Мектептегі кәсіпке баулу сабақтарына сыныптан тыс, техникалық, шығармашылық жұмыстарына әдістемелік талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
- Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және болжау жолдарын айқындау.
- Қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;
- Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру.

Содержание

I.Кіріспе....................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................6
1.Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық
негіздері……………………………………………………………………….…...7
1.1.Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны......................................................8
1.2.Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері..................................13
2.Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі………...18
2.1.Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары.................23
III.Қорытынды.......................................................................................................24
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс дария апай.docx

— 61.53 Кб (Скачать документ)

Кәсіптік бағдар теориясын төмендегіше анықтасақ болады; кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің қарқынды (эффектілі) болу үшін, идеялардың және көзқарастардың өзіндік мағынасының айтылуы.

Оқушылардың кәсіптік бағдар теориясының негізгі компоненттерін қарастырып өтейік. Олар: фактілер, заңдылықтар, прициптер. Кәсіптік бағдарда ғылыми әдістер көмегімен алынған нақты фактілер аз. Сондықтанда басты тапсырманың бірі - ол жаңа фактілер жинап, оларға дұрыс бағыт бағдар беру. Бұл жаңа фактілерді іздеу бір немесе бірнеше гипотезалар арқылы жүргізілсе ғана іске асады. Соңғысы теорияның бір бөлігін құрайды. Мысалы, әр бір аймақтың (ауданда) белгілі бір мамандық таңдауға әсер ететін өзінің спецификалық факторлары бар. Мұндай факторлардың гипотезасы қызығушылықты қалыптастыратын, оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының жақсаруына, іздену әдістерінің пайда болуына септігін тигізеді.

Кәсіптік бағдар теориясындағы басты компонент - заңдылықтарды анықтау. Оларды іздеу ғылыми іс-әрекеттің жалпы мақсатына (қызметіне) жатады.

Әрбір теорияның даму деңгейі принциптің сапасы мен оның құраушысы арқылы анықталады. Кәсіптік бағдардың принципін құрау (формулировать) үшін аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бірақта кәсіптік бағдар жүйесінің өңделу жұмыстары бітті деп айта алмаймыз, алда барлық жайттарды қанағаттандыратын, қарсылықсыз жүйені қалыптастыру қажет.

Кәсіби бағдар беру іс-әрекетінің объектісі адамның өзін тануындағы әлеуметтік-кәсіптік процесс болғандықтан, біріншіден принцип топтарын жинақтап аламыз. Басқарылып отырған қыздар мен ұлдарды қоғамның әлеуметтік құрылымында өзіне мамандықты таңдап алуы.Осыған байланысты  кәсіби бағдар беру принциптерін мынадай етіп топтастырамыз.


 

Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына қажетті мамандықты таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді.

Сай келушілік принципі. Қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп қоғамнан еркін, тыс болуға болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай қоғамның сұранысын есепке алмай мамандық таңдауға болмайды. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерінің сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-теңсіздікке алып келеді.

Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін тану процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша) іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль атқарады.

Бұл топтағы соңғы принцип - даму принципі.Бұл принцип кәсіп таңдау идеясында тұлғаның квалификациясының дамуына, тәжірибесінің өсуінен жалақысының өсуінен және кәсіптік тәжірибесінің өсуінен, қоғамдық жұмысына белсене араласуынан, тұлғаның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратынын, тұрғын үйге, демалысқа және т.б. қажеттілігінен көрініс табады.

Кәсіптік бағдарда жалпы педагогикалық принциптермен тығыз байланысты (көбінесе қиылысатында) принциптер тобы бар. Ол, төмендегі принциптер;

кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің нарықтық бағыты мамандық тандаудағы мәселе нарықтық тәрбиенің жалпы тапсырмаларымен тығыз байланыста шешу, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

кәсіптік бағдардың өмірмен, еңбекпен, нарықтық құрылыстың тәжірибесімен байланысы, адамға ауыл-шаруашылығының квалификациялы

кадрларға сұранысы мамандық таңдаудағы алдын-ала көмегі;

кәсіптік бағдардың оқушылардың еңбек дайындығымен байланысы -оқушылардың техникалық шығармашылығын үйымдастыру, өнімді еңбек, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы политехникалық білім беру еңбекке тәрбиелеу және оқытуды жақсы алдын-ала дұрыс қоятын принципі. Еңбек дайндығынан бөлініп кеткен кәсіптік бағдар белгісіз, түсініксіз сызықтар секілді болып түсініксіздікті тудырады және тұлғаның еңбектік және кәсіптік дамуына кері әсерін тигізеді. Кәсіптік бағдардағы қоғамның орта кәсіптік оқу орындарының, базалық шаруашылықтардың, жанұяның, мектептің өзара байланысы оқушылардың мамандық таңдаудағы оларға көмек көрсетудің жұмысымен тығыз байланыста болады. Осыдан барып бірігу іс-әрекетіне тұрғылықты (координациясының) мақсаттқа бағыттылығы артуы өсе түсуі жоспарланады.

Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты. Кәсіптік бағдар жұмысының еңбектік, экономикалық, танымдық, эстетикалық, құқықтық және физикалық тәрбиесі бірлігінде гармониялық тұлғаны қалыптастыру тапсырмасымен жүзеге асады.

Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудегі диагностикалық және тәрбиелік әркеттердің (подход) өзара байланысы, бір әрекеттің (подход) - екіншісіне қарама-қайшылықты болдырмайтын принцип. Оның әр қайсысы өзінің тапсырмасын шешеді;

Дифференциалды және индивидуальды әрекет (подход). Оқушылардың өмірлік жоспардағы үлгерім деңгейіне жас ерекшеліктеріне және кәсіптік қызығушылығының жинақталған (сформированность) деңгейіне бағынышты. Оқушылар тобымен диференциялау әсер етудің қүралдарын анықтайды. Ол бір топта қарқынды болғанымен екіншісінде төмен болуы мүмкін.

Кәсіптік бағдар берудің әдіснамалық мәселесі. Кәсіптік бағдардың әдіснамасында мамандық таңдау барысындағы қоғамның және тұлғаның қызығушылығын оңтайландыратын негізгі қосымшаны, құрылымды және кәсіптік өзін таңдаудағы ғылыми проблеманы зерттеу әдістерді және жастарға әсер етудегі практикалық әдістердің негізі.

Кәсіптік бағдардың әдіснамалық сұрақтарына кәсіптік бағдар жүйесін анықтау және оны дамыту сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептің реформаларының негізгі бағыты оқушылардың кәсіптік бағдарды жақсарту тапсырмасы қойылған.

Кәсіптік бағдар жүйесінің жалпы анықтамасын жинақтамас бұрын, бастапқы бірнеше қосымшаны қарастырайық:

1. Кәсіптік бағдар жүйелік іс-әрекетті көрсетеді, оның ішінде мақсаттық орналастыру, тапсырмалар, прициптер, формалар, әдістер, қарқындылық(эффективность) критерийлері, деңгейлері, бағыттары, аспектілері және басқада жүйелік және құрылымдық пайда болушы элементтер кіреді.

2. Оқушыларды жалпы кәсіптік бағдар жүйесі олардың еңбек және кәсіптік дайындығының ішіндегі жүйе болып табылады.

3. Кәсіптік бағдар жүйесі - қазіргі  қоғам дамуы кезіндегі өндірістік ара қатынастар    және өндіргіш күштердің    құрылымдық жүйесіндегі тұлға бағдары жүйесінің бір бөлігі.

4. Кәсіптік бағдар әлеуметтік  жүйеге жатады, ол әр-түрлі проблемаларды  соның   ішінде,   қоғамдық   өндірістегі   адам   дамуының   факторларына байланысты   проблемаларды   тудырады.   Кәсіптік   бағдарды   қоғамдық проблема ретінде санаса  болады. Кәсітік бағдар жүйесінің  проблемасын шешуде   бір   ғана   министрлік   (Білім   және   Ғылым)   немесе   бір   ғана ғылымның  (мысалы,  педагогика)  күші  жетпейді.  Сол  үшінде  кәсіптік бағдар    жүйесі    тиімді    болуы    үшін    бірнеше    министрліктер    және ведмоствалар,   сонымен   қатар   әр-түрлі   мамандықтардың   ғалымдарын жұмылдырылуы қажет.

5.  Кәсіптік бағдардың  қарқындылығына көптеген әр-түрлі  объективті және субъективті  факторлардың  әсері  бар.   Бұл  жүйені  ұйымдастыру  және  басқару өте қиын. Осы және  басқа да жағдайлар кәсіптік  бағдардың қиын екенін көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген 5 жинақталған қосымшадан, оқушылардың кәсіптік бағдар жүйесінің анықтамасы шығады.

Оқушылардың кәсіптік бағдар жүйесі - бұл жалпы қоғамдағы тұлға қызығушылығындағы оқушылардың өмірге бейімделуінің (өзін тануы) әлеуметтік және кәсіптік процесін дамытуға бағытталған, әртүрлі мемлекеттің және қоғамдық бірлестіктердің, мекемелердің, мектептердің, сонымен қатар жанұяның ұйымдасқан, басқару іс-әрекеті.

Кәсіптік бағдар жұмысы жүйесінің жалпы мақсаты - оқушыларды өзінің жеке қызығушылығын және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға даярлау. Бұл мақсат оқушылардың еңбек даярлығына сай келеді және осы дайындық процесі арқылы таралады. Мектептегі, оқу-өндірістік комбинатындағы кәсіптік бағдар жұмысы жүйесіне төмендегі негізгі компоненттер кіреді; мақсат, тапсырмалар, негізгі бағыттар сонымен қатар оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының формасы мен әдістері.

Мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жүйесі іс-әрекеті төмендегі бағыттардың  қамтиды;

1)  Кәсіптік ағарту, оның  ішіне кәсіптік информация, кәсіптік (пропаганда) кәсіптік адаптация кіреді. Оқушыларды қазіргі кездегі қоғамға және жуық  20-30 жылдан кейінгі қажетті мамандық әлемімен сонымең қатар олардың практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.

Кәсіптік насихаттау әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрінде қарастырылады, оның негізгі функциясы білімді, идеяны, көркемдік бағалылықты тарату. Кәсіптік насихаттаудың сипатты шектелуі - мақсатқа бағыттылығы, дифференциалдылығы, жоспарлылығы, формалар мен әдістердің әр-түрлілігі.

Кәсіптік насихат базалық кәсіпорындарға, аудандарға, қалаларға және т.б. аймақтарға оқушылардың мамандық таңдауына белсенді әсер етуді мақсат етіп қояды.

2)  Тұлғаның мамандыққа  мүмкіндігін және қызығушылығын  анықтау үшін бағыттың кәсіптік  диагностикасы. Бұл мақсатты орындау  үшін анкеталық, аппаратуралық және  тестік әдістер қолданылады.

3)  Кәсіптік   консультанттардың,   мамандардың   мамандық  таңдауда  берген көмегі.   Кәсіптік   консультацияда   барлық   оқушылар   мен   ата-аналар қамтылуы тиіс.

4)  Кәсіптік іріктеу  мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда  жүргізіледі. Бұл жерде    таңдаушы    алдына    мақсат    қойылады,     яғни    ол    таңдаған  мамандығының еңбек қиыншылықтарына  қарамай оны меңгеруі керек.

5) Әлеуметтік-кәсіптік бейімделу  оқу шеберханаларында, оқушылардың  еңбек бірлестіктерінде және  т.б. жүзеге асады. Әлеуметтік-кәсіптік  бейімделупроцесі кең сатыда  жоғарғы сынып оқушыларының базалық  кәсіпорындағы өндірістік практикасы  болып табылады.

6) Кәсіптік тәрбиелеуде  оқушылар  бойында таңдаған  кәсібіне  борыштық сезімін, жауаптылықты, кәсіптік  құрметті қалыптастыруды мақсат  етеді.

Жоғарыда келтірілген жұмыстың бағыттары өзара байланысты болсада әрқайсысы кәсіптік іс-әрекеттің әр бір облысы.

Әр-түрлі бағытта жұмыс жасауда кәсіптік бағдар жұмысының әдістері мен формасы шеңбері анықталады - бұл кәсіп туралы әңгімелер, кәсіпорындарға саяхат, анкета жүргізу, тестлер (кәсіптік икемділіктерді диагностикалау үшін), оқушылардың реферат жазуы, олармен бірге әр-түрлі ойындарды (дебат, пікірталас т.б.) өткізу.

Кәсіптік бағдар мәнінің ғылыми ізденіс әдістері қиынға түсуде. Кәсіптік бағдарды жеке ғылым ретінде бөліп қарау, оның өз алдын жеке әдістерінің болуын талап етеді. Бірақ кәсіптік бағдар проблемасын шешуде ғылыми зерттеу жұмысында педагогика, психология, экономика, социология, медицина әдістері қолданылады. Сондықтанда кәсіптік бағдар әзірше өз алдына жеке ғылым саласы ретінде қарастырмаймыз. Бұл қоғам және тұлға қызығуындағы, оның өзі таңдаған мамандығы бойынша қолданбалы тапсырмаларды шешуге арналған дисциплинарлық ғылыми бағыт.

Әдіснамалық негізгі басты мәнінің қатарына кәсіптік бағдар қарқындылығы критерилерін анықтайтын сұрақтар да жатады. Қазіргі уақытта мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жұмысының қарқындылығын, оқушылардың қаншасы жұмысшы кәсібін таңдап және қаншасы сонымен жұмыс істеп жатқанын (пайыз бойынша) анықтау арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл критерий басты, бірақ жеткіліксіз. Басқа да көрсеткіштерді де есепке алу қажет. Мысалы, жоспарланған оқушылар саны орта кәсіптік техникалық училищелерде оқып, кәсіпорындарда жұмыс істеп жатыр, бүған әр-түрлі құралдар арқылы жетуге болады.

Мамандық таңдаудың жетістігі оқушының тұлғалық (жеке) және кәсіптік жоспарының еңбек сферасында қоғамдық талаптардың сай болуы. Сондықтанда кәсіптік таңдау қазіргі қоғамдағы кадр сұранысы құрылымынасай болса, соғұрлым кәсіптік бағдар жұмыстары жақсы жүзеге асады. Мұнда жағдайда кадрларға сұраныс тепе-теңдік өлшемі және шынайы таңдау кәсіпті бағдардың қарқындылығының басты критерии болып саналады.

Бізге белгілі болғандай мамандықты дұрыс таңдау еңбек сапасы ме өнімділігіне әсер етеді. Нәтижесінде мектеп, орта кәсіптік yчилищeлep  бітірушілердің кәсіпорындағы жұмыстарында жеткен еңбек жетістіктері мамандық таңдау жетістігінің басты критериі болып саналады.

Мамандықты және жұмыс орнын дұрыс таңдап, өзінің таңдауын қанағаттанса, онда ол басты психологиялық критерии болып саналады. Мамандыққа, жұмысына, жалақысына қанағаттану деңгейін бағалау үшін тестер, анкеталар қолданылады.

Практика көрсеткендей кәсіптік бағдарды дұрыс таңдауда жетістікте және құлдырау да бар. Жастар тәрбие жұмыстарының дұрыс, ұзақ қойыл нәтижесінде, кәсіпке оқытылып өмірге сай бағдары болып, нақты еңбек  дайындалса ғана жетістіктерге жете алады. Керісінше, құрғақ уәде болса онда олар құлдырауға ұшырайды.

Кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының әділ көрсеткіші оқу орнынан кейін, армия қатарын  бітіріп немесе  туған жеріне қайта оралу.

Қорытындылай келе, кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының (тиімділігінің) басты критериі болып қаланың, ауданның, аймақтың, жалпы қоғамның актуальды мамандарға деген  сұранысына сай келу, мамандық бойынша жоғары оқу  орнына, колледждерге, орта кәсіптік техникалық училищелеге, жұмысқа орналасушыларға, оқушылар санының тепе-теңдігінің өлшемі.

 

 

1.2.Оқушыларға  кәсіби  бағдар  берудің  мүмкіндіктері

Кәсіптік бағдардың мәні әлеуметтік жағдайда және күтпеген жағдайларға адасқан адамдарды қалдырмау. Сондықтанда кәсіптік бағдар адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарды тудырудың басты факторы болады.

Информация о работе Мектептегі кәсіпке баулу сабақтарына сыныптан тыс, техникалық, шығармашылық жұмыстарына әдістемелік талдау