Окушылардын танымдык кызыгушылыгын калыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
Білім-тәрбие жетілдіру саласында мектеп арасындағы сабақтастықты қалыптастыру оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне, маман даярлау ісінің сапасын арттыру – білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Себебі, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын мектепте сабақтан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырып, алған тәрбие мен білім деңгейлерін, танымдық қызығушылықтарын жоғары оқу орындарында аудиториядан тыс жұмыстар арқылы ұштастырамыз.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.

1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәні....................................................................................................5
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде..........................................................................................................13
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі..............................................24

П ТАРАУ. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі...................28
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.......................................................31

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................... 40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Оқушылардың-тан.doc

— 1.60 Мб (Скачать документ)

Орта мектептерде жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген  зерттеулеріміздің қорытындысы  мынадай болды: оқуға қызығушылығы төмен - 56% ( 10 сынып); өз ойын, пікірін дәлелдеу білігі қалыптаспаған 43% (11 сынып); өз білімін іс жүзінде қолдана алмайды- 40% (10 сынып), негізгіні бөліп көрсете алмайды- 30% (11 сынып), қарапайым жалпылауды білмейді - 51% (10 сынып), күрделі емес тақырыпты, жағдайды өз бетінше талдай білмейді - 55% (10 сынып).

Эксперимент барысында 11 сынып оқушыларының арасында сауалнама, пікір алысу ұйымдастырылды.

Жауап бергендердің 12,2% танымдық деңгейін дамытатын болса, 57,3% "жоқ", 30,5%- " кейде" деген жауап қайтарды.

Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті  қалыптастыру әрекеттеріне бақылау  жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп  айту қиын.Өзгелердің тарапынан болатын  бақылаудан гөрі, оқушы өз білім  деңгейіне , біліктері мен дағдыларын сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.

Ауыл мектептеріндегі  оқушылардың өзіндік жұмыс істеу  белсенділігі.

         Сауалнама жауаптары.     

Оқушылардың жауаптары

Бақылау сыныптары

Эксперимент сыныптары

10 (65)

11(70)

10 (65)

11 (70)

1. Өз бетінше білім  аламын және белсенді әдістерін  білемін

 

25%

 

28%

 

61%

 

67%

2.Өзіндік жұмыс кезінде  оқу әдебиеттерін пайдаланамын

 

21%

 

27%

 

60%

 

67%

3.Ғылыми әдебиеттерді  пайдаланамын

  5%

7%

12%

15%

4. Мерзімді баспасөзбен  жұмыс жасаймын

30%

32%

45%

55%

5. Интернетті пайдаланамын

   -

   -

   -

   -


 

Көптеген оқушылар өзіндік  жұмысқа мән бермейді.38%-і өзіндік  жұмысты мүлдем жоспарламайды, 32%-і жоспар құрғанымен оны орындамай тастайды, 14%-і әр күнге жоспарлайды, 10%-і бір аптаға, 6%-і бір айға жоспарлайды.

 Эксперимент барысындағы  зерттеулеріміздің нәтижесін талдай  келе мынадай қорытынды жасадық:  орта мектептерде оқушылардың  танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін қайта қарау, танымдық белсенділікті қалыптастыруда оқыту үрдісіндегі әдіс-тәсілдерді арнайы ұйымдастыру- оқу үрдісін жетілдірудің негізгі басты шарты деген тұжырым жасадық.

Жоғарыда келтірілген  педагогикалық әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру және педагогикалық іс-шаралар (сынып сағаттары, сайыстар, диспут, шығармалар, танымдық тапсырмалар) ұйымдастырылуы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді, білім мен қабілетін шыңдауға мүмкіндік алады, алған білімдерін практикада еркін пайдалануға , т.б. дағдыланады.

Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі бойынша жүргізілген педагогикалық  оқу – танымдық әрекеттер мен

Шараларды ұйымдастыру  әрекеттеріне жүргізілген эксперименттің нәтижелерін сараптап бағалау, қорытындылау негізінде төмендегідей көрсеткіштер анықталынды.

     Оқушылардың  танымдық белсенділігінің қалыптасу  деңгейлері. 

   Деңгейі    

Эксперименттік сыныптар

Бақылау сыныбы

 Төмен

                  33,7%  

         45,6%

 Орташа

                  45,3%

          50,5%

 Жоғары

                  21%

          12,9%  


 

Зерттеудің соңғы кезеңдеріндегі алынған нәтижелерді талдау барысында  эксперименттен кейінгі көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде эксперимент жұмысы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға тиімді ықпал етті деп тұжырымдауымызға мүмкіндік береді.

Эксперимент жұмыстарын қорытындылай келе, танымдық белсенділікті  қалыптастыру мәселесі кешенді сипатта, сатылы түрде дамып отыру қажет, әрбір оқушының танымдық әрекеті мен шығармашылығы, белсенділігі, ізденімпаздығы қоғамдағы ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық үрдістерді қалыптастырып дамуының факторы болып табылатынын баса айтқымыз келеді.

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен зерттеу барысында  дайындалған теориялық қағидалар мен оқушыларының танымдық белсенділіктерін қалыптастыру негізінде және тәжірибе эксперимент жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтер зерттеудің ғылыми болжамын дәлелдей түседі және мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылым, білім салаларындағы өзгерістерге байланысты орта мектептердегі оқушыларға білім беру сапасына қайта қарап, жақсартуды талап етеді.
  2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады.
  3. Танымдық әрекеттегі белсенділік компаненттерін бір арнаға біріктірген тиімді болады: мотивациялық, еріктік, мазмұнды-операциялық, бағалау- нәтижелік .
  4. Тәжірибелік – экперименттік жұмыстарда зерттеліп дәлелденген  жоғары сынып оқушыларының танымдық-белсенділігін қалыптастыру көрсеткіштерімен өлшемдерін , деңгейлерін жалпы білім беретін орта мектептерде оқу үрдісін жетілдіруді ұйымдастыруда қолдану тиімді.
  5. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру жеке тұлғаның өзіндік ақыл-ой дербестігін, шығармашылық әлеуетін көтереді.
  6. Оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеріп, танымдық ой- өрісін арттыруға болатынын  эксперимент жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады.

Курстық жұмысымызда оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың маңыздылығын зерттей келе мынадый ұсыныстар туындады:

Мектептегі жоғары сынып  оқушыларына конференциялар, дебаттар, дөңгелек столдар, іс-шаралар жыл  сайын жүргізіліп отырылуы керек.

Өзіндік жұмысқа бейімдеудің  дидактикалық жүйесін тиімді жүзеге асыратын оқытудың жаңа технологияларын жасап іске ендіру.

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын дамыту барысында  кешенді мақсатты бағдарлама жасау.

Аттестация, педұжымды  моральдық – материалдық жағынан  ынталандыру жұмысын жүйелі жолға  қою.

Оқу үрдісінде ауқымды түрде педтехнологияларды қолдану, компьютер арқылы ақпараттандыру.Қосымша танымдық сабақтарды көбейту.

Қоғамның әлеуметтік дамуына сай, келешекте білім  берудің жаңа технологиясына сай  жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-теориялық жақтары жете зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар оны болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда жеке проблема ретінде арнайы зерттеуге болады.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Бастауыш мектеп журналы №5 1998ж 
2. Бастауыш мектеп №3, 4 2010ж 
3. Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева «Алматы», 2000ж 
4. Қазақстан мектебі, Алматы №8 2003ж 
5. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы «Аруна» 2006ж 
6. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №1 2006ж

7. А. Мустоятова.  Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру:                    Алматы, Бастауыш мектеп 2006 №5 14 б.

8. А. Қамалбекова.  Оқушылардың танымдық  қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру: Алматы, Бастауыш мектеп 2005 №5 18-19 б.                                                                             9. М.Мухамедин. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру негіздері: Алматы, Ізденіс 2001 №6 121-123 б.

10.  В.И.Рогов Психология человека. М.2001.

11.  Қ.Салпынова. Оқушылардың  танымдық қызығушылығын  қалыптастыру  арқылы оқу белсенділігін арттыру: Алматы,Бастауыш мектеп 2005 №7  27 б.

12. З.Көкшеева. Оқушылардың эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру: Алматы.Бастауыш мектеп  2006 №10 18-4-19 б.

13. С.Елубаев.Оқушының танымдық қызығуын оятудың жолдары:Алматы,  Бастауыш мектеп 2002 №8 7-9 б.

14. М. Абуова. Оқушының  қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру: Алматы,Бастауыш мектеп 2006 №5 20-21 б.

15. А .Рысқұлбекова. Ойын-оқушы білімін беріп меңгерту құралы: Алматы,  Бастауыш мектеп  2005 №9 19-21б.

16. Б.Дауымова,К.Жадкин Сапалы білім берудегі проблемалар:Алматы,                          Мектеп директоры 2003 №6 3-4 б.

17.  С. Дүсебаев Жаңа  педагогиылық технология – бастауыш мектепте:                   Алматы, Бастауыш мектеп 2003 №11 3-5 б.

18. Г. Қаңтарбаева Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту:                            Алматы,Бастауыш мектеп 2005 №7 25-26 б.

19.  Ж. Күнпейіс. Оқушыларды шығармашылыққа қалыптастыру: Алматы,    Бастауыш мектеп 2006 №2 32-36 б.

 

 


Информация о работе Окушылардын танымдык кызыгушылыгын калыптастыру