Олжас Сулейменовтың «Азия» деген кітабындағы ұлттық тіл мен діннің орның көрсету.
О.Сүлейменовтің шығармашылығы туралы Лили Дени, Жак Катто, Париж университетінің профессоры, ақын Леон Робель сияқты көрнекті сыншылар жазып жүр.
«Олжас Сүлейменовтің «Мешін жылы» кітабынан, - деп жазды Лили Дени, 1968 жылы 19 маусымдағы «Летер франсез» газетінде, - мен кеше мен бүгіннің тамырластығын таныдым. Сөз тамыры... Мен сол тамырдың не екенін, оның Олжас Сүлейменовті қалай алып шыққанын және қазақ мәдениетімен ұласып жатқан ұлы көпірді таныдым. Сол көпір Отанға, ауыз әдебиеті дәстүрінің қүдіретіне деген сүйіспеншіліктен туғандығын ұғындым». [11, 42-45 б.]
1973 жылы Швейцарияда жарық көрген «Кәне, поэзия» кітабына жазылған соңғы сөзде былай делінген: «Бұл қазақ ақынын қазіргі кеңес ақындарының ішіндегі ең табиғаты тосын, былайша айтқанда қолтаңбасы ерекше ақынның бірі ретінде атайды».
1975 жылдың қазанында белгілі француз ақыны Андре Делю «Юманите» газетінде: «Олжас Сүлейменовтың даусы әлемнің бүгінгі аса көрнекті ақындық даусына жатады», - деп жазды.
Олжас Сүлейменов Азия мен Африка елдері халықтарымен ынтымақ жөніндегі Кеңестік комитет төрағасының орынбасары, Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Кеңестік комитеттің мүшесі, ЮНЕСКО-ның Орталық Азия мәдениетін зерттеу жобасы жөніндегі кеңесшісі.
О.Сүлейменов кинодраматургия жанрында көптен бері белсенді жұмыс істеп келеді. О.Сүлейменовтің сценарийі бойынша: «Атамекен», «Көгілдір маршрут», «Қыс - қолайсыз маусым», «Адамды қабылдаңыз», «Соңғы асу» көркем фильмдері және көптеген деректі фильмдер жасалды.
Бірнеше жыл О.Сүлейменов «Қазақфильм» киностудиясы сценарлық редакциялық алқасының Бас редакторы қызметін атқарды. Осы кезеңде жасалған қазақ киностудиясының «Қыз Жібек», «Асуда атылған оқ», «Үрейлі таң», «Көксерек» сияқты көптеген көркем фильмдері көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.
О.Сүлейменовке 1966 жылы Қазақстан Ленин комсомолы, 1967 жылы «Шапағатты шақ» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы үшін Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтары берілді.
1969 жылы Олжас
Сүлейменов Кеңес Одағы
1971 жылы Олжас
Сүлейменов Қазақстан
1972 жылы «Сөз өрнектері», «Тал суретін саламын», «Көгілдір аралдар» өлең циклдары үшін Қазақ ССР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.
1980 жылы О.О.Сүлейменов
Қазақстан кинематографистер
1983 жылдың желтоқсанында
О.О.Сүлейменов Қазақстан
О.О.Сүлейменов - Қазақстан Компартиясы ХІҮ, ХҮ, ХҮІ съездерінің, КПСС ХХҮІ және ХХҮІІ съездерінің делегаты, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Х-шы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, ХІ-ші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
О.О.Сүлейменов Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және КСРО медальдарымен наградталған.
Интернационалист ақын, жалынды публицист, Шығыс халықтарының көне тарихы мен дүние жүзі тілдерінің өзара байланысын талмай зерттеуші, белгілі қоғам қайраткері О.О.Сүлейменов нағыз шабытты, шығармашылығы толысқан шағында. Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан оның жаңа өлеңдер кітабы, «Жазушы» баспасынан «Біз жасампаздық өмір үшін туғанбыз!» деген атпен сын және публицистикалық мақалалары жинақ болып шықпақ. Ол «Мың бір сөз» атты этимологиялық сөздігін дайындау үстінде. «Коммунист» журналының 1985 жылғы оныншы санында «Игорь жасағы туралы сөз» жырының 800 жылдығына арналған жаңа зерттеуі жарияланды.
Бүгінгі күнмен үндестік, табиғилық, интернационалдық сезім, зорлық-зомбылықты, әділетсіздікті әшкерелеу Олжас Сүлейменов поэзиясының алтын өзегі. Бұл идеялар әсіресе «Қаңтардан сәуірге дейін» поэмасында терең тамыр жайған. Ақынның лирикалық қаһарманы - асқақ рухты, жарқын болашақты замандастарымыз. Ол қазақ халқының драматизмге толы тарихын терең және өзінше түйсіне білді.
Тың игерушілердің ерен еңбегінің дабылын, ерлік даусын «Молшылық түні» поэмасында асқақтата жырлайды Әр жолы көркем де әсем өрілген және идеялық-көркемдік мазмұны терең өлеңдері республиканың немесе еліміздің көлемімен шектелген емес. Оның өлеңдері поэзияның ғаламат ұшқырлығымен әлемнің кез келген түпкірінен өзінің оқырмандарын - достарын, шынайы жақтаушыларын тауып отырады. Оның өлең өрнегінен Қазтуған мен Шалкиіздің жыраулық екпіні, Жиренше мен Қаздауысты Қазыбектің шешендік сарыны естіледі.
Ақынның бүкіл шығармашылығы интернационалдық, рухани достықтың, ұлттық пен интернационалдық қасиеттерді табиғи ұштастырудың, дәстүр мен жаңашылдықтың терең тамырластығының үлгісіндей. Ел аузына кең тарап кеткен «төмендетпей асқар тауды, асыр дала айдынын» атты ұшқыр сөзі де соның дәлелі дерлік.
Олжас Сүлейменов пакистандық Фаиз Ахмед Фаиз, палестиналық Мумин Бсису, Махмуд Дервиш, индиялық Субхас Мукерджи, Шрикант Варм, жапонйялық Иосио Хота қатарлы планетамыздың көптеген прогрессивті ақындарымен талай жылдардан бері достық қарым-қатынас жасап келеді.
Ақын поэзиясының ұлттарды ұйытқан ұлы рухын, жеке басының азаматтық тұлғасын қастерлеп, қадірлеуші кеңестік қаламдас достары -орыс А.Вознесенский, Р.Рождественский, С.Марков, украин А.Кравченко, Н.Годин, белорусс Е.Лось, ингуш С.Чехкиев, чечен Я.Хозбулатов, тәжік М Каноат, Қ.Киром тағы басқа ақындар өлеңдерін, ықылас сөздерін арнады. Егер О.Сүлейменовке арналған бірыңғай поэзиялық арнауларды жинайтын болса, үлкен антология құралар еді.
Өмір - шың, шыңға қорқақ шыға алмайды, Батылға жеңіс те бар, жоғалту да. [7, 36-38 б.]
Ақынсың өзгелерден жырың бөлек, Сүйемін, сені сүйе білу керек.
Сен тіпті қоңырлатып ән салсаң да, Қиырдан ел таниды үніңді ерек.
Айнымас әділдіктен, бетін бұрмас, Өмірге сендей ақын қайта тумас. Сүйесің көп нәрсені бұл дүниеде, Сүйемін сол үшін де өзіңді, Олжас!
Ал, белгілі сыншы Евгений Сидоров ақын шығармашылығына арналған бір мақаласында Олжас Сүлейменовтың атағы алыстан естілетін, бақыт жұлдызы өзгеше туған талант екендігін айрықша атайды.
Бұл айтылған ойды ұсынылып отырған ғылыми-информациялық өмірбаяндық көрсеткіш те, сондай-ақ аса көрнекті қазақ кеңес ақыны Олжас Омарұлы Сүлейменов шығармашылығы хақында айтылған бірнеше құнды пікірлер де толық дәлелдей түседі.
Академик Мұқаметжан Қаратаев: «Олжас Сүлейменов ұлы аталары Абай мен Жамбыл дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытып келеді. Ұлттық шеңберде қалып қоймай интернационалдық тақырыпқа лайықты ақын болып қалыптасады. Өз халқының тағдырын ол басқа халықтардың тағдырымен, бүкіл адамзаттың тарихымен салыстыра зерттейді. Оның жан-жүрегі қай нәсіл, қай ұлт, қай түсті болса да еңбекшіл, күрескер, ары таза адам атаулының бәріне айқара ашық», -деп айтты.
Ақын Леонид Мартынов: «Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов орыс тілінде жазғанына қарамастан, бүкіл болмысымен қазақ ақыны, атам заманнан бері үміт-арманын орыс халқының үміт-арманымен ұштастырып келе жатқан асқақ рухты өз халқының перзенті. Олжас Сүлейменов тұрмыстық, географиялық, этикалық, эстетикалық тарихи байланыстардың жанды айғағы», - деп көрсетті.
Леон Робель: «Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде жазатын тамаша ақындардың бірі. «Қыш кітапты» тарихи терең тамырлы, тамаша ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл кітаптың ерекшелігі - мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде.
Халықтар мәдениетінің туыстығымен өзара баю идеясы Сүлейменовтің көптен-ақ көңіліне ұялаған сипат. Ол тарихты замандар керуені көшінің бүкіл ауыс-түйісі, өзгерістері туралы үлкен кітап оқығандай танығысы келеді. Көне жазбалардың, аңыздар мен деректердің сырын ашу, оның пікірінше, Адамзат Тарихына басқаша қарауға жәрдемдеспек, өйткені, күштеп бөліну мен бөлектену бәрібір тағдыр бірлігін жоққа шығара алмайды. Осынау құштарлық-іңкәрлік сезімі кітаптың өн бойына түгел тарап жатыр. Кейбір өткір даулы пікірлердің кездесетініне қарамастан, бұл нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз», -деп көрсетті.
Мұрат Әуезов, сыншы: «Азаматтық әуен, Отан сүйгіштік сезім, әлемдегі дүбірлі оқиғаларға дер кезінде үн қосу, жекелеген деректерден дүние туралы философиялық түйін түю - Олжас поэзиясының өзіне ғана тән алтын өзегі. Ақын поэзиясының рухани кемелдігі ақынға ұлттық-эстетикалық мұраттың жалпы адамзат мәдениетімен тоғысуын айқын көруіне жол ашады», - деп пікірін айтты. [18, 11-12 б.]
Бұл айтылған пікірлер - ақын О. Сүлейменовтың азаматтық және шығармашылық портретінің заңды айшықтары.
Олжас Сүлейменовтің шығармашылық және қоғамдық қызметіне тән қасиет - азаматтық жауапкершілікті жоғары сезінуге негізделген жүйелілік пен мақсатты түрде ілгері ұмтылу. Оның поэзиясы, драматургиясы, публицистикасы және филологиялық зерттеулері республикалық көлемдегі мәдени, рухани ізденістердің алғы шебінде келеді. Соңғы екі он жылдықтың ішінде осы процестердің ірі жетістіктері әрқилы әдебиеттерімен байланыстарды ұштастыра түскендей. Мұның бәрі Олжас Сүлейменовтің көп қырлы көркемдік, теориялық және қоғамдық тәжірибелік табыстарымен өлшенеді.
1.2.Семей-Невада
қозғалысында мораторийді
Біздің қоғам шешпек болып жанталасып жатқан мәселелердің тақырыптық шоғырында әлемдік бейбітшілік және соғыс проблемалары күнгірттене бастады: аса өткір әлеуметтік мұқтаждар әлемдік шиеленіс қаупін тұмшалап тастады, бірақ бұдан ол соншалықты азая қойған жоқ, деп Олжас Сүлейменов ағамыз айтты.
Қаңтардың жетісінде Нью-Йоркте үш ортада ядролық қаруды сынауға тиым салу туралы 1963 жылғы шартқа түзетулер енгізу жөнінде Біріккен Ұлттар Үйымының конференциясы басталады. Жер астындағы сынақтардың таралуына тиым салу туралы мәселе де қаралатын болды.
Әзірге атом лабораториялары мен зауыттары жұмыс істеп тұрған кезде тактикалық және стратегиялық құралдарды тіпті едәуір қысқарту да проблеманы шешпейді, қайта күрделілендіре түседі, өйткені алынып тасталған жүйелердің орнына неғүрлым жетілдірілгені келеді. Қарусыздану әдеткі қайта қарулануға айналады. 1986 жылы М.С.Горбачев барлық өмір сүрушілер атынан жар салған ядролық қарусыз XXI ғасыр идеясын жүзеге асыру полигондарды тоқтатудан басталды. [1, 1 – 5 б.]
Қазір дүние жүзінде бәрін қамтитын Шартты қоғамдық қолдау науқаны қанат жаюда. Конференцияға біз немен келе жатырмыз?
Семей ядролық полигоны бір жылға тақау үнсіз тұр. 1989 жылдың қазанынан бері Кеңес Одағы бірде бір сынақ өткізбеді. Ел мен әлем халқы бұл жөнінде білмейді. КСРО президенті мен үкіметінің ресми хабарламалары болған жоқ. Бұкаралық ақпарат кұралдары да тіс жармай отырды. Себебі не? Өйткені, полигон «төменнен» жасалынған шешіммен тоқтатылған.
Семей полигоны өзіндік ғана мәнге ие емес. Ол - дүниежүзілік ядролық қару өндірісінің бір буыны болып табылатын. Ал фабрика барлық тораптары іске қосылғанда ғана жұмыс істейді. Бір буынның түсіп қалуы сиамдық егіздер сияқты өзара тәуелді әскери өнеркәсіптік кешендер (военно-промышленные комплексы) мүддесіне соққы болып тиеді. Бір-бірімен күресе отырып, олар өзара нығаяды.
Басқа ядролық державалар да атом өндірісінің катерлі зардаптары туралы деректерді құпия ұстауға тырысты. Бұл, өкінішке қарай өзгені былай қойғанда денсаулық сақтау саласындағы ең актуалды бағыттың біріне айналған радиологияның дамуына әсерін тигізді.
1957 жылы Семейде
арнаулы мекеме - «бруцеллезден емдейтін төртінш
Бәлкім, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің үшінші Бас басқармасының (басқарма қорғаныс министрлігіне қарайды) арнаулы қоймаларында аурулардың шынайы тарихтары сақтаулы шығар, бірақ «Невада-Семей» қозғалысының эксперттері онда жіберілмеді. Бүгінде ғана диспансер құпиясын азынаулақ ашуға мүмкіндік туды. Қазір ол ресми түрде радиологиялық деп аталады. Соның өзінде архивтің едәуір бөлігі (он жеті ғылыми тақырыптар бойынша) полигонға апарылған. Әйтсе де қолда барының өзі диспансердің бас дәрігері Б.И.Гусевтің полигонға жапсарлас аудандар халқының денсаулығына өзіндік зиян келеді деп мәлімдеуін негіздеуге толықтай жетеді. [8, 8-9 б.]
1990 жылғы қыркүйекте
Е.П.Велиховтың басқаруымен
Информация о работе Олжас Сулейменовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі