Окушылардын танымдык кызыгушылыгын калыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
Білім-тәрбие жетілдіру саласында мектеп арасындағы сабақтастықты қалыптастыру оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне, маман даярлау ісінің сапасын арттыру – білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Себебі, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын мектепте сабақтан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырып, алған тәрбие мен білім деңгейлерін, танымдық қызығушылықтарын жоғары оқу орындарында аудиториядан тыс жұмыстар арқылы ұштастырамыз.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.

1.1 .Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі
және мәні....................................................................................................5
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде..........................................................................................................13
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі..............................................24

П ТАРАУ. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі...................28
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.......................................................31

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................... 40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Оқушылардың-тан.doc

— 1.60 Мб (Скачать документ)

Жоспар

 

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН   

ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ.

 

1.1 .Оқушылардың  танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі

       және  мәні....................................................................................................5

1.2.Оқушылардың өзіндік  жұмысы оқыту формасының тиімді  әдісі

     ретінде..........................................................................................................13

1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі..............................................24

 

П ТАРАУ.    ЖОҒАРЫ    СЫНЫП    ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ   

ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1.Оқушының танымдық  қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі...................28

2.2.Оқушылардың  танымдық белсенділігін қалыптастыру  әдістемесінің 

      нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.......................................................31

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 39

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН    ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................... 40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі кезеңде тәуелсіз  еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.

Білім-тәрбие жетілдіру  саласында мектеп арасындағы  сабақтастықты қалыптастыру оқушылардың  білім деңгейінің көтерілуіне, маман даярлау ісінің сапасын арттыру – білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Себебі, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын мектепте сабақтан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырып, алған тәрбие мен білім деңгейлерін, танымдық қызығушылықтарын жоғары оқу орындарында аудиториядан тыс жұмыстар арқылы ұштастырамыз.

Курстық жұмысымыздың негізгі мақсаты – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету, оқу-танымдық және тәрбие үрдісінің бірлігі жағдайында кәсіби шеберлікке ынтасын арттыру.

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім  беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар  мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас  ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. 
         Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. 
          Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: 
         «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». 
         Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. 
         Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. 
        Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі». 
       Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. 
       Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді. 
       Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. 
       Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. 
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. 
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. 
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. 
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады. 
        Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді. 
Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер. 
        Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру. 
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.  
          Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.

 
І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.

1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі  ұғымының теориялық негізі және мәні.

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және  үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және  оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және  оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.

Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Танымдық  әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және  сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың    танымдық    белсенділігін    дамыту    және     қалыптастыру мәселесіне   зерттеушілер,   педагогтардың,   әдіскерлердің   көптеген   еңбектері арналған.

Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы  қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және  талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.

Әлеуметтік - педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін - өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан - жақты негіздеген. Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тэжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және  ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.

Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың  талдау нысанасы болып келді. Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты. Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады. Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.

Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Оның «¥лы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және  оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады. Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.

Психологиялық - дидактикалық бағыт К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алады. Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай - ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.

К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өзіндік жұмыс -оқытуды жетістікке жеткізудің бірден - бір жолы" деп есептеді. Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді. К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және  психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.

Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой - әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Ал К.Д.Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К.Д.Ушинскийдің пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті. Бұл бағытта П.Ф.Каптерев, А.П.Вахтеров, Ы.Алтынсариннің және  т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады. В.П.Вахтеров оқушының оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс- тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді.

Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен айқындалады. Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т.б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.

Танымдық  іс- әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу - әдістемелік, психология — педагогикалық әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю.К.Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И.Зазвязинский, М.И.Махмутов, Ж.Б.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева атап көрсеткен.

Оқушының  оқу - танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін  арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, М.А.Құдайқұлов, Р.С.Омарованың еңбектері маңызды. Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А.Н.Ильясова, Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева, О.С.Сыздықова, Р.Н.Төлеубаева, Б.И.Мұханова, М.С.Молдабекова т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Танымдық  әрекет – шәкірттің білімге деген  өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.

Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше  әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Оқушының  танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді.

Қабылдау  түйсікке қарағанда күрделі процесс, ол түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, оның физиологиялық негізі бірнеше анализаторлардың бір мезгілде бірлесіп қосақталған әрекетінен туындайды. Мәселен, дыбысты көркем фильмді адам көру, есту анализаторлары арқылы қабылдайды. Қабылдаудың негізгі бір қасиеті оның тұтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанмен, адам оларды бүтіндей тұтастай қабылдайды. Қабылдау ойлаумен тығыз байланысты. Обьектілердің мазмұны белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталғанда ғана, толық қабылданады. Заттар мен құбылыстардың мағыналылығы және  оларды жалпылау қабылдау қасиеттеріне жатады. Бала түсініксіз тілде айтылатын сөздердің мағынасын қабылдай алмайды. Жалпылау тәсілі қабылдаудың мағынасын арттырып, адам сезіміне және ой - әрекетіне әсер етеді. Қабылдаудағы иллюзиялар дегеніміз - заттардың бейнесін бұрмалап, теріс бейнелеу. Иллюзиялар әр қилы себептерге байланысты. Көру талдағыштарының ерекшеліктері, қабылдау жағдайының өзгеруі, көргенді бейнелеп болжау, көздегі әр түрлі кемістіктер иллюзияға себеп болады. Балаларды жалған қабылдаудан арылтып, обьектіні дұрыс қабылдауға үйрету - ұстаз қызметіндегі басты міндет. Бақылау мен байқағыштық туралы мәселе де маңызды нәрсе. Өйткені, бақылау арқылы адам белгілі бір нәрсені, құбылысты жүйелейді, жоспарлы түрде бейнелеп, оның дамуы мен өзгерісін танып біледі. Байқағыштық адам зейінінің шоғырлануын, қызығуын, нақты әрекетін талап етеді. Бақылау мен байқағыштық - адам тіршілігі үшін қажетті қасиет.

Информация о работе Окушылардын танымдык кызыгушылыгын калыптастыру