Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:42, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері:
- Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және болжау жолдарын айқындау.
- Қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;
- Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру.
I.Кіріспе....................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................6
1.Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық
негіздері……………………………………………………………………….…...7
1.1.Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны......................................................8
1.2.Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері..................................13
2.Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі………...18
2.1.Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары.................23
III.Қорытынды.......................................................................................................24
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25
Оқу бағдарламасы және кәсіптік бағдар тәрбие жұмыстары бағдарламаларының жалпы бір мақсаты бар, ол - тұлғаны тәрбиелеу оны жан-жақты дамыту.
Кәсіптік бағдардың тапсырмалары оқу пәндері және тәрбие жұмыстары бағдарламасында айқын көрініс табады:
- жалпы білім беретін оқу пәндерінің білім мазмұны, ғылыми теорияда
өмір тәжірибесімен өндіріспен байланыста оқыту, тәрбие және кәсіптік
бағдар бір мақсаты бар;
- оқушыларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- оқушының икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту;
- оқушыларға жалпы және
политехникалық білім
- оқушылардың өздерінің білімін көтеруге қызықтыру;
- жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу;
- бітіруші түлектерге жоғарғы оқу орны мен жұмыс саласын
таңдауға көмектесу.
Кәсіптік бағдардың негізі оның ішінде өндіріс процесінің барлық ғылыми негізі жатқан, еңбек дағдысын меңгеруге жағдай жасалатын, қарапайым еңбек қүралын пайдаланудың іскерлігін, оқушыларды өнімді еңбекке тарту, яғни политехникалық оқу болып табылады. Оқушыларды мамандықты саналы таңдауға дайындауда жалпы білім беретін пәндердің үлкен мәні бар. Жалпы пәндерді оқу процесінде негізгі тапсырманы бөліп қарастырған жөн; оқу пәндеріне және осы пәндерге жақын кәсіптерге тұрақты қызығуды дамыту және осы кәсіптерге сай икемділіктерді дамытып, ұйымдастыру, кәсіптік қызығуларды, икеділіктерді дамытып, ұйымдастыру кәсіптік қызығуларды,икемділіктерді, мүмкіндіктерді дамытуды кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарда мүмкіндіктер жоғары. Айрықша кәсіптік бағдар мүмкіндіктері арнайы мектептерде белгілі бір пәнді тереңдетіп оқыту мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда жасалған.
Орта кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі №539 бұйрығында;
1. орта кәсіптік оқу
орындары орта кәсіптік білім
беру бағдарламаларын жүзеге
асырады және еңбек қызметінің
түрлі бағыттары бойынша
2. орта кәсіптік білім
беру оқу орындарының алдына
мынандай міндеттемелер
1) нақты мамандықтар
бойынша қажетті теориялық
2) еңбек рыногымен өндіріс салаларының талаптарына сай білікті мамандарды даярлаудың сапасын тұрақты жетілдіру.
Мектептегі кәсіптік бағдардың жақсы өңделген бағдарламасы барлық оқыту және тәрбие беру жүйесінде кәсіптік бағдардың басты ұтымды сілтемесі болып табылады.
Кәсіптік бағдар бағдарламасы Республикаға, ауданға (қала), әр мектепке бесжылдық сайын және әрбір оқу жылына құрылады (жасалады). Кәсіптік бағдардың бағдарламасы мазмұнының негізгі элементтерін қарастырамыз; -тұлғаны тәрбиелеуді және дамытуды, оқып үйрену (негізінде кәсіптік қызығулары және икемділіктерінің тәрбиесі және дамуы, темперамент және мінезі);
- ауыл шаруашылығы және мәдениеті, түрлі кәсіптер қоғам жұмыстары
туралы ақпараттар;
- консультация - жұмысқа сұранысы бар мамандарға ұсыныстар
және көрсетулер;
- мектеп бітірген соң оқу және жұмыс нәтижелерін бақылау;
бағдарламаның опперативті бөлімінде, қалай оқушы тәрбиелеу және дамыту, кәсіптік консультацияны және кәсіптік ақпаратты қалай ұйымдастыру, мектеп бітірген соң оқу және жұмыс нәтижелерін тіркеу және талдау жолдары дәлелденіп нақтыланды.
Оқушылардың мүмкіндіктері оқу және кәсіптік қызығулықтары әр-түрлі факторлардың әсер ету нәтижесінде құралады. Егер оның бәрі оң болса, онда шешуші фактор болып оқу және тәрбие беру деңгейі, мұғалімнің жеке қасиеті, оқу материалдық базасы.
Әрбір пән мұғалімі;
- нақты кәсіптік бағдарды іске асырады;
-сыныпта оқушылар арасында
жолдастық қатынастарды
-оқушылардың дүниетанымын, сенімін, моралдық, психологиялық
сапасын, дамытады және реттейді;
- оқушыларды оқытады және
кәсіптік бағдар сұрақтары
- қандай да бір тақырыпты
өту барысында мұғалім
- пәндік, көркемдік
және техникалық үйірмелерде,
курстарда дарынды икемділіктері,
жоғары оқушыларды сабаққа
- оқушыларды толғандырып
жүрген сұрақтар, мәселелер бойынша
жеке әңгіме өткізу және
- оқушыларға оқу орнын
және мамандық таңдауға
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде басты ролді сынып жетекшісі атқарады. Ол бірнеше жыл оқушылармен тығыз байланысқан ата-аналармен қарым-қатнаста.Ол оқушылардың әр қайсысының мінезін ерекшеліктерін,икеділіктерін өте жақсы біледі. Бұл сынып жетекшісінің ата-аналармен бірге окушыларға кәсіптік бағдар беруіне, мамандықты саналы таңдауында ролі жоғары екенін көрсетеді.
Сынып жетекшісі сыныпта кешенді кәсіптік бағдарды жүргізеді; барлық пән мұғалімдерінің жұмыстарын бағыттайды және ұйымдастырады; түрлі әдістермен тұлғаның ерекшеліктерін, икемділіктерін, кәсіптік қызығуларын оқып үйренеді; алынған ақпараттарды жүйелендіріп арнайы бланкалар толтырады; оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыруды ұйымдастырады; олардың қызығушылыктарына байланысты түрлі сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырады; кәсіптік консультацияға жетекшілік жасайды; әр оқушының жанұялық жағдайын біліп және ата-ананың олардың баласы таңдаған мамандығы бойынша пікірін біледі; педагогикалық кеңес кезінде мінездеме - ұсыныс талқылауды ұйымдастырады.
Оқушылардың өміріне кәсіптік бағдарды енгізу үшін оны мектепте белгілі бір ұйым немесе оны жүйелі басқару керек. Окушыны мамандықты саналы таңдауға дайындауды тек директор немесе оның оқу-тәрбие жұмыстары орынбасары ғана емес арнайы кәсіптік бағдар кеңесі, пән мұғалімдері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мүшелері, мектеп дәрігері басқарады. Мектепте кәсіптік бағдар қызметін бүкіл педагогикалық ұжым және кәсіптік бағдар кеңесі жүргізеді. Кәсіптік бағдар кеңесі кәсіпті бағдардың барлық жоспарын тексеріп, бағалайды, оны бір жүйеге келтіреді, кәсіптік ақпаратты ұйымдастырады, кәсіптік консультацияны басқарады, мектеп төңірегінде сабақта мен түрлі шараларды өткізуді жоспарлайды және т.б. жұмыстарды жүргізеді. Жыл бойы әрбір пән мұғалімі «өзінің оқушысын» 5-10 мамандықпен таныстыруы қажет. Оқушыларды барлық мамандықтармен таныстырудың қажеті жоқ. Бірнешеуімен ғана бірақ оның өзін терең таныстыру керек.
Оқушылардың еңбек және кәсіптік оқу мазмұны - оқушылардың кәсіптік бағдарының басты құралы.
Мектепте кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуде пәндер арасында еңбек сабағының мүмкіндігі жоғары. Еңбекке оқыту сабағының теориялық бөлімін оқушыларды материалдық өндірістегі кәсіптермен, ауыл-шаруашылығының салаларымен таныстыруға қолдануға болады. Бірақта бұл жұмыс егер кәсіптік бағдар материалы сабақ тақырыбымен тығыз байланысты болса ғана тиімді, ал информация кәсіптік өсу мүмкіндіктері, еңбек шарттары кәсіптік адамға қоятын талаптары оның таралуы туралы мазмұнды қамтыса, яғни кәсіптік бағдар материалы еңбек сабағы барысында сабақтың теориялық және практикалық бөлімінде елеулі орын алады.
Мектеп шеберханаларында, оқу - тәжірибе бөлімдерінде, практикалық жұмыс және практика өту барысында жұмысшы кәсіптермен таныса отырып іскерлік пен дағдыны қалыптастыра бастайды және өзінің кәсіптік қызығуын, икемділіктерін дамыта отырып, өзінің сол немесе басқа мамандықты таңдауға дайындығын тексереді.
I - IV сыныптарда еңбек
сабағында қазіргі кезде
V - VII сыныптарда еңбекке оқыту мазмұны жеткіншектердің кәсіптік бағдарының дамуына және VIII -XI сыныптардан ары қарай кәсіптік оқуға жақсы база болып саналады.
VI - VII сыныптан бастап-ақ
берілген кәсіп бойынша еңбек
мазмұнын осы кәсіптегі
VIII - IX сынып үшін жоғарыдан
бөлек мынандай ақпараттарды
беру керек; еңбек шарты, берілген
мамандықтың жұмсшысы қандай
арнайы іскерлік пен дағдыны,
жалпы техникалық жалпы
Еңбек сабағындағы кәсіптік бағдар жұмыстарына VIII - IX сыныптарда көптеп көңіл бөлу қажет, оларда бұл кезде қай кәсіпті таңдап, қайда барып оқысам деген сұрақ туындайды.IX сыныпты бітірген оқушының біраз бөлігі мектепте қалып оқуын X -XI сыныпта ары қарай жалғастырады және белгілі бір өзінің психофизиологиялық ерекшелігіне сай (дайындық) кәсіп меңгере бастайды. Мамандық таңдауда немесе өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекет сферасын оқушы IX сыныпта таңдап қоюы қажет. Ол үшін мұқият (тиянақты) дайындалу керек. Осы мақсатта VII - VIII сыныптарда (VIII - IX) алынып тасталған «Өндіріс негіздері», «Мамандық таңдау» факультатив курстары қайта енгізілуі керек.
Кәсіптік бағдар мақсаты мазмұнының үлкен мүмкіндіктері X - XI сынып кәсіптік оқыту бағдарламалары бар. Мысалы, қазіргі кезде програмист, жас юрист, кіші медбике, және т.б. мамандықтар бар. Кәсіптік оқуды және кәсіптік жеке қызығушылығымен таңдай отырып оқушы таңдауын өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекетімен байланыстырады.
Мұндай жағдайда еңбектік және кәсіптік оқу мазмүны оқу бағдарламалары мазмұны мен сай келуі I - XI сынып оқушыларының кәсіптік бағдарының басты шарттары болып саналады.
Еңбек сабағы барысында оқушыларды, сол өңірде кең тараған кәсіппен таныстыру. Кәсіптік бағдар материалын сабақ тақырыбымен байланыстырып отыру қажет, осы жерде мақсатты түрде оқушылардың өздерінің ата-аналары өмірінен мысал келтіріп, қызықты фактілерді хабарлап отыру қажет.
Жоғарыда көрсетілгендей еңбекке оқыту пәні оқушыларды жаппай жұмысшы кәсібіне кәсіптік бағдардың және олардың бойында еңбек сүйгіштік пен кәсіптік басты сапаларын тәрбиелеуге мүмкіндіктерінің жоғарылығын көрсетеді.
Жоғары сыныптардағы еңбеке оқу процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдары.
Кәсіптік оқу - оқушылардың еңбек дайындығының соңғы (шешуші) этапы
(кезеңі). Ол оқушылардың
білімі, іскерлігі және дағдысын,
политехникалық көзқарасын
1. Берілген кәсіп бойынша,
еңбек мазмұны және сабақ
2. Берілген бір ауданның
белгілі бір кәсіпке
Мамандықты оқушы қызығып, қоғамның сұранысына сай және белгілі бір білім көлемін (мамадыққа сай) меңгерсе ғана біз оны саналы таңдау деп айта аламыз.
Көптеген жұмысшы мамандығы ішінен оқушыларға тек біреуін өзінің икемділіктері мен қызығушылығы барын таңдап алу керек.
2.Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің
әдістемесі
2.1.Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары.
Кәсіптік бағдар мағынасы - оқушының ерекшеліктерін ашу және осы ерекшеліктерді қандай жұмыстарда жоқсы қолдануға болатынын түсіндіру. Бірақта мектепте мұнымен ғана шектелуге болмайды, тұлғаның қасиеттері қандайда бір жұмыс қоятын, белгілі бір талаптармен сай келеді. Мектеп оқушыларды еңбекке даярлайды; политехникалық білім береді, кәсіптік қызығулықтары мен икемділіктерді құрайды және дамытады, жұмысшыларға құрметпен қарауға тәрбиелейді, мамандықты саналы таңдауға оқытып үйретеді.
Кәсіптік бағдар мектеп жұмысының жеке дара саласы бола алмайды. Ол бүкіл оқу-тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Жасөспірім, жастар жалпы және политехникалық дайындықты меңгерсе ғана, олар мамандықты саналы таңдауына болады.
Мектептегі кәсіптік бағдар бойынша педагогтардың негізгі функциялары;
- оқушы тұлғаны қалыптастыру және дамытуды, оқып үйрену (соның ішінде қызығулары, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның моральдық сапасын және бағытын);