Мектептегі кәсіпке баулу сабақтарына сыныптан тыс, техникалық, шығармашылық жұмыстарына әдістемелік талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:42, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
- Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және болжау жолдарын айқындау.
- Қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;
- Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру.

Содержание

I.Кіріспе....................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................6
1.Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық
негіздері……………………………………………………………………….…...7
1.1.Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны......................................................8
1.2.Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері..................................13
2.Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі………...18
2.1.Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары.................23
III.Қорытынды.......................................................................................................24
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс дария апай.docx

— 61.53 Кб (Скачать документ)

Мектептегі кәсіпке баулу сабақтарына сыныптан тыс, техникалық, шығармашылық жұмыстарына әдістемелік талдау.

 

Мазмұны

 

I.Кіріспе....................................................................................................................3

 

II.Негізгі бөлім.........................................................................................................6

 

1.Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық

негіздері……………………………………………………………………….…...7

1.1.Кәсіптік бағдардың  мәні мен мазмұны......................................................8

1.2.Оқушыларға кәсіби  бағдар  берудің  мүмкіндіктері..................................13

 

2.Жоғары сынып оқушыларына  кәсіптік бағдар берудің әдістемесі………...18

2.1.Оқушыларға кәсіптік  бағдар  берудің әдістері мен формалары.................23

 

III.Қорытынды.......................................................................................................24

 

IV.Қолданылған  әдебиеттер тізімі.....................................................................25

 

 
Кіріспе

 

Қазіргі уақытта, мектепте  кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр.

Сонымен, алдағы уақытта өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты,мазмұнды болуын, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр.

Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру, сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр. Өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінен өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуде қандай жағдайларды ескеру керек?

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдаларан негізгі принциптерінде: «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау» принциптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен-көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет? Қалай жүргізуге болады? Нәтижесінде нені көруге болады? Осы сұрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінен байқауға болады.

Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі – бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Мектеп бітіруші оқушылардың мамандық таңдауы олардың басты мәселесі. Оның мамандықты дұрыс таңдауы қоғамға да, өзіне үлкен пайда келтірмек.

Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде: әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медициналық физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды. Мамандықты дұрыс таңдамау, кәсіптік бағдар жұмыстарының бұрмалануынан оқушылар мамандықтан жалыға бастайды. Бұл өзінің таңдаған мамандығына қанағаттанбауынан, мамандықты, жұмыс орнын аустыруына әкеліп соғады, жұмыстың ауысуы, жұмысшыны қайта даярлау - бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың және оның өзіне экономикалық шығынға түседі.

Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.

Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының өзгеруіне басты себепкер болады.

Республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкердік жаңа басқа да мамандықтардың шығуына байланысты еңбек рыногында бәсекелестік жүріп жатыр. Жастардың мүмкіндіктеріне, белгілі бір мамандыққа қызығушылығына қарай оларды жұмысқа орналастыру проблемасы тұр. Оқушылар мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болуы қажет. Проблеманың бұл жерде шығуы, бітірушілер өздеріне қажетті мамандықты таңдай алмауында. Қазіргі кездегі қоғамдағы жұмысшы мамандыққа бағдар беру, яғни қоғамның сұранысын айқындау.

Проблеманың қазіргі кездегі жағдайда байланысты туындайды, яғни оқушылар таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі оның жақсы маман болуы. Оның таңдаған мамандығының қазіргі кездегі сұранысқа еңбек нарығында сұранысқа ие болуы.Тақырыптың практикалық көкейтестілігі оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарын бақылау, болжау және түзету модельдерінің  психология-педагогикалық жеткіліксіз (өңделмеуіне) қаралмауына негізделеді.

Кәсіптік бағдар мемлекеттің кадрларға деген сұранысын және адамның өзіндік икемділігіне қарай мамандық таңдауының өлшемдер жүйесі (психологиялық-педагогикалық, экономикалық және т.б.).

Жұмысшы мамандығына сұраныс және басқа да аспектілер көрініс тапты. Біз бірнеше әдебиеттерді қарастырып өтеміз.

Кәсіптік бағдар жұмыстарының ғылыми әдістемелік негізі П.Р. Атутов, С.Я. Батышев, М.Н. Махмудов, Г.А. Уманов еңбектерінде кәсіптік бағдардың саясаттық базасы, кәсіптік білім мен жалпы білім беруді біріктіру мәселелерін қарастырады.

А.Д. Сазонов, В.Д. Симоненко, B.C. Аванесов, Б.И. Бухвалов еңбектерінде кәсіптік оқу, еңбек процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдарының теориялық негіздері келтірілген.

Н.Н. Захаров еңбегінде мектеп оқушыларының кәсіптік бағдар жұмысының тәжірибесі және кәсіптік бағдар жұмыстарының медико-биологиялық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік экономикалық аспектілері нақты көрініс табады.

Мамандық таңдаудағы әлеуметтік негізге байланысты сұрақтар                    В.А. Поляковтың, Р.Г. Гуровтың, И.Н. Назимовтың, В.Н. Шубиннің,                   С.Н. Чистякованың, С.Н. Чистяковтың, Г.Г. Агновойдың еңбектерінде талданған.

Психолого-педагогикалық консультация, оқушылардың кәсіптік бағдарын, жеке -тұлғаның икемділіктерін қызығулықтарын тәрбиелеу сұрақтары              А.Т. Ковалев, И.Н. Назимов, Е.А. Климов, Г.Н. Шунин, С.Д. Рубинштейн, Л.Н. Капустин, С.Н. Чистяков, С.В. Аванесов, В.Д. Симоненко еңбектерінде келтіріледі.

Кәсіптік бағыттылықтың сабақта және оқытудың басқа формаларында ұйымдастырылу мәселесін В.П. Басаргин, А.В. Мордовская, Г.Ф. Вечерко еңбектерінде ашып көрсетеді.Ал Қазақстанда кәсіптік бағдар мәселелерімен Г.А. Уманов, А.П. Сейтешов, Б.Ж. Сыдықов, Л.В. Левонов, Б.А. Оспанов, Л.Х. Мажитова, Ж. Асқарова, Р.А. Озғамбаева және т.б. (өңдеді) айналысты.

Жолмұхан Түрікпенұлының «Кәсіптік бағдар» еңбегінде, кәсіптік бағдар пәнін оқу орындарында, орта мектептерде жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері, мектептің ата-аналармен және кәсіпорындармен бірлесіп атқаратын жұмыс түрлері жан-жақты баяндалған. Тәлім беру барысында шәкірттерді сынақтан өткізу, шыңдау жолдарын сөз еткен.

Зерттеудің мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін  бақылау, болжау енгізудің жүйесін жасау, оны ғылыми теориялық жағынан негіздеу және әдістемелік талдау жасау.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектептегі жоғары сыныптағы 

оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру

процесі.

Зерттеудің міндеттері:

- Жалпы білім беретін  мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына  кәсіби бағдар беру процесін  бақылау, бағалау және болжау   жолдарын айқындау.

- Қазіргі  кезеңдегі жүргізіліп  жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының  тиімді жолдарын анықтау;

- Жалпы  білім   беретін  мектептердегі   жоғары   сынып   оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік  бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру.

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

1.Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық  негіздері.

1.1.Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны

Кәсіптік бағдар - бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет.

«Мамандық таңдаудағы жастардың ойлануы» атты еңбегінде Маркс былай деп жазған «Мамандық таңдау дегеніміз ол адамның бүкіл өмірін тас-талқан етіп, жоспарын жоқ етіп оны бақытсыз етуі мүмкін».

Тәжірибе көрсеткендей оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының мұғалімін даярлаудағы негізгі кемшіліктері, олардың қазіргі кездегі өндіріс, ауыл-шаруашылығы, кәсіптік бағдар жүйесіндегі тапсырмаларды, мазмұнды прициптерді, әдістер мен формаларды жеткіліксіз меңгеру болып отыр. Бұл жерде айтпағымыз, әрбір мұғалім кәсіптік бағдар беріп отыруы керек. Қазіргі таңдағы шығып жатқан өндіріс жаңа мамандықтары бойынша, өзінің мамандығы бойынша шолу жасап отыруы керек.

Жастардың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының (МОӨК), кәсіптік техникалық мектептің (КТМ), кәсіптік техникалық лицейдің (КТЛ), кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің және т.б. бірлескен іс-әрекеті қажет. Кәсіптік бағдардың қоғамдық проблема ретіндегі мәні қоғамның кадрларға деген сұранысын, ондағы қайшылықты басып өтуден жастардың кәсіптік талпынысынан көрінеді. Әрине, бұл қайшылықты шешуде педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеті басты роль атқарады. Кәсіптік бағдардың теориясы және әдіснамалық сұрақтарына келіп тоқталатын болсақ, оны төмендегіше қарастыруға болады екен.

Кәсіптік бағдардың мақсаты және тапсырмаларды теорияға және методологияға сүйене отырып жасалады. Теория мен әдіснамалық идеялар, көзқарастар, формалар, әдістер және принциптер түсініктері тексеріліп қалыптастырылады.

«Кәсіптік бағдар» түсінігі кімге болса да түсінікті. Бұл - оқушылардың сол немесе басқа мамандықтарға бағдары. Әдістемелік нұсқауларда да осындай анықтамалар береді, яғни ол жерде кәсіптік бағдар жұмыстарын жастарға мамандық таңдауда көмек ретінде көрсетеді.

Сондықтанда кәсіптік бағдардың жалпы анықтамасын бермес бұрын оның негізгі 3 кұраушысын: «іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» нақтылап алайық.

Философиялық сөздіктерде «іс әрекет» түсінігі адамның спецификалық формасы табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі ретінде анықталады. «Іс-әрекет» ұғымының қарастырып отырған «кәсіптік бағдар» ұғымына енгізілуі кәсіптік бағдар ұғымын тек практика жағынан ғана емес, теориялық іс-әрекет ретінде, нақтылап айтсақ, белгілі бір білім дәрежесін ғана емес сол білімді меңгерудегі іс-әрекетті дисциплинаралық ғылыми бағытты көрсетеді.Кәсіптік бағдарда практикалық іс-әрекет туындап, теориямен толықтырыла түседі, нәтижесінде кәсіптік бағдарда теориялық және практикалық іс-әрекетті ажырамас бөлік ретінде қарастырамыз.

«Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбек іс-әрекеті.

Атақты ғалым академик С.Г. Струмилинаның ойы бойынша бір біріне жақын мамандықтар топтарға біріктірілуі мүмкін, мысалы, металл өңдеушілер, ағаш өңдеушілер, музыканттар және т.б.

Бағдар түсінігі бірнеше ғылымдарда қолданылады, геометрияда бағдар тіке, қисық, жазықтыққа, химияда - молекулалардың бағдары. Бұл түсініктер астрономияда, географияда қолданылады. Мұндай жағдайда «бағдар» түсінігі барлық ғылымдарда орынды анықтау және қозғалыс бағытын таңдаумен байланысты. Энциклопедияда бағдар (фр. Orientation - шығысқа көрсетеді, лат. oriens - шығыс) тікелей мағнада түсіндіріледі.

Қандай анықтамалар келтірілсе де, «бағдар» түсінігі мамандық таңдауда  негізгі бағытты көрсетеді. Егер жастар мамандық әлемінде бағдар алып белсенді түрде сол мамандық оның өмірге талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын көрсетеді.

Егер де бағдар беру педагогикалық немесе басқа іс-әрекеттің объектісі болса, оның өзіне және қоғамға қажетті мамандық таңдауына бағдар жасалса,  онда оны мамандыққа бағдарлау дейді.

Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мектептердің сонымен қатар жалпы қоғамдағы және тұлғаның қызығуындағы әлеуметтік және кәсіптік анықталуындағы процесін дамытудағы жанұялардың іс-әрекетін қосады.

Информация о работе Мектептегі кәсіпке баулу сабақтарына сыныптан тыс, техникалық, шығармашылық жұмыстарына әдістемелік талдау