Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:42, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері:
- Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және болжау жолдарын айқындау.
- Қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;
- Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру.
I.Кіріспе....................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................6
1.Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық
негіздері……………………………………………………………………….…...7
1.1.Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны......................................................8
1.2.Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері..................................13
2.Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі………...18
2.1.Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары.................23
III.Қорытынды.......................................................................................................24
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25
- икемділіктерді қалыптастыру
және дамыту туралы әңгімелесу,
белгілі бір кәсіпке (мамандыққа)
қарама қайшылықтар туралы
- практика кезінде
әрбір оқушы өздерінің
кәсіптік қызығулары және
икемділіктерін тексеруге
- оқушыларды Республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлері мен таныстыру;
- әрбір кәсіптің ауыл шаруашылығы және мәдениеті, кез келген кәсіпті құрметтеуді, оқушыларды аудан, қала, Республиканың еңбек сіңірген адамдарымен таныстыру;
- белгілі бір кәсіп
және мамандық қоятын білім, іскерлік,
дағдыны сипаттау, ауыл шаруашылығы
жұмыс үшін қандай
ақыл ой, күш-жігерлік
тапсырмаларды және
-таңдаған кәсібін және
жүмыс барысында алда
- еңбек жағдайы
және сипаты, қоғамдық
өзара қарым-қатынастар, қызығулықтар
және жұмысшылар жалақысы
- қазіргі кезде жаңа
техника мен технологияның
- оқушыларды мамандық
таңдауға сүрақтар бойынша
- бітірушілерді мектеп бітіргеннен соң да оқу және жұмыс нәтижелері ақпаратын талдау және талқылау:
Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, төмендегілерді есепке алу керек:
- кәсіптік бағдар барлық
оқушыларға қажет және ол
дамуына жағдай жасауы керек;
- кәсіптік бағдар барлық
оқу-тәрбие жұмыстарының
- кәсіптік бағдар жұмыстарын бастауыш сыныптардан баланы мектепте тәрбиелеу және дамытудан оқудың алғашқы жылдарынан, бастап жүргізу;
-тұлғаның қасиетіндегі
негізі объективті критерилері
оқушылардың іс-әрекетінің
- оқушы тұлғаны дамытудағы
негізгі жағдай оның айқын
жағдайлардағы іс-әрекеті
- мамандықты еркін
әрі саналы таңдау
үшін, болашақ буынның
ауыл шаруашылығы және
- барлық оқу-тәрбие процесі
кезінде кәсіптік
- кәсіптік консультация, ұзақ жүйелік және оқу барысы кезінде оқушыны
тәрбие және өнімді еңбек жан-жақты болғанда ғана іске асады;
- кәсіптік бағдардың іс әрекетінің, оның нәтижесін тексеру және бағалау,
мектептің, отбасының және қоғамның нақты жоспарын талап етеді;
- кәсіптік бағдарды ғылыми басқару үшін кәсіптік бағдар қызметінің болуы
керек.
Мамандық таңдау - жауапты да күрделі іс-әрекет. Кәсіп пен мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп. Тек кәсіптік техникалық оқу жүйесінің өзінде ғана 1500 - ден асатын кәсіптің түрі бар екен. Ал, жалпы қоғамдағы мамандықтың қазіргі кезде 30 мыңнан асады екен. Сол үшінде мектепті бітірген жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті біреуін таңдау міндеті түр. Бір адамның бірнеше кәсіппен айналысуға білімі, қабілеті болғанымен соның ішінде біреуіне ғана ынтасы ерекше болады. Оқушылардың мамандық әлемінде адаспауы үшін оларға көмек беру керек. Ол үшін мынандай мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек.
1. Оқушының таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие ме? Сол аймаққа (өңір бойынша) қажетті мамандықтарды айту, мамандығының болашағы туралы, ол алдағы уақытта керек пе, жоқ па.
2. Мамандықтың адамға қоятын талаптары, яғни еңбекке даярланғының (жан-жақты; медециналық және т.б.) болуы. Профессиограммаларды білу қажет.
3. Мамандыққа оқыта отырып
сол адамның қаблеттілігін
Оқушы мамандықты өзі таңдайтын болса жемісі нәтижелі болады. Сонымен қатар мамандық таңдауда кездесулер (мамандармен) өткізуде оқушыға жақсы көмек десе де болады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей мамандармен жақсы ұйымдастырылған кездесулер оқушыларға өте әсер етті. Мамандық таңдау барысында сынып жетекшісінің оқушыларымен түрлі оқу орындарына саяхаттар ұйымдастыруына болады.
Кәсіптік бағдар беру - көп салалы әрі қиын үрдіс. Кәсіптік - техникалық мектептерде ол жас жұмысшы маман дайындап, оларды өндірісте кездесетін қиындықтарды жеңе білуге үйретуге бағытталған. Шын мәнінде, бұл - мектеп бастау алатын әлеуметтік кәсіптік бейімделу, кәсіптік тәрбие. Оның тиімділігі кәсіптік мектептегі оқу - тәрбие үрдісі өндіріске қаншалықты жақын екендігіне байланысты. Бұл мәселені шешу табандылықты, тиімді жұмыс әдістері мен түрлерін қолдануды қажет етеді.
Кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс қалмауы керек. Жаңадан оқуға қабылданған оқушылар туралы мәліметтерді ескере отырып, өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілері өз жұмыстарын жоспарлауы қажет.
Кәсіптік мектептің инжинерлік-педагогикалық мамандары болашақ оқушыларын орта мектепте оқып жүрген кезінде-ақ танысып, бақылап, зерттей бастайды. Бұл кәсіптік мектепте кездейсоқ адамдар қабылдануының алдын алуды, оқушының қалаған мамандығына психофизиологиялық тұрғыдан сай келуін қамтамасыз етеді. Топтар жасақталғаннан кейін өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілерінің алдына оқушыларды зерттеу мен бақылау жұмысын жалғастыру міндеті қойылады, оның басты мақсаты қалаған мамандыққа деген оқушының қызығуын бекіту.Оқушының зерттеу жұмысының екі кезеңін анықтауға болады; алдын-ала танысу және күнделікті сабақ пен сабақтан тыс шараларға қатысуын зерттеу. Алдын-ала танысу жас өспірімнің сауалдамасын зерттеу және сол оқыған мектеп оқушыларымен, мұғалімдерімен, ата-анасымен әңгімелесуден басталады. Көп жағдайда алынған мәліметтер біржақты немесе толық болмайды. (мысалы, оқушы басқа жерден келген болса).
Оқушылардың кәсіптік мектепке дейін байқалмаған қасиеттері мен қабілетінің кейде алғашқы пікірге қарама-қарсы ашылуы жайлы көтеген мысалдар келтіруге болады. Сондықтан, өндірістік оқу шебері мен топ жетекшісі толық мәліметтерді күделікті зерттеу, оқушы өміріне ықпал ете отырып араласу (сабақтан тыс шаралар, үйірме жұмыстарына қатысу) арқылы ала алады.
Оқушы мінездемесін зерттеу арқылы алынған мәліметтер салыстыруға, сараптауға негізделуі керек. Бұл кезде, ең бастысы, үнемі қайталанып отыратын әдістен кездейсоқтылықты ажырата отырып, жинақталған мәліметтерді біріктіру керек. Тәуелсіз мінездемені тұлғаның түрлі шараларға қатысуын білу, әңгімелесу және сауалнама алу арықлы ұйымдастырады. әңгімелесу жоспарлы түрде, белгілі бір бағытта өтуі керек. Оның тиімді болуы ұстаздың педагогикалық тәжірибесіне байланысты, әңгіме тек жеке емес, топпен өтілуі де мүмкін. Топпен әңгіме өткізуге дайындық кезінде оның мақсатын, ауқымын, орнын белгілеп алған жөн. Оқушылар қоюы мүмкін сұрақтарға талдау жасау қажет. Әңгімелесу барысында алынған мәліметтер шара өтілген соң жазылуы керек.
Сауалнама кешенді ақпарат алу мақсатында қолданылады. Сұрақ өте көп болмауы, жинақы оның қойылуы шарт. Жауаптар сараптаудан өтіп, алынған мәліметтер басқа да жұмыс түрлері негізінде алынған мәліметтермен салыстырылады.
Оқушы зерттеу үшін зертханалық және табиғи эксперимент қолданылады. Арнайы ұйымдастырылған жағдайға өтетін табиға эксперимент тұлғны зерттеу барысында алынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін пайдаланылады. Кәсіптік оқыту жағдайында өткізілетін табиғи эксперимент берілген есептерді шешу түрінде өткізілуі мүмкін. Мысалы, станокта жұмыс істеп тұрған оқушыға ауызша тапсырма беріледі; «Бір ақау шықты, сен не істейсің?». Кәсіби бағдар беру мақсатында ақпарат және ЭЕМ қолдануға болады.
Оқушыны зерттеуде әр-түрлі әдістер қолданылса, мәліметтер жан-жақты және толық болады. Жинақталған мәліметтерді толық сараптаудан өткізіп, өндіріс шеберлері мен топ жетекшілері оқу-тәрбие жұмысына қажет деген өзгертулер жасайды, оларды жүзеге асырады. Осымен түлғаны зерттеу тоқтатылмайды, ол оқушы кәсіптік мектепте оқып жүрген уақыт бойы жалғасып отырады.
Өндіріс шебері мен топ жетекшісінің басты міндетерінің бірі -оқушылардың денсаулығы мен табиғи өсуіне қамқорлық жасау. Таңдаған мамандық оқушының психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай болғанда ғана жұмысшы мамандығына оқыту мен өндірістегі еңбек жасөспірім денсаулығына оң ықпал етеді. Шебер мен топ жетекшілерінің кәсіптік мектептегі медицина қызметкерлерімен өзара байланысының мәні зор. Дәрігер оқушылардың денсаулығы мен дамуындағы ерекшеліктерін жүйелі түрде бақылап, дер кезінде болашақ мамандық иесіне ақыл-кеңес беріп отыруы тиіс. Медицина қызметкері жүйелі бақылау мәліметтері негізінде оқушыларды кейбір қажетті емдеу жолдары туралы ата-анасымен, мұғалімдермен алдын-ала жүгізуінің де мәні бар.
Өмірде кездесіп жататындай, кейде оқушы өзінің денсаулығына сай келмейтін мамандықты меңгеруге әрекеттенеді. Медицина қызметкері мен педагогтың бірлескен қызметі арқылы жас жанның қалаған мамандығы бойынша білім алуына көмек, яғни ұқсас мамандыққа ауысу мүмкіндігі жасалуы тиіс.
Соңғы жылдардағы зерттеулер мен практика анықтағандай болашақ мамандардың кәсіптік білімді өз дәрежесінде меңгеруінің негізі педагогтардың ұжымдық ізденісіне, жаңашылдығына байланысты. Ізденіс нәтижесінде оқу-тәрбие жүмысындағы тиімді әдіс тәсілдерді пайдаланудың да мәні ерекше.
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің негізгі формалары: оқу лекциялары, саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кәсіптік бағдар әдебиеттері, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік практикасы, конференциялар, олимпиадалар, тақырыптық кештер, диспуттар, әр-түрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, кәсіптік бағдар кабинеті немесе бұрышы. Осыған байланысты оны мына сызба арқылы көрсетуге болады:
Кәсіптік бағдар әдістері
әр-түрлі. Оқушының (жеке тұлғаны) зерттеу
мақсатында педагогикалық
Кәсіптік ақпаратта әңгіме, демонстарциялау, лабораториялық және практикалық тапсырмалар, кітаппен жұмыс.
Кәсіптік консультация ұзақ жүйелік бақылау және түрлі оқып үйрену әдістермен жүргізілген бақылау көмегімен анықталған және нақтыланған, сонымен қатар консультация кезінде психологиялық және лабораториялық эксперимент, медициналық және түрлі әдіс көмегімен тұлғаның мінездік қасиеттерін есепке алады.
Кәсіптік бағдар беру әдістерінің сан қырлы салаларын екі топқа бөліп көрсетуге болады;
a) оқу процесіндегі іс әрекет - кәсіпорындағы өндірістік практика;
б) сабақтан тыс жұмыстар барысы.
Ұжымдық әдіспен топ, бригада болып жұмыс істеу жақсы жетістіктерге жеткізеді. Кәсіптік мектептің оқу жоспарының кешеніне қоғамдық, жаратылыстану, математика, кәсіптік-техникалық білім салалары енгізіледі. Бұл салаларыда кәсіптік бағдар берудің мақсат міндеттері айқындалады. Оқушылардың үздіксіз білім алу жүйесінде әлеуметтік кәсіптік тәрбие беру ісі оң нәтижелерін көрсетуде. Сондай-ақ жоғарыда атап көрсетілген жүйені мектептерде ғана емес, кәсіптік мектептерде де іс жүзіне асыру мүмкіндігі мол.
Қорытынды
Ж. Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істелген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ"-дейді.
Соңғы кездері 12 жылдық білім беру туралы мәселесі қолға алынып жатыр. Осы орайда бірінші кезекте кәсіптік білімге көңіл бөлінеді, яғни оқушылар мектеп бітірісімен сұранысқа сай маман болып шығуы қажет. Ал, мамандық иесі болу үшін баланың икемділігі, қызығушылығы, білімі жан-жақты зерттелуді қажет етеді.
Кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізудің, оқушыларға, олардың ата-аналарына мамандықты саналы таңдауына көмектесу барысында жүрді.
Нақтылап айтсақ орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген зерттеуде оқушылардың мамандыққа деген икемділіктері мен қызығулары анықталды. Енді осы кәсіптік бағдарлама кітапшаларын қолдану аймағын кеңейтуді мектептерге ұсыну. Яғни, мұндай кітапшаларды тек жоғарғы емес төменгі сыныптардан бастап қолға алу қажеттігі бар екені айқындалды.