Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 14:53, курсовая работа
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
Білім-тәрбие жетілдіру саласында мектеп арасындағы сабақтастықты қалыптастыру оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне, маман даярлау ісінің сапасын арттыру – білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Себебі, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын мектепте сабақтан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырып, алған тәрбие мен білім деңгейлерін, танымдық қызығушылықтарын жоғары оқу орындарында аудиториядан тыс жұмыстар арқылы ұштастырамыз.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәні....................................................................................................5
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде..........................................................................................................13
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі..............................................24
П ТАРАУ. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі...................28
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.......................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................... 40
Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу - танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі. Біз анықтаған жүйенің өзіндік жұмыс блогына: өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік бағалау компоненттері жатды.
Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік жұмысқа бейімдеуді жүзеге асыратын әрекет қимылдарды оқушының өзінің таңдап алуы, оларды алдын-ала жоспарлауы жатады. Өзіндік әрекет білім беру процесінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс, оның мақсатын айқындаудағы мұғалімнің миссиясы оқушының оқыту процесіндегі өзінің ролін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Айталық, өзіндік бақылау әрекеттері жүйесі десек , өзіндік әрекет оның бір бөлігі ретінде бірнеше қимылдардан тұрады: өзіндік білім алуды жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін реттеу, түзету, өзінің танымдық әрекетін біліміне сай жоспарлау жатады. Аталған компоненттер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.
Өзіндік бағалау толыққанды процесс ретінде белгілі бір мақсатта оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады. Олай болса біз өзіндік әрекетті ұйымдастыруға арқау боларлық танымдық тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде қарастыра отырып олардың өзара байланысын шартты түрде төмендегі суреттегідей нақтылаймыз. (1 сурет)
Өзіндік әрекет қимылдары |
Мазмұны |
1 .Оқушының өзінің оқу-танымдық әрекетінің күйін анықтап талдай білу |
- бастапқы жағдайды және алға қойған мақсатпен немесе берілген үлгілермен салыстырып өзінің оқу - танымдық әрекетінің нәтижелерін белгілеп бағалау; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің нәтижелерінің өзіндік жұмыстың қалай ұйымдастырылғандығына тәуелділігін анықтау; - өзінің оқу - танымдық әрекетін әдіс- тәсілдер, мазмұн, тиімділікті жүзеге асыратын технологияны орынды бағалау, талдау, бақылау. |
2.Өзінің оқу-танымдық әрекетінің процесін жоспарлай алуы және құрастыра білуі |
-өзіндік жүріс және бақылауды жүзеге асыру әрекетінің оқу материалын жоспарлау; -өзіндік жұмыс пен өзіндік бақылау үшін оқу материалының мазмұнын іріктеп алу; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің жоспарланған нәтижелерін тексеру; -өзінің жеке басының және оқу-танымдық әрекетінің перспективасын, қажетті уақытты жоспарлау; |
З.Өзінің оқу танымдық әрекетін реттеп түзету және жетілдіру |
-жіберілген қателерге және олардың себептеріне талдау жасау; -жіберілген қателерді жөндеу жолдарын анықтау; -алынған фактыларды қорытындылап, өзінің оқу әрекетін теориялық тұрғыдан ұғыну және өзіндік жұмыс және бақылау бойынша білімін, білігін және дағдысын шығармашылықпен қолдану негізінде болашақ перспективаларын анықтап әрі қарай жетілдіру; |
3- сурет.
4- сурет.
Осы айтылғандарды
қорытындылай келіп аталған
Өзіндік жұмысқа бейімдеу негізінен оқушы тұлғасы арқылы жүзеге асырылғаны мен оған бейімделу мұғалімнің қатысуымен жүретін процесс. Біз анықтаған өзіндік жұмысқа бейімдеу жүйесі толығымен субьектінің өзіндік байланысты өзгерістерді байқауына мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыс және оның құрам бөлігінің біріне жататын өзіндік басқару тұтас бір дидактикалық жүйе құрайды. Осы тұрғыдан, біздің пікірімізше өзіндік басқару мен өзіндік бақылау ұғымдарын ішкі процестері жағынан қарастыру оқушының оқу - танымдық әрекетінің көкейкесті күйін талдауға, оның дамуын болжауға мүмкіндік береді. Енді осы мәселені теориялық түрде негіздейік. Бұл тұрғыдан бірінші ретте оқушының өзінің оқу- танымдық әрекетін ұғынуы, оны реттеу және жетілдіруімен көрінетін өзіндік бақылау негізделеді және оған өз тұлғасының дамуы жағдайында өзіндік жүмысқа бейімделуге алғашқы сатысына баса назар аудару қажет. Өзіндік бақылауға бейімдеудің алғашқы кезеңдерінде өзіндік басқару әрекеті жеткілікті болмайды. Өзіндік бақылауға бейімдеу мақсатын жүзеге асыратын өзіндік басқару оқушылардың теориялық білімді терең игеруге, оның көмегімен өз білімін тұрақты түрде толықтырып және жаңартып отыруды қажетсінуді әдетке айналдыруды және ойлау әрекетін дамытып, өзіндік бақылауға бейімдеудің тиімді әдіс, тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді. Оқушыны өзіндік бақылауға бейімдеудің педагогикалық концепциясының басты мақсаты баланың өзіндік еркін дамуында педагогтың кәсіби көмек көрсетуі болып табылады.
Өзіндік жұмыс әдістері.
Өзіндік жұмыстар барша
әдістер жүйесінің қай-
Тірек болар білімдар мен ептіліктерді іске қосып, пайдалану үшін өзіндік дайындық жұмыстары өткізіледі. Дайындық келесідей формада болуы мүмкін: қандайда деректерді қайталау, салыстыру, әрекет тәсілдерін еске түсіру. Өзіндік оқу жұмыстары қатарына ең алдымен оқушылардың кітап немесе басқа білім көздері бойынша оқу материалдарымен өзбетінше танысуы кіреді.
Ал өзіндік тексеріс жұмыстары ретінде оқушының сыныпта және үйде орындайтын оқу тапсырмаларының бәрі пайдаланылады.
Мұғалім әрдайым өзіндік жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ететін барша жағдайлар мен шарттарды ескерген жөн. Мұндағы мақсат - оқу мазмұны мен әдістемесін анықтап алу. Әр сабақтағы өзіндік жұмыстар өз ерекшелігіне не, осыған орай олардың формалары мен орындалу әдістеріне байланысты өзгереді. Бірақ, бәріне қойылатын талаптар жалпыға бірдей ортақ. Олардың арасында аса маңыздысы - өзіндік жұмыстарды жеңіл әрі дұрыс орындауға қажет тіректердің жеткілікті болуы.
Өзіндік жұмыстың орындалу сапасы мен жеделдігі тапсырманы бастапқы ұсыну тәсіліне тәуелділігіне қарай өрнектелді, оқушыларға түсінікті ме, мұндай қиыншылық негізіндегі тапсырмаларға дайын ба, бұл тапсырмаға ұқсас жұмыстар бұрын орындалды ма және т.б.
Өзіндік жұмыстың бір түрі - жаңа материалмен оқушыларды оқулық
бойынша таныстыру. Таныса отырып оқушы өзбетінше мақсат белгілейді, белгісіздерін анықтайды, бастыларын бөліп алып, әрекеттер бірізділігін түзіп, олардың орындалуына бақылау қояды.
Сыныпта және үйде орындалатын өзіндік жұмыстарды жоспарлай отырып, мұғалім келесі талаптарды ескергені жөн:
Жалпы қорыта айтқанда өзіндік жұмыстың мақсаты - оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ окушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілетті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан- жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Выготский: « Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек»- деген екен.
Негізгі мақсатымыз баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру және ой - өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман : мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.
Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Тәжірибелі мұғалім ізденісті әр баланың жан - дүниесіне үңілуден бастайды. Әрбір шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін қолға түсіру – сезімталдық – көрегендік – сергектік –білімпаздық – ізденімпаздық - шығармашылық қабілетін байқап, оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс- тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"- деп айтқан екен.
Олай болса, қызықты сабақтар- мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. Ұстаз көкейінде шәкірттерді өзіне баулып алу үшін «Не істей аламын», «Не істеу керек» - деген сұрақ сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына, ал нәтижелер жобасы - практикаға енгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі - білім сапасы болмақ. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс - тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық пен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Оқыту үрдісі екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс – әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері – олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік
жұмысының жоғары түріне
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен - өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.
Оқудағы дербестілік
оқып үйренетін тақырыпқа,
Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді. Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Сонымен қатар,
оқушылардың шығармашылық
Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:
Информация о работе Окушылардын танымдык кызыгушылыгын калыптастыру